20
Қайталама сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, анықта-
уда алдыңғы сот сараптамасының нəтижелерімен келіспеу себеп-
терінің негізделген уəждері келтірілуі керек.
Қайталама сот сараптамасын жүргізу сот сарапшыларының ко-
миссиясына жүктеледі. Алдыңғы сот сараптамасын жүргізген сот са-
рапшылары қайталама сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қаты-
сып, комиссияға түсініктеме бере алады, алайда сараптамалық зертте-
уге жəне қорытынды құрастыруға олар қатыстырылмайды. Қайталама
сот сараптамасын жүргізу ісін тапсыру кезінде сот сарапшысына ал-
дыңғы сот сараптамасының қорытындылары ұсынылуы тиіс.
Əртүрлі пікірлер туындаған жағдайда, тұжырымы комиссияның
басқа мүшелерінің пікірлерінен өзгешеленетін сот сарапшысы сол өз
тұжырымын қорытындыда жеке рəсімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: