Баярыстанова э. Т


 Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

2. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері 

  Білім  мекемесін  басқару  туралы  қалыптасқан  дәстүрлі  түсінік:    басқару 

субъектісінің  басқарылатын  жүйені  (объектіні)  жаңа  сапалы  дәрежеге  кӛшіру, 

жаңа жағдайға икемдеу үшін осы жүйеге әсер етуі; педагогикалық еңбекті ғылыми 

ұйымдастыру  элементтерін  енгізу,  т.б.  Қазіргі  кезде  «әсер  ету»  философиясы 

«ӛзара әсер ету», «әрекеттестік», «рефлексивті басқару» философиясымен ауысып 




32 

 

отыр.  Менеджмент  теориясы,  ең  алдымен,  ӛзінің  тұлғаға  бағыттылығымен 



ерекшеленеді:  менеджер  қызметі  шынайы  құрметтеу,  әріптестерге  сенімділікпен 

қарау, оларды табысты еңбекке ынталандыру негізінде жүзеге асырылады. 

Менеджмент  үшін аса маңызды жағдайлар мыналар: 

1.  Ұйым  –  бұл  ішкі  және  сыртқы  орта  факторларының  бірлігінде 

қарастырылатын ашық жүйе. 

2. Ӛнім 


мен  қызметтің  кӛлеміне  емес,  сапасына,  тұтынушыларды 

қанағаттандыруға бағдарлану. 

3.  Басқаруға  ситуациялық  (жағдаяттық)  кӛзқарас,  сыртқы  орта  жағдайларына 

жылдам  бейімделуді  қамтамасыз  ететін  жедел  және  сәйкес  әрекеттер 

басымдылығы. 

4. Ұйым табыстылығының негізі кӛзі – қызметкерлердің білімі мен іскерліктері 

және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайлары. 

5. Ұйымдық  мәдениет  пен  жаңашылдықтың  ролін  арттыруға,  қызметкерлерді 

ынталандыруға  бағыттылған басқару жүйесі.    

Осындай  жағдайларға  байланысты  қазіргі  менеджменттің  мынадай  жаңа 

принциптерін атап кӛрсетуге болады:  

-  сыртқы  ортадағы  ӛзгерістерді  мезгілінде  есепке  алу;  бұл  –  басқарудың 

икемділігін қамтамасыз етеді; 

-  бейімделушілік 

іскерлік  қарым-қатынас  -  ӛнім  тапсырушылармен, 

тұтынушылармен,  орындаушылармен,  тапсырыс  берушілермен  нәтижелі 

қарым-қатынас орната білу; 

-  ниеттілік  -  қызметкерлердің  қабілеттерін  ашуға  ықпал  жасайтын  жағымды 

атмосфера қалыптастыру; 

-  коммуникативтілік  -  ұйымда  жоғарыдан  тӛмен  және  кӛлденеңінен  таралып 

жатқан нәтижелі коммуникациялар; 

-  жылыжүзділік  -  менеджерлердің  қызметкерлермен  адамаралық  қатынастыр 

теориясы негізінде жылыжүзділікпен (жұмсақтықпен) әрекеттесуі; 

-  ынталандару 

адамдармен 



әрекеттесуде 

олардың 


жұмыстан 

қанағаттанушылық сезімін тудыратын әдістерді қолдану;  

-  жауапкершілік - тиімді басқару мен корпоративтік мәдениеттіліктің міндетті 

шарты ретінде әрбір қызметкердің жауапкершілігін қалыптастыру; 

-  патернализм  -  қызметкерлердің  ауқаттылығын  арттыруға  және  олардың 

еңбек ӛмірінің сапасын кӛтеруге әкелік қамқорлық жасау; 

-  перспективтілік  -  ұйымның  келешектегі  орны  мен  рӛлін  анық  түсіну;   

стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс жасау; 

-  ӛзін-ӛзі дамыту - жеке жұмыстың сапалылығын және тұлғаның ӛзін-ӛзі үнемі 

жетілдіруін қамтамасыз ету; 

-  келісімділік  -  менеджерлердің  топтық  жұмысқа  тікелей  қатысуы  -  ӛзара 

келісімділік пен біртұтастықтың негізгі шарты; 

-  табысқа  (кіріске)  үлестілік  -  әрбір  қызметкердің  жалпы  нәтижелердегі 

(премия, девиденд, бонус) үлесі – материалдық  мүдделілік құралы; 

-  адалдық - қоғамдық мораль нормаларын сақтау, адамдарға адалдықпен және 

сеніммен қарау; 




33 

 

-  әдептілік - іскерлік әдептілік пен ұйымның ішкі философиясын сақтау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет