Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Коммуникативтік  ниет  (немесе  коммуникативтік  мақсат,  ком-

муникативтік интенция) – бұл сөйлеуші я жазып отырған тұлға сөй-

ленісінің нақты мақсаты, яғни оның хабарлау, сұрау, баға беру, қозғау 

салу т.с.с. ниеті, сол ниетке байланысты сөйлеу өнімі шығарылады. 

Аталған  ақпарат  мына  формула  түрінде  сипатталуы  мүмкін: ‘мен 

мұны сенің біліп жүруің үшін жəне/немесе бірдеңе жасауың үшін ай-

тып отырмын’. 

Мұнымен  бірге  тілдің  шынайылықта  ғана  қолданылмауға  қа-

білеттілігіне байланысты сараптамалық талдау пəні мəтіннің құрылу 

мақсаты мен нақты уəжін (себебін) анықтау (егер автор олар туралы 

айтпаған болса) болып табыла алмайды. Осыған байланысты мəтінді 

тудырушы  тұлғаның  менталды  күйі  (ниеті)  сөзбен  білдірілген  ком-

муникативтік ниеттен ерекшелене алады (сəйкес келмей қалуы мүм-

кін),  сарапшы  тек  қана  сөзбен  білдірілген  мақсатпен  жұмыс  істей-

ді.  Аталмыш  қасиет  коммуникативтік  ниет  пен  айыптың  құқықтық 

құрылымын  (конструкция)  өзара  теңестірудің  мүмкін  еместігін 

көрсетеді.  

Коммуникативтік мақсаттар мəтін бағытымен тығыз байланысты: 

ол мəтін бағытын ұйымдастырады жəне мəтін көмегімен білдіріледі. 

Сондықтан  коммуникативтік  мақсаттарды  талдау  кезінде  міндетті 

түрде мəтіннің жалпы бағыттылығы да ескерілуі тиіс, бірі екіншісіне 

сəйкес келуі керек. 

... əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни ала-

уыздықты қоздыруға, ұлттық қадыр-қасиетті жəне абыройды не-

месе азаматтардың діни сезімдерін қорлауға бағытталған əрекет-

тер туралы ҚР ҚК 174-бабы диспозициясының құрылымы (конструк-

ция)  алауыздықты  қоздыру  Қылмыстық  кодекстегі  аталған  нормада 

қарастырылған құқыққа қайшы əрекеттің мақсаты болып табылаты-

нын көрсетеді. Алауыздықты қоздыру ықпалдастық (сендіру, иланды-

ру) үдерісі болып танылады (қара. алауыздықты қоздыру механизмі), 

бұл үдеріс кезінде автор оқырманды/тыңдарманды өз ойының кейпін 

қабылдауға жəне соған сəйкес əрекет етуге мəжбүрлей отырып, оларға 



18

эмоция, пікір жəне қалау еркін тікелей міндеттейді. Сондықтан бар-

лық жағдайларда материалды алауыздықты қоздырушы (яғни, экстре-

мистік) деп тану үшін маңызды негіздемені белгілеу сол немесе басқа 

əлеуметтік (сөздің кең мағынасында) топ адамдары туралы нақты не 

айтылатыны, сөйлеушінің сол топ өкілдеріне қатысты жеккөрушілік 

немесе өшпенділік қарым-қатынасты насихаттау тұрғысындағы мақ-

саттық ұстанымы бар ма екенін қарастырумен анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет