қорғайды.
40
Ү
Үндеу қылмыстық құқық термині ретінде
– жария түрде айтылған
немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке
тұлғаны анықталған құқыққа қарсы əрекетке итермелеу мақсатында
оның санасына, еркіне жəне мінез-құлқына əсер ететін үндеу.
Үндеу ҚР ҚК-нің құқық бұзушылықпен, оның ішінде, экстре-
мизммен байланысты сөйлеу əрекеттеріне қатысы барлық дерлік
баптардың ережелерінде айтылады (бұлар: 161-бап «Басқыншылық
соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақы-
ру», 179-бап «Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау
немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу не-
месе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын күштеп өзгерту», 180-бап «Сепаратистік əрекет», 256-бап
(«Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария
түрде шақыру»), сондай-ақ алауыздықты жандандыру белгіленген ҚР
Заңы 1-бап «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы».
Үндеу ашық жəне жасырын деп бөлінеді; ашық үндеулер, өз кезе-
гінде, тура жəне жанама болып тармақталады.
Əрекетке түрткі болу аз немесе кем дəрежеде эксплицитті, ашық
түрде білдірілуі мүмкін, яғни түрлі дəрежеде имплицитті, жасырын
түрде жəне бұл үндеудің бар / жоқтығын талдауда басты қиындықтар-
ды тудырады. Ашық үндеу деп түрткі салу тілдік тұрғыдан (вербал-
ды) ашық айтылған үндеуді атайды.
Көрсетілген нормаларды ескере отырып, нақты бір сөйлеу əрекеті
«экстремистік» үндеу деп танылуы үшін, ол жалпы түрде келесі линг-
вистикалық белгілерге ие болуы керек (үндеу моделі: А– Ə – О – И)
(мысалы: Орыстар, кавказдықтарды базардан қуыңдар !):
1) сөйленісте тілдік (вербалды) императивтің болуы (И);
2) сөйленісте əрекетті жасау тəсілінің образы болуы: түрткі салу
əрекеті (Ə);
3) сөйленісте əрекет нысанының образының болуы: нені жасауға
үндеп жатыр (О);
4) сөйленісте адресат образының болуы: əрекетті кім орындауы
керек, кімді үндеп отыр (А).
Достарыңызбен бөлісу: