129
198-9
2) Орал казак-орыс эскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді
тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып кел-
ген М.Құсайынов патша II Екатеринаға көтерілісшілердің та-
лаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде
тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс
өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі
шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде
мойындамайтындықтарын білдіреді.
Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен
танысқан патша II Екатеринадан “кіші жүз үш белікке бөлініп, билер
мен сұлтандар арқылы басқарылсын” деген нұсқау келеді. Осыдан
кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың
империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Оның жо-
басы бойынша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару
Орынбор шекаралык сотына беріледі, ол генерал-губернаторға
бағындырылады. Тарихіа “Игельстром реформасы” деген атпен
қалған бұл реформа, жалпы империядағы саяси жағдайға байланы-
сты жэне жергілікті жерде түрлі қарсылықтарға ұшырап, толықтай
іске аспайды.
Билер мен сұлтандардың Сырым бастаған бөлігі болмаса,
барлығы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаған еді. Хандық
билік жойылғанмен, патша экімшілігі Кіші жүзде өздеріне тұтастай
тэуелді басқару жүйесін құра алмады. Бұл реформаның бір пайда-
лы жағы, оны жүргізу барысында Ж айық казак-орыс эскерлерінің
қазақ ауылдарына шабуыл жасауына тыйым салынды. Қазақтарға
Еділ мен Ж айық аралығындағы жерлерге кешіп-қонуға мүмкіндік
беріліп, Жайыктан өтуге 45 мыңнан аса шаруашылығы бар 17 ру
басы рұқсат алады.
“ Игельстром реформасы” толық нэтиже бермеген соң, патша
үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтан-
дармен арадағы одақты нығайтуды кездеді. О.А.Игельстромиың
орнына жаңа тағайындалған
генерал-губернатор А.Пеутлинг
Нұралының інісі Ералымен байланыс жасап, қазақ қоғамына
қатысты катал саясат ұстанды. Губернатордың саясатына сэйкес
Ж айык казак-орыс эскерлері қазак ауылдарына шабуылдарын қайта
үдетті. Старшындарға қарсы саясат жүргізіп, олардың билігіне шек
қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барған билер мен старшындар
қамауға алынады. Осы жылы Уфа қаласында Нұралы хан қайтыс
болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды
Кіші жүздің ханы етіп сайлайды. Бірақ патша экімшілігі бұл сай-
130
лауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне
карай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында
өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан
Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық
тудырып, стихиялық бас көтерулер байқалды. С.Датұлы Кердері
жэне Табын руларының старшындарына хат жазып, ауылдар-
ды Мұғаджар тауларына көшіру керек екенін жэне өзінің патша
үкіметіне қарсы күреске шығатынын хабарлайды. Бірақ оның пікірі
старшындар арасынан қолдау таппайды. Оған қарамастан азаттық
күресі жалғасып, негізінен шекара еңіріндегі руларды қамтиды.
1792 жылы қыркүйекте Сырым бастаған көтерілісшілердің Елек
қаласына жасаған шабуылы сэтсіз аяқталады.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі
жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нүралының
баласы Есім хандыққа сайланады. 1795— 1796 жылдардағы ауа
райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын
күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі сзлық жинау-
ды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-
губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның
Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 1797 жылы наурыздың
26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекінісінен
5 шакырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді.
Бірақ, ханды өлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан елімінен кейін
патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дұрыс әдісі Сырым-
ды түтқындау деп есептейді. Онымен ғана шектелмей амалдар
іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін үйымдастырады. Ол кеңестің
басшылығына Айшуақ сүлтан, кеңес мүшелігіне алты старшын
жэне патша үкіметінің өкілі Қүсайынов сайланады. 1797 жылы та-
мыз айында хан кеңесі шақырылып оған 1000-ға жуық адамы бар
Сырым Датүлы да келеді. Осы кеңесте Сырым: “Кіші жүз халқының
жағдайының ауырлығына жэне хан кеңесінің қүрылуына байланы-
сты күресті тоқтатамын”,— деп мәлімдеме жасайды. Одан соң ол
хан кеңесінің қүрамына саиланады.
77 жастағы Айшуақ сүлтанды 1797 жылы қазан айында патша
үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға
дейін 14 жылға созылған Сырым Датүлы бастаған үлт-азаттық
кетеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау
мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің козғаушы күші — халық
болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да,
қарапайым шаруалар да қатысты.
131
Ресей отаршыларының жүргізген құйтыркы саясатының нәти-
жесінде хандық билік дағдарысқа ұшырады. Сонымен катар патша-
лықтың отарлау саясатының одан әрі тереңдеи түсуі, орыс-казак
эскерлерінің қазақ жерлерін тартып алуы дәстүрлі шаруашылыкка
үлкен нұқсан келтірді, қоныстар мен жаиылымдық жерлерді тарылт-
ты. Сондықтан, көтерілісшілер негізінен екі үлкен мэселені койды:
бірі дербес саяси хандық билікті, екіншісі қазақ жерінің аумақтық
тұтастығын қамтамасыз ету.
Қорыта айтқанда, Е. Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың
қатысуы, Сапура Мэтенқызы мен Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдык саясаты мен
жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған
маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.
8-тақырып
ҚАЗАҚСТАННЫҢ М ЕМ ЛЕКЕТШ
ТӘУЕЛСІЗДІПНЕН АЙЫРЫЛУЫ.
ҮЛТ-АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІСТЕР
XVIII
гасырдың соңы
—
XIXгасырдың басындагы Қазақ
хандыгы. Кіші және Орта ж үздегі хандық биліктің жойылуы
Үлы ж үз қазақтарының қоқандықтарга қарсы көтерілісі.
Қаратай, Лрынгазы, Жоламан Тіленшіүлы бастаган
көтерілістер
И. Тайманүлы мен М. Өтемісүлы бастаган көтеріліс
К. Қасымүлы бастаган үлт-азаттық согыс
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы
I. XVIII ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басындағы Қазак
хандығы. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктін жойылуы
Абылай хан кайтыс болғаннан кейін Қазак хандығы бытырап,
әр жүзде жеке хандар сайланып, бүл хандар Абылай хан үрпағы
Уэли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Әр жүздің өзіне тән тарихи-
географиялык аймағы болды. XIX ғасырдың басында Кіші жүз Ба-
тыс Қазакстанның Сырдариядан батыска Жайық пен Тобыл озеніне
дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тэн аумак шығыста Қытай
шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір
жеріне дейін камтыды. Үлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс және
оңтүстік Қазакстан аумағын мекендеді.
Табиғи — климаттық жағдай ш аруаш ылық емірдің барлык
қырынан байкалды. Ш.Уэлихановтың айтуы бойынша, “ер-
теден казақтардың негізгі ш аруаш ылығы мал шаруашылығы
болған. Біз емірімізді мал ш аруаш ылығыны ң ыңғайына қарай
бейімдеп оты рды қ”. Кешпелі мал ш аруаш ылығының негізгі
өзіне тэн айы рмаш ылы ғы бір жерден екінші жерге көшіп-
қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). XIX
ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау
жерлеріне бөлініс басталды. Қазактардың көшпелі-жайылымдық
ш аруаш ылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. XIX
ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы
133
мал ш аруаш ылығының тұрақтаны п, оны ң табиғатты ң қолайсыз
ж ағдаиына қарсы ласуы на м үм кін дік эперді.
Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының
дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мэнге ие болды. Қой
саудасы орыс жэне Орталык Азия көпестері тарапынан жоғары
бағаланды. Ірі кара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып
сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан
Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35— 50
сомнан 100 сомға дейін жетті.
XIX ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да
кең дами бастады. ¥ л ы жүз ежелден жер шаруашылығымен айна-
лысатын. XIX ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен ке-
дейлерден басқа ауқатты қазақтардың да бір бөлігі айналыса баста-
ды. Жетісуды, Балқаш көлінің және Ертіс өзендерінің жағасын ме-
кендеген қазақтар — бидай, сүлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы
жақсы өнім алатын болған. XIX ғасырдың 40 жылдары шекара
бойында түратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі — жатақтар
жер шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау,
Ақмола, Баянауыл округі жэне Сырдария аудандарында байқалды.
Жер өңдеу қүрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма
жэне сирек кездесетін темір соқалар болды. Сырдария, Торғай және
Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен
айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сэбіз, асқабақ, жүгері жэне
т.б. көкөніс түрлерін екті.
Қазақтар ертеден балық кэсіпшілігімен, сонымен қатар аң ау-
лаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін оз
қажеттеріне жүмсап жэне орыс саудагерлеріне сатып отырды.
Қазақтардың негізінен кедей бөлігі — жатақтар мен егіншілер балық
шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш
арқылы ұстады.
Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын
алды. Тері өңдеу, оқ-дэрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден
түрлі заттар жасау дами түсті. Әсіресе, киіз үйдің кереге, уық,
шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй
шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды
темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі эшекей бүйымдар жа-
сап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай
білген. Қазақ эйелдері текемет, киіз, сырмақ, түмақтар, тондар, аяқ
киім т.б. заттарды керемет жасаған.
¥сталарды ң күмістен жэне теріден жасалған заттары ішкі базар-
ларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды
134
көрші елдермен айырбас жасады. XIX ғасырдың бірінші жартысын-
да Ресеймен айырбас сауда катынасы дамыды. Сауданың негізгі
тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорь-
ковск, Омбы, Семей жэне Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда
қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар кепестерінін
көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар экелу сыртқа тауар шығарудан
басым болды. Сыртқа: мал және сүт өнімдері шығарылса, өздеріне
қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дәрі-дэрмек жэне т.б. заттар алып от-
ырды.
Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірак ол негізінен айырбас
түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес,
қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде акшаға да сау-
да жасалды. Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда не-
сие сауда катынасы кең канат алды. Көпестер мен Сібір казактары
заттарды қазақтарға несиеге әкеліп беріп, қеп жағдайда оларды ал-
дап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін
кұрып, жоғары есіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы сауда-
герлер де пайда болды.
Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда
болуына экелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар
балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай түрғындарға жал-
данып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен
ендірістерінде (Баянауыл таскемір ендіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.)
жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған
қазақтардың жағдайы ете нашар болды, олар кеп жағдайда еңбек
акыларын да дұрыс ала алмай, ез қожайындарының қанауына
түсті.
Елдің шаруашылық жағдайының езгеруі қазақтардың элеуметтік
қарым-қатынасына эсер етпей қоймады. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. ба-
сында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен би-
лер болды. Олар елге эдет-ғұрып заңдарын сақтаушы эрі түсіндіруші
болып саналды. Билер хандар жэне сұлтандармен қатар сот істеріне
араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру
үрдісіне катысып отырды.
XIX ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақ-
сы қыстауымен жэне шабындық жерлерін пайдалану құқықтары-
мен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы
қауымдық жерлерді тартып алумен патша екіметі де айналысты.
Мұның бэрі қазақ руларының дэстүрлі қалыптасқан көшіп-қону
жолдарының бұзылуына экелді, бұл дэстүрлі мал шаруашылы-
135
ғының дағдарыска ұшырап, жаиылымдык жерлердін кұлдырап,
шаруашылык кұрылымыиын өзгеруіне себеп болды. Карапайым
казақтар салык төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір»
(жиналған өнімнің Ю-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған
малдың 40- бөлігі) ханға берілетін болған. XIX ғасырға дейін зекет
жинау кұкығы тек ханда ғана болса, XIX ғасырдың 20-жылдарында
хандык билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын бол-
ды. XIX ғасырдың I жартысында осы екі салык түрі жиі жиналып
тұруы жэне олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына
міндеткерліктер «соғым» жэне «сыбаға» т.б. сипаттағы салыктар
косылды.
XIX ғасырдың I жартысында бай туыстары мен казак-орыстар-
дан, орыс шаруаларынан жұмыс іздеуге мэжбүр болған кедейлен-
ген казақтар саны есті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы
болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп
бойындағы калаларда олар тіптен топтарымен бір жапырак нан үшін
жалданып жұмыс істеді”,— деп көрсетеді. Кедей казактар атқарған
істеріне қарай егіншілер, жатақтар жэне бақташыларға белінді.
Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен
молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші
ұрпактың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның
өкілдері ретінде салықтан босатылды жэне тек сұлтандар сотына
тартылатын болды.
Мұндай артыкшылықтарды тархандар да иеленді. Бұл атакты
XIX ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше кызметі үшін
Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада — хан беретін болды. Алғашкы
«тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев жэне Ж.Саламысовка «Хиуаға
жасаған жорыктарда қөрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 эскери
губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның
жарлығымен «тархан» атағы Жэнібек батырға берілген болатын.
«Тархан» атағы жеке жэне мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды.
XIX ғасырда «тархандардың» ерекше артыкшылықтары болмады,
олар тек салыктан босатылды. XIX ғасырдың 60-жылдарында тар-
хандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде
тұрды.
Қазақ қоғамдык-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топ-
тың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен
рулардың эскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен жэне Орта
Азиялык жаулаушылармен болған күресте батырлардың элеумет-
Т
1
К релі ерекше жоғарылап ру ақсакалдары деңгеише көтерілді.
Ш.Уэлиханов: “Батырлар — қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін
136
атақты эрі манызды адам ... Ол ел арасында ыкпалды, берген кенесі
елде эркашанда салмакты болды”,— деп көрсетеді.
XIX
ғасырдын
ортасында
казақ
коғамында
тауар-ақша
қатынасына байланысты жана элеуметтік топ — байлар пайда
болды. Қазактардын арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін
бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа
адамдарға несиеге өсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантерин
сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандай да бір ша-
руамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған.
Байлар сұлтандар мен рубасылар арасынан да, «кара сүйектер» орта-
сынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жүмысшыларды
жалдап отырды. Байлар керуендік саудамен де айналысқан. Кейде
байлардын өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда
жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір
ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған.
XIX ғасырдың басында байлардын шығуы қазақ қоғамында жана
экономикалық күбылыс болды.
Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ
қоғамында элеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы
отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазак қоғамында қүл ретіндегі
адамдар санаты да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да,
жойылып кету шағында түрды. Қүлдар негізінен соғыста қолға
түскен жэне базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй
шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толык
мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды.
XVIII
ғасырда төлеңгіттер хандар
немесе сүлтандардың
эскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық
жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің элеуметтік жағдайының
өзгеруі XIX ғасырда қазақ мемлекеттігіңің жойылуымен байланы-
сты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оқкағары неме-
се жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сүлтандарды жэне
олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық
сияқты т.б. қызметтерді де атқарды. XVIII ғасырда төлеңгіттерді тек
кана «ак сүйектердің» түқымдары сүлтандар ғана иелене алса, XIX
ғасырдың I жартысында сүлтандар бүл қүкықтарынан айырылып,
енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.
Осылайша, XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында қазақ қоғамы екі
қарама-карсы топ — сүлтан, би, бай, батыр бір жағында болса.
екіншісі — карапаиым шаруа, оның пнінде кедеилснген егмшіілер,
жатақтар мен бақташылар болды.
137
Егер бұрын жасы келген, алдына барып ақыл сұрайтын адам
— ақсақал атанса, енді XIX ғ. I жартысында билікке ие болған
басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды. Әйелдердің
ер адамдармен қатар тең құқылары болмады. XVIII ғ. соңы мен
XIX ғ. басында мемлекеттік маңызды мэселелерді шешуде қазак
қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы
қоғамның одан әрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемле-
кет құруына тежеу жасады.
Қазақ хандығының ішкі жэне сыртқы саяси жағдайын жете
білуге тырысқан патша өкіметі хандық бнлікті сақтай отырып,
қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уэли
хан (1781— 1819 жж.) болып бекітілді. Ресей экімшілігі сұлтандар мен
ру басшыларының оздерінің хандарына, оның ішінде Уэли ханға
қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тыры-
сты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот жэне рухани өміріне бай-
ланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы; ханның
жанынан ақсақалдар Кеңесін құру; билер соты; қазақ балалары
үшін мектеп ашу; шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды
ұйымдастыру; қазақ жерлеріне эскери-ғылыми-барлау экспедиция-
ларын жіберу т.б. Ал, 1819 ж. Уэли хан қайтыс болғаннан кейін Орта
жүзде жаңадан хан сайланбады.
Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе оты-
рып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып,
Кіші жүздегі хандық билікті жоюға эрекет жасады. 1797 жылы
Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық
арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-
қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды.
Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның ба-
ласы Жантөре хан (1805— 1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орын-
бор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады.
Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура
келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп,
оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды.
1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай
түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айры-
ла бастады. Біртіндеп билігі элсірей бастаған Жантөре хан Ресей
үкіметінен қолдау табу мақсатында Ж айық шебіне жақындап ба-
рып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі
Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның
өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына
138
Әбілкайырдын тұкымы дарынсыз ІМергазыны хан тагайындайды.
Бірақ, оны халык жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасын-
да ыкпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды, Арынғазы тез
арада Кіші жүздегі билікті бір орталыкка багындырады. Хандык
билікті жоюга мүдделі патша үкіметі Арынгазының хандык билікті
күшейту эрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821
жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі
камауга алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші
жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. “ Игельстром рефор-
масы” жүргізілуі барысында казақтар Еділ мен Жайық езендерінін
арасындағы жерлерге кешіп-конуға рұксат алған сон, кейінірек, 1801
жылы косезен аралығында екінші хандык — Бөкей Ордасы (Ішкі
Орда) кұрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі
элеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне
экелді.
Осылайша, XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ, басында Орта жэне Кіші
жүздің аумағы Ресей империясының ықпалында, Үлы жүздің
аумағы Қокан хандығының кол астында болды,
XIX ғ. 20— 30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының
шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен
Қазақстанда ез ықпалы мен билігін одан эрі нығайту басты міндеті
деп санады. Қазакстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының
жэне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ
даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары
туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға
асығуы соншалықты, олар эрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел
ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-
біріне айдап сала отырып, алдау, күш керсету сияқты шараларды
қолданды.
1822— 1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жэне
Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір эскери губерна-
торы М.Сперанский болған «Сібір кырғыздары туралы» (1822 ж.)
Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор эскери
губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824
ж.) Жарғы Кіші жүз аумағына таралды.
«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз аумағы
«Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-
губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839
ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-
139
батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта
жүздің қалған казақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға
қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824
ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын
(1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қыр-
ғыздарының
облысы
бағынды.
Округтердің
басшылығында
округтік приказдар тұрды жэне оларды сұлтандар жиналысында 3
жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға
дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың
құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл
старшындары баскарды, эр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды.
Қазақтарға тек қана оз округында ғана кешіп-қонуға рұқсат берілді,
ал бір округтен екінші округке ету үшін жергілікті басшылардан
рұксат алуы керек болды.
Жаңа экімшілік белініс қазақтардың дэстүрлі жер қатынасын
күйретті де рулық қауым құлдырады. Сонымен катар, оған аға
сұлтандарға,
болыс
сұлтандарына,
тілмаштарға,
казактарға
түрлі келемде жер беліп беру де эсер етті. Оларға еңдеуге, мал
шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер белінді жэне егер-
де ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын
болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі
болды. Патша екіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске
түсіп, бір экімшілік басқарудан екіншісіне етіп жатты. Осылай-
ша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жэне Өскемен
уездері Том губерниясына берілді.
1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де езгерістер енгізілді, ол
езгерістер бойынша сот үш санатқа белінді:
— қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта,
билікке бағынбау);
— арыз-шағымдар («қазақтардың эдет-ғұрып заңдары» бойынша
билер шешетін екінші кезектегі істер);
— облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың
сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).
Сонымен қатар Жарғы салык жүйесін енгізді, ол бойынша эр
қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық телеуге тиіс бол-
ды. Жарғыны кабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан бо-
сатылды. Қазақтарға керуендерді, пошта жолдарын күзету, байланыс
жолдарын кадағалау сияқты жэне т.б. міндеткерліктер жүктелді.
140
Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-
басқарушы сұлтандардың жэне округтік приказ шенеуніктерінің
мэртебесін жэне жылдык жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға
жылына 1200 сом, тілмаштарға — 800 сом, болыс сұлтандарына —
150 сом.
Жарғы бойынша казактарға ез округтерінің ішінде жэне оның
сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұксат етілді. Жарғының
жеке баптары сауат ашу мэселесін карастырды.
1838-1856 жылдары сібір казактарының облысын баскаруды рет-
теу үшін бірнеше «Ереже...» кабылданды жэне отаршыл экімшіліктің
казак даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша
экімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дүрыс білмеуі,
экімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге
үмтылуы, басқарудың жаңа кұрылымын енгізуі қазак қоғамының
жікшшдікке ұшырауына жэне үкіметке қарсы кеңіл-күидің паи-
да болуына экеліп соқты. Ол қазак халқын өз мүддесін корғауға
шығарып,
Қазақстанның
барлык
аймактарында ұлт-азаттық
көтерілістер орын алды.
1Й4 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған
«Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырыл-
ды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандык билік жойылып,
оның аумағы: Батыс, Орта жэне Шығыс болып үшке бөлініп, Орын-
бор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында
аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы,
Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың
жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын
казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом
жалақы төленді. 1824 ж. Жарғы бойынша кұрамында төраға, терт
кеңесші жэне терт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия
құрылды.
1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл стар-
шындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын бол-
ды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор
генерал-губернаторы тағайындады. 1831 ж. дистанциялар мен
старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс белікте - 8, Орта-
да — 20, Шығыста — 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиі>ін
күміс ақшамен түтін салығы енгізілді.
Сұлтандар, стариіындар
жэне молдалар салықтан босатылды.
1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ерсже» қабылдан-
ды да, ол бойынша орыс іиенеуніктерінен жергілікті экімшілікті
141
қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-
тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі
мүмкін болмай қалды.
Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды ез отарына айналды-
ру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына
орыстың экімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш
Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал
Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822—
1824 жж. Ресей империясы Орынбор жэне Сібір ведомстваларының
территориясында түратын Кіші жэне Орта жүз қазақтарын басқару
туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жэне одан кейін жалғаскан
XIX ғасырдың 30— 50 жылдарындағы реформалар патшалық
Ресейдің қазақ жерлерін одан эрі отарлау үшін жағдай жасады. XIX
ғасырдың 60 жылдарының аяғына карай қазақ даласы түтастай Ре-
сей империясына бағынышты болды жэне жаңа заңдар қабылданып,
Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |