Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет120/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

олардың   ыңғайына   көнбедім.   Бозбалаға   несіне   қызығайын?
Бұрынғы тартқан азабым аз ба? Және жеңешем ылғи құлағыма
құйып   отыратын:   жігіттердің   азғырғанына   ерме!   Ерсең
бұзыласың.   Әуелі   оқу   оқы.   Күйеуге   тиетін   кезде   жігітке   көз
саларсың...—   дейтін.   Қазақтың   оқыған   қыздарын   ағатайым   да
жамандайтын:   ыртаң-жыртаңнан   басқаны   білмейді...—   дейтін.
Сол сөздері есімде.
Айтқанына   жүрмегенсін,   жігіттер   соңыма   түсті.   Мені   —   ұлы
кеуде   деді,   байдың   қызы   деді,   қуыршақ   деді,   кісі   киік,—   деді.
Айтпағаны жоқ. Тоғыз саққа жүгіртті. Өтіріктен өтірік: «Пәлен
жігітке хат жазыпсың, пәленмен жақынсың...» деп жала жапты.
Маған   хат   жазып,   ғашық   болды.   Домалақ   қағаз   түсіріп,   неше
түрлі былғаныш сөздерді айтты. Сонда да болмадым. Ең болмаған
соң,   қараңғыда   аяғымнан   қағып,   жығып   кететін,   ұрып   кететін
болды.   Қағаз,   кітаптарымды,   тарағымды,   орамалымды...
ұрлайтын болды. Еркек бала бір түрлі бейбастақ келеді ғой.
Екі күнде, үш күнде бір жиылыс болады. Айқай-ұйқай боп сөйлеп
жатқаны. Жиналысқа бармай қалсаң, біреуі барып жеткізе қояды.
Бірін-бірі   мүйіздеп,   жамандап   школдан   шығарып   жатқаны.
Әсіресе, біздің қазақ балалары. Не жетпейтінін білмеймін.
Бес жүзге тарта бала бар. Үй тар. Отын кем. Жұмасына бір жаға
ма, жақпай ма? Үйдің іші былғаныш, сасық. Көп бала сасытпай
тұра   ма.   Тесікті   ашсаң,   азынап   суық   кіреді:   ауырып   қаласың.
Ашпасаң,   тұншығып   кете   жаздайсың.   Оның   үстіне   тамақ   та
жайсыз: ашаршылық жыл ғой. Таласып-тармасып күніне жарты
қадақ қара нан, бұлдыры жоқ, картоп салған сорпа ішесің. Кешке
бір   қайнаған   су,   оқу   оқып,   жетілгеннен   бұрын,   аштан   өле
жаздадық. Талай бала ауырып, шығып кетті. Өлгендері де болды.
Қыстың   аяғына   жете   алмай   мен   де   жүдеу   басқа   айналдым.
Семейге баратын үш-төрт баламен мен де қайттым.
— Сен де бейнетті тәуір көрген екенсің?


— Атама. Жасынан оқымаған соң, кісінің тілі де қатып кетеді
екен. Жуырда икемің де келмейді екен. Есейген соң оқығанның бір
тәуірі:   есің   болса,   артық   бұзылмайды   екенсің.   Өңшең   өгіздің
ортасыңда аман қалғаныма өзім де таңданам...
Жеңешем мен келгенге қуанып қалды. Оған серік керек қой. Екеуміз
бір туған кісідей боп кеткеміз ғой.
Ағатайым губпроткомда қызмет қып, тәуір боп тұр екен.
Келген   соң:   —   босқа   жүргенше,   тіл   үйрен   деп,   бір   учитель
қатынды   жалдап,   төрт   ай   оқытты.   Бұрын   қазақ   баласын   көп
оқытып, ысылған, кәрі қатын екен. Баласы жоқ. Табысымен күн
көреді. Сол қатыннан оқығаным көп пайда болды. Орысша жазуға
да,   сөйлеуге   де   со   кісі   сауатымды   ашты.   Орыстың   тілі   қиын
болады екен тіпті.
— Осы күні орысша біліп алдың ба?
— Онша жетік білмесек те, түсінетін болдық. Аса бір қиын сөз
болмаса, ойымдағымды айта алам.
— Біз сияқты аузын буған өгіз емессің ғой.
—   Оқысаң   сен   де   үйренер   едің.   Оқи   алмай   қалдың   ғой.   Заман
оқығандікі   көрінеді.   Өмірдің   қызығы   соларда.   Бар   тапқанын
тамағы   мен   киіміне   салады.   Мал   жиям   деп   әуре   болмайды.
Тұратын   үйлері   қандай!   Саңғырлаған   бір   сарай.   Әй   біздің
қазақтың көрген күні құрысын! Бықсып, сасып, биттеп, құрттап
жатқаны...
—   Құрттаса   да:   мен   сол   елді   сағынып   өліп   жүрмін.   Қуарған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет