Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет177/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   542
Ұлтабардағы ас қорыту. Алдыңғы қарын жыны механикалық, 

химиялық жəне биологиялық өңдеуден кейін ұлтабарға өтеді. 

Ұлтабарға қарынның алдыңғы бөлімдерінде жартылай қоры-

тылған, ұнтақталған жын үздіксіз келіп отырады. Дегенмен, ас 

қорыту процесінде ұлтабар тек қосалқы рөл атқарады. Негізгі ас 

қорыту процесі мес қарында жүреді.

Мес қарында азықты ыдырататын бактериялық процестердің 

пəрменді жүруімен жəне микроорганизмдердің белокты тоқ тау-

сыз түзуімен байланысты ұлтабарға протеин белгілі мөлшерде 

өтіп отырады. Зерттеулерге қарағанда, əртүрлі рационда ұста-

ғанда малдың жынындағы бактериялық белоктардың құрамы 

айтарлықтай ауытқымайды. Ұлтабарда жын көп аялдамай, ішекке 

тəулік бойына тоқтаусыз өтіп отырады.

Ұлтабар құрылысы жəне қызметі жағынан күйіс қайырмайтын 

малдың қарнына ұқсас. Ұлтабардың кілегейлі қабығында фер-

менттер мен тұз қышқылын бөлетін арнаулы торшалар болады. 

Сондықтан қарынның бұл бөлімінде жын негізінен химиялық 

өңдеуден өтеді. Ұлтабар сөлінің əсерінен мұнда инфузориялар 

мен бактериялар тіршілігі тоқтап, олар ери бастайды. Ұлтабар 

сөлі күрделі мукопротеид түрінде түзіледі. Ол сиаломуциндер 

мен гиалуронды қышқылдан, амин, карбоксил, сульфгидрил 



225

жəне дисульфидты белок топтарынан құралған. Ұлтабар сөлі 

құрамында белоктарды ыдырататын пепсин ферменті болады. 

Сөлдің құрамы рацион түріне қарай өзгере бермейді. Себебі 

ұлтабарға түсетін жын алдын ала өңдеуден өтіп, оның құрамы 

айтарлықтай тұрақты болады. Малды азықтандырудың қалыпты 

жағдайында ұлтабар сөлі толассыз бөлінеді. Дегенмен, аш мал-

да сөл бөлу процесі күрт төмендеп, бірақ сөлдің қышқылдығы 

жоғарылайды.

Тəулігіне ірі қара 50-60 л, қой 5 л ұлтабар сөлін бөледі. 

Азықтандыру үстінде сөл бөлу күшейеді. Сөлдің сутектік көр-

сеткіші 1,0-1,5, ондағы тұз қышқылының концентрациясы 0,10-

0,12 пайыз. Сөл бөлу қарқынына жəне сөлдің қышқылдығына 

мал дың физиологиялық күйі əсер етеді. Мысалы, саулықтарда 

қоздардан бір ай бұрын ұлтабар сөлінің қышқылдығы төмендеп, 

қоздағаннан кейін едəуір жоғарылайды. Буаздық жəне сүттену 

кезеңдерінде сөл бөлу күшейеді (К.Т.Тəшенов).

Ұлтабар сөлінің бөліну қарқыны мес қарындағы бактерия-

лық ферменттеудің қарқынына байланысты. Оған дəлел мес 

қа рынға ұшпалы май қышқылдарын құйса, ұлтабар сөлінің бө-

лінуі күшейеді. Демек, түрлі азыққа ұлтабар сөлінің бөліну қар-

қынының өзгеруі мес қарын мен жұмыршақтағы бактериялық 

процестердің өзгеруімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет