147
шығуымен 32 зигомицет айырғышының алынғанына көп уақыт болған жоқ [71].
Пентозды және гексозды қанттардан этанолды өндіру үшін де M. circinelloides диморфты
саңырауқұлағы зерттелді. Бұл саңырауқұлақ зең глюкозаның аэробтық дамуы кезінде этанолдың көп
мөлшерін өндірді. Дегенмен, этанол өндірісі галактозада немесе ксилозда аз болды [72]. Анаэробты
жағдайларда M. indicus бойынша глюкозадан 0,48 г/г этанолдың шығуы туралы хабарланған [73]. Сол
арада, ксилозадан этанолдың шығуы мен өнімділігі P. Stipitis – ке қарағанда төмен [74].
Кейбір мақсаттарда жіпшумақты саңырауқұлақтардың ұзақ уақыт өнеркәсіпте пайдаланылғанына
қарамастан, осы микроағзалармен, олардың талшықты өсуінің салдарынан үдеріс технологиясына
қатысты бірқатар мәселелер байланысты. Массаны және жылуды тасымалдауда мәселелер туындауы
мүмкін. Бұдан басқа, биореактор қабырғаларында, араластырғыштарда, зондтарда және аралық
қабырғаларда бекіту және өсу биореактор ішінде біркелкі емес және анықтау параметрлерін
өлшеумен, сондай-ақ биореакторды тазалаумен байланысты мәселелерді тудырады [75, 76].
Достарыңызбен бөлісу: