Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет121/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

қаласы бар болсын! Бәрі бөтен, бәрі жат. Ішім пысып, санамен
сарғайып, дертті боп отырмын.
—   Қалқам-ау,   ол   сенің   оқымағандығың,   оқысаң,   бәріне   үйір   боп
кетесің.
— Енді бізге оқу қайда?.. Елімді бір көрсем, арманым болмас еді,—
деп Камила қатты күрсінді.
* * *
Қаланы,   оқығанды   мақтағаны   болмаса,   Ақбілектің   арғы   ойы:
оқымаған   Камиланың   алдында   өзінің   оқығандығымен,   орысша


киімімен   азырақ   мақтанбақ   еді.   Әйтпесе   даланы,   елді   өзі   де
сағынып жүр еді. Камила елін бір көруді арман қып күрсінгенде,
Ақбілек   ұялып   «өтірік   мақтанып   отырмын-ау»   деп   ойлады.
Сондықтан:
— Сенің оның да рас: кісі кейде елді бір түрлі сағынады,— деді.
Кішкенеден соң, Камила.
— Сонсын не болдың? Бітті ме?— дегенде Ақбілек:
— Жоқ әлі. Әңгіменің қызығы ілгері,— деді.
— Е, соныңды айтсайшы.
— Соны айтсам... немене... қай жерге кеп ем?
— Семейге келіп орыс қатыннан оқыдың ғой.
— Е, е... содан кейін, қысқа қарсы Орынборға тағы бардым. Оқуға.
Қайта-қайта айта бермейінші. Орынборда тағы үш жыл оқыдым.
Тұрмыс та, оқу да бұрынғыдан жөнделейін деді. Тіл біліп қалдым
ғой.
Қалаға әбден таныс болдым. Оқушылар ойын қойып, мен ойынға да
араластым. «Бәйбіше — тоқалды» ойнағанда, мен Дәмеш болдым.
Свердлов клубына қойдық. Оқыған азаматтарға қыдырып жүріп
билет саттық.
Ойынымыз жақсы боп өтті. Мен де тәуір ойнадым білем: ойын
басқарушы: — Жақсы шығардың! — деп қолымды қысты.
Бупет бар. Жұрт сыра ішіп, қызып, ойынды сөз қылысып, гуілдесіп
жатыр.
Бетімнің бояуын сүртіп, ауызға шығып ем: — Ақбілек, сен жақсы
ойнадың!— деп өзіміздің қазақ үшітел жолыға кетті. Көтеріліп
қалдым: — Жүр, шәй ішейік!— деп үстелге алып келді.
Ол   үстелде   үш   жігіт   отыр   екен.   Мені   таныстырды.
Кемесерлеріміз   екен.   —   Мынау   Ақбала   жолдас,   мынау   Балташ
жолдас...   деп   жатыр.   —   Отырыңыз!—   десті.   Отырдым.   Сыра
ұсынды. Ішпедім. Ақбала деген жігіті отырып:
— Ішпесе, зорламаңыз: әйел балалардың ішпегені де жақсы... Біздің
әйеліміз   де   кісі   боп   қапты.   Ойындарыңыз   тәуір   шықты...   деп
бірталай сөз қылды. Мен шәй ішіп отырдым.


Ақбаланы бұрында көшеде бір-екі рет көргенмін. Балалар шешен,
білгіш деп мақтайтын. Орта бойлы, маңдайлы, аққұба жігіт еді.
Көз қарасы, сөйлесі сабырлы жігітке ұсайды.
Сол   отырғанда   Ақбаладан   көп   сөйлеген   адам   жоқ.   Әдемілеп,
баптап әр түрлі сөздерді айтты. Өзгелері тыңдап, қошамет қып,
күлісіп   отырды.   Ақбала   менен   оқуымызды,   тұрмысымызды
сұрады. Көбінесе маған қарап сөйлеп отырған тәрізді. Мен қарсы
отырармын ба?
Маған   таяу   Балташ   деген   жігіт   отырды.   Ол   маған:   алыңыз,
ішіңіз...— деп тәтті тамақты алдыма тартып, сыйлаған болды.
Балташ   көп   сөйлемейді.   Ақбаладан   гөрі   қоңырлау,   бұйығылау,
білімі де Ақбаладан төменірек пе деп ойладым.
Тарарда   Ақбала   өзгелерінен   оңашалана   беріп:   —   Жұмысыңыз
болса, келіп тұрыңыз. Сіздей қарындастарымызға жәрдем беруді
борыш көреміз,— деп қолымды майда қысты.
Кемесерлігіне қызыққан кісіше несіне барайын. Қайтып оны іздеп
барғам да жоқ. Оқуымда жүре бердім.
Бір   күні   газеттен:   Ақбаланың   баяндамасы   болады   —   деген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет