Микркезз алматы



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

\

алатындай  ешқандай  заңдар  қабылдаған жоқ.  «3  маусым  Заңының» 
өмірге  келуімен  бірге,  қазақ зиялыларының Думаға  артқан үміті  де 
біржола  сөнген  еді.  Дегенмен,  «3  маусым  Заңы»  қазақ  зиялыларын 
Дума арқылы  жүргізуді  қөздеген  саяси  күрестен  біржола ығыстыра 
алған  жоқ.  Олар  Думадан  тыс  қала  отырып,  қүрамы  жағынан 
алғашқы  екі  Думадан  анағүрлым  консервативті,  үлыдержавалық 
бағыттағы  үшінші  Дума  шеңберінде  де  мүсылман  фракциясы, 
сібірлік  депутаттар,  солшыл  кадеттер  жэне  басқа  да  одақтастары 
арқылы патшалықтың қазақ жеріндегі отарлау саясатына, «3-маусым 
Заңына»  қарсы  эрекеттерін  тоқтатпады.  Ал,  жалпы  алғанда,  сол 
кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бүрын таратылған патша 
үкіметінің бірінші жэне екінші Дума жүмысына жэне оларға қатысты 
саяси шараларға қатысуы, эрине, олар үшін үлкен емір мектебіне ай- 
налып,  белгілі деңгейде  өзіндік  із  қалдырды.  Олар,  біріншіден,  им- 
перия  жағдайында  Дума  сияқты  «өкілетті»  орынның,  ең  алдымен, 
орыс  помещиктерінің  мүддесіне,  империялық  мүдделерге  қызмет 
жасайтындығына  көздерін  жеткізді.  Ал,  екіншіден,  қазақ  зиялы- 
лары  Думаға  қатысты  шараларға  араласа  отырып,  негізгі  мақсатқа 
жету үшін жалпы халықтың саяси белсенділігін арттыру мен батыл 
қимыл-эрекеттердің  қажет  екендігіне  де  кездері  жетті.  Сондықтан 
да  бүл  ізгі  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін,  ендігі  жерде  қазақ зиялыла- 
ры  саяси  күрестің  басты  қүралдары  ретінде  «Айқап»  сияқты  жур- 
нал мен «Қазақ» сияқты бүқаралық газет шығарып, өздерінің ғасыр 
басындағы  белсенді  басталған  қоғамдық-саяси  қызметін  одан  эрі
жалғастыра түсті.
«Айқап»  журналы  қазақ  елінде  1911— 1915  жылдары  шығып 
түрды.  Оның  шығарушысы  жэне  редакторы  Мүхамеджан  Се- 
ралин  (1871— 1929)  болды.  Журнал  Қазақстандағы  сол  кезеңнің 
идеялық-саяси  ой-пікірдің  аграрлық-демократиялық  бағыттарын
С.Сейфулл
Журнал
негізгі  мэселелер  қатарында  оқу-ағарту  ісі  мен  аграрлық  мэселе, 
яғни жер қатынастары, көшпенділердің дэстүрлі мал шаруашылығы 
жэне олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар кептеп жа- 
зылды.  Сондай-ақ,  журналда  патша  екіметінің  отаршылдық  саяса-
ты эшкереленіп отырды.
Сонымен  қатар,  Орынбор  қаласында  1913— 1918  жылдары 
А.Байтүрсыновтың  басшылығымен  шығып  түрған  ресми  «Қазақ» 
газеті  болды.  Ол  либерал-демократиялық  бағыт  идеяларын  үстан- 
ды.  Газет  редакциясында  сол  кездегі  қазақ  конституциялық-
192

демократиялық  партиясының  жэне  қазақ  халқының  жалпы 
ұлттық  қозғалысының  жетеқшісі,  эқономист-ғалым  Ә.Бәкейханов, 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  жэне  басқалар  қызмет  істеді.  Олар  ең 
күрделі  аграрлық  мэселеде  жерге  Ресей  патшалығының  тарапынан 
мемлекеттік меншіктің күшін жою жэне оны қазақтардың меншігіне 
беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын  қойды.
Тұтас  алғанда,  қазақ  елқесінің  элеуметтік-экономикалық  жэне 
қоғамдық-саяси  өмірінің  дамуы  туралы  эртүрлі  көзқарастарда 
болғаныңа  қарамастан,  XX  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  шығып 
түрған  «Айқап»  журналы мен «Қазақ» газеті  өз беттерінде үлттық 
идеялар  мен  қазақ  халқының  мүдделерін  ақиқат  жолымен  жан- 
жақты  көрсете білді.
2. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 
Қазақтардың  1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  1914  жылғы  19  шілдеде  (1  тамызда) 
басталды.  Соғысқа  дейінгі  түста  Ресейде  жаңа  өнеркэсіп  салалары 
жедел  қарқынмен  дамыды.  Өнеркэсіп  орындары  ел  экономикасы-
ның  дамуына  үлес  қосумен  қатар,  соғыс  қажеттілігше  ораи  ірі 
мемлекеттік  тапсырмаларды  да  атқарды.  Өнеркэсіп  өндірісінің 
ішінде  металлургия  өндірісі  үлкен жетістіктерге  жетті.  Әйткенмен, 
Ресей  соғысқа  дайындықсыз,  эскери-өнеркэсіптік  элеуеті  төмен.
КӨЛ1Г1 
нашар  дамыған  жағдаида  кірісті,  армия  эскери-техникалық 
жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы 
империяда,  ішінара  Қазақстанда  ендіргіш  күштердін  даму  деңгейі 
бірте-бірте  кеми  берді.
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Қазақстан  экономикасының  қүлды- 
рауына  экеліп  соқты.  Ауыл  шаруашылығы  өлкедегі  егіншілік 
облыстар  бойынша  біркелкі  дамымады.  Ол  қүнарлы,  егіншілік 
шаруашылығын  жетік  меңгерген  аудандарда жақсы дамыды.  Соғыс 
егін шаруашылығына да елеулі езгерістер енгізді.  Ең алдымен, ауыл 
шаруашылық  бақша дақылдарының  егіс  көлемі  үлғайды.  Мэселен, 
Қазақстан  бойынша  күзгі  бидайдың  егіс  келемі  1913  жылмен 
салыстырғанда  1917  жылы  63,5%-ға,  жазғы  бидай  —   8,4%-ға,  тары
—  22,1%-ға, картоп —  46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының 
егіс келемі 433,8 мың десятинадан  1115,0 мың десятинаға дейін, яғни 
екі  еседен  астам  кебейді.  Өлкенің  солтүстік-батыс  жэне  батыс  об- 
лыстары  бойынша дэиді  дақылдардың  енімділігі  1914  жылдан  1917
193

жылға дейін  эр десятинадан  алынатын  38,7  пұттан  29,8  пұтка дейін 
төмендеді.  Соғыс  жылдарындағы  өлке  егіншілігі  жағдайының  си- 
патты  ерекшелігі  оның  жүргізілуі  деңгейінің  төмендігі  болды. 
Бұл  енгізілген  ауыспалы  егіс  жүйесінің  болмауынан,  жердің  жэне 
тұқы мды қ материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. 
Егіс  көлемі  мен  өнім  көлемінің  қыскаруының  негізгі  себебі  жүмыс 
күшінің жетіспеуі болатын. Мэселен, Ақмола облысының Көкшетау 
уезінен  ғана  1915  жылы  армияға  ауыл  шаруашылығымен  айналы- 
сып  келген  орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды.  Қазакстанның
баска да аймақтарында мұндай  көріністер байқалып түрды.
Ер  азаматтарды  жаппай  майданға  алу  мал  шаруашылығының 
да  қүлдырауына  экеліп  соқты.  Оған  сан  жэне  сапа  жағынан  үлкен 
зардап  келтірді.  Үсақ  мал  көбірек,  ал  ірі  мал  азырак  өсіріле  баста- 
ды.  Байырғы халықтың басым  көпшілігі  түратын жерлерде жылқы, 
түйе,  ірі  қара  мал  саны  кеміді.  Мэселен,  Ішкі  Ордада  1915  жылы 
жылқы  саны  310,3  мың  болса,  ал  1916 жылы  160,2  мың болып,  үлес 
салмағы  жөнінен  48,5%-ға  кеміп  кетті.  Маңғыстау  уезінде,  Сыр- 
дария  мен  Жетісу  облыстарында  да  осындай  көріністер  байқалды. 
Соғыс  жылдарында  қазақтың  мал  шаруашылығы,  бірінші  кезекте, 
мал  жайылымдық алаптарды тартып  алу  салдарынан  зардап  шекті.
1913-1917  жылға дейін  қазақ халқынан  жалпы  көлемі  764,4  мың  де-
сятина  жайылымдық  алқаптың  жылқы  —   ірі  қара  жайылатын  190 
жайылымы тартылып  алынды жэне жалға алуға даярланды.
Мал  санының  кысқаруы,  ең  алдымен,  қазақ  халқының  ар- 
мия  қажеттері  үшін  мэжбүрлеу  тэртібімен  ет  беруге  міндетті 
болғандығынан  орын  алды.  Сан  миллиондық  армияның  өсе 
түскен  қажеттерін  қанағаттандыру  мүмкін  емес  еді.  Өйткені  қазақ 
шаруашылығында  мал  саны  жылдан-жылға  азая  берді.  Сондай-ақ 
соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп 
түратын реквизиция да эсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен
300  мың пүт ет,  70 мың жылқы,  13  мың түйе экетілді.  1914 жылдың 
ішінде  Жетісудан  ғана 34  миллион  сомның малы  мен мал өнімдері
тасылып экетілді. Қазақшаруашылықтарында малды реквизициялау 
жэне  жылқы  малын  есепсіз  пайдалануға  байланысты  мал  санының 
қысқаруы село  мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері 
эсер  етті.  Ж ылқы  малы,  эсіресе  солтүстік облыстарда азайып  кетті. 
Соғыс  жылдарында  армияны  жабдықтау  үшін  мол  мөлшерде  азык- 
түлік даярлау,  мал жэне ет өнімдері  бағасының өсуіне экеліп сокты. 
Осыған байланысты бүл кезеңде өлкеде анағүрлым арзан ет беретін 
сала —  шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.
194

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  басталған  соң,  Қазакстан  өнеркэсібі 
де  соғыс  кажеттері  үшін  жұмыс  істеді.  Өлкедегі  кен  өнеркәсібінің 
маңызды  салаларының  бірі  Успен  жэне  Сасык-Қарасу  кеніштерінен 
темір  кенін  өндіру  арта  түсті.  Бұл  кеніштерден  1914  жылы  —   246 
пұт,  ал  1916  жылы  —   1551  пүт  темір  кені  өндірілді.  Соғыстың  үш 
жылы  ішінде  темір  кенін  ендіру  6,3  есе  үлғайды.  Салықтардың 
жоғарылығынан,  қатынас  жолдарының  қашыктығынан,  қүрал- 
жабдыктардың  жетіспеуі  салдарынан  жэне  баска  себептерден 
алтын  кеніштерінің  саны  кысқарды.  Түсті  металдарға  деген 
қажеттіліктердің  артуы  жэне  олардың  бағасының  күрт  өсуі  соғыс 
жылдарында  түсті  металлургияның,  эсіресе,  Риддер  жэне  Соколь- 
ский  кеніштерінің  дамуына  түрткі  болды.  Түсті  рудалар  ендіру 
1913  жылмен  салыстырғанда  1917  жылы  25,3  есе  есе  түсті.  Бірінші
дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  мыс  рудасын,  негізінен  “Спасск 
мыс  рудалары”  акционерлік  қоғамы  мен  “Атбасар  мыс  кендері” 
акңионерлік қоғамы ендірді. Бірака, мыс кенін ендіру жылдан-жылға 
кеми берді. Жер қойнауын  жыртқыштықпен пайдалану “Спасск мыс 
кені”  акционерлік  коғамының  Успен  кенішіндегі  барлық  бай  кенді 
(күрамындағы  мыс  25%)  алып  коюына  экеп  соқты.  Соғыс  жылда- 
рында  Сарысу  байыту  фабрикасы  салынды.  Ол  революцияға  дейін 
күрамында 25— 30%  мыс  бар  128  мың пүт шикізат ендірді.
Көмір  өндіру  Семей,  Торғай,  Ақмола  облыстарында  жүргізілді. 
Соғыс  жылдарында  Екібастүз  кен  орындары  елеулі  рел  атқарды. 
Ол  Екібастүз  корғасын-мырыш  зауытын,  Ертістегі  жекеше  кеме 
катынасын, Оралдағы Боголовск және Қышым зауыттарын кемірмен
жабдыктап  отырды.
Өңдеуші  енеркэсіп  соғыс  мүктаждығына  ет-сүт  енімдерін,
былғары  тауарлар  жэне  баска  да  түтыну  заттарын  беріп  отыр- 
ды.  Әсіресе,  былғары  тауарларын  ендіру  есті,  бүл  кезеңде  елкеде
139  былғары  кэсіпорны  жүмыс  істеді.  Олар  негізінен  Семей  жэне 
Ақмола  облыстарында  орналасты  жэне  бүкіл  ауыл  шаруашылық 
енімінің  64,3%  -ын  еңдеді.  Шынына  келгенде,  былғары,  тері  және 
ішек-карын  ендірісінің  майдагерлік  кэсіпорындары  одан  эрі  үксату 
үшін  Ресейдің  ірі  енеркэсіп  орталықтары  —   Пермь,  Вятка,  Рига 
қалаларына  енім  жеткізіп  берді.  Соғыс  жылдарында  интенданттық 
армия  тарапынан  былғары  аяқ  киімге  жэне  тері  тондарға  сүраным 
ерекше  есті.  Соғыс  жылдарында  жүн  еніміне  сүраныс  үлгайып, 
өлкеде  шүға  ендіретін  түңғыш  Қарғалы  фабрикасы  эскери  тапсы- 
рыс  орындап,  шинельге  арнап  шүға  дайындай  бастады,  сол  сияқты 
соғыс  сүранымына  ет  енімін  дайындауда  Петропавлда  ет-конссрві
195

комбинаты  ашылса,  Оралда  мал  соятын  арнайы  орын  ашылды. 
Өлкеге  дайын  өнім,  киім-кешек  пен  аяқ  киім  әкелудің  қысқаруына 
байланысты  соғыс  жылдарында  осы  қажетті  бұйымдарды  тігетін 
шеберлердің саны  көбейді.  Мэселен,  1916  жылы  Верный  қаласында
140 адам жұмыс істеген ірі шеберхана болды.
Өнеркәсіп 
орындарындағы 
жұмысшылардың, 
қалалардағы 
еңбекшілердің  жағдайы  күрт  нашарлады.  Кэсіпорындарда  жас 
балалардың,  жасөспірімдердің,  әйелдер  мен  соғыс  тұтқындарының 
еңбегі кеңінен қолданылды. Ж ұмысшылар тэулігіне  10— 12 сағат, ал 
кейде  16 сағаттан жұмыс  істеді. Ж ұмысшылардың нақты жалақысы 
үнемі  темендей  берді.  Мэселен,  Спасск  зауытында  1914  жылы 
күндік жұмыс үшін —   1  сом 04 тиын,  1915 жылы —  94 тиын төленді.
Мұндай  жағдай  өнеркэсіп  орындарында  барлығында  дерлік  болып
жатты.
Селолар,  қалалар  мен  ауылдар  еңбекшілері  жағдайының  нашар-
шахталарында
Орынбор,  Ташкент  жэне  Транссібір  теміржолдары  жұмысшылары 
арасында  бас  кетерулер  мен  ереуілдерге  алып  келді.  Тіпті,  соғыс 
жылдарында Қазақстанда халық бой кетеруінің бірі “эйелдер бүлігі” 
дейтіндер  болды,  оларды  екімет  орындары  үкіметке  қарсылық  деп
қарады.
Шаруалар  кетерілістері  Қазақстанның  солтүстік  аудандарын  да 
қамтыды.  Мэселен,  1916  жылы  21  наурызда Торғай  облысы  Ақтебе 
уезінің  Ақбұлақ селосында 30  адам  болатын  солдат  әйелдерінің то- 
быры  кепестер  —   Незвановтың,  Пряткиннің  дүкендерін  қиратады. 
Халық 
бүқарасының 
мұндай 
бой 
керсетулерінің 
толқыны 
Қазақстанның  басқа  да  аймақтарында  орын  алды.  1916  жылдың 
орта  шеніне  қарай  жұмысшылардың  үкіметке  ашынуы  үдей  түсті. 
Нэтижесінде  бұл  жағдайлар  қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына
зор ықпал жасады.
1916  жылы  25  маусымда  патшаның  Қазақстан,  Орта  Азия,  Сібір
тұрғындарынан  19  бен  43  жас  аралығындағы  ер  азаматтарын  тыл
жұмысына  алу  туралы  жарлығы  шығады.  Бұл  жарлық  1916  жылғы
ұлт-азаттық  кетерілісінің  басталуына  себеп  болды.  Шілденің  бас
кезінде  Қазақстанның  барлық  аймақтарында  дерлік  стихиялы
наразылықтар  басталып,  кеп  ұзамай  қарулы  кетеріліске  ұласты.
Х алық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға
алынатындардың  тізімін  тікелей  жасаған  болыс  басқарушылары,
ауыл старшындары жэне патша экімшілігінің басқа да теменгі билік
иелері ұшырады.  Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай  парақор-
196

лық  пен  бұрмалаушылықка  жол  ашқан  болатын.  Оның  үстіне 
патшалық  өкімет  орындары  лауазымды  адамдарды,  болыстарды, 
село  жэне  ауыл  басқарушыларын,  байырғы  тұрғындардан  шыққан
теменгі шен ді пол ицеилерді, имам дарды, мол далар мен мудэристерді, 
ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғары 
жэне орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің
шенеуніктерін, дворян жэне құрметті  азамат құқықтарын  паидала- 
натын  адамдарды эскерге алудан босатты.
Стихиялы  қозғалыс  бірте-бірте ұйымдасқан  сипат  алып,  қарулы 
көтеріліске  ұласып,  оның  ірі  ошақтары  (Жетісу  мен  Торғайда)  пай- 
да  болды.  Көтеріліс  бүкіл  Қазақстанды  қамтыды.  Бұл  қөтерілістің 
басты  мақсаты  ұлттық  жэне  саяси  азаттық  болды.  Сол  арқылы  ол 
қазақ  халқының  бостандық  пен  тэуелсіздік  жолындағы  бұрынғы 
бүкіл  күресінің  қорытындысын  шығарды.  Көтерілістің  негізгі  күші 
ұлттық  шаруалардың  қалың  тобы,  сондай-ақ  сол  кезде  туып  келе 
жатқан  жергілікті  жұмысшы  табының  өкілдері,  қоленершілер  бол- 
ды.
Сонымен  бірге  кетерілістін  ұлт-азаттық  сипатта  болуы  себепті 
қазақ  халқының  барлық  топтарының  екілдері  (екінің  бірінде  бай- 
лар,  болыс  басқарушылары,  билер),  сондай-ақ  демократияшыл 
зиялылардың жекелеген екілдері қатысты.
Қазақстанның  эртүрлі  аудандарында  пайда  болған  стихиялы 
козғалыс  бірте-бірте ұйымдасқан  сипат ала бастады:  Жетісуда (бас- 
шылары:  Бекболат  Әшекеев,  Ұзақ  Саурықов,  Жэмеңке  Мэмбетов, 
Тоқаш Бокин, Әубэкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан 
Ұзақбаевтар  жэне  т.б.)  жэне  Торғайда  (басшылары  —   Әбдіғаппар 
Жанбосынов,  Амангелді  Иманов,  Әліби  Жангелдин  жэне  басқалар) 
оның  ірі  ошақтары  пайда болды.
Жетісудағы кетеріліс тарихын:  1) шілде — стихиялық наразылық 
керіністері,  2)  тамыз  —   оның  карулы  кетеріліске  ұласуы  жэне  3) 
қыркүйек-қазан —  кетерілістің біртіндеп бэсеңдеуі  жэне жеңіліс та- 
буы деген  кезеңге белуге болады.
М.Тынышбаевтың  мэліметі  бойынша,  25  маусымдағы  патша 
жарлығы  Жетісу  қалаларында  8  шілдеде  белгілі  болған.  Облыстың 
жекеленген  уездерінде  жұмысшыларды  шакыру  туралы  телеграм- 
малар одан бұрын, 2 жэне 3 шілдеде келіп түскен.  Шілде айының бас 
кезінде-ак толқулар  Верный уезінің батыс  жэне  оңтүстік  беліктсрін 
камтып,  оларда  кетерілісшілерге  Бекболат  Әшекеев,  Тоқаш  Бо- 
кин,  Аккоз  Қосанұлы  жэне  басқалар  басшылық  етті.  Соғі^іс  оіпагы
ұлғаиып,  халык  наразылығы  үдеп  кступ^е  ораи,  патиіа  үкіметі
197

ендігі тұста көтеріліс кимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды
ұйғарды. Нэтижесінде 17 шілдедеЖетісудажәнеТүркістан өлкесінде 
соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мүнда ірі эскери күштер 
алып  келді.  Әскери  гарнизондарды  нығайтып,  Жетісудағы  коныс 
аударушы  халықтың  аукатты  топтарынан  қазак  жэне  қырғыз 
көтерілісшілерін  жазалау  үшін  қарулы  отрядтар  құрды.  Жетісу  об-
Жаркент уезі көтеріл
Жалаңаш
Құрам  елді  мекендері  аудандарында,  Лепсі  уезінің  Садыр-Матай 
болысында  жэне  басқа  жерлерде  патша  жазалаушыларымен  ірі
қактығыстар болады.
Осындаіі  жағдайда  Верный  уезінде  Б.Әшекеев  Жетісудың
бытыраңкы  көтерілісшілер  топтарын  біріктіру  үшін  шаралар
колданып,  1916  жылғы  13  тамызда  Ошакты  деген  жерде  эртүрлі
болыстар  өкілдерінің  съезін  шакырады.  Съезде  тыл  жұмыстарына
адамдар  алу  туралы  жарлық  шығарған  үкімет  орындарына  карулы
карсылық  көрсетуге  дейін  барып,  бағынбауға  шешім  шығарды.  Өз
жактастарымен Үшқоңыртауындағы Ошақтысайынаорнығып алған
Б.Әшекеев  қарулы  қарсылыкка  дайындала  бастады,  сонымен  бірге
көтерілісшілердің  қатарын  жаңа  күштермен  толықтыру  жөнінде
шаралар қолданды.  Алайда, бүл эрекеттер айтарлықтай жетістіктер
бермей  Б.Әшекеев  басшылығымен  орын  алған  Жетісудағы  үлт-
азаттық  кәтеріліс  басылып-жаншылады.  7  қыркүйекте  Верный
қаласында  Верный  эскери  гарнизонының  соты  болып,  кетеріліс
басшыларының  бірі  Б.Әшекеевті  өлім  жазасына  кесіп,  дарға  асу
туралы  үкім  шығарды.  Соттың үкімін  облыстың әскери  губернато-
ры  Фольбаум  нақ  сол  күні  бекітіп,  үкім  бір  күннен  соң,  яғни  1916
жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде
орындалады. 
.  .
Сотсыз жэне тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімшен
Түркістан  өлкесінде  1917  ж.  1  ақпанына  дейін  347  адам  елім  жаза-
сына,  168 адам каторгалық жүмыстарға,  129 адам түрмеге жабылуға
кесілді.  Патша  екімет  орындары  қудалаған  300  мың  қазақтар  мен
қырғыздар  немесе  Жетісудың  байырғы  түрғындарының  төрттен
бірі  Қытайға қашуға мэжбүр болды. 
„ 
.  .
Дэл  осындай  көтерілістің  ірі  ошақтарының  бірі  —   Торғай  еңірі
болды.  Көтерілісшілер саны  50 мыңға жетеді.  Бұл  кезде Торғай  уезі
негізінен  қыпшақ  жэне  арғын  рулары  шоғырланған  13  болыстан
ті^ратын.  Кетерілістің  бастапқы  кезеңінде толкулар  қыпшақтар  ме-
Аққүм
198

старын, сондаи-ак непзінен арғындар  мекендеген  Тосын, Майқарау, 
Сарықопа,  Наурызым,  екінші  Наурызым  болыстарын  қамтыды. 
Көтерілістін етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшак 
көтерілісшілерінің  ханы  етіп  жарияланса,  Шолак  Оспанов  арғын 
көтерілісшілерінін  ханы  болып  сайланады.  Кейіннен  1916  жылы  21 
карашада  13  болыс  (6  болыс  арғын,  6  болыс  кыпшақ,  1  болыс  най- 
ман)  екілдерінің  құрылтайында  халық  арасындағы  атақты  Нияз 
бидін  ұрпағы  Әбдіғаппар  Жанбосынов  кетеріліске  шыққан  Торғай 
уезінің  ханы  болып  сайланады.  Құрылтайға  катысушылардың 
келісімімен  Кенесары  Қасымовтың  серігі,  атақты  Иман  батырдың 
немересі  Амангелді  Иманов  кетерілісшілердің  сардарбегі  болып 
тағайындалады.  Орталык  Ресейден  келген  жэне  коп  кешікпей 
кетерілісшілерге  косылған,  осы  жерлерде  туып-ескен  Әліби  Жан- 
гелдин  көтерілісшілердің  “рухани  көсемі”  болды.  Ондаған  мың 
ұйымдаспаған  көтерілісшілерден  Ә.Жанбосынов,  А.Иманов  жэ- 
не  олардың  ең  жакын  серіктері  ондықтарға,  жүздіктерге  жэне 
мыңдықтарға белінген тәртіпті жасак кұрды. Әрбір қолды басқаруға 
тиісінше  онбасы,  елубасы,  жүзбасы,  мыңбасы  тағайындалды.  Сар- 
дарбек жанында эскери  кеңес жүмыс  істеді.
22  казанда  А.Иманов  бастаған  15  мың  қол  Торғай  қаласын 
коршады.  Қаланы  қоршау  бірнеше  күнге  созылып,  қоршау  кезінде 
генерал-лейтенант  А.Лаврентьевтің  жазалаушы  корпусы  қалаға 
карай  үш  бағытта  бет  алды.  16  карашада  А.Иманов  бастаған  12 
мың  адамға  жуық  сарбаздар  Түнқойма  пошта  станциясына  ша- 
буыл  жасайды.  Кетерілістің  негізгі  кепшілігі  адам  күшін  сақтау 
үшін  карашанын  екінші  жартысында  Торғайдан  150  шақырым 
жерге  жетіп, 
Батпаққара  ауданына  шоғырланады.  Осы  жерден
1916  жылғы  карашаның  екінші  жартысынан  1917  жылғы  акпанның 
ортасына  дейін  жазалаушыларға  қарсы  партизандық  жортуылдар 
жасалады.  Кетерілісшілер  мен  жазалаушылар  арасында  Татырда, 
Ақшығанақта,  Доғал-Үрпекте,  Күйікте  шайкастар  болды.  Шайқас
1917 жылғы акпанның екінші  жартысына, яғни ақпан революциясы-
на деиш созылды.
Қазак  халкының  1916  жылғы  үлт-азаттык  кетерілісі  Торғайдан
езге  барлық  аймақтарда  қатаң  басып-жаншылды.  Семей  жэне
Ақмола  облыстарында  кетерілісшілерге  қарсы  12  атты  эскер
жүздігі,  11  күшейтілген жаяу эскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай
көтерілісшілеріне  қарсы  патшалык  екімет  орындары  17  аткыпітар
ротасын,  18  казак  жүздігін,  4  атты  эскер  оскадронын,  18  зсңбірек,
10  пулемет жэне  басқаларды  экеп  токті.  Осыған  карамастан,  Торғай
149

облысында  көтеріліс  патша  үкіметі  құлатылғаннан  кейін  ғана 
тоқтады.
Қазақ  қауымында  патшаның  1916  жылғы  маусым  жарлығы 
мен  кетеріліске  көзқарас  бірдей  болған  жоқ:  ауылдын  феодалдық- 
байшыл  билеуші  тобы  мен  жергілікті  экімшіліктін  белгілі  бөлігі 
патша  жарлығын  толығымен  қолдап,  оны  белсенді  түрде  жүзеге 
асырушылар  болды;  қазақ  интеллигенциясының  радикалды  ба- 
тыл  іс-қимылға  бейім  өкілдері  (мысалы,  Т.Бокин,  Ж.Ниязбеков, 
Т.Рысқүлов,  Ә.Жангелдин,  С.Меңдешев,  Б.Алманов,  Ә.Жүнісов т.б.) 
халықты  қарулы кетеріліске шақырып,  оған ездері де қатысты.
Ал  «Қазақ»  газетінің  төңірегіне  топтасқан  Ә.Бекейханов,
А.Байтүрсынов,  М.Дулатов  сияқты  либерал-демократиялық  зия- 
лылар  екілдерінің  жетекшілері  халыкты  жарлыкты  орындауға
қарсы  шықпауға  үгіттеп,  оны  орындамаған  жағдаида  қазактар 
қантегіске  үшырауы  мүмкін  деп  санады  және  осыған  байланы- 
сты  үлкен  алаңдаушылық  білдірді.  Осынау  алмағайып  кезеңде 
«Алаш»  қайраткерлері  халықты  жаңа  аласапыраннан  қорғаштап, 
қайткен  күнде  оны  аман  сақтауға  тырысты.  Сондықтан  да  олар 
қарулы  көтеріліске  қарсы  болып,  қазақтарды  патша  жарлығын 
орындауға  шақырды.  Біріншіден,  олар  Ресейге  тенген  сыртқы 
қатердің  бодан  болып  отырған  қазақтарға да толық қатысы  бар деп 
санады.  Бүдан  сырт  қалуға  болмайды,—   деп  есептеді.  Екіншіден, 
іс  жүзінде  қарусыз  қазақтардың  түрақты  орыс  армиясына  қарсы 
бас  кетеруін  болдырмауға талпынды.  Қарусыз халық өкіметтің жа- 
залау  шараларының  қүрбаны  болады  деп  қауіптенді.  Үшіншіден, 
соғыс  Ресей  үшін  жеңіспен  біткен  жағдайда  қазақтардың  хал-күйі 
жеңілдеп, үлтты қ  автономия қүрылатынына  үміт  артты.  Империя- 
мен  ақылға  қонымды  келісім  тактикасын  үстанып,  халқының  аман 
болуын бірінші кезекке қойған «Алаш» кесемдері тыл жүмыстарына 
шақыруды  кейінге  қалдыра  түрып,  тиісті  эзірлік  жүмыстарын
алған
табуы бүлардың қауіптерінің
еместігш дэлелдеді.
Жеке-жеке  бүрқ  еткен  толқулар  көп  үзамай  қарудың  күшімен 
жанышталып,  жүмысшыларды  реквизициялаумен  майданға  же- 
нелту  басталды.  Сол  кезде  “Қазақ”  газетінің  редакциясы  тыл 
жүмыстарына  женелтілген  қазақтардың  мүқтаждықтарына  кыз- 
мет  керсетуді  үйғарды  жэне  осы  мақсатпен  барлық  қазақ  зиялы-
ларына  реквизицияланғандар  жүмыс  істеитш 
маидандарға  ез
200

еркімен 
барып,  оларда  бұратаналар  бөлімін  құруға  шақырды. 
Зиялылар  (көпшілік  бөлігі  мұғалімдер)  бұған  үн  қосты  жэне  көп 
кешікпей Минскіде земство одағының жанынан  бұратаналар белімі 
кұрылды.
Қазак зиялылары майдан тылында енбек еткен қазақ жігіттерінің 
сөзін  сөйлеп,  мұңын  жоқтады.  Ә.Бәкейханов,  М.Дулатов  т.б. 
бастаған  қазақ  зиялылары  Минскіде,  тағы  басқа  тыл  жұмысына 
шақырылғандар  кептеп  шоғырланған  қалалар  мен  елді  мекендер- 
де  болып,  оларға  колдан  келген  кемектерінің  бэрін  керсетті.  Олар 
шақырылғандардың құқыктарын қорғау жэне олардың майдан еңірі 
аудандарындағы  тұруы  мен  жұмыс  істеуі  үшін  қажетті  жағдайлар 
туғызу  женінде  нақты  қадамдар  жасады.  Ал  мұның  езі  кеңес  зама- 
нында кеп жылдар бойы айтылып та, жазылып та келген  Алашорда
1916  жылғы көтеріліс кезіндеұлттық мүддеге саткындык жасады де- 
ген пікірдіңсыңаржақтұжырым екендігін көрсетеді. Алаш көсемдері
көтерілісшілерге  де,  маиданның  қара жұмысына  шақырылғандарға
да ешкандаи саткындық жасаған жок.
1916 
жылғы ұлт-азаттық кетеріліс қазақ халқының сан ғасырлық 
козғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік 
соғыс  жағдайларында  кетерілістің  жалпы  жұрт  таныған  басшыла- 
ры Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мэмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, 
О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев  кетерілісшілердің саяси кесемдері 
Т.Бокин, 
Т.Рысқұлов, 
С.Меңдешев,  Ә.Жангелдин, 
Б.Алманов 
жэне  басқалар  кезінде  Сырым  Датов,  Исатай  Тайманов,  Махамбет 
Өтемісов,  Жанкожа  Нұрмұхамедов,  Кенесары  Қасымов  жэне  бас- 
қалар  жүргізген  тэуелсіздік  жолындағы  күреске  халықты  кетерді. 
К.Қасымов  басшылык  еткен  ұлт-азаттық  қозғалыстан  кейін  1916 
жылғы кетеріліс бірінші рет кең-байтак елкенің барлық аймақтарын 
эртүрлі дэрежеде камтып, бүкілқазақтық сипат алған  кетеріліс бол- 
ды.  1916  жылғы  көтерілістің  айрықша  ерекшелігі  елкенің  бірқатар 
аудандарында (ңегізінен, Қазақстанның оңтүстігінде жэне оңтүстік- 
шығысында)  оған  казактармен  қатар  қырғыз,  ұйғыр,  езбек  жэне 
баска да халыктар екілдерінің де  катысуы  болды.
Қазақстан  мен  Орталык  Азиядағы  1916  жылғы  ұлт-азаттық 
кетеріліс  тұтас  алғанда  Ресей  империясындағы  саяси  жэне 
элеуметтік-экономикалык  дағдарыстың  одан  эрі  аскына  түсуіне 
себепші болды. Ол Ресейдегі эскери-отаршылдық басқару жүйесінің 
іргесін  шайкалтып,  шығыстың  отар  халыктарының  импералистік 
езгіге  карсы  XX  ғасырдың  басында  еріс  алған  бүкіл  ұлт-азаттық 
қозгалысының  кұрамдас белігі  болды.
201
198-14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет