Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет122/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

хабарды   оқыдым.   Не   себеп   екенін   білмеймін.   Соның   сөйлегенін
естігім кеп кетті. Бармайын деп бір ойлап тұрдым. Бір уақытта
қолым шашыма, аяғым айнаға барып қалғанын, пальтомды киіп,
школдан қалай шығып кеткенімді білмей қаппын.
Бір   үлкен   жиылыс   екен.   Арт   жағына   таман   келіп   мен   де
отырдым.   Мен   отырған   кезде   бір   орыс   сөйлеп   тұр   екен.   Ол
бітірген   соң,   үстел   басындағы   қара   шұбар   кісі:   —   Енді   Ақбала
жолдас баяндама қылады,— деді. Жүрегім бүлк ете түсті.
Сахнаның ар жағынан жайымен аяңдап жымиып Ақбала шықты.
Партпелін   үстелге   қойып,   отырған   жұртты   бір   шолып   өтті.
Маған   да   көзі   түсер   ме   екен   деп   отырмын.   Білмеймін   көрген,
көрмегенін.
Ақбала сөзін бастады. Асықпай, саспай, қоңырлау әдемі дауыспен
бастады.   Мен   қадалып   қаппын.   Бір   үлкен   мекеменің   істеген
жұмысы жайынан екен. Не айтып жатқанын ұққам жоқ. Көзім


оның   аузында,   құлағым   оның   даусында   болды.   Алақанын   әнтек
бүгіп,   құлаштап   темір   соққан   ұсталарша,   оң   қолын   нығыздай
сермеп   сөйлеп   тұр.   Сөйлеген   сайын   өзінен-өзі   қоған   секілденіп,
даусы ашылып, қимылы көбейіп келеді. Оның қыза сөйлегеніне мен
де   қызып   отырмын.   Сөзді   түйдек-түйдегімен   тастап-тастап
жіберіп,   қарақшыдан   ағып   өткен   жүйрікше,   басын   әнтек
еңкейтіп, шұлғыды. Жұрт шапалақтап алды да кетті.
Оның   артынан   әркімдер   қарсы  сөйледі.   Ақбаланың   баяндамасын
мінеді, сынады. Мен оларға оқты көзіммен қарап қоям: жаратпай
отырмын. Жаман болса неге шапалақтады деп ойлаймын. Ақбала
қағазына түртіп жатты. Олар сөйлеп болған соң, Ақбала шығып,
бәріне   жауап   берді.   Біреуін   мысқылдап,   бірін   кекеп,   бірін   түк
білмейтін қып, неше түрлі дәлелдер келтіріп, сыбағасын берді-ау!
Түн боп кеткен екен. Ақбала сөзін бітірген соң, тысқа шықтым.
Школға бірге қайтатын серік іздеп, тепкішекте жан-жаққа көз
салып тұр едім. Артымнан біреу келіп білегімнен ұстады. Қарасам
— Ақбала. Жымиып:
— Сәлеметсің бе!— деді.
Сасып қалдым. Қызарып кетсем керек. Қызарғанымды көріп қоя
ма деп тағы састым.
— Школға қайтқалы тұр едім,— дедім.
— Ә, жүріңіз, апарып салайын,— деді.
Ұялдым. Бұрын кемесердің арбасына мінгем жоқ қой. Ұялсам да,
ештеңе дей алмадым. Маған да кішкене мақтан пайда болды.
Арбасына мінгізіп, қасыма отырып, школға әкеп салды. Жолда:
«Менің баяндамамды естідіңіз бе?— деп сұрады. — Естідім, дедім.
— Қалай боп шықты? — деді. — Жақсы, — дедім. Баяндамасын
сұрағаны,   менің   ойымды   білгісі   келгені,   қолтығымнан   ұстап
таянып   отырғаны,   көшенің   жарық   жерінде   бетіме   жылы
қарағаны, — бәрі де өзімсініп айтқандай, қарағандай жылы көрініп
қалады. Қоштасарда: ертең театрға барсақ қайтеді?— деді. —
Барайын,— деп қаппын. Со күні не екені белгісіз.  Ақбала түсіме
кіріп шықты.


— Е, көңілің кетіп қалған-дағы!
— Қайдан білейін, кетсе, кеткені ғой...
Ертең   кешке   уәделі   сағатына   тиатрға   келсем   —   есік   алдында
аяңдап мені күтіп жүр екен.
Ойынға   кірдік.   Бірге   отырдық.   Көп   сөйлестік.   Оқыған   әйелді,
махаббатты сөз қылды. Бірдеңе айтып келе жатып: — Сіз оған
қалай қарайсыз?— деп менен сұрап қояды. Оған не десем ұнар екен
деп қулықпен жауап бергім келеді. Бірақ бүге алмай, өз ойымды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет