Тәжірибелік жұмыс Бұл сабақтың негізгі тапсырмасы ақпаратты өздігінен іздеп, зерттеуге
негізделген. Оқушыларды бірнеше топқа бөлу қажет. Тапсырма түрлі де-
рек көздерді зерделеуге негізделген. Топтық жұмысты бірізділендіру үшін
оқушыларға тапсырманы өзара бірігіп істеудің жолдарын қарастырыңыз.
Топ ішіндегі оқушылардың біреуі постерді әсемдесе, екіншісі дискриптор-
лар бойынша тапсырманың сұрақтарына жауап іздесе, үшіншісі танысты-
рылымға дайындалуы қажет. Ақпараттың қызықты болуы қадағалаңыз.
Оқушыларға дереккөздерден қажетті ақпаратты іздестіру қажеттілігін
түсіндіріңіз.