Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Қақтығысты мəтін – 1)  даулы мəтін, даулы сөз (сөйлеу) туын-

дысы ұғымдарымен  шамалас; 2) қақтығыс тудыруға қабілетті мəтін, 

сөйлеу қатынасы ережелері жəне əлеуметтік əдеп ережелері бұзылған 

мəтін.  Сөйлеу  қатынасы  ережелері  тұрғысында,  əдетте,  сөйлеу  қа-

тынасы максимдері талдамаланған Г. Грайс постулаттары түсініледі. 

Қақтығысты сөйлеу өнімдерін зерттеумен заңгерлік лингвистиканың 

бір саласы – лингвоқақтығыстану айналысады. 



Қателер – 

Ақпараттық материалдарды зерттеу жəне сараптама тағайын-

дау  мен  оны  жүргізу  барысында  жіберілген  қателер.  Тек  кейбір 

типтік қателер ғана көрсетіледі.

1.  Заңда  көрсетілген  алауыздық  түрлерін  қоздыру  істері  бойын-

ша сараптама тағайындау ережелерінің бұзылуы басым жағдайларда 

сарапшы  шешіміне  құқықтық  сұрақтардың  қойылуымен  байланы-

сты  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының 

«Қылмыстық  істер  бойынша  сот  сараптамасы  туралы» 2004 жылғы 

26  қарашадағы N 16 нормативтік  қаулысында  осы  аспект  бойынша 

келесі түрде түсініктеме берілген: 

«Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар сұрақтар соттың сарапта-

ма  тағайындау  туралы  қаулысында  тұжырымдалуға  тиіс.  Қаулыны 

шығару кезінде сарапшының алдына қойылған сұрақтардың сарап-

тама жүргізу тапсырылған адамның арнайы білімінің шегінен аспа-

уы керектігін назарда ұстаған жөн.

Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сарапшының құзыреті-




21

не кірмейтін құқықтық сұрақтарды, сондай-ақ іске қатысы жоқ өзге 

де сұрақтарды шешу туралы міндет қойылмауға тиіс».

Заңнамада (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) айыпталушы іс-əре-

кетінің  нақты  бағытын  көрсету  (...  алауыздықты  қоздыруға  бағыт-

талған ... əрекеттер-мəлімдемелер) мəтінде тікелей ниеттің болғанын 

анықтауды білдіреді. Сондықтан сарапшы шешіміне құқықбұзу құра-

мы белгілерінің мəтінде бар/жоқтығы туралы сұрақ қоюға жол беріл-

мейді. Мұндай сұрақтар, мысалы, Алматы қаласы бойынша ІІБ (ОВД) 

ХҚКД-нің (ДКНБ) аға тергеушісі подполковник Р.-дің 2018 жылғы 29 

тамыздағы  қаулысында  сараптама  шешіміне  қойылады: «Сөйленіс 

(мəлімдеме)  мəтіні  мен  мазмұнында  дінге,  тапқа,  ұлтқа,  руға  неме-

се нəсілге қатыстылық белгілері бойынша азаматтардың айырықша-

лығын, артықшылығын немесе толыққанды еместігін насихаттаумен 

теңдей  алғанда,  əлеуметтік,  ұлттық,  рулық,  нəсілдік,  таптық  неме-

се  діни  алауыздықты  қоздыруға  бағытталған,  азаматтардың  ұлттық 

ар-намысы мен абыройын немесе діни сезімін қорлауға бағытталған 

сөйленістер (мəлімдемелер) бар ма?», «Мəтіндер мен олардың мазмұ-

нында терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға үн-

деу бар ма» жəне т.б.  

Бұл  сұрақтардың  негізінде  (сыртында)  келесі  сұрақтар  тұрады: 

«сөйлеуші  Х  сөйленісті  айтқан  кезінде  əлеуметтік  немесе  басқа  бір 

алауыздықты қоздырғысы келді ме»? «Сөйлеуші өзінің сөзі арқылы 

азаматтардың ұлттық ар-намысы мен абыройын немесе діни сезімін 

қорлағысы келді ме?», «Сөйлеуші терроризмді насихаттағысы келді 

ме?» жəне т.б. Ниет істегі барлық дəлелдемелерді ескере отырып бел-

гіленетіндіктен, демек, оның шешімі дəлелдеу субъектісінің айрықша 

құқығы  болып  табылатындықтан,  мамандарға  (сарапшыларға)  осы 

түрдегі  сұрақтарды  қоюдың  құқықтық  өлшемге  сəйкес  еместігі  кү-

мансыз (қара. сарапшы-лингвистке қойылатын сұрақтар). 

2.  Сараптама  тəжірибесінде  зерттелінетін  ақпараттық  материал-

дардың мазмұнына сарапшы тарапынан тікелей заңгерлік баға берілу 

жағдайлары кеңінен таралған. Атап айтқанда, сарапшылар автордың 

алауыздықты қоздыру мақсатын анықтауға, мəтінде терроризмді на-

сихаттау  белгісінің  бар/жоғын  жəне  т.б.  өз  бетінше  белгілеуге  мін-

деттенеді. Сөйтіп, сарапшы-саясаттанушы М.-нің 24.09.2018 жылғы 

қорытындысында («Құжаттық  сот  сараптамасы»  жеке  меншік  ұйы-

мы)  оның  тұжырымдары  қылмыстың  құқықтық  саралануы  түрінде 

рəсімделген: «Абоненттер (олардың есімдері мен телефон нөмірлері 

тізбектеледі. – Авт.-құрастырушы)  хабарламаларының  мəтіндерінде 



22

діни алауыздықты қоздыру белгілері қамтылған. Хабарламаларда (...) 

дінге қатыстылық белгілері бойынша азаматтардың айырықшалығын, 

артықшылығын  немесе  толыққанды  еместігін  насихаттау  белгілері 

қамтылған. Сөйленістерде (...) азаматтардың діни сезімдерін қорлау 

белгілері қамтылған».

3. Алауыздықты қоздыру туралы істер бойынша сараптамаларды 

тағайындау кезінде тергеу органы сарапшыға ақпараттық материал-

дарға оның мамандану құзыретіне енбейтін зерттеу жүргізуді тапсыра 

отырып, туындаған сұрақтар шешімінде маңызды орын алатын арна-

улы білімнің нақты түрін көпшілік жағдайларда дұрыс анықтамайды. 

Мысалы, алауыздықты қоздыру туралы іс бойынша сараптама жүр-

гізу  саясаттанушы  сарапшыға  жаңылыс  түрде  жүктеледі.  Сонымен 

қатар, мысалы, тергеу органы тарапынан діни алауыздықты қоздыру 

туралы іс бойынша тек қана діни мазмұнға құрылған ақпараттық ма-

териалдарға  саясаттанымдық  сараптаманың  тағайындалуын  түсін-

діру өте қиын.  

Мəтіннің  мазмұны  оның  мақсаттық  бағыттылығын  дəлелдейтін 

бірден  бір  дереккөз  болып  табылатындықтан,  даулы  ақпарат  мате-

риалдарын зерттеу сендіру (иландыру) тілдік ықпалының риторика-

лық тəсілдерін талдау əдістерін игерген тіл мамандарының құзыры-

на  жатады.  Сот-филологиялық  (лингвистикалық)  сараптама  бары-

сында мəтіннің мазмұны, автордың коммуникативтік ниеті, мəтіннің 

мағыналық  (семантикалық)  бағыттылығы  зерттеледі,  экстремистік 

əрекетті насихаттау түріндегі иландырушы (сендіруші) сөздердің бар/

жоқтығы  немесе  экстремистік  əрекеттерді  жүзеге  асыруға  үндеудің 

бар/жоқтығы анықталады, экстремистік мəтін құруда пайдаланылған 

тілдік  құралдарға  баға  беріледі  жəне  т.б.  Экстремистік  сөз  сөйлеу 

актісін  құқықтық  бағалау  осы  таратылған  ақпараттың  мазмұнына 

байланысты  жəне  сол  ақпарат  мазмұнының  бағасынсыз  хабардың 

семантикалық  бағыттылығын  анықтау  мүмкін  емес,  жəне  бұл  са-

рапшы-филолог тарапынан жүзеге асырылады. Қажет болған жағдай-

да  сараптамалық  зерттеуге  міндетті  түрде  қатыстырылатын  лингви-

стен бөлек басқа мамандар да тартылады (қара. кешенді сараптама



сарапшы-лингвистің құзыретіалауыздықты қоздыру туралы істер 

бойынша кешенді сараптамаға лингвистпен бірге қатысушы басқа 

салалар мамандарына арналған (типтік) сұрақтар).

Қосымша анықтама: Сараптаманың «Сот сараптамасы органдары 

жүргізетін  сот  сараптамалары  түрлерінің  тізімінде  жəне  Қазақстан 

Республикасының Əділет министрлігі тарапынан біліктілік берілетін 




23

сараптамалық мамандықтардың қатарында» саясаттану сараптамасы 

сияқты түрі жоқ.

4.  Сараптамалық  тəжірибе  талдауы  құқық  қолданушы 

органдардың  да,  сарапшылардың  да  құрылымы  экстремистік 

əрекеттің  альтернативті  белгілерін  қамтитын  сол  құқықтық 

нормаларды  дұрыс  пайдаланбайтынын  көрсетеді.  Оның  ішінде, 

ақпараттық  материалдан  алауыздықты  (өшпенділікті)  қоздыру  

белгілерін  анықтай  отырып,  сарапшылар,  олардың  ізін  іле-шала 

тергеу  органдары  мен  соттар  санамаланған  барлық  альтернативті 

белгілерді  қамтитын  заң  тұжырымдамасын  сөзбе  сөз  жаңғыртып 

қолданады,  олардың  негізінде  алауыздық  сезімі  туындауы  мүмкін: 

əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни қатыстылық 

қарым-қатынастар бойынша.    

Материал  мазмұнын  заңмен  тыйым  салынған  насихат  ретінде 

саралай  отырып,  сарапшылар  мен  құқық  қолданушылар,  əдетте, 

«əлеуметтік топқа, дінге, тапқа, ұлтқа, руға немесе нəсілге қатыстылық 

белгілері  бойынша  азаматтардың  айырықшалығын,  артықшылығын 

немесе  толыққанды  еместігін  насихаттау»  жəне  т.б.  деген  заң 

тұжырымдамасын сөзбе сөз жаңғыртады. Мұндай тұжырымдамалар 

көптеген сараптама қорытындылары мен құқық қолданушы актілерде 

кездеседі.

Мұнымен қатар құқықтық нормадағы (ҚР ҚК 174 бап) «немесе», 

«не»  жалғаулықтарының  болуы,  үтір  арқылы  мүмкін  белгілердің 

(нəсіл,  ұлттық,  рулық,  таптық,  діни,  əлеуметтік  қатыстылық)  са-

намалануы  сəйкес  белгілердің  альтернативтілігіне  куəлік  етеді. 

Материалдарды  экстремистік  деп  тануға  олардың  біреуі  де  жет-

кілікті.  Бұл  тұрғыда  сарапшылар  мен  құқық  қолданушыларға  заңда 

қамтылған барлық белгілерді санамалаудың қажеті жоқ, тек сол ақпа-

раттық  материалда  орын  алғандарын  ғана  белгілеп,  нақты  ұлттық, 

нəсілдік, діни жəне басқа қай топ туралы сөз болып отырғанын көр-

сетулері керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет