тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке
басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну; отбасы
мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер,
Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс,
бұрыстығын түсіну; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты
айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған жарнамалар мен
хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс
тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу;
мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу);
мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктей алу; тақырып көлеміндегі
мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен
берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алу
дағдыларын;
айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы
және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу;
өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты ой айту; белсенді лексикалық
қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыру;
балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасау;
мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелеу;
оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын;
жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып
жаза алу; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын
толтыра білу; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазу, оларды
сипаттап жаза алу; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алу; оқыған
мәліметтерді жазу; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат
жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма
жаза алу дағдыларын;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша
қысқаша сөйлесе білу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды
қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; әңгімені бастау, жалғастыру және
аяқтау жолдарын ажырата алу; диалог түрлерінің құрылу жолдарын тауып
(мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог,
жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз мақсатына қарай орынды
46
пайдалану; жағдаятқа сай келісім білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш
жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.
8-
сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді түсіну;
мектепке, жазғы демалысқа, тамақтануға, Қазақстанның қалалары мен
табиғатына, т.б. қатысты тақырыптар бойынша берілген ақпараттарды түсіну
және қолдана алу; сөйлеушілердің анық және асықпай айтқан ойларын,
пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын;
оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен мектеп, қоғам өміріне
байланысты мәтіндерді дұрыс оқып түсіну; отбасындағы сыйластыққа,
жазушылардың шығармашылығына, Қазақстанның тарихы мен бүгініне
қатысты, электрондық байланыстар жүйесін пайдалануға байланысты
мәтіндерді оқып түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-
мәтелдерді таба алу, оларды қарапайым жағдаяттарда өз сөздерінде орынды
қолдану; болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен
сөйлемдердің мағынасын ұғына алу;
Достарыңызбен бөлісу: |