1. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей
бодандығын қабылдауы және оның салдары
Қазак халқының тарихында XVIII ғасырдың басы аса бір ауыр
кезең болды. Тэуке хан 1718 ж. қайтыс болған соң казак жүздері
арасындағы саяси
жэне шаруашылык байланыстар элсіреп,
билеуші топтар арасындағы алауыздыктар барған сайын үдей
түсті. Тэуке хан тұсында бір орталыкка бағынған Қазак хандығы
саяси бытыраңкылыкка ұшырады. Белгілі орыс тарихшысы —
ғалым А.И.Левшин өзінің “Описание киргиз-казачыіх или киргиз-
кайсацких орд и степей” деген еңбегінде Қазак хандығын Тэуке
хан билеген кезеңді былай сипаттайды: «Тэукенің атын атасак,
бар казактың жүрегін алғыс кернеп, мактаныш билейді. Қазак
ордасының Ликургы, Драконты — сол адам. Тэуке ала ауыз болып,
кырғынға бөккен елді сабаға түсіріп, ру мен рудың арасындағы та-
лаи жылғы кантөпсті токтатты, акылы мен әділдіпнің аркасында
жүрттың бэрін езіне мойынсұндыра білді, элсіз рулардың басын
косып, эулетті дұшпанға карсы коя алды, күштілсрді тізеге са;и>пі,
тәубэсіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынпіа билік
айтты».
Тэукеден кейін Қазақ хандығы іс жүзіпдс жске-жекс хандық-
тарға болінді. Жүздердің эрқайсысы жеке хап сайлауға коплі, ал
ұлыстарды басқарьпі отырған сұлтандар сол хандарға тікслей
бағынды. Жолбарыс ¥лы жүздің (1720
1740 жж.). Қайып (1716
1719 жж.), сосын Сэмеке (1719---І734 жж.) Орта жүздің, Обілхайыр
(1718— 1748 жж.) Кіаіі жүздің хапдары болды. Тэукспің гағыпа
отырған оның баласы Болаттың (1718
1726 жж.) Үлы хан дсгсп
III
атағы ғана болды. Саяси тұтастығынан айырылған мемлекеттің эко-
номикасы да элсірей бастады. Жүздердің арасындағы шаруашылык
байланыстар жэне сыртқы сауда-саттық
үзіліп қалды. Қолөнер
мен сауданың орталығы болған Оңтүстік Қазақстандағы қалалар
құлдырады. Көшпелі жэне жартылай көшпелі аймақтармен оты-
рық-шы халықтың арасындағы байланыстың элсіреуі халықтың
элеуметтік, мэдени, психологиялық, демографиялык жағдайын
төмендетті.
Осы қезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеленісе
түсті. Жоңғар шапқыншылығы күшейді. 1690— 1697 жж. болған
Қ ы тай — Жоңғар соғысы кезінде ойраттар (жоңғарлар) біраз жерінен,
адамынан (50 мың), малынан айырылды. Қытайға карсы күресуге
күші жетпеген Жоңғар мемлекеті соғыста айырылған байлықтарын
(адам, жер, мал) Қазақ хандығының есебінен қайтаруға тыры-
сты. Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз қазактарының көш-қоныс
жерлеріне жақындады. ¥лы жүз бен Орта жүз қазақтарының жеріне
Орта Азия хандықтары, Еділ бойындағы қалмақтар, башқұрттар
мен Сібір казактары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.
XVIII ғасырдың 20- жылдарының соңы мен 30- жылдардың
басындағы жеңістердің нэтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз
жерін босатуға мэжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел
азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда
біріксе ғана біртүтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шама-
сы жететінін көрсетті. Алайда, ¥ л ы хандық билік үшін күрес
қазақтарды тағы бөлшектеді. ¥ л ы хандықтан үміткер Кіші жүзден
— Әбілқайыр, Орта жүзден — Сэмеке өздерін елеусіз қалдырды деп,
Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қалды.
Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар
қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды.
Осындай қиы н-қы стау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті
сияқты одақтас іздеуге мэжбүр етті.
1730
жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петер-
бургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп
жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді.
Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының
объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты
көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын
көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығармау ке-
рек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілқайыр хан Орта жэне Кіші
жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап
көрсетті.
112
Еділ қалмактарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің
жерлерін Ресей құрамына кабылдау Сырткы істер алқасы дипло-
матиялык кызметінің өрісін едэуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбілқайыр
ханның елшілігіне барынша кұрмет керсетілді. Оның Құтлымбет
Қоштайұлы
бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен
қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды. Әбілқайырдың өтінішін
қабыл етудің себебі орыс патшасы I Петрдің XVIII ғ. басында Қа-
зак хандығы туралы айтылған пікірінен белгілі. Ол: «...барлық
Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дэл сол орда-
ның (Қазак хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар арқылы
барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болуы үшін қазак
ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген еді.
Осы мақсатта ол қазақ жеріне 1713— 1720 жж. бірнеше экс-
педиңиялар жібереді. Алғашқысын 1713 ж. князь Александр
Бекович-Черкасский баскарды. 1715 ж. И.Д. Бухгольц экспедиция-
сы жасакталды. I Петрдің И.Д. Бухгольцке арнаулы жарлығында
оған Тобылға бару жэне онда аталған губернатордаы 1500 эскери
адам алып, солармен Ямышев келіне бару, онда кала жасап, аталған
адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына ор-
наластыратын жерге жету міндеттелді. Осы эскери экспедиция
үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан жэне төңіректегі
қыстақтардан жинап алынды. Деректерге карағанда, 70-ке жуык
эртүрлі зеңбіректер алынған. И.Д.Бухгольцтің кырдағы жүрісінен
ойраттар кауіптенбеу үшін контайшы Цеван-Рабтанға алдын ала
Сібір губернаторының арнаулы өкілдері жіберілді. 1715 жылы 1
қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағасына жетіп, сол жерде
бекініс салды. 1716 ж. Омбы бекінісінің іргесі қаланады. 1717 ж. пол-
ковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің іргесін одан
эрі бекітеді, 1718 ж. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін
салады, ал В.Чередов басқарған екінші отряд Семей бекінісінің
іргесін қалайды, 1720 жылы И. Лихарев экспедициясы Үлбі езенінің
Ертіске күятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салады. Ресей
мемлекеті үшін Қазақ хандығы «Азияға кіретін кілт пен қақпа» ғана
емес, ол біриеше мың халықтың бейбіт жолмен империяға қосылуы,
Ресейдің оңтүстік-шығыс шекарасында тыныііітықтың орнауы еді.
Сонымен бірге Ресей қазақтар арқылы жоңгарлар мен бапікүрттарга
күш керсетуге немесе элсіретуге мүмкіндік аламыз жэнс Орта Азия
халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептсді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна
қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жоиіпдегі күжатқа кол
113
198-8
қойды. Бұл құжатта былай жазылган: біріншіден, қазақтар патшаға
берік болса жэне де салық төлеп тұруға уэде берсе, екіншіден, Ресей
азаматтары қазақтарды ренжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден,
қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз аза-
маттарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқы нға түскен орыс азаматта-
рын қайтарып, башқұрт жэне де қалмақтармен тату-тэтті боламыз
деп қазақтар уэде беріп отырса, біз оларды Ресей империясынын
қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. Ал қазақтар,
империяның боданы болған соң, өз жерлерінде Ресей бодандары-
на ешқандай қиыншылық жасамай, ренжітпей, тату-тэтті болуы
қажет.
Осы грамотанықазақтарғажеткізу үшін 1731 ж ы лды ңЗІ сэуірінде
Ресей Кіші жүзғе Сыртқы істер коллегиясыныңтілмэші А.И.Тевкелев
бастаған арнайы елшілік жіберді. Патша үкіметі А.И.Тевкелевті
қырғыз-қайсақ ордасын Ресей бодандығына келтірудегі міндеттері
белгіленген Мемлекеттік сыртқы істер алқасының 12 тармактан
түратын нұсқауымен жабдықтады. Бұл құжат дипломатиялық мис-
сия үшін іс-қимыл бағдарламасы болды. ОндаРесей елшісінетек Кіші
жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ хандығын түгел бодандыққа
өткізу міндеті қойылған еді. Нұсқауда Ресей бодандығын қабылдау
мэселесінде хан төңірегінде алауыздықтар анықталған жағдайда
дипломаттың еркін нұсқаулар таңдау мүмкіндігі болды.
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жакын орналасқан
Кіші жүзге дипломат жібергенде үкіметте ол жөнінде жеткілікті
ақпарат болған жоқ, тек Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары
туралы Сыртқы істер алқасының кеңсесінде бэрі алдын ала алын-
ған, шолақ сипаттағы мэлімет болды. А.И.Тевкелев дипломатиялық
тэжірибені қазақ жерінде жүріп жинақтады. Нұсқауда оған кырғыз-
қайсақтар туралы мэліметті жазып алу, елдің орфографнясын,
халыққа бодандықтың ұнайтын-ұнамайтынын, оның көршілерінің
кімдер екенін, өздері зеңбіректер құя білетін-білмейтінін зерттеу
міндеті жүктелді. Осы нұсқау негізінде А. И.Тевкелев күнделік-
журнал жүргізген.
Белгілі тарихшы Н.Маев 150 жыл өткен соң, өзі жинаған деректер
негізінде даладағы істің жайы туралы да, халықтың салты туралы
да, тіпті оның тілектері туралы да сенімді мэліметтері болмай, жо-
рамалмен эрекет еткен үкіметтің көзкарасын сын қөзбен бағалады.
1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ор-
дасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды
ба-
стап жүруді Әбілқайыр хан үлкен баласы, тэжірибелі жауынгер.
114
әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһадүрге
(Нүралыға) тапсырды. Алайда ¥лы даланың тілі де, эдет-ғүрпы
да жақын, түсінікті болған бүрынғы татар мырзасының күрделі
дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті
ақсақалдардың, сүлтандардың зор қарсылығына үшырады. Олар
орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын
сияқты да көрмеді» тіпті оны өлтіруге тырысқаны туралы дерек
бар. Осы жағдай Әбілқайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші
топтарменжэнехалықпенақылдаспай жібергендігін дэлелдейді. Ал
Тевкелев болса ез басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан
ол 03 мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен
билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап эрең кендірген деп жа-
зады тарихшы С.Асфендияров. А.И.Тевкелев күнделігіне 2 жылға
жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шы-
дап, бүкіл қабілетін жүмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды.
Бірінші бол ып бодандыққаӘбіл қайыр хан ант берді, оған Бекенбай
ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада здалдыққа 27
ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып
жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан басқа 29 адам бекітті.
Бодандыкты қабылдаған Әбілқайыр Ресей империясының шығыс
шекарасын, орыс кепестерінің сауда керуендерін қорғауға, орыс
мемлекетіне эскери кемек керсетуге, бағалы терілерден
салық
төлеуге уэде берді. Бірақ бұл уэделердің бэрі толық орындалған
жоқ. Сонымен қатар Әбілқайыр, патша өкіметінен ез үрпағында
хандық биліктің қалуын,
іштен жэне сырттан қиындықтар туа
қалған жағдайда, езіне тірек жэне қорған болатын Ор бекінісін
салуды талап етті. Әбілқайырдың бүл талаптарына патша өкіметі
үлкен мэн бермеді, себебі жоғарыдағы талаптар патша үкіметінің
шығыс шекарасындағы мүдделеріне қарсы келмеді. Тіптен Хан
ордасы мен шекаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық
бодандықты нығайтуға тиімді еді.
1731
жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-
қатынас осы жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау
туралы қүжатқа кол қойғаннан бастап іс жүзінде бекітілді. Бүл
сонда, қандай карым-қатынас? «Протекторат немесе қамқорлық
қатынастар — бастапқыда күшті жэнс элсіз мемлекеттердің арасын-
да ерекше қүқыктар меғі өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа
негізделген қатынастар. Оның монісі
алгашқысы ксйімгісіи
қорғаса, ал кейінгісі алғашқысыііа егсмендіі ііі сақтай отыра бслгілі
қызмет көрсетеді» дейді Мүхтар Қүл-Мүхаммсд озінің «Орыс
115
энциклопедияларындагы қазак шежіресі» деген еңбегінде. Про-
текторат — коргаушы, қамқоршы, тірегі, демеушісі. Протектора-
тын қабылдау — күшті мемлекет элсіз мемлекеттің қорғаушысы,
қамқоршысы, демеушісі, арқа сүйегіші, тірегі болады, ал элсіз мем-
лекет сол үшін белгіленген (келіскен) міндеттер атқарып отырады.
Басқаша айтқанда, Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді)
сыртқы жаулардан қорғап, ішкі саясатына араласпай, қазақтардын
егемендігін сақтап қалуға мүмкіндік жасауға тиіс. Әбілкайыр
ханның Ресей патшасына жазған хатына, Анна Иоановнаның
қазак халқына берген грамотасынын мазмұнына карап, бұл тари-
хи процесті Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына кірді деп
айтуға болмас. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протек-
торатын қабылдауы немесе оның «боданы» болуын сүрауы тари-
хи факт. Алайда «бодан» (подданный) косылу емес. Ол тату болу,
бейбіт қарым-қатынас жасау, одақтасу, адал болу деген ұғымдарды
білдіреді.
Әілкайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас
мэселесін шешуді ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден-
бір жолы деп
үміттенді. Екіншіден, халықтың үзақ соғыстан
шаршағанын, экономиқаның қансырағанын, орыс бекіністерінің
каптауын, орыс-казак станицаларының салынуын жэне жоңғарлар
мен Еділ калмақтарынан, Орта Азия хандықтарынан, Қытайдан
келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, ол Ресейден бодандыкты
сүрауға мэжбүр болды. Дэл осы сэтте хан тағына лайыкты адам
«соғыс тэжірибесі мол, атағы да, абыройы да зор, өктем мінезді,
өркекірек Әбілқайыр ...» болды дейді тарихшы Ж. Қасымбаев.
Ал М. Мағауиннің пікірінше:
«... үш жүздің эскерлерінің бас
қолбасшысы сайланып, езінің үйымдастыруш ылық дарын, қабі-
леті, жеке басының ерлігімен аты шыққан, оның үстіне тэжірибесі
м о л .. .Әбілқайырдың аға хандыктан үміт етуіне негізі бар еді ...».
Тарихшы-ғалым М.Қ. Қозыбаевтың
пікірі де осы мағынамен
үштасады. Ол: «Сол бір сэтте тере эулетінде Әбілқайырдан басқа
жан жокты. Алайда бақ таласы, так таласы, жүздік талас нэтижесін-
де бүл мақсат іске аспады. Әбілқайыр хан халық бірлігін, онын
болашақ тірлігінің өзіндік жолын іздеді ...» дейді.
Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне
карату мақсатында бүл өлкеге бірнеше
экспедиция жасақтады.
1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы қүрылды. Көп
кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны
сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737
116
жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз
жэне Орта жүздегі ыкпалды Шыңғыс үрпақтарының бодандығын
нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың
беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мой-
ындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сүлтандары Ре-
сей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бүл жерде
бодандық кабылдау туралы қүжатқа қол қою рәсімі болған жоқ.
Осыған байланысты айта кететін жэйт, қазақ билеуші топтарының
бодандық туралы мэселеге ете селқос қарауында. Оған патшалық
Ресей империясының қазақ билеуші топтарынан ант алу рэсімін
жиі қайталауы себеп болды. Мысалы; Әбілқайырдың езі үш рет
ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-жүлдызында
берген антының 1731,1738 жылдардағы анттарының мэніндей қүны
болмаған.
1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж.
Орта жүз қазақтарының жеріне басып кіреді. Күтпеген соққыны
қазақтар қайтара алмай, Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мэжбүр
болады. Әбілқайыр хан дереу Ресейден эскери кемек сүрайды. Бірақ
Ресей империясы көмек керсетпейді, ез азаматтары (подданныйы)
ретінде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бүл жерде Ресейдің
екіжүзді саясаты керінеді жэне де Орта жүздің Ресей протекторатын
кабылдауы жай ғана сез жүзінде қалып, ешқандай саяси мағынасы
болмаған деп айтуға болады. Ресей империясы қазақ хандығының
күшеюін немесе біртүтас болғанын қаламады. Себебі, ондай
мемлекетті бағындыру қиын болатынын түсінді. Сондықтан Ресей
қазак билеушілерін бір-біріне айдап салу жэне түрлі сыйлықтар
мен атақтар таратып ез мақсаттарына пайдалану, қазақ жерін Ре-
сей империясының отарына айналдыру саясатын үстанды. Ресей
Әбілқайыр ханды патша үкіметіне түгелдей тэуелді ету үшін оның
үлы Қожахметті аманатта үстады. Тарихшы С. Асфендияровтың
пікірі бойынша патшалық үкімет Қазақстанға достық жэне бодандық
туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушылық саясатты үстанды.
Патша үкіметінің Кіші жүздегі ез ықпалын күшейтуге багыт-
талған шаралары Әбілқайыр ханды қарсылыққа мэжбүрледі.
1744 жылы ол қарақалпақтарды шауып, Астраханнан Хиуа мсн
Бүқараға тауар алып бара жатқан кепестерді тонайды, 1746 ж. Ресей
қарамағындағы калмақтарға, сосын орыс шекараларына шабуыл
жасайды. Жоңғар хандығы элсірсген кезеңде қазақ жеріне орыстар
билігінің таралуына орай бүл мэселелер Әбілкайырдың Орынбор
экімшілерімен жиі еткізілген қиын келіссездердт нысанасыііа аи-
налып, егес, күтпеген түсініспсушіліктер туғызды. Осы жагдай
117
Әбілқайыр ханның Ресей жағына қатысты бұрынғы адал жэне
ізгі ниетті көзқарасының салқындауына себеп болды. Әбілқайыр
ханның Ресей билеушілеріне қарсылық көрсеткені төмендегіден
көрінеді. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Орта жүздің Барақ сұлтаны
өлтіргенде Ресей империясының шенеуніктері былай деп жазған.
«Әбілқайыр хан қаншалық қиянат жасаса да, басқаларға қарағанда
бірінші болып императордың ұлы мэртебесінің қол астына кірген
еді».
Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілқайырдың
баласы Нүралыны бекітті жэне ол Петербордан Орынборға әкелген
сыйлықтарға ие болды. Патша Анна Иоанновнаның атынан келген
тартулар атап айтқанда, «татар жэне орыс тілдерінде жазулары бар
қылыш, бүлғын тон, қара түлкілі екі берік, мэуіті тон ...»,
дей
келе, сонымен бірге қасындағы інілеріне, анасына, старшын, би т.б.
сыйлықтарға «жалпы 3000 руб.— ден де көп қаржы жүмсалды ...»,
дейді В. Витебский «Неплюев хоне 1758 жылға дейінгі бүрынғы
қүрамдағы Орынбор елкесі» деген еңбегінде. Ресей мемлекетінің
бүл ісі қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласуға жағдай жасау,
яғни мемлекетті бостандығынан, тэуелсіздігінен айыруға жол бас-
тау еді. Бұл жерде Ресей империясының дипломатиялық корпусы
үлкен рөл атқарды. Мысалы: Бекович-Черкасский, Тевкелев тәрізді
басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріндегі әскери-зерттеу миссиясы
Ресейдің қазақ жеріне ендеп кіруіне мүмкіндік туғызды.
XVIII ғасырдын 30— 40 жылдары-ақ Кіші жүз жэне Орта жүз
қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан,
олардың бағынуы нақты болмады. Себебі, қазақ билеушілері бүл
кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның
үстіне Қазақстан шекарасында күшті Цин империясының пай-
да болуы күрделі саяси жағдайдың тууына
жэне қазақтардың
Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне экеліп соқты. Жоңғар
басқыншыларының қазақ жеріне
элсін-элсін шабуылын Ресей
үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай Қазақстанның
осы аймақтарын Ресей бодандығында үстау шекаралық екімет
орындарының негізгі міндетіне айналды. Ресей эскери күштері
Қазақстанмен шекара аймақтарында бекіністер салуды үдетті. Ре-
сей империясы XVIII ғасырдың 30— 40 жылдары Қазақстанның
солтүстік-батыс шекарасында Верхнеяицкіден Звериноголов бе-
кінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебін салды. Оның
үзындығы 770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында генерал
С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен түратын Но-
воишим бекіністі шебін салу басталды. Оның жалпы үзындығы
118
662 шақырым болды. Осы бекіністі шептің ең бастысы Есілдегі
Петропавл болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй жэне Ертіс
шептерін жалғастыру болатын. Осы шептердің салыну салдары-
нан казактардан ені 50 шакырымнан 200 шакырымға дейін жететін
жер көлемі алынды. Ресейдің Қазакстан аумағына экспанциясы
нэтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жогарғы ағысындағы Үл-
бі, Бұқтырма жэне Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылға-
ны туралы ресми түрде жарияланды.
Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын
күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің “бөліп ал
да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары
колданыска кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы
мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тыйым салу ту-
ралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы
толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-
қонуға тыйым салынды.
1760 жылы
Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекі-
ністер салына бастады. 1761 жылы Өскеменнен Зайсанға дейін
Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. Осы алынған жер-
лерді шаруашылықпен игерген кезде ғана бекітіп алуға бола-
тынын түсінген шекаралық екімет орындары бүл аудандарға ел
коныстандыруға белсене күш-жігер жүмсады. XVIII ғасырдың
60-жылдарында-ақ Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа
мен әртектілер кешіріліп экелінді. Сонымен бірге шекаралық өкімет
органдары қазақтарды шекаралык аудандардан ығыстырып та-
стау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы
Сібірдің екімет орындарына қазақтар “бүлайша еркін ету олардың
дағдысына айналмау үшін Ертістің оң жағына еткізілмесін” де-
ген нүсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан
жэне орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде кешіп
жүруіне мүлде тыйым салынды. Осылай 1730— 1740 жж. Кіші
жэне Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы
нэтижесінде солтүстік-батыс Қазақстан жері Ресей империясының
отарына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |