Ащы ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Ол ұлтабар
лып бөлінеді.
1:14, сиырда - 1:20, қой мен ешкіде - 1:25-ке қатынасындай. Оның
астарланған. Осы кілегейлі қабықтың ішек қуысына қараған
ды. Сол себепті ішектің ішкі беті барқыт тəріздес болып келеді.
ге дейін ішек бүрлері болады. Осы бүрлер арқылы ішектің
сору беткейі 20 еседен артық ұлғаяды. Əр ішек бүрінің дəнекер
жəне бірыңғай салалы ет талшықтары орналасады. Бұл жерде
көптеген лимфоциттер кездеседі.
226
Ішек бүрлері аралығындағы шұқыршақта либеркюн бездері
орналасады. Осы шұқыршақтарда бокал тəрізді шырыш түзетін
торшалар, фермент бөлетін базофиль түйіршікті энтероциттер
жəне ішкі секрециялық торшалар - энтерохромаффиноциттер
орын тебеді. Ішек бүрлері қоректік заттардың сіңуін қамтамасыз
ететін эпителиоциттермен жəне бокал тəрізді энтероциттермен
көмкерілген.
Соңғы жылдары электрондық микроскоп арқылы ішектің
құрылысы толық зерттеліп, оның қабығының ішкі қабатында
ерекше субмикроскопиялық өсінділер – микробүрлер болатыны
анықталды. Бұл микробүрлер - ішектің кілегейлі қабығын түзетін
эпителий энтероциттерінің субмикроскопиялық өсінділері.
Ішектің ішкі бетінің əр шаршы микрон кеңістігінде 100-ге
дейін, бір энтероциттің бетінде 2000-4000-ға дейін, ал кілегейлі
қабықтың 1 шаршы миллиметрінде 50-200 миллионға дейін
микробүрлер болады. Осы микробүрлер ішектің сору беткейін
тағы да 30 есе ұлғайтады.
Ащы ішектің соңғы бөлімі – мықын ішек оң жақ мықын
тұсында арнаулы қақпақ арқылы бүйенмен жалғасады.
Ащы ішек қуысына бауырда түзілетін өт жəне ұйқы безінің
сөлі құйылады. Осымен байланысты ұлтабар ұшының басында
жынның сутектік көрсеткіші 4,5-6, оның соңғы бөлігінде - 6,0-7,0
аш ішек пен мықын ішекте - 7,5-8,0-ге тең болады.
Ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен, өтпен жəне ұйқы безінің
сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың затқа – химусқа ай-
налады. Ішекке бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің
əсерімен ащы ішекте қоректік заттар пəрменді қорытылады да,
пайда болған ыдырау өнімдері ішектің қабырғасы арқылы соры-
лып, қан мен лимфа арқылы денеге сіңеді.
Достарыңызбен бөлісу: