Микркезз алматы


  Лбылай ханның Қазақ хандығыи  нығайту



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

2.  Лбылай ханның Қазақ хандығыи  нығайту
жолындағы  қызіиеті
Абылай  хан  туралы  кептеген  дастандар,  аңыз-эңгіме. 
жырлар,  тарихи  деректер  мен  зерттеулер  бар.  Абылай  ха

Әбілқайыр  ханның  Ресей  жағына  қатысты  бұрынғы  адал  жэне 
ізгі  ниетті  көзқарасының  салқындауына  себеп  болды.  Әбілқайыр 
ханның  Ресей  билеушілеріне  қарсылық  көрсеткені  төмендегіден 
көрінеді.  1748  жылы  Әбілқайыр  ханды  Орта  жүздің  Барақ  сұлтаны 
өлтіргенде  Ресей  империясының  шенеуніктері  былай  деп  жазған: 
«Әбілқайыр  хан  қаншалық қиянат  жасаса да,  басқаларға  қарағанда 
бірінші  болып  императордың  ұлы  мэртебесінің  қол  астына  кірген
еді».
Осы жылы патша үкіметі Кіші жүздің хандығына Әбілқайырдың 
баласы  Нүралыны  бекітті  жэне  ол  Петербордан  Орынборға экелген 
сыйлықтарға  ие  болды.  Патша  Анна  Иоанновнаның  атынан  келген 
тартулар  атап  айтқанда, «татар жэне орыс тілдерінде жазулары  бар 
қылыш,  бүлғын  тон,  қара  түлкілі  екі  бөрік,  мэуіті  тон  ...»,—   дей 
келе, сонымен  бірге  қасындағы інілеріне,  анасына, старшын, би т.б. 
сыйлықтарға «жалпы 3000 руб.—  ден де көп қаржы жүмсалды  ...», 
дейді  В.  Витебский  «Нсплюев  жэне  1758  жылға  дейінгі  бүрынғы 
қүрамдағы  Орынбор  өлкесі»  деген  еңбегінде.  Ресей  мемлекетінің 
бүл  ісі  қазақ  мемлекетінің  ішкі  саясатына  араласуға  жағдай  жасау, 
яғни  мемлекетті  бостандығынан,  тэуелсіздігінен  айыруға  жол  бас- 
тау  еді.  Бүл  жерде  Ресей  империясының  дипломатиялық  корпусы 
үлкен  рөл  атқарды.  Мысалы:  Бекович-Черкасский,  Тевкелев  тэрізді 
басқа  үлт  өкілдерінің  қазақ  жеріндегі  эскери-зерттеу  миссиясы 
Ресейдің қазақ жеріне ендеп  кіруіне  мүмкіндік туғызды.
XVIII  ғасырдың  30— 40  жылдары-ақ  Кіші  жүз  жэне  Орта  жүз
қазақтарының  Ресей  протекторатын  қабылдағанына  қарамастан, 
олардың  бағынуы  нақты  болмады.  Себебі,  қазақ  билеушілері  бүл 
кезде  жоңғар  жаулаушыларымен  қырғи-қабақ  соғыста  еді.  Оның 
үстіне  Қазақстан  шекарасында  күшті  Цин  империясының  пай- 
да  болуы  күрделі  саяси  жағдайдың  тууына 
жэне  қазақтардың 
Ресей  ықпалынан  шығып  кету  қаупіне  экеліп  соқты.  Жоңғар 
басқыншыларының  қазақ  жеріне 
элсін-элсін  шабуылын  Ресей 
үкіметі  тиімді  пайдалануға  тырысты.  Осыған  орай  Қазақстанның 
осы  аймақтарын  Ресей  бодандығында  үстау  шекаралық  екімет 
орындарының  негізгі  міндетіне  айналды.  Ресей  эскери  күштері 
Қазақстанмен  шекара  аймақтарында  бекіністер  салуды  үдетті.  Ре- 
сей  империясы  XVIII  ғасырдың  30— 40  жылдары  Қазақстанның 
солтүстік-батыс  шекарасында  Верхнеяицкіден  Звериноголов  бе- 
кінісіне  дейін  созылып  жатқан  Үй  бекініс  шебін  салды.  Оның 
үзындығы  770  шақырым  болды.  1752  жылдың  жазында  генерал 
С.В.Киндерманның  басшылығымен  11  бекіністен  түратын  Но- 
воишим  бекіністі  шебін  салу  басталды.  Оның  жалпы  үзындығы
118

662  шақырым  болды.  Осы  бекіністі  шептің  ең  бастысы  Есілдегі 
Петропавл  болды.  Бекіпісті  шептің  басты  мақсаты  Үй  жэпе  Ертіс 
шептерін  жалғастыру  болатын.  Осы  шептердің  салыну  салдары- 
нан қазактардан  ені  50  шакырымнан  200 шақырымға дейін  жететін 
жер  көлемі  алынды.  Ресейдің  Қазақстан  аумағына  экспанциясы 
нэтижесінде  1752  жылдан  бастап  Ертістің жоғарғы  ағысындағы  Үл- 
бі,  Бұқтырма  жэне  Нарын  бойындағы  жерлердің  Ресейге  қосылға- 
ны туралы ресми түрде жарияланды.
Ресей  империясы  қазақ  жерін  отарлау  саясатын  барған  сайын 
қүшейтті.  Шекаралық  екімет  билеушісі  И.И.Неплюевтің  “беліп  ал 
да  билей  бер“  принципіне  негізделген  идеялары  мен  жоспарлары
колданысқа  кірді.  Қазақ  руларының  Жайыққа,  Жаиық  қалашығы 
мен  бекіністерге  жакын  жерлерде  көшіп  жүруіне  тыйым  салу  ту- 
ралы  1742  жылы  19  қазанда  жарлык  шықты.  Кейін  ол  1756  жылы
толыктырылып, түгел Жайық пен  Еділ  арасында  қазақтарға  кешіп-
қонуға тыйым салынды.
1760  жылы 
Өскемен  бекінісінен  Телец  көліне  дейін  бекі- 
ністер  салына  бастады.  1761  жылы  Өскеменнен  Зайсанға  дейін 
Бұқтырма  шебінің  бекіністері  пайда  болды.  Осы  алынған  жер- 
лерді  шаруашылықпен  игерген  кезде  ғана  бекітіп  алуға  бола- 
тынын  түсінген  шекаралық  өкімет  орындары  бұл  аудандарға  ел 
қоныстандыруға  белсене  күш-жігер  жүмсады.  XVIII  ғасырдың 
60-жылдарында-ак  Алтайға  Тобыл  губерниясынан  2  мың  шаруа 
мен эртектілер көшіріліп экелінді. Сонымен бірге шекаралык өкімет 
органдары  қазактарды  шекаралық  аудандардан  ығыстырып  та- 
стау  жөнінде  шаралар  қолданды.  1755  жылы  Сыртқы  істер  алқасы 
Сібірдің  өкімет  орындарына  қазақтар  “бұлайша еркін  өту  олардың 
дағдысына  айналмау  үшін  Ертістің  оң  жағына  өткізілмесін”  де- 
ген  нұсқау  берді.  1764  жылы  қазақтардың  Ертіске  10  шақырымнан 
жэне  орыс  бекіністерінен  30  шақырымнан  жақын  жерде  кешіп 
жүруіне  мүлде  тыйым  салынды.  Осылай  1730— 1740  жж.  Кіші 
және  Орта жүз  билеуші  топтарының  Ресей  бодандығын  қабылдауы 
нэтижесінде  солтүстік-батыс  Қазақстан  жері  Ресей  империясының 
отарына айналды.
2.  Абылай  ханнын  Қазак хандығын  ныі аиту 
жолындағы  қызметі
Абылай  хан  туралы  көптеген  дастандар,  аңыз-эңгімелср,  олсң- 
жырлар,  тарихи  деректер  мен  зерттеулер  бар.  Абылай  хаиды  сскс
114

алғанда  біз  оны  батыр,  Орта жүздің сұлтаны,  сосын  Орта жүз және 
де бүкіл  қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет 
ретінде сақтап қалып, оның ¥лы  ханы болып, өзіне қазақтың барлық 
хандары  мен билерін-сұлтандарын  бағындыра алғанын  жэне де  са- 
яси  қайраткер,  ақылды  қолбасшы,  дарынды  мэлімгер,  күйші  екенін 
айтқанымыз жөн.
Абылай  хан  бүкіл  өмірін  қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, 
егемендігі  үшін  арнады.  Шоқан  Уэлиханов  «Қазақ  жерінде 
Абылайдың  даңқы  аса  зор.  Абылай  заманы  оларда  қазақтың  ерлік 
заманы  болып  саналады»  деп  жазған  еді.  Абылайдың  шын  аты  —  
Әбілмансұр.  1711  жылы  экесі  Көркем  Уэли  Түркістанға  сұлтан  бо- 
лып  тұрған  кезде  дүниеге  келген.  Бұл  кезең  қазақ  халкы  үшін  өте 
қауіпті,  ауыр  кезең  еді.  Үш  айдаһардың  (Жоңғар,  Қытай,  Ресей) 
ортасында  қазақ  мемлекетінің  жойылып  кету  қаупі  төніп  тұрды. 
Қытай  мен  Ресей  жоңғарларды  қазақ  жеріне  айдап  салып  отырды. 
Ауыр  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  жылдары  Абылай 
12  жасында  жауынгерлердің  қатарына  косылады  да,  22-де  батыр, 
қолбасшы  ретінде танылады.
XVIII  ғасырдың орта шенінде  қазақ  елін  жаулардан  қорғау үшін 
Абылай  Ресеймен  жэне Қытаймен татулық, достық  катынас сақтап, 
олардың  қолдауы  арқасында  жоңғар  басқыншылығың талқандауды 
жен  керді.  Ең  ірі  қауіп  жоңғарлардың  басқыншылығы  екендігін 
түсінді.  1740  жылғы  шайқаста  Абылай  қазақ  жауынгерлерінің 
тікелей  қолбасшысы  болды.  Қазақ  эскері  жоңғарларға  қатты  соққы 
берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мэжбүр бол- 
ды.  Абылай  қазақ эскерлерін  ұйымдастырып,  жауға  қарсы  көтеріп, 
басын  біріктіріп,  негізгі  эскери  күшті  жинап  көрші  мемлекеттерге 
қазақ  хандығы  біртұтас  ел  екенін  керсетті.  Абылай  сұлтан  бұл  кез- 
де  қазақтарды  біртіндеп  жоңғар  шабуылдарынан  құтқарып,  елдің 
тыныштығын,  халықтың  тұтастығын,  мемлекеттің  егемендігін, 
тэуелсіздігін  сақтап  қалуды  мақсат  еткен.  Бұл  мақсатты  іске  асыру 
барысында  ол  Ресей  империясының  1740  ж.  Орынборда  (тамыздың 
28-і)  сұлтан  Абылай  «верным  добрым  и  послушным  ...  и  поддан- 
ным  быть  ...»  деп  Ресей  империясының  өкіметіне,  кейін  Қытай 
мемлекетінің  бодандығын  қабылдауға  мэжбүр  болды.  Тарихшы- 
ғалым  Н.  М ұхаметқанұлы  «XVIII  ғасырдағы  Чин  патшалығы  мен 
қазақтардың  қарым-қатынасы»  атты  мақаласында  былай  деп  жа- 
зады;  «1755  ж.  Орта  жүз  ханы  Абылай  Чин  хандығының  елшілерін 
күтіп  алған  кезде,  оларға  Чин  хандығына  бағынышты  болу  ниетін 
білдірді;  «¥лы  мэртебелі  патшаның  орталық  ойпатты  билеп
120

отырғанын  бұрыннан  естуші  едім,  арада  асқар  тау,  алып  өзендер 
көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық.  Міне, 
бүгін  патшаның  кұдіреті  шалғайды  шарлап,  Ілені  сапырып,  Лама 
дінін  керкейтті.  Қазақтар  мен  жоңғарларға  тыныштық  орнатылды 
деп куанып отыр. Мен шын ниетіммен мэртебелі патшаға қараймын». 
Ал  бұл  туралы  А.Левшин  былай  деп  жазады;  «Жауын  сұсымен  де, 
күшімен  де  сескендіре  отыра,  ол  өз  қалауымен  біресе  Ресейдің, 
біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мэжбүр болғанымен шын 
мэнінде ешкімғе де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды».
Екі  ірі  мемлекетпен дипломатиялық,  сауда қарым-қатынастарын 
орнатып,  кезінде  жоңғарлар  басып  алған  Алтай,  Тарбағатай 
еңіріндегі  қазақ  қоныстарын  қайтарып  алды.  Қазақтар  жаппай  ата- 
мекендеріне  орала  бастады.  Жоңғарлармен  күресте  халықтың  ба- 
сын  біріктіруде  ерекше  рөл  атқарды.  Абылай  сұлтан  езінің  шебер 
саясаткерлігінің  арқасында  Ресей  мен  Қытай  сияқты  ірі  империя- 
ларды  өз саясатымен  санасуға мэжбүр ете  отырып,  іс  жүзінде  елдің 
дербестігін, жерінің тұтастығын  сактап қалды.
Абылай  өткір  ойлы,  терең  білімді  шешен  адам  болған.  Бірнеше 
түрік  халықтарының  жэне  де  парсы,  қытай,  орыс  тілдерін  жетік 
білген.  1741  жылы  Абылай  сұлтан  жоңғарлардың  қоршауында 
калып,  тұтқынға  түседі.  Тұтқында  болғап  екі  жыл  ішінде  олардың
тілі  мен жазуын үиренш, жоңғар хандығының ішкі  саяси  жағдаиын 
жіті  бакылап,  бұл  мемлекеттің  күштілігі  —   мықты  орталықтанған 
билікке  бағынуында  жэне  де  халықтың  бірлігінде  екенін  түсінеді. 
Абылай  сұлтан  жэне  де  бірге  болған  серіктері,  барлығы  отыз  бес 
адам  қалмақ  тұтқынынан  1743  жылдың  5-і  қыркүйегінде  елге 
кайтып  оралады.  Абылайдың тұтқындағы екі  жылдай  уақыт  ішінде
езш щ   қадір-қасиетш  жоғалтпаи  жоғары  ұстауы,  сез  жүиесшдегі 
тапқырлығы  мен  батылдығы  жауларын  таңқалдырған.  Қалдан  Це- 
рен  Абылайдың  даналағына  бас  иіп,  оған  жоғары  мэртебелі  сый- 
сияпат  керсеткен  жэне де  «ол  (Абылай)  заманынан  жүз  жыл  бұрын 
ерте  туды,  бүкіл  элемді  билеу  колынан  келеді»  деп  тегіннен-тегін 
айтпаған болар. Осы мэселеге байланысты орыс деректерінде былай 
жазылған:  «Он,  Аблай,  от  зюнгарцев  с  великим  награждением  от- 
пущен,  а  именно:  дана  ему  палатка,  шитая  золотом  шуба,  крытая 
парчою  золотою,  палатка  железная  складная,  панңырь  и  прочее». 
Жоңғарлардың  қонтайшысы  Қалдан  Церен  «Менің  ұлымды  өлтір- 
ген сен бе?» —  дегенде Абылай  былай жауап  берген  екен  «...  балаң- 
ды  өлтірген  мен  емес,  халық,  менің  қолым  халықтың  бұйрығын
121
\
I

орындаушы  ғана».  Бұл  оқиға  туралы  Үмбетей  жырау  «Бөгембай 
өлімін Абылай  ханға естірту»  атты жырында былай дейді:
«Өлтірем деп  Қалдан  хан 
Орайына  Шарыштың,
Сөзіне  карсы сөз айтып, 
Жауаптастың, қарыстың. 
Қапияда тұтылдың,
Қалмакка бітеу жұтылдың, 
Шешендік жолын тұтындың, 
Үш ауыз сөзбен  кұтылдың  ...»
XVIII 
ғ.  50-  жылдары  Жоңғар  мемлекеті  саяси  дағдарыска 
ұшырап,  элсіреп,  ыдырай  бастады.  Бірак,  Абылай  ол  елді  кырып 
шапкан  жок.  Себебі,  Қытай  империясымен  Қазак  елінің  арасын- 
да  калқан  релін  аткарған  Жоңғар  хандығының  мүлдем  жойылуы 
неге  экеліп  соғатынын  Абылай  жаксы  түсінген.  Сондыктан  да  ол 
калмак  халқының  Қытай  баскыншыларына  карсы  ұлт-азаттык 
күресін  колдады.  Бірақ,  қалмақтар  ауыз  бірліктен  айырылды, 
соның  нэтижесінде  1756— 1757  жылдары  Цин  империясы  Жоңғар
мемлекетш жойып, халқын қырып тынды.
XVIII 
ғ.  орта  кезінен  бастап  Абылай  қазақ  елінің  ерікті,  іргелі 
біртұтас  ел  болуын,  атаконысына  жайғасып,  бейбіт  енбек  етуін 
калады.  Ол  елді  отырықшылықка  көшіруді,  Үш  жүздің  басын 
қосуды,  туған  Отанын  жаудан  қорғауды  максат  етті.  Абылай 
хандык  құрған  кезде  ханның  жанында  Кеңес  болған.  Оған  барлық 
жүздердің  екілдері  қатысып,  маңызды  мэселелерді  қарайтын  жэне 
де  бүкілқазақтық  Құрылтай  шақырылып,  соғыс  пен  бітім,  қоныс 
пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен 
дипломатиялык қарым-қатынас мэселелері  қарастырылып отырды.
Ташкент,  Ходжент,  Сайрам,  Шымкент,  Созақ,  Түркістан  калала- 
ры  азат  болған  соң,  яғни  қазақ  хандығына  қайтадан  қарағаннан 
кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы
қазак мемлекетінің астанасы болып белгіленді.
Мемлекеттің  тэуелсіздігін  сақтау  үшін,  басқыншылардан  елін 
қорғай  алатын  жауынгерлік  қабілеті  бар  эскери  күш  жинап,  олар- 
ды  басқаратын  тапқыр  эскер  басшыларын  өзінің  қасына  жинай 
білген  жэне  де  өзінің  жоғары  дэрежедегі  колбасшылық  касиеті  бар 
рк-рнін  к-йпгетр япғян  Опыс  казактапы  салып жаткан бекініс,  қамал-
122

калалардың  маңындағы  жаиылымды  жерлерден  аиырылып  қалмау
үшш,  орыс  мұжықтарынан  қазактарға  егіншілікті  үиретуге  эрекет
етті.
Ал  сауда-саттық  жүргізу  ісіне  көп  көңіл  бөлгені  де  орынды  еді. 
Бұрын  айырбас  сауда  тек  Орынборда  ғана  жүргізілсе,  енді  1760- 
жылдары  Троицкіде,  Семейде,  Қызылжарда  жүргізілетін  болды. 
Ертіс  өзенінің сол  жағын  бойлай  шығысқа —  Қытайға қарай  «Абы- 
лай  жолы»  атты  сауда  жолы  салынды.  Қазақ  хандығы  мен  Қытай 
арасындағы  сауда-саттық  биік  дэрежеге  көтерілді.  Тарбағатай  мен 
Құлжада  жәрмеңкелер  ашылып,  олар  қазақтарға  малын,  коленер 
бұйымдарын  Қытай  тауарларымен  айырбастауға  мүмкіншілік  ту- 
дырды жэне Ресей  мен  Орта Азия  мемлекеттеріне де  Қытаймен сау- 
да қарым-қатынасын орнатуға жол ашты.
1771  жылы  үш  жүздің  өкілдері  жиналып  Абылайды  бүкіл 
қазақтың  ханы  етіп  сайлайды.  Оның  хан  атағын  Қытай  императо- 
ры  да,  орыстың  ақ  патшасы  да  бекітеді.  Ресей  патшасы  Екатерина
II  Абылайды хандыққа бекіту, эйтпесе,  оған  элдебір нұсқаулар беру 
үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, 
алайда  Абылай  хан  ол  шақыртуларға:  «Мені  үш  жүзге  хан  қылып 
халқым  сайлады,  ендеше  бұған  қоса  айрықша  бір  куэлік  алудың 
қажеті  жоқ»,—  деп  жауап  берген.  Шын  мэнінде  де  Абылай  ханның 
тұсында  қазақ  мемлекеті  езінің  ішкі,  сыртқы  саясатын  ешкімге 
жалтақтамай  дербес  жүргізді.  Ол  ез  мемлекетінің  дербестігін
бэрінен де жоғары санады.
Сондықтан,  Цин  империясы  Жоңғар  мемлекетін  кырып-жойып, 
шауып тастағаннаң бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп,  Қытай 
мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты.  Қытай импе- 
риясы  бірнеше  қайтара  шапкыншылық  жасап,  қазақ  жерін  жаулап 
алмақшы  болды.  Қытай  мемлекетін жеңу оңай емес  екенін түсінген 
Абылай  хан  онымен  бейбіт  келісімге  келіп,  сауда-саттыққа  жол 
ашып,  оны  Ресей  империясына  қарсы  қолданған.  Қытаймен  бейбіт 
қарым-қатынасты өрбіте отырып, Абылай  Ресеймен де қалыптаскан 
саяси  жэне  экономикалық  қатынасты  үзбеген.  Ресей  империясы 
қазақ  жерінің  шекарасына  бекіністер,  қамал-қалалар  салып,  олар- 
ды  орыс  казактарымен  толық  жайғастырып  жатқанда  жэне  де 
Жайықтың,  Ертістің  тағы  басқа  өзендердің  жағасына  қазақтар  ма- 
лын  жаюына  тыйым  салу  жөніндегі  жарлықтарын  шығарғанда  Ре- 
сеймен  жағдайды  шиеленістіруге  бармай,  мэселені  дипломатиялық 
жолмен  шешуге  тырысты.  Ресей  патшалығының  отаршыл,  басып 
алу саясатының  кұрбаны  болу қаупі  тұрғанын  сезді.
123

XVIII 
ғ.  70-  жылдары  Түркістан  аймағында тұратын  казактарды 
қырғыздар  шауып,  мал-жандарын  айдап  экетіп  отырады.  Қазактар 
Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді.  1779 
жылы  Абылай  эскерлері  кырғыздарды  талқандап,  басшысы  —   Са- 
дырбаланы тұтқынға алады.  Қырғыздар  келісімғе келіп, бітім жаса- 
уды  өтінеді.  Сосын,  Түркістан,  Сайрам,  Шымкент,  Созақ  қалалары 
босатылады,  ал  1781  жылы  Ташкентті  бағындырады,  оны  алым- 
салық  телеп  тұруға  міндетті  етеді.  Абылай  хан  «...  өзі  эулет  басы 
ретінде рубасыларының ғүрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда 
қалды. Сонда  1781  жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің 
мешіті алаңына жерленді»,—  дейді  Ш.  Уэлиханов.
Абылай  хан  мемлекеттің,  қазақ  халқының  жағдайын  шүғыл 
түзеді.  Абылай  кезеңі  тарихта  ең  бір  елеулі  кезең  болды.  Жау 
куылды,  халық  ез  жерінде  емін-еркін  түрмыс  қүрды,  бірліқке, 
үйымш ылдыққа  неғізделген  хандық  биліғі  қүрылды.  Солай  бола 
түрса да Абылай хан көзі тірісінде қазақ елінің мемлекетінің түрақты 
болуының  тарихи  жағдайын  жасап  үлғермеді.  1781  жылы  Абылай 
хан  дүние  салғаннан  кейін  еліміздің  түтастығы  ыдырап,  Қазақстан 
тэуелсіздігінен  айырыла бастады.
Абылай  хан  —  XVIII  ғасырдағы  тарихымыздың  аса  ірі  түлғасы. 
Ол  туралы  орыс  ғалымы  А.  Левшин  былай  дейді:  «Абылай  тэжіри- 
бесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы  халқының саны, 
күші  жағынан  болсын, 
сондай-ақ  езінің  Ресей  патшалығымен, 
Қытайдың  боғда  ханымен  жүргізген  тапқыр,  шебер  қатынастары 
жағынан  болсын  ез  түсындағылардың  бэрінен  де  басым  еді.  Ол 
үстамды,  досына  мінэйім  мінезді,  жауына  қатал,  қаһарлы  кісі  еді. 
Сондықтаң жүртты езіне тарта,  ерте  білетін  еді».
Бүл  жерде  Абылай  ханның  XVIII  ғасырдан  күйі  жеткен  санау- 
лы  күйшілеріміздің бірі  екенін  айта кеткен  жен болар.  Себебі,  қазақ 
қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде 
жэне  күй  аңыздары  түрінде  сақталған.  Абылай  ханның  күйлерінің 
тақырыбы  нақтылы  емір  қүбылыстарына  арналған  жэне де  ел  қамы 
мен халы қтағды ры  женінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай 
ханның  қүйлері  туралы  Ш.  Уэлиханов,  А.  Затаевич  сияқты  ға л ы м - 
зерттеушілер  кезінде  жазған.  Олар;  «Ақ  толқын»,  «Бүлан  жігіт», 
«Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б. 
«Бүл  күйлердің  бэрі  күні  осы  уақытқа  дейін  Абылай  үрпақтарына 
сонау  бір даңқты  кезеңдерді  елестетеді» дейді  Ш.Уэлиханов.
Абылай ханның алға үстаған саясаты, мақсаты —  қазақ хал қының 
бостандығы  мен  бірлігі,  мемлекеттігі  мен  тэуелсіздігі  еді.  Алайда
124

ол  дүние салғаннан  кейін  қазак  мемлекеті  кайта  бөлшектеніп  ыды- 
рай  бастады.  Ресей  империясы  қазақ  жерін  отарлауды  қызу  қолға 
алды. Оны  іске асыру эртүрлі жолдармен іске асты, яғни эскери шеп 
бекіністер салу,  қазақ жерін тартып  алу,  хандық билікті  жою,  руха- 
ни отарлау жэне т.б.
Абылай  кезінде  қазақ  хандығының  саяси  жэне  экономикалық 
жағдайы  жақсарды.  Қазақ  халқы  бірлікке,  тэуелсіздікке,  бейбіт 
өмірге  үмтылды.  Абылай  сүлтан  болған  кезінде  ақыл-айласымен, 
сабырлы  салмақтылығымен  маңайына Төле би, Әйтеке  би,  Қазыбек 
би,  Байдалы  би,  Сасық  билерді,  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы 
Бөгенбай,  Шақшакүлы  Жэнібек,  Шапырашты  Наурызбай  т.б.  ба- 
тырларды, Бүхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты 
сыншы-жырауларды топтастыра  білді.  Абылай  ел  арасында аса  зор 
беделге ие болған.  Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең 
дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға 
айналған  Абылай  деген  ат  тәуелсіздік,  бостандық,  бірлік,  ерлік, 
азаматтық,  мемлекеттік  тэрізді  үғымдармен  бірге  айтылатын  бол-
ды.
3.  Кіші жүз  қазақтарының  патша үкіічетінің отарлау 
шараларына  қарсы  күресі
XVIII 
ғасырдың  30-  жылдары  Кіші  жүзді  өзіне  тэуелді  еткен 
соң  патшалық  Ресей  біртіндеп  қазақ  даласындағы  отарлау  саяса- 
тын  тереңдете  бастады.  Оның  барысында  елдің  шаруашылығы 
қүйзеліске  үшырап,  саяси  жағдайлар  шиеленісе  түсті.  Мүның 
барлығы  Қазақстанның  эр  өңірінде  халықтың  наразылығын  ту- 
дырып,  кетеріліске  шығуға  итермеледі.  Ал,  Кіші  жүз  өңірінде 
қалыптасқан  жағдайлар  қазактардың  Е.  Пугачев  бастаған  кетері- 
ліске  қатысуына  себеп  болды.  Өзін  “ III  Петрмін”  дсп  жариялап, 
лақап атжамылған  Е.  Пугачев пен оныңтөңірегіндегілер қазақдала- 
сында  болып  жатқан  мэселелерден  біріиама  хабардар  еді  жэне  олар 
қазақтардың  көтерілісті  қолдайтынын  түсінген  болатын.  Сондык- 
тан,  ол  жағдайларды  өз  мүддссінс  пайдаламуға  тырысып,  1773 
жылдың  6  кыркүйегінде  казақтарга  “камқор”  болатынын  білдіріп 
манифест  жазып,  200  адамнан  түратын  қазақ  жасақтарын  жіберуді 
сүрайды.  Пугачевтың  жазган  мүндай  үндеулері  қазақтар  арасынап 
біршама  қолдау тапты.
Осыдан  кейін,  кыркүйсктіц  20-сына  карай  Пүралы  хан  1000-ға 
жуык  қазақ жасағымен Жайық калапіығының жаныиа кслслі. бірак.
125

Пугачевқа  көмек  көрсетуден  тартынып,  көп  ұзамай  кері  қайтып
кетеді.  Пугачев  1773  жылдың  20  қыркүйегінде  қазақтарға  арнап
тағы  да  манифест  жазады.  Одан  соң,  Пугачев  Ж айық  қалашығына
шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып, 
иргЬгі  к-л/піін  япып  Опктнбппға капай  кетелі.  Жол бойында Чеоноре-
ченск, Татищев бекіністерін  басып  алады.
Қазақ  жасақтары  Ж айық  қалашығына,  Озерная,  Сахарная,  Ко- 
жехаров,  Красногор  дистанциялық  бекіністеріне  шабуылдар  жа- 
сайды.  1773  жылдың  5  қазанында  Пугачевтың  көтерілісшілері 
Орынборды  қоршауға  алған  тұста  Досалы  сұлтан  бастаған  қазақ 
жасақтары  Пугачевтың  өтініші  бойынша  Орынборды  қоршауға 
алуға  қатысады.  Досалы  сұлтанның  үш  баласы  Пугачевты  қолдап 
көтеріліске  қатысқан  болатын.  Орынборды  қоршау  5  айға  созылып, 
оның барысында 2000-дай қазақ жасағы  қолдау көрсетті.
1774  жылдың  тамыз  айында  старшын  Дайыр  сүлтан  бастаған 
50  қазақ  жасағы  Пресноі орьков  бекінісін  шабуылдады.  Қүлсары 
батыр  бастаған  қазақтар  редутке  шабуыл  жасап,  оған  старшындар 
Алғабай,  Итек жэне Дэуітбай тархан  қатысты.
Пугачев  көтерілісіне  қазақтардан  басқа  башқүрттар,  қалмақтар, 
Т . 6 . ,  
қатысқан  еді.  Бүл  көтерілісті  басуға  патша  экімшілігі  жақсы 
қаруланған  жазалаушы  эскер  жіберді.  Жазалаушы  эскер  Қазан 
маңында  кетерілісшілерді  басып-жаншыған  соң,  Пугачев  бастаған 
көтеріліс  жеңіліс  тапты.  1775  жылдың көктемінде  жазалаушы  эскер 
көтеріліске  қолдау  көрсеткен  қазақ  ауылдарына  шапқыншылыктар 
жасады.  Бүған  шыдамаған  қазақтар  далаға  ішкерілей  көшіп  кетіп,
бас сауғалайды.
Ал,  1775  жылдың жазына  қарай  Кіші  жүз  өңірінде  “Көрінбейтін 
адам”  немесе  Көктемір  туралы  аңыз  тарайды.  Бүл  аңыздың  тара- 
луы  барысында  күйеуі  Сейдалы  сүлтанның  қолдауына  сүйенген 
Сапура  Мэтенқызы  “Көрінбейтін  адам”  атынан  үндеу  таратып,  жа- 
нына  жасақ  жинап,  күзге  қарай  көтеріліске  шықты.  1776  жылдың 
көктемінде  Сейдалы  сүлтан  бастаған  көтерілісшілер  отряды  жа- 
залаушы  эскердің  қүрамында  болған  башқүрттарға  шабуыл  жа- 
сады.  Сапура  Мэтенқызы  бастаған  көтерілістің  өрістеуі  барысын- 
да  оған  қатысушылардың  саны  10  мыңға  дейін  жеткен  болатын. 
Көтерілісшілер  Гурьев  пен  Кулагин  бекінісінің  аралығындағы 
жерлерге  топтасып  Ресейге  қарсы  күресуді  ойластырады.  Жоғарғы 
Орал,  Ор,  Елек,  Орынбор  бекіністеріне  шабуылдар  жасайды.  Бірақ, 
уакыт  өте  келе  көтерілісшілер  арасында өзара  келіспеушіліктер  ту- 
ындап,  Досалы  сүлтан  Ресейді  қолдап  кетеді.  1776  жылдың  жазын-
126

да  жазалаушы  эскердің  күшімен  көтеріліс  аяусыз  басып  тасталды. 
Сапура  Мэтенқызы  бір  топ  жақтастарымен  далаға  ішкерілей  ене 
отырып, жасырынуға мэжбүр болады.
Бүл  көтерілістерден  кейін,  патша  өкіметі  1775  жылы  жергілікті 
басқару  ісіне  кайта  үйымдастыру  жүргізді.  Орынбор  губерниясы 
таратылды.  Кіші  жүз  жэне  Орта  жүз  аумағының  бір  бөлігін  Сим- 
бирск  жэне  Уфа  генерал-губернаторлықтарының  қүрамына  берді. 
Орынбордың обер-комендантына Кіші жүздегі патша экімшілігінің
жерплікті  мекемелерінің  іс-шараларын  тікелеи  ж үрпзу  тапсы- 
рылып,  ол  үшін  Шекара  істері  комиссиясы  күрылды.  Патшалық
үкімет  орындары  қазак  сүлтандарын  езінщ  сенімді  тірегше  аинал- 
дырып,  олардың  көмегімен  казактардын  толқуларын  болғызбауға 
үмтылды. 03 тарапынан Нүралы хан мен сүлтандар патша үкіметіне 
адалдығын дэлелдеуге  бар  күшін салды.  Патшалық үкімет орында- 
ры сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен  беру жолымен дала
аристократиясымен  одақты нығаитуға үмтылды.
Кіші  жүз  жерлеріне  салынған  бекіністердегі  казак-орыс  эскер- 
леріне  жергілікті  халық  есебінен  жер  белініп  беріле  бастады.  Бүл
жағдаи  жаиылымдық  жерлердің  тарылып,  мал  шаруашылығының 
күйзеліске  үшырауына  алып  келді.  Сонымен  қатар,  бекіністерге 
орналаскан казак-орыстар қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, мал- 
дарынайдап,адамдарынбайлапэкетіпотыратынболды.Орынбордың 
эскери  губернаторы  Н.Вахметьев  патшаға  жазған  мэлімдемесінде; 
“Шеп бойындағы  барлық бастықтардың қолдауымен  рүқсат етілген 
жазалау  шаралары  қазактарды  аздырып-тоздырып,  талан-таражға 
үшыратуы  сондай,  барымта  деп  алынған  малдың  мыңынан  жүзі
иесінің  қолына  қайтып  тимейді.  “Шекараға  жете  алмаи  өлді  де- 
ген  сылтаумен  мал  барымта  басшысының  т.б.  қолында  қалып  от- 
ырды.  Сөйтіп  осы  жаман  эдет  арқылы  дүние-мүлік  жинап,  байып 
алғандар  көп»,—   деп  керсетеді.  “Шекара  барымтасы”  деген  шабу- 
ылдар  бүкіл  бекініс  линияларының  бойында  қолданылып  түрған. 
Мүндай  шабуылдар  кейде  тіпті  ойдан  шығарылған  сылтаулар 
арқылы да жасалған, оның үйымдастырушылары Жайықтағы  казак- 
орыс эскерінің атамандары.  Бүл  шабуылдардың көп болатын  себебі, 
шабуылға  қатыскандар  олжа  түсіріп,  ауқаттанып  отырғандығын 
Орынбор экімшілігінің өзі де  мойындайды.
Бүл келеңсіз  күбылыстарға қоса хан  мен  патша үкіметінің салған 
түрлі  салықтары,  керсеткен  зорлық-зомбылықтары  халыкты  эбден 
титықтаткан  еді.  Патшалык  Ресейдің  жергілікті  экімшілік  орын- 
дарына  арка  сүйеген  Нүралы  хан  мен  оның  туыскан  сүлтандары
127

70-жылдардың  екінші  жартысында  халықты  қанауды  күшейтті. 
Нұралы хан Кердері руынан бір жылда —   100 жылқы, Тама руынан
—  60 жылқы, Табын руынан —  50 жылқы тартып алған.
1782  жылғы  жарлық  бойынша  қазақ  ауылдарының  Жайықтан 
өтуіне  хан  шекаралық  үкімет  органдарынан  рұқсат  алғаннан 
кейін  ғана  жол  берілді.  Нұралы  мен  оның  ең  жақын  туыстары 
қоныстарға  билік  ету  қүқығын  пайдаланып,  қиянат  жасады,  Орал 
казак  эскерлерінің  старшиналарымен  сөз  байласты.  Әскери  стар- 
шиналар  өзеннен  еткені үшін ақы төлемеген  ауылдарды тонады,  ал 
қазақтарды  түтқынға  алып,  айдап  экетті.  Сол  кезде  хан  мен  оның 
жақындастары  түтқындарды  сатып  алу  үшін  халықтан  қаражат 
жинады.  Бүл  қаражат  Орал  эскерінің  старшиналарымен  бөлісілді. 
Сөйтіп, “түтқып  іздеу”  қаржысы  ханның,  шекаралық экімшілік пен 
казактардың үстем топтарының түрақты  табыс көзіне айналды.
Осындай  элеуметтік-саяси  себептер  С.Датүлы  бастаған  Кіші 
жүз  қазақтарының  кетеріліске  шығуына  негіз  болды,  Яғни,  1783 
жылдың  кектемінде  Ж айық  казактарыңың  қазақтардың  4  мыңнан 
аса  жылкысын  айдап  экетуі  елдің  ішіндегі  жағдайды  одан  эрі 
шиеленістіріп,  көтерілістің  басталуына  экеп  соғады.  Көтеріліс 
алғаш Кіші  жүздің батыс  еңірін Тама руын  қамтып,  кейін  Орал  мен 
Жем  өзендерінің  арасына  қоныстанған  басқа  да  руларға  таралды. 
Кетеріліске  елге  жастайынан  ақылдылығымен,  шешендігімен  та- 
нымал  болып  бала  би  атанған  халық  арасында  беделі  зор,  ықпалы 
күшті  Байбақты  руының старшыны  С.Датүлы жетекшілік жасады.
1783  жылы  кетерілісшілер  қазақ  ауылдарына  шабуыл  жасаған 
казак-орыс  атамандарының  бірі  Чагановтың  отрядын  талқандап, 
оның  езін  түтқынға  алып,  кейін  Хиуа  хандығына  қүлдыққа  са- 
тып  жібереді.  Осы  жағдайдан  кейін  кетерілісшілерге  қарсы  Орал 
қаласынан  эскер  шығып,  1783  жылдың  желтоқсанында  күтпеген 
жерден  С.Датүлын  қолға түсіреді.  Бірнеше ай түрмеде отырған Сы- 
рымды  қүдасы  Нүралы  хан  1784  жылы  кепілдікке  70  жылқы,  350 
рубль  ақша  телеп  босатып  алады.  1784  жылдың  мамырында  елге 
оралған  Сырым  ез  жасағымен  Орал  эскерлеріне  қайта  шабуыл 
бастайды.  Бірақ,  оның  бүл  эрекеті  Нүралы  хан  тарапынан  қолдау 
таппайды.  Нүралы  оған  керісінше  қарсы  болып,  кетерілісті  басуға 
экімшіліктен  қосымша эскер жіберуді сүрайды.  Нүралы ханның бүл 
ісіне  риза  болмаған  Сырым,  онымен  араздасып,  енді  кетеріліс  тек 
Ж айық  казактарына  ғана  емес,  Әбілқайыр  эулетінен  шыққан  хан 
мен  сүлтандарға да қарсы  бағытталады.
1784  жылы  көтеріліске  Байбақты,  Табын,  Шекті,  Шеркес 
руларының  адамдары  да  қатысты,  кейін  кетеріліс  одан  эрі  қанат
128

жайып —  Барак, Тіленші, Оразбай, Айшуақтың баласы Жантөренің 
иеліктерін,  Жоғарғы  Орал  бекінісі  мен  Елек  қалашығына  дейінгі 
аралықты  қамтыды.  1784  жылдың  күзінде  көтерілісшілердің  саны 
1000  адам  болса,  1785  жылы  Сырым  батырдын  жасағында —  2700, 
Барақ  батырда  —   2000,  Тіленші  батырда  —   15000  адамға  жеткен. 
1785 жылдың көктемінде Сырымның жасағы Антоновск  форпосты- 
на,  Сахарная  қалашығына,  Орал  бекіністеріне  шабуылдар  жасап, 
оларға кеп шығын келтіреді.
1785 
жылдың наурызында кетерілісті басуға  Орынбор қаласынан 
Елек  өзенінің  жоғарғы  ағысын  бойлай  генерал-майор  Смирновтың 
отряды,  Сарайшық  бекінісінен  Пономарев  пен  Колпаков  басқарған 
Жайық  казактары  аттанады.  Бұл  отрядтар  кетеріліске  қаіысушы 
ауылдарға  ойран  салып,  тонап,  Қаракел  маңындағы  ауылдардан 
112  адамды  тұтқындап  алып  кетеді.  Майор  Назаровтың  отрядына 
Сырымға  кемекке  келе  жатқан  Айшуақтың  баласы  Аппақ  бастаған 
сарбаздар  қарсылық  керсетіп,  осы  шайқаста  Аппақтың  езі  де 
ерлікпен  қаза  табады.  Назаровтың  отряды  Табын  руының  ауылда- 
рына  шабуыл  жасаған  кезде  Айшуақтың  екінші  баласы  Жантерені 
соққыға  жығып,  балалары  көтеріліске  белсенді  қатысқаны  үшін 
Айшуақ  сүлтанды  тұтқындап,  2124  жылқысын  қоса  айдап  кетеді. 
Осыдан Айшуақ  1787 жылға дейін түрмеде отырады.
Айшуақ  сұлтанның  тұтқындалып,  балаларының  біреуі  еліп, 
біреуінің  соққыға  жығылуы,  старшындардың  патша  экімшілігіне 
бағынбауы,  Кіші  жүз  руларының  кепшілігі  Нұралы  ханды  мойын- 
дамай  кетерілісшілер  жағына шығуы,  хан  билігінің дәрменсіздігін, 
дағдарыска  ұшырағандығын  байқатты.  Бұл  жағдай  Ресей  екіметін 
де қатты  ойландырды. Енді олар Кіші жүз старшындарымен тікелей 
байланыс  жасау  жағын  ойластырады  да,  генерал-губернатор
О.А.Игельстром  Орынбор  шекаралық  комиссиясында 
қызмет 
істейтін ахун (ахун — мұсылмандық діни лауазым) М.Құсайыновты 
елшіліккежібереді.Елшіліктіңалдына: кетерілісжасаушы рулардың 
старшындарымен  тікелей  байланыс  орнату,  кетерілістің  себептерін 
анықтау,  көтерілісшілердің  қоятын  талаптарын  білу,  кетеріліс 
тоқтатылса берілетін  жеңілдіктерді  түсіндіру  сияқты  т.б.  міндеттер 
жүктеледі. 
Кіші  жүздегі  жағдаймен  танысқан  Құсайынов,  1785 
жылдың жазында  кетерілісшілер  мен  старшындардың  қатысуымен 
еткен жиналыста  патша  экімшілігінің  қоятын  талаптарынан  хабар- 
дар етеді.
Ал кетерілісшілер өз тарапынан  патша экімшілігіне мынадай та- 
лаптар  қояды:  1) Еділ  мен  Жайық арасындағы  қоныстарды  қайтару;

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет