VІІ дәріс. Қосарлы дауыссыздарға қосымшалардың жалғануы. Басқа
тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғануы. (1 сағат)
1.Қосарлы дауыссыздарға қосымшалардың жалғануы.
2. Басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғануы.
3. Әріптен қысқарған сөздерге қосымшалардың жалғануы.
4. Дәнекер дыбыстар арқылы қосымшалардың жалғануы.
Тірек сөздер: қосымша, қос дауыссыз, дәнекер дыбыстар, тіркесу, бір
буынды сөз
Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар
тізбегіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады:
паркке, парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскісі, фактіге, фактісі,
танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.
Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын
орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары
(әріптері) арқылы жалғанады: фонд+ы+сы, фонд+ы+ны, штам+ы+ны,
штамп+ы+лау, тан-к+і+ге, танк+і+лер, франк+і+сі, митинг+і+ге, митинг+і+сі,
шланг+-і+ге, шланг+і+сі, ромб+ы+ға ,ромб+ы+сы, объект+і+ге, объект+і+сі,
киоск+і+ге,киоск+і+сі,киоск+і+лер,Омск+і+ден,Омск+і+ге,лифт+і+мен,факт
+і+сі,факт+і+лер ,рецепт+і+нің, рецепт+ті+ге, ма-і нуск-рипт+і+ге,
почтамп+ы+ға, экспромт+ы+ны, фармацевт+і+ге, ямб+ы+ны.
Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт,
рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і
дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады: финанс+қа,
финанс+ы, аванс+ы (авансысы емес),
Цемент+ке, цемент+ті, фермент+тік, цифр+ға, цифр+ы (цифрысы емес);
хлороформ+ға, хлороформ+нан, хлороформ+ы, фунт+қа, фунт+ы,
формант+тар, формант+ы.
Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген
жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі
қосымшалары жалғанғанда соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады:
кросс, кросқа, кросы, класс, класқа, клас-тар, класы, металл, металды, металы,
грамм, грамм+ға—грамға, грамм+дық — грамдық, грамм+ы — грамы,
киловатт+қа — киловатқа, грипп+і — грипі, съезд+ге — съезге, съезд+і —
съезі, ведомость+қа — ведомосқа.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері.Анықтағыш.Алматы 1996.
2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1991.
3. Уәлиев Н. Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.
4. Р.Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000.
Сұрақтар:
1. Қосарлы дауыссыздарға қосымшалар қалай жалғанады?
2. Басқа тілден енген сөздерге қосымша қалай жалғанады?
3. Әріптен қысқарған сөздерге қосымша қалай жалғанады?
4. Дәнекер дыбыстар қандай сөздерге жалғанады?
5. Й,ш дыбыстарына аяқталған жалқы есімдерге қосымша қалай жалғанады?
Достарыңызбен бөлісу: |