Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет133/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

салыстырғандай немесе екеумізді алдағандай көрініп еді.
Енді соның бәрін қорытқанда, Күләннің  таза  қыз еместігі анық
боп шықты.
Мақанға   Сарбала   мақтаныпты:   21-жылы   Күлән   Жәкімдікінде
тұрғанда  оған бозбала  көз салмаушы еді. Сол кезде  мен жақын
болып едім. Содан бері жақынбыз... Ерлі-байлы кісі дейміз. Оқуын
бітірген   соң,   екеуміз   қашпақпыз.   Басқа   қалаға   кетпекпіз.   Мен
қатынымды тастамақпын...— депті.


Оған да нанбас едім: менің Күләнға жазған хаттарымды Мақан
Сарбаланың қолынан көріпті.
О да аз болғандай, саяси бөлімінің бір агенті Күлән мен Сарбаланы
базардың қасындағы әйнегі жоқ ескі үйден түнде ұстап алғанын
Қапайға айтыпты. Қапай — исполком бастығы. Анау агент оған
сырын айтып жүретін.
Сорлы   басым!   Мұнша   алданармын   ба?   Арып-шаршап,   шөлдеп
жүргенде, табылған бір жұтым суыңа ит сарып кетсе, қандай
болар едің? Мен де сондай күйге түстім. Сүйген адамның мінін
көрмейді деген рас екен. Япырым-ай! Мұнша адасқаным қалай?!.
Енді оқыған әйелден үмітім кесілді. Есіл таза жүрек, есіл жігер,
есіл уақыт қор болған!..»
«Апрель — 8.
Күләнға хат жаздым: «Құрметті Күлән! Кететін болғандықтан
хаттарымды   тағы   сұраймын.   Бұл   тілегімді   берерсіз   деп   үміт
етем. Қош болыңыз».
Ол жауап қайырыпты:
«Сіздің   барлық   хаттарыңызды   жыртып   тастағам.   Наныңыз.
Күлән».
— Міне, Камила, сен айтшы, кінә кімде? Ақбалада ма, Күләнда ма?
— Күләнда ғой деп ойлаймын.
—   Мен   де   сонда   ғой   деп   ойладым.   Балташ   бұл   әңгімені   менің
көңілімді Ақбаладан шығарғалы оқып отыр ғой деп: «Мұның несі
бар?   Ақбалада   жазық   жоқ.   Ондай   жұмыс   кімнің   басынан
өтпейді? — дедім. Балташ оған да болмады. Ақбаланың тағы бір
жаман істерін айта бастады. Мен күйіп кеттім. Не болғанымды
білмеймін.   Балташты   өзімнен   біржола   түңілтейін   деп,   ертеде
басымнан өткен оқиғаны айтып салдым...
— Несі бар? Мен де қыз емеспін. Мені орыс алып қашқан. О түгілі
мен бала да тапқам,— дедім. Балташ таңданып, ежіктеп сұрады.
Тыңдап   болды   да:   «Мұны   айтқаныңыз   жақсы   болды!»   деп   қош
айтысып кетіп қалды.
— Әй, бекер айтқан екенсің: еркекке сенім бар ма?


— Артынан өзім де ойландым...
— Ал, сонымен?
—   Сонымен,   арада   бір   күн   өтті   ме,   білмеймін.   Ақбала   мені
шақыртып хат жазыпты. Марс бауына тағы бардым.
Бұрынғыдай   емес,   Ақбаланың   қабағы   келмейді.   Көп   бөгелмей-ақ:
«Бұрын сен басыңнан еш нәрсе кештің бе?»— деп сұрады. Сасып
қалдым:   «Жоқ»—   дедім.   Кешегі   сөзді   Балташ   жеткізгенін   сезе
қойдым.
—   Танба,   Балташқа   айтыпсың   ғой.   Ондай   іс   әркімнің   басынан
өтеді.   Маған   сенің   шын   айтқаның   керек.   Бүгін   жасырғанмен
түбінде ашылмай тұра ма? Сонда маған не бетіңмен қарайсың?—
деп, түсіндіріп бірталай сөз айтты. Ойланып отырдым да:
— Рас еді,— дедім.
— Олай болса, сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен сізді қыз
екен   деп   жүр   едім,—   деп   Ақбала   тұрып   кетіп   қалды.   Өз
бармағымды өзім шайнап қала бердім.
Аң-таң боп, сіресіп отырып қалыппын.
Мен   аңырып,   жын   соғып   кеткен   кісіше   мелшиіп   отырғанда,
қайдан   андып   тұрғанын   білмеймін,   Балташ   жетіп   келді.   Мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет