мамандандыру, ӛкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер
ісіндегі негізгі бағытты әкімшілік ықпалдардан адамаралық қатынастарға
31
- мақсат нақтылығы – түпкілікті мақсаттың анық белгіленуін қамтамасыз етіп,
барлық басқару функцияларының негізі болып табылады; (оны сақтамау оқыту
процесіне үлкен пед.ж.әлеум.зиян келтіреді; «100пайыздық үлгерім» лозунгтік
мақсат пен нақты жағдай арасындағы қайшылық). Мақсат болжауда ескерілетін
маңызды факторлар: тиімділік, шынайылық (ақиқатқа сәйкестік), әлеуметтік
маңыздылық, перспективтілік. Принциптің аспектісі – басқару объектісінің нақты
жағдайы туралы толық және объективті ақпараттың болуы;
- ізгіліктік н/е гуманизм принципі – адамның тұлғалық құндылығын, оның
құқығы мен бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеуді талап етеді (ӛзін-ӛзі
жетілдіруге мүмкіндік беру);
- кешенділік – басқару функцияларының (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау)
толық орындалуын қамтамасыз етеді; (практикада жоспар жақсы жазылып,
орындалуы ұйымдасытырылмайды н/е реттеу ж. бақылау жүзеге асырылмайды);
- ӛзін-ӛзі жүйелі жетілдіру принципі – менеджменттің жаңа технологиялары мен
озат тәжірибелерін пайдалану арқылы басқару жүйесін үнемі жетілдіруді кӛздейді
(қазіргі кезде аса маңызды).
2) Басқарудың арнайы принциптері:
- Басқаруды орталықтандыру мен ӛкілеттендіруді тиімді үйлестіру принципі –
басқару шешімдерін қабылдауда ӛкілеттіліктерді дұрыс (тиімді) бӛліп белгілеу;
- Бірыңғай басқару мен алқалық басқаруды дұрыс қолдана білу – түрлі
деңгейдегі басшылардың пікірі негізінде ұжымдық шешім қабылдай білу;
- Ғылыми негізділік принципі – барлық басқару әрекеттері ғылыми бағыттар
(ғылыми бағыт - НОТ, ғылыми фундамент, іріктеу; стратегиялық – келешекке
бағыттау; антропоцентрлік – адамды құрметтеу, олардың сенімін,
жауапкершілігін арттыру, потенциалының дамуына жағдай жасап барып,
пайдалану)
мен
әдістерді
(әкімшілік,
әлеуметтік-психологиялық,
экономикалық) қолдану негізінде жүзеге асырылуы тиіс;
- Жоспарлылық принципі – ұйымның келешекте даму жоспарын құру, оған
жету жолдарын, бағыттарын, міндеттерді жоспарлау қажеттігі;
- Құқықтар мен міндеттердің, жауапкершіліктің үйлесімділігі – ұйымдағы
әрбір қызметкердің атқаратын нақты іс-әрекеттері белгіліп, ӛз міндеттерінің
орындалуы үшін жауапты болуы тиіс;
- Ынталандыру принципі – менеджер тарапынан мадақтау және жазалау
жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, қызметкерлерді мақсатты іс-
әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады:
- Басқаруды
демократияландыру принципі – басқару ісіне барлық
қызметкерлерді қатыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: