Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Ф Филологиялық сараптама мақсаттары



Pdf көрінісі
бет43/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Ф

Филологиялық сараптама мақсаттары

 

 – қара. лингвистикалық 



сараптама. 

Э

Экстремистік материалдар – «7) экстремистік əрекеттердiң бел-

гілерін  жəне  (немесе)  оны  жүзеге  асыруға  үндеуді  қамтитын  не 



оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген 

ақпараттық  материалдар  (ҚР  Заңы 1-бап  «Экстремизмге  қарсы 

тұру туралы»).



ҚР ҚК 174-бабында қарастырылған əрекеттер «Экстремизмге қар-


43

сы тұру туралы» заң арналған экстремистік қылмыстар қатарына жа-

тады. Бұл заң экстремизм ұғымдары мен түрлерін анықтайды, оларға 

басқалармен қатар əлеуметтік, таптық алауыздықты жандандыру (са-

яси экстремизм); нəсілдік, ұлттық жəне рулық алауыздықты жандан-

дыру  (ұлттық  экстремизм);  діни  өшпенділікті  немесе  алауыздықты 

жандандыру (діни экстремизм) жатады.

Жоғарыда  келтірілген  экстремистік  материалдардың  анықтама-

сында    ҚР  ҚК 174-бабында  жауапкершілік  қарастырылған  сөйлеу 

əрекеттері  көрсетілген.  Сөйтіп,  ақпараттық  материалдарды  экстре-

мистік  деп  тану  үшін  олар,  ең  алдымен,  таратылған  материалдарда 

заңда  көрсетілген  мақсаттық  бағыттылықты  көздейтін  ақпараттың 

бар екенін білдіретіні туралы мазмұндық өлшемге (критерий) сəйкес 

келуі керек. 

 Егер ақпарат мазмұны жағынан экстремистік əрекетке байланысты 

оң  (қолдайтын)  қарым-қатынасты  қалыптастыруға  бағытталған 

болса, онда олар экстремистік материалдар болып танылады. Заң оң 

(қолдайтын) қарым-қатынасты білдірудің үш түрлі жолын ажыратады: 

1)  «экстремистік  əрекетке  үндеу»; 2) «экстремистік  əрекеттің 

қажеттігін  негіздеу»; 3) «экстремистік  əрекеттің  қажеттігін 

ақтау».  Бұл  белгі  (яғни,  экстремистік  əрекетке  байланысты  оң 

(қолдайтын)  қарым-қатынасты  оған  үндеу,  оны  негіздеу  немесе 

ақтау  формасында  қалыптастыру)  экстремистік  сөйлеу  əрекетін 

сөз  бостандығын  жəне  бұқаралық  ақпарат  еркіндігін  шектен 

тыс  пайдаланудың  басқа  да  формаларынан  ажыратуға  мүмкіндік 

береді,  сонымен  қатар  осы  бостандықтарды  құқыққа  сыйымды 

пайдаланудан  ажыратуға  мүмкіндік  береді.  Мəтіннің  нақты  қандай 

фрагменттерінде  тиісті  мəн-мағынаның  қамтылғанын  анықтау  үшін 

оған лингвистикалық талдау жүргізіледі. 



44



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет