Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет26/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

айтылым:  өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз  арман-үміті, 

жоспарлары  жайлы  айта  алу;  денсаулыққа,  тамақтануға,  отбасындағы 

сыйластыққа,  е-пошта  қызметін  пайдалануға  қатысты  өз  көзқарасы  мен 

ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын; 



жазылым:  өзара  байланысты  әрі  өзіне  қызықты,  қажетті  мағлұматтарды 

қамтитын  қысқа  мәтіндерді  жаза  алу;  берілген  мәтінді  түріне  қарай  ажырата 

алу; тілдік қатынаста өз ойын басқаға жеткізе білу; өзінің жеке басына қатысты 

хат  жаза  алу;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мәселелер  бойынша  өз  ойын 

қысқаша жазбаша білдіру дағдыларын; 

тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сөйлесе алу; күнделікті қарым-

қатынаста  диалог,  монологті  берілген  тақырып  аясында  өз  бетінше  құра  алу; 

тосын  сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат  т.б.)  қатыса  алу;  сөйлесім 

әрекетінде  сөйлеу  мәдениетінің  нормаларын  сақтап  қолдану,  диалог  пен 

полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 

9- 


сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

тыңдалым:  нақты  айтылған  ойды,  әдеби  нормаға  сай  сөйлемдерді  түсіне 

алу;  отбасы  тәрбиесіне,  Қазақстан  суретшілеріне,  мұражайлар  мен  сурет 

галареяларына  қатысты  айтылған  ақпараттарды  түсінеу  және  қолдана  алу; 

сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын; 



оқылым:  күнделікті  және  өзінің  жеке  өмірі  мен  отбасы  тәрбиесіне, 

Қазақстандағы  мәдени  орындарға,  радио,  теледидар  хабарларына  байланысты 

мәтіндерді  оқып,  түсіну;  мәтіндерден  тура,  ауыспалы  мағыналы  сөздерді, 

мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды 

қолдану;  адамның  көңіл-күйіне  қатысты  және  сезімге  әсер  ететін  сөздер  мен 

сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын; 



айтылым:  өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз  арман-үміті, 

жоспарлары  жайлы  айта  алу;  денсаулыққа,  тамақтануға,  отбасындағы 

47 

 



  

сыйластыққа,  е-пошта  қызметін  пайдалануға  қатысты  өз  көзқарасы  мен 

ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын; 

жазылым:  өзара  байланысты  өзіне  қызықты  әрі  қажетті  мағлұматтарды 

қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып, 

негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат 

жаза  білу;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мәселелер  бойынша  өз  ойын 

қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды 

таба  алу,  оларды  өзара  салыстыру,  өзінің  жазған  мәтінінде  қолдана  алу 

дағдыларын;  

тілдесім:  әртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  сұхбаттаса  алу;  күнделікті 

қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп құрау; тосын 

сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат,  т.б.)  қатыса  алу;  сөйлесім 

әрекетінде  сөз  мәдениетінің  нормаларын  сақтап  қолдану;  тілдік  жағдаяттарға 

тән  этикеттік  орамдарды  орынды  пайдалана  алу;  таныс  жағдайларға 

байланысты  нақты  берілген  конструкцияларды  пайдаланып,  ой  бөлісе  алу; 

пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс[17,79-

101б.].  

10- 

сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 



тыңдалым:  нақты,  анық  айтылған  ақпараттардың  мазмұнын  түсіну;радио, 

телехабарларда  берілетін  жаңалықтарды  түсіну;аудиоматериалдағы  айтылған 

ойды анықтау дағдыларын;  

оқылым: әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну;оқылған 

мәтіннің  негізгі  мазмұнын  түсініп,  баяндау;мәтінді  оқып,  сұрақтарға  жауап 

береді,  мағыналық  бөліктерге  жіктей  алу;  ғылыми-көпшілік,  қоғамдық-саяси, 

әлеуметтік-мәдени  тақырыптардағы  материалдарды  оқып  талдау,  ой  қорыту 

дағдыларын меңгеруі тиіс; 

айтылым:  өзінің  сезімдерін,  көзқарасын,  ой-пікірін,  армандарын  жеткізе 

алу;  түрлі  жағдаятқа  сәйкес  көзқарасын  білдіру;затты,  құбылысты  суреттеп, 

сипаттап айта алу дағдыларын; 

жазылым: өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу;пунктуация 

ережелерін  сақтау;ұсынылған  мәтіндер  бойынша  жоспар  түзу,  тезис  жазу 

дағдыларын меңгеруі тиіс; 

тілдесім: әртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу;таныс 

жағдаяттарда  сұхбатқа  өздігінен  араласу;үнтаспада  жазылған  сұрақтарды 

тыңдап  түсіну,  сол  туралы  өз  қөзқарасын      білдіру;оқыған  мәтін  бойынша  өз 

пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс. 

11- 

сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:  



тыңдалым:  аудиотаспадан  тыңдалған  диалог  пен  полилогті  түсініп,  онда 

айтылған сөз мазмұнын жеткізе білу;тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға 

баға  беру;радио,  телеарналарда  берілетін  хабарлардың  мазмұнын  түсіну; 

аудиоматериалдағы  айтылған  ойды  анықтау  дағдыларын  меңгеруі  тиіс; 



оқылым:  мемлекеттік  тілде  жазылған  құжаттарды  оқып  түсіну;мәтіннен  өзіне 

48 


 


  

керекті мәліметті бөліп ала білу;оқудың нақты мақсатына сай әртүрлі стильдегі 

мәтіндерден негізгі ойды ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс; 

айтылым:  оқыған  әңгіменің  мазмұны,  тақырыбы  туралы  айтып  беру;өз 

бетінше  газет-журнал  материалдарынына  шолу  жасап,  негізгі  ойды  анықтай 

алу;интернет желісінен  қажетті  ақпаратты  тауып, оны өз сөзімен  баяндай  алу 

дағдыларын меңгеруі тиіс; 



жазылым:  жеке  адамға  қатысты  құжаттарды  сауатты  толтыру;ұсынылған 

тақырып  бойынша  шығармашылық  сипатта  мәтін  құрай  алу;реферат 

жұмысында  дәйексөздерді  кіріктіру  және  әдебиеттерді  рәсімдеу  дағдыларын 

меңгеруі тиіс; 



тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  полилогқа  қатысу;диалогтің 

түрлеріне  сай  пікірлесе  алу;  үнтаспадағы  диалогті  тыңдап,  өз  сөзімен  айтып 

беру;нақты  тақырыпта  сұхбат  құрастыра  алу;  әңгімені  жалғастыру,  пікір 

таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс[17, 3-29]. 

Міне,  әр  сабақта  осындай  сөйлеу  әрекетерінің  түрлерін  қолдану  арқылы 

қазақ тілін жүйелі оқытуға жол аша отырып, бағдарламада көрсетілген  мақсат, 

міндеттерді жүзеге асырамыз. Бұл – өсіп келе жатқан балалар мен жастардың 

үйлесімділікпен  дамуы,  елдік  рухты  көкірегіне  түйіп,  ұлттық  дүниетанымды 

терең меңгеруі үшін де, елдік санада тәрбиеленуі үшін де ауадай қажет. Тілді 

оқытуда,  әсіресе,  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  ерекше  мән  бере  отырып,  тіл 

арқылы  ұлтжанды  азамат  тәрбиелеу  басты  назарда  болуы  тиіс.  Яғни,  ТІЛ  – 

ТҰЛҒА – МӘДЕНИЕТ қағидасы негізінде баланың үйлесімді дамуына қатысты 

қажеттіліктерді тіл арқылы беру, үйрету- басты мәселе болып саналуы тиіс[19]. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

49 



 


  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет