калық зерттеуге ұсынылған сөз (сөйлеу) өнімінің шартты атауы.
15
Заңгерлік лингвистика (юрислингвистика) қазіргі уақытта бірнеше
бөлімдерді қамтиды.
Лингвистикалық қақтығыстану немесе лингвоқақтығыстану тіл-
дік ортада туындаған қақтығыстардың пайда болу себептерін, өту
сипатын жəне қақтығыстардың алдын алу мүмкіндігіне ие тəсілдерді
жəне, оның ішінде, қазіргі құқық нормалары арқылы жүйеленетін-
дерін де зерттеумен айналысады,
Заңгерлік лингвистикалық герменевтика заңгерлік тіл құрылы-
сын, қызметін, сондай-ақ заң тілінде немесе құқық тілінде орын-
далған мəтіндердің қабылдану жəне түсінілу ерекшеліктерін
зерттейді.
Лингвистикалық сараптама сот-филологиялық (лингвистика-
лық) сараптаманың теориялық негіздерін зерттейді, сонымен қатар
əртүрлі категориядағы істер бойынша сот-филологиялық сараптама-
лар жүргізу ісін əдістемелік қамтамасыз ету талдамасын жасайды.
Заңгерлік лингвистика перифериясында (шеткі аймақтарында)
заңгерлердің сөйлеу қызметінің (соттар мен қорғаушылардың сөй-
леу əдебі, заң мəтіндерінің тілдік əдеби нормаларға сəйкестігі) ор-
тологиялық (яғни, сөйлеу нормалары мəселелері) жəне суггестивтік
(яғни, қайсыбір адамның ойына, түйсігіне ықпал етуші) аспектілері
табылады.
Сөйтіп, заңгерлік лингвистика лингвистикалық сараптамаға то-
лықтай қиыспайды, алайда тіл мен құқық тоғысында туындайтын
ауқымды мəселелер кешенін өз бойында қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: