Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет3/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

Сұрақ белгісі 

 

§4. Сұрақ белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.  



Атап  айтқанда,  а)  сұраулық  шылаулармен  келген  сұраулы  сөйлемдерден 

кейін: Асан ше? Балтабек деген жігіттің үйін білесіз бе(С.Мұқанов). 

Жауап  қайтаруды  қажет  ететін,  сұрау  мәнді  сөйлемдерден  кейін  сұрақ 

белгісі қойылады: 

– Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба? 

– Шүкір Аллаға, аман. Өз үй ішіңіз де есен бе түгел? 

– Тегіс есен. 

Ескерту:  Сәлемдесу  барысында  сөйлемдер  ма,  ме,  ба,  бе,  па,  пе 

шылауларына біткенмен, одан кейін сұрақ белгісі қойылмайды:  

 

ә) Сұрау есімдіктерімен келген сұраулы сөйлемдерден кейін:  



– Күйігің не? О не деген сөзің? Сенде қандай күйік болушы еді? – деп, Мәкіш 

Абайға кінәлай да, сынай да қарады (М.Әуезов). 

Ескерту: Сүйсіну, таңырқау мәнінде келген қандай, неткен, не деген т.с.с. 

сұрау есімдіктерінен кейін сұрақ белгісі қойылмайды:  

б) Ә күшейткіш мәнді көмекшісінен кейін: Ертең де келетін шығар, ә?  

в)  шығар,  болар,  ғой  т.с.с.  көмекшілермен  келген,  интонациямен 

ерекшеленетін  сұраулы  сөйлемдерден  кейін:  Балалар  пойызы  осы  шығар

Балалар пойызы осы болар? Асан үйінде екен, – деді біреу жүгіріп кеп. – Қалима 

ше? – Ол да үйінде (С.Мұқанов). 



г) Құрмалас сөйлемдердің соңғы сыңары сұраулы болса, одан кейін сұрақ 

белгісі қойылады.  



Ескерту: Құрмалас сөйлемдердің алдыңғы сыңары сұраулы болып, соңғы 

сыңары  хабарлы  сөйлем  болса,  сұрақ  белгісі  қойылмайды:    Бүгін  қойды  кеш 



сауып  болған  ба,  немене,  ымырт  жабылып  қалыпты  (М.Әуезов).  Қорыққаның 

көріп үрейлендіре түскісі келді ме, болмаса шын тістеуге ниет етті ме  – қаз 

қанатын жазып жіберіп, жүгіре ұшып Ботагөзге жетуге айналды (С.Мұқанов). 

Тура келем бе, жоқ па – оны біліп боларлық емес (С.Мұқанов). 

§5. Сұрақтарға ерекше екпін түсіріліп, нақтылауды қажет ететін бірыңғай 

мүше түрінде келсе, әр бірыңғай мүшеден кейін сұрақ белгісі қойылады:  Жел 

ме? Аттың жал-құйрығы ма? Жылан ба? Әйтеуір бірдемелер айнала ысылдайды 

(С.Мұқанов). 

§6. Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері ерекше сұрау интонациясымен 

баса айтылса, олардың әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады:Адам пішіні 

әрдайым бұған (Абайға) бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Ол кей 

адамнын  айғыз-айғыз  әжімінен,  салбыраған  ұртынан,  қыртыстанған 

маңдайынан, бояуы оңған көздерінен, алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі 

жанды-жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан сызаты көп 

тас па ? Я селдір тоғай ма? Не көде, көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? 

Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады (М.Әуезов).  

§7. Дәйексөз (цитата) ретінде алынған мәтіннің ішіндегі автор келіспейтін, 

түсінбейтін тұжырымнан кейін жақшаға алынған сұрақ белгісі қойылады?  

 §8.  Қыстырма  сөз  сұраулы  сөйлем  түрінде  келсе,  ол  тұтастай  жақшаға 

алынып, сұрақ белгісі қойылады:  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет