Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)


YІ дәріс. Қосымшалардың жазылуы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Дәріс.Орф.-пункт.

YІ дәріс. Қосымшалардың жазылуы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. 

(1сағат)

1. Буын үндестігі. 

2. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар.

3. Дефис арқылы жазылатын қосымшалар.

4. Дыбыс үндестігі.

Тірек сөз:  Қосымша, қосымшаның жазылуы, үндестік заңы, буын үндестігі, 

дыбыс үндестігі, дефис.

                                 Қосымшалар, негізінен, сөздің соңғы буынындағы дауысты 

дыбыстың   әуеніне   қарай   буын   үндестігі   бойынша   я   жуан,   я   жіңішке 

жалғанады да, естілуінше жазылады: ең-бек + ші + лер + іміз + дің, жұ-мыс + 

шы + лар + ымыз + дың, кі-тап + тың, мұға-лім + нің, га-зет + ке, ки-но + ға, 

ко-нус + ты.

        Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс тілінен 

енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: курс-қа, авто-бус + 

қа, инсти-тут + қа, кани-кул + ға, тай-фун + ның, шу-руп + ты. Бұл ережеге г 

дыбысына   аяқталатын   сөздер   мен   жіңішкелік   белгісіне   аяқталатын   бір 

буынды сөздер және бль, ль дыбыстарына аяқталатын сөздер бағынбайды, 

оларға   қосымша   жіңішке   жалғанады:   ок-руг-ке,   руль-ге,   пат-руль   +   ге, 

ансамбль +ге, ансамблі.

Соңғы буынында (не бір буынды сөздің өзінде) и дыбысы бар орыс тілінен 

енген   сөздерге   қазақ   тілі   қосымшалары   жіңішке   жалғанады:   кассир   +ге, 

синтак-сис   +тік,   маг-нит   +   тік,   каль-ций   +дің,   маг-ний   +   ге,   Горький+ге, 

Маяков-ский+ге.

        Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары буын 

үндестігіне бағынбайды: ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-

жіңішкелігіне қарамастан  й  және  ш  дыбысына аяқталған жалқы есімдерге 

жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі  й  әрпі түсіріліп жазылады: 



Тәжібай   +   ев   +   Тәжібаев,  Жабай+ев   -  Жабаев,   Имашев,   Рашев,   Мұқашев, 

Мұқашева, Жақашева. Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-

ева) қосымшасы жалғануы мүмкін. Мұса+ев - Мұсаев, Абдолла +ев, Бөке +ев –

Бөкеев.  Түбір   сөздің   соңғы   дыбысы  ы,   і  болса,  -ев   (-ева)  қосымшасы 

жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына  и  әрпі жазылады:  Сары-  ев-Сариев, 



Жұмалі+ев-Жұмалиев, Аққозы+ев - Аққозиев.  Й  мен  ш  дыбыстарынан басқа 

барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің 

соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, 

Сұл-тан+ов,   Жү-ніс+ов,  Сейіт   +   ов.  Дауысты   дыбысқа   аяқталған   кісі 

аттарынан,   әдетте   фамилия  -ин   (-ина)  қосымшасы   арқылы   жасалады, 

мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей 

жалғанады   және   сөздің   соңғы   буынының   жуан-жіңішкелігі   есепке 

алынбайды:   Нұралы+ин   -   Нұралин,   Алтынсары+ин   -   Алтынсарин, 

Дербісалы+ин - Дербісалин, Ғайса+ин - Ғайсин. -ин (-ина) жүрнақтары жал-

ғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және 



солай жазылуы мүмкін (ал -ов, -ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір 

өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин - Мусин (ал Мұса+ев - Мұсаев), Жұма+ин - 

Жумин (ал Жұма+ев - Жұмаев), (Абдолла+ин - Абдуллин) (ал Абдолла+ев), 

Бөке+ин - Бөкин (ал Боке-і с« - Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін 

сақтап жазу да орын ала алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет