Wiley жаңартылатын энергия



Pdf көрінісі
бет208/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   289
Байланысты:
85ed3add3d2c01aa56fd50434f088231 original.4943233

9.5.1 Химиялық әдіс 
Үш негізгі химиялық процесс бар - оксосинтез, Реппе синтезі және ірі өдірістік масштабта бутанол 
өндірісі үшін кротон альдегидін сутектендіру. Бұл үш әдістер төменде сипатталған. 
 
9.5.1.1 Оксосинтез 
Оксосинтезді,  сонымен  қатар  гидропішіндеу  деп  аталатын,  1938  жылы  О.  Рулен  ашты  [12].  Бұл 
бутанол  алудың  ең  көп  тараған  тәсілі.  Бұл  процессте,  көміртек  тотығы  (СО)  мен  сутегі  (Н2), 
ауыстырылған  гидрокарбонил  Co,  Rh  немесе  Ru  сияқты,  металдық  катализаторлардың  қатысуымен 
пропиленмен реакцияға түседі, жиынтығында газбен синтездеу деп аталады [13]. Дегенмен, процесс 
кезінде  альдегид  сияқты,  кетон  да  түзілгенімен,  бутанол  өндірісі  үшін  альдегид  қоспасы  ғана 
сутектендіруге  ұшыратылады  [Сурет  9.2a].  Бутанолдың  әртүрлі  изомерлік  қатынастары,  қысым, 
температура және катализатор түрі сияқты, реакция шартына байланысты. Мысалы, 200–300 кг/см2   
қысыммен, температура 100–180

C және Co қолданумен жұмыс істейтін процесс, катализатор ретінде 
75% бутанол және 25% изобутанол шығарады, алайда Rh қолданылуымен және айтарлықтай төмен 
қысыммен  (7–20  кг/см2)  жұмыс  істейтін  процесс  катализатор  ретінде  92%  бутанол  және  8% 
изобутанол  береді.  Бірақ  бұл  процесстің  көмегімен  екінші  қайтара  жіне  үшіншілік  бутил  спиртін 
өндіру мүмкін емес. 
9.5.1.2 Реппе синтезі 
Реппе  процесі  1942  жылы  жасалды.  Бұл  процессте  пропилен,  көміртек  тотығы  мен  су 
катализатордың қатысуымен қысым арқылы реакцияға түседі [14].  


 
 
166 
 
 
 
Нәтижесінде н-бутаральдегид және изобутаральдегид қоспасы пайда болады [Сурет. 9.2b], сонан 
соң  біріншісі  н-бутанолға  түседі  [15].  Бұл  процесс  бутанолды  төменгі  температура  мен  қысымда 
өндіруге  тікелей  әкеледі.  Бұл  процесс  коммерция  жағынан  табысты  болмады,  себебі  ол  қымбат 
технологиялық өңдеуді қажет етеді. 
9.5.1.3 Кротонды альдегидті сутектендіру 
Кротонды  альдегидті  сутектендіру  бірнеше  ондаған  жылдар  бұрын  ацетальдегидтен  бутанолды 
синтездеу  кең  тараған  әдіс  болды  [14].  Ол  альдольді  конденсациядан,  дегидрациядан  және 
сутектендіруден  тұрады  [Сурет  9.2c].  Қазіргі  таңда  бұл  процесс  сирек  қолданылады,  бірақ  ол 
болашақта белгілі роль ойнауы мүмкін. Басқа процестер толығымен мұнайға байланысты болғанда, 
кротонды  альдегидті  сутектендіру  процесі,  биомассадан  барлық  жерде  өндіріле  алатын,  этанолдан 
бутанол өндіру үшін балама жолды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда, бутанолды синтездеу жүретін, 
этанол ацетальдегидтің құрылуымен этанол сутексіздендіріледі [16]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет