Л
Лингвистикалық (филологиялық) сараптама – бұл шешімі
тіл білімі (лингвистика) саласы бойынша арнаулы танымның қол-
данылуын қажет ететін сұрақтар бойынша қорытынды берумен
аяқталатын ауызша жəне/немесе жазбаша мəтіннің процессуалды
регламенттенген лингвистикалық зерттеуі. Лингвистикалық сарап-
тама сараптамалық зерттеу міндеттелмейтін сараптамалар қатарына
жатқызылады, алдын ала анықталған күші жоқ жəне істегі басқа да
дəлелдемелермен қатар өзінің ішкі сендіру мүмкіндігі негізінде сот,
тергеуші, тергеу органы тарапынан бағаланады.
|