Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет8/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

қалу керек. Өлген соң түк те жоқ.
Алдымызда қылышын сүйреткен қызыл шұнақ қыс. Айналамыздағы
қала – қызыл жау. Келешегіміз — аяз, аштық, соғыс, ажал. Бірінен
болмаса, бірінен өлуіміз ақ. Бүгін болмаса, ертең өлуге көзің жетіп
отырса, елден, жұрттан, туған-туысқаннан күдерді үзсек, бізді
жан   екен   деп,   аяйтын   адам   баласы   болмаса,   біз   қара
таласпағанда, біз бой жасамағанда, біз кісі өлтіріп, біз қыз алып
қашпағанда, кім бұларды қылмақ? Біз әзір тіріміз. Тіршілік деген
арпалысып күнелту деген сөз. Ендеше, біз тіршілік қылып жүрміз.
Бізді қазақ айыптаса, білмегеннен айыптайды.
МҰҚАШ
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар қабақтау,
кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте.
Әкем   Тойбазар,   өзім   Мұқаш   болғалы,   аузым   асқа,   ауым   атқа
жарыған емес. Ес біле есікке жүрдім; ә дегенде, құны жоқ, былық,


сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Ел жайлауда,
көк шалғында қымызға қызып куілдеп, мас болып жатқанда, мен
босағада   отырып,   жырық   сары   тостағанмен   саумал   ішіп
дамбалым   борша-борша,   шекпенім   өрім-өрім   болып,   жалбаңдап,
үйездеген   қозыны   ауылдан   шығара   алмай,   дедектеп,   кейіп,
жыламсырап жүргенім. Балалар алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап,
шуылдасып,  асыр   салып,   қой  күзетіп,   өлең айтып,  думан қылып
жатқанда   «Таңертең   оянбайсың,   жат!»—   деген   байдың   зекуін
естіген   соң,   қара   інгеннің   қолаңса   сасыған   жабуын   оранып,   үй
жанында бүк түсіп жатқаным. Әсіресе шырт ұйқыда жатқанда:
«Тұр, қозы ағыт!» деп, байдың бүйірден теуіп оятқаны-ақ жаныңа
батады-ау.   Амал   жоқ,   бүрсеңдеп   жүріп,   қозы   ағытып,   бір
тостаған   іркіт   ішіп,   көзіңді   уқалап   жөнелесің.   Күн   қызғанша
жүгіріп,   ауылға   қашқан   қозымен   арпалысып,   айғайлап   тас
жіберіп, жүргенің.
Он беске келгенде Шабанбайдың қойып бақтым. О бір құдайдың
атқаны! Өліп бара жатырмын десең, қойға бір тайын мінгізбейді.
Ат отынан қалады дейді, алып қалмайды. Қой өрерде жылқышы
келе   қоймайды.   Жатарда   байлап   қояйын   десең,   қоңыр   өгізшені
сиыр мүйіздеп, мұрнын жырады, таңертең сиыр өрмей тұрып ол
сасықты қамалап ұстау тағы бір қырсық.
Бір күні балалардың ойнағанына бүйірім қызып, төңбекшіп ұйқым
келмей, не де болса, құдайдың салғанын керермін деп, тұра сала
ойынға   мен   де   бардым.   Қара   құлақ   ойнағанда,   мен   ит,   Балабек
қасқыр   болып,   Рақымжанның   Айша   деген   қызын   өзек   жаққа
апарып   тастады.   Мен   шабаланып   қуып   барсам,   қызды   іздеген
үлкен қара құлақ өзекте бұғып жатыр екен. Дүние-ай, мен де қара
құлақ болар ма едім! – деп зығырланам. Ертең түсте қойды бұлақ
басына   жусатып,   өгізімді   тұсап   қойып,   жарлауытқа   арқамды
сүйеп отырсам, көзім ілініп кетіпті. Бір мезетте бетімді күйдіріп
жібергендей,   бірдеме   басымнан   орай   шым   ете   түсті.   Шошып
кеттім. Жынды кісіше, шыбын-шіркей боп, лағып барам. Артыма
қарасам көк айғырын апыраңдатып, қамшысын білеп, Шабанбай


қуып келеді екен. Қалай бұлтарсам да қоймады, қашағанға төселіп
қалған арам қатқыр қойсын ба, аттың бауырына алып жүріп, ал
борсылдат,   ал   сой.   Бақсам,   ұйықтап   қалғаным   болмаса,   қой
қасқырдан аман екен.
Өшімді   қалай   алам   деп   аузымды   басып   жүр   едім.   Ахметтің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет