Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет333/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   542
442

41-кесте. Сиыр уызы мен сүтінің салыстырмалы құрамы (орташа,%)

Құрамалар

Уыз

Сүт


Су

Құрғақ зат

Белок (жалпы мөлшері) 

Оның ішінде: иммуноглобулиндер 

Казеин 

Лактоза


Сүт майы 

Минералды заттар

72

28

20



11

5,0


2,5

3,4


1,8

87

13



3,3

0,1


2,7

5,0


3,6

0,7


Күн өткен сайын біртіндеп уыз құрамы өзгереді де, ондағы 

белоктардың, минералды тұздардың мөлшері төмендеп, қант 

мөлшері өседі, лейкоциттер жойылады. 7-12 күн ішінде желіннен 

сүт бөліне бастайды. 



Сүттің морфологиялық құрылымы. Сүт құрамында əртүрлі-

химиялық заттармен қатар, түрлі торшалар жиынтығы жəне тор-

ша жарқыншақтары кездеседі. Олардың арасында көп кездесетіні 

майда, орташа жəне ірі эпителийлік торшалар.



Майда эпителийлік торшалар сүт өзектері торшаларына 

ұқсас, мөлшері 7-12 мкм. Цитоплазмасының құрылымына қа-

рай олар кеуекті жəне кеуексіз болып бөлінеді. Бұл торшалар 

ядроларының пішіні сопақша не дөңгелек келеді. Орташа эпи-



телийлік торшаларды көпіршікті торшалар, уыз түйіршіктері 

немесе  макрофагтар - липофагтар деп атайды. Олар сопақша 

келеді, мөлшері 15-40 мкм. Бұл торшалар да кеуекті жəне кеуексіз 

болып бөлінеді. Олардың ядролары да сопақша, кейде кеуекті 

келеді. Ядро мөлшері 5-20 мкм. Ірі эпителийлік торшалар көп 

ядролы құрылым - симпласт түрінде болады. Олар өте сирек 

кездесетін, сопақша, 2-3 ядролы торшалар. Олардың мөлшері 40-

100 мкм, ядросының мөлшері 5-20 мкм.

Сүт түйіршіктерінің екінші үлкен тобын лейкоциттерге ұқсас 

торшалар құрайды. Оларға мөлшері 7-15 мкм келетін сүттің 

нейтрофильдік лейкоциттері жатады.

Аталған торшалар тобынан басқа сүт құрамында сүт де не-



шіктері деп аталған дөңгелек немесе сопақша майда құ рылымдар 

кездеседі. Сыртынан олар ірі май шарларына ұқсас, бірақ қара-

көк көмкермесі болуымен байланысты олардың бейнесі анық 

байқалады. Бұл торшалар мөлшері 6-200 мкм, олардың ішінде 




443

көбінесе, май шарлары, май қышқылдарының кристалдары бо-

лады. Осы жоғарыда аталған торшалармен қатар сүт құрамында 

жеке ядролар, жазық эпителий торшалары, лимфоциттер, моно-

циттер, май қышқылдарының кристалдары кездеседі.

Суалар алдында буаз сиырлар сүтінің құрамында негізінен 

майда эпителийлік торшалар, нейтрофильдер, лимфоциттер жə-

не жеке ядролар кездеседі. Суалған мал желіні секретінің жа-

ғындысында аталған торшалармен қатар көп ядролы эпи телийлік 

торшалар пайда болады. Жаңа бұзаулаған сиыр уызының 1 мл-де 

торшалар саны 1,5 -5,4 млн жетеді де, бес күннен кейін олар 0,5 

млн-ға дейін азаяды. Сүттену кезеңінің 1-айының соңында 1 мл 

сүт құрамындағы торшалар саны 50 мың шамасында сақталады. 

Осыдан сүттің торшалық құрамына қарай сүттену кезеңін: уыз 



бөлу сатысы, аралық саты жəне сүт бөлу сатысы сияқты үш 

сатыға бөледі. Уыз бөлу кезеңінде жағындыда көп мөлшерде ней-

трофильдер болады да, эпителийлік торшалар кездеспейді. Сүттің 

торшалық құрамын зерттеудің желін ауруларын, секрециялық 

процесс деңгейін анықтауда маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет