Жанама үндеу (сөздің кең мағынасында) вербалды (етістікті) им-
перативтің қолданылуынсыз ашық түрткі салу формасын танытады,
ол (вербалды императив) бұл жағдайда жұмсартылған ерік-қалауға
алмастырылады, ол келесі түрде білдіріледі:
а) сұрақ-ұсыным (рекомендация) (Күресті бастауға тұрады емес
пе?),
б) міндеттеу типіндегі семантикаға ие сөздер арқылы əрекеттің
қажеттілігін тұжырымдау, мысалы, инфинитивпен тіркестегі «керек
(тиісті)», «қажет», «тиісті», «міндетті», «талап етіледі», «қа-
жет етіледі» (Қазақтар, біз жер үшін күресуіміз керек!);
в) кеңейтілген айғақтама (аргументация) ретінде білдіріліген əре-
кеттің негіздемесі, қайсыбір əрекеттің дұрыстығы немесе дер кезі
екендігі туралы қарапайым нұсқау негіздемесі арқылы (Бұл бассыз-
дықты тоқтату сəті туды).
Жанама үндеулер ҚР ҚК-тің 174-бабы терминдерінде бағалана
алады. Орнықты құқықтық бағалау үшін үндеу əрекетті жасау (орын-
дау) амалының эксплициттелген (ашық білдірілген) образын (Ə ком-
поненті) жəне əрекет нысанының образын (О компоненті) қамтуы
керек. Əрекетті жасау (орындау) амалының эксплициттенбеуі жəне
нысан образы, яғни Ə жəне/немесе О копоненттерінің «түсіп қалуы»
үндеу сөйленісінің орнықты құқықтық бағалануына мүмкіндік бер-
мейді, өйткені негізделінетін əрекеттің (əрекет нақтыланбаған) экс-
тремистік сипаты туралы тұжырымға негіздеме жоқ жəне/немесе ай-
қындалмаған нысанның экстремистік сипаты көрініс таппаған (нəсіл,
ұлт, əлеуметтік топ, ру жəне т.б.).
Сөйтіп, тура жəне жанама үндеулердің барлық типтерінде айыр-
машылықтар бола тұра сөйленіс құрылымы жағынан да, түрлендіру
парадигмасы құрылымы жағынан да ұқсастықтар көрініс береді.
Тура жəне жанама үндеулер ашық үндеу ретінде жасырын үндеуге
қарама-қарсы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |