Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Н

Насихат жəне үгіт. Экстремистік сөйлеу əрекеттері үндеу, насихат 

жəне үгіт арқылы жүзеге асырылады. 

 «Большой толковый словарь русского языка» сөздігінде пропаганда 

насихат сөзі келесі түрде түсіндіріледі:

НАСИХАТ / ПРОПАГАНДА  -ы;  ж. [латын  тілінде propaganda – 

таратылуы керек нəрсе] 1. Қалың бұқара арасында немесе мамандар 

қауымы  арасында  қайсыбір  идея,  ілім-білімді  таратып,  кеңінен 

түсіндіру. Ғылыми, ғылыми-техникалық н. Алкогольға қарсы н. Дене 



шынықтыру мен спортты насихаттау. Жаңа технология өндірісін 

насихаттау. 2. Қалың бұқараға саяси немесе идеологиялық тұрғыда 

ықпал ету; осындай ықпал ету органдары мен құралдары. Коммунистік 



н.  Буржуазиялық  н.  Сайлауалды  н.  Үгіт  жəне  н.  Насихат  жүргізу, 

насихатпен айналысу.

Аталған  сөздің  бұл  түсіндірмелерінен  кейін  насихат  деп  қалың 

бұқара  арасында  қайсыбір  идеяларды,  көзқарастарды,  таным-

түсініктерді  мақсатқа  бағытталған  түрде  таратуды  немесе  қандай 

да  бір  əрекетке  түрткі  салуды  айтуға  болады.  Насихаттың  мақсаты 

ақпараттың  дұрыстығына,  имандылық  сипатына,  əділеттілігіне 

адресаттың  көзін  жеткізу,  сендіру  арқылы  қандай  да  бір  идея,  ілім, 

көзқарас,  ереже-қағида,  мəлімдемелерді  саралап  түсіндіру  түріндегі 

мақсатқа бағытталған ақпараттық ықпал ету.

 

Экстремистік  материалдарға    мазмұны  жағынан  экстремистік 



əрекетті  үндеу  не    оны  жүзеге  асыру  қажеттігін  негіздеу  жəне/

немесе  ақтау,  яғни  насихатты  қамтитын  ақпараттық  материалдар 

жатады.

 

Кез-келген насихат (соның ішінде экстремизмді насихаттау 



да)  адресатты  иландыруға  бағытталады,  оның  идеяларын, 

түсініктерін, ұстанымдарын өзгерту мақсатында оған ықпал ету, 

яғни  қорыта  түсіндіргенде  насихат – идеологияның  белгілі  бір 

тұлғаның құндылықтары жүйесіне, наным-сенімдері мен əлеуметтік 

ұстанымдарына  айналу  үдерісі.  Насихаттың  бұл  түсінігінің 

мазмұндық белгілері – бір нəрсенің негізделуі, біреудің, бір нəрсенің 

ақталуы.


  

Үгіт  насихаттың  элементі  бола  алады,  өйткені  үгіттің  ұғымдық-

риторикалық  қасиеттері  көбінесе  насихатқа  жақын.  Айырмашылық 



27

тыңдарманға  əсер  ету  мақсатымен  байланысты.  Үгіттің  мақсаты - 

адресатқа  сөйлеушінің  айтқанындай  əрекет  ету  қажеттілігі  туралы 

ойды  сіңіру,  шешеннің  пікірінше,  нəтиженің  əлеуметтік  маңызды 

себептерімен байланысты қажетті жетістікке қол жеткізу мақсатында 

адресаттың  əрекетіне  (немесе  əрекетсіздігіне)  түрткі  болу.  Үгіттің 

көмегімен  қайсыбір  объектінің  немесе  құбылыс  қасиеттерінің, 

сапасының  осындай  екендігі,  мұнда  белгілі  бір  түрде  əрекет  етуі 

қажеттігі туралы сенім адамның санасына мақсатты түрде енгізіледі. 

Үгіт  тыңдармандардың  санасына  сөйлеу  нысаны  мен  қажетті 

əрекеттер арасында тұрақты себеп-салдарлық байланыстың бар екені 

туралы ойды бекітеді.

 

Насихат  жəне  үгіт  мақсатты  себеп-салдар  мəнді  ұғымдық-



риторикалық  құрылымдардың  қолданысы  арқылы  шешіледі. 

Насихаттау  үдеріснде  бұл  келесі  типтегі  құрылым:  адамдар  тобы 



бар  болғандықтан... [сөйлеу  объектісінің  сапалық  сипаттамасы], 

оған қатысты мəселе де əділетті болады ... [адамдар тобына қарсы 

өшпенділік,  жаулық  қарым-қатынас].  Үгіт  кезінде  тыңдаушыларға 

мына типтегі мінез-құлықтың негізділігі сендіріледі: адамдар тобы 

бар  болғандықтан... [сөйлеу  объектісінің  сапалық  сипаттамасы], 

оған қатысты мəселе де əділетті болады ... [адамдар тобына зиян 

келтіретін іс-əрекет]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет