Қосымша сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысының
жеткілікті түрде түсінікті болмауына немесе толық еместігі, сон-
дай-ақ алдыңғы зерттеу барысында жағдайға қатысты жаңа сауалдар-
дың пайда болу себеп терінен тағайындалады.
Қосымша сот сараптамасын жүргізу сол алдыңғы немесе басқа са-
рапшыға жүктелуі мүмкін.
Қосымша сот сараптамасын жүргізу міндетін сарапшыға
жүктеу кезінде алдыңғы сот сараптамасының қорытындысы бірге
ұсынылуы керек.
Егер екінші немесе рет санына қарай келесі сот сараптамасы бір-
неше негіздеме бойынша тағайындалған болса, олардың біреуі ғана
қосымша сараптама, ал қалғандары қайталама сараптамаға жатқы-
зылады, ондай сараптамалар қайталама сараптама жүргізу ережелері
бойынша орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |