12
ISSN 2616-8901. Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы № 4/ 2018 мен тондарды түрлендіру, түс қанықтығы. Абрис. CorelDraw бағдарламасының анимациялық
мүмкіндіктері. Corel R.A.V.E бағдарламасында қозғалыстарды құру.R.A.V.E көмегімен
жарнамалық баннер жасау. Corel RAVE бағдарламасында интерактивті ауысуды пайдалану.
Бейнені алдын ала қарау. Басып шығаруды орнату. Экспорттау. PDF-ке айналдыру
(конвертациялау). JPEG пішімін пайдаланып сурет өлшемін азайту. AutoCAD бағдарламасы.
Негізгі ұғымдар. Қарапайым примитивтер. Күрделі примитивтер. Мәтін примитиві. Түзету
бүйрықтары. Шығармашылық жұмыстар. Жобалық іс-әрекет [3].
«Графикалық ақпаратты өңдеу негіздері» пәнін оқытудың мақсаты компьютерлік
графиканың негізгі ұғымдарын қалыптастыру; дербес компьютерде мүмкіндігі кең кәсіби
графикалық редакторлармен (Adobe PhotoShop, CorelDraw, AutoCAD), мәтінді тану пакеттерімен
(FineReader) жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру, бейнелерді құру мен өңдеудің теориясы мен
практикасы жайлы түсінікті қалыптастыру болып табылады.
Осы пәнді оқығаннан кейін графикалық ақпаратты өңдеу негіздерін зерттеу ары қарай келесі
семестрлерде жалғасады. Алынған білім негізінде білім алушылар «Мультимедиалық жүйелерді
жобалау», «3D модельдеу және анимация», «Сандық бейнелерді өңдеу және үлгілеу» пәндері
бойынша компьютерлік графикамен жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтар мен компьютерлердің
құрылғыларын зерттеуді жалғастырады.
Компьютерлік графикалық бейненің түсі ой, сезім және елестету түйсіктерін дамытуға
мүмкіндік береді. Түстердің тереңдігі, қанықтығы адамның психологиясына үлкен әсер етеді.
Компьютерлік графика шығармашылықтың басқа да формалары сияқты, адамның дамуына,
тынығуына, күйзелістерден арылу және ойлау қабілетін шығармашылық бағытқа қалыптастыруына
септігін тигізеді.
Компьютерлік графика мультимедиа және жоғары деңгейлі көркемдік ақпараттық
технологиялар құралдарымен байланыса отырып білім алушылардың шығармашылық қызметі
үшін ерекше графикалық ақпараттық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік
графиканы оқып үйренудің дидактикалық ерекшеліктеріне сай білім алушылардың кеңістікті
қабылдау тұтастығы, зейін, ықылас, қызмет етуде мұқияттылық және т.б жеке адами қасиеттерінің
дамуының бірден бір әдісі болып табылады. Компьютерлік графика көркемдік және графикалық
шығармашылықтың негізінде жатқан заңдылықтарды модельдеу мен демонстрациялауға арналған
маңызды құрал болып табылады.
Қазіргі таңда интернет технологияларының қарқынды түрде дамуына байланысты білім
алушылар заман талабына сай графикамен жұмыс, анимация құру, интерактивті эффекттер құра
білу жолында жеткілікті сауатты болуы қажет деп ойлаймын. Сол себепті компьютерлік
графиканың болашақ информатика мұғалімін дайындауда орны мен рөлі ерекше.