Микркезз алматы


 Кенесары  Қасым:^лы  бастаған ұлт-азаттық соғыс



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

4. Кенесары  Қасым:^лы  бастаған ұлт-азаттық соғыс
Ресей  империясының  қазақ  даласындағы  хандық  билікті  жоюы, 
шекаралық  аймактарда  жаңа  бекіністерді  салып,  қазақ  жерлерін 
күштеп  тартып  алуды  одан  эрі  жалғастыруы,  қазақ  қоғамында 
әлеуметтік  қатынастардың  шиеленісуі  Кенесары  Қасымұлы  баста- 
ған  ұлт-азаттық  көтерілістің  шығуына  себеп  болды.  Қазақтардың 
XVIII—^ХІХ  ғасырларда  болған 
басқа  барлық 
көтерілістермен 
салыстырғанда Кенесары Қасымұлы  бастаған ұлт-азаттық күрестің 
ерекшелігі,  оған  үш  жүздің  бұқара  халқы  түгелге  дерлік  катысты. 
Бұл  күрестің  кең  қанат  жайып,  бүкілхалықтық  сипат  алуы,  Ке- 
несары  күресінің  өзіне  тэн  саяси  ерекшелігі  деу  керек.  Азаттық 
күреске  қатысушы  рулардың  саны  күрестің  алғашқы  жылдарына 
қарағанда  1843— 1845  жылдары  көбейе  түскені  байқалады.  Кене- 
сарыны  анағұрлым  белсенді  қолдаған  рулар:  Қыпшақ,  Төртқара, 
Жағалбайлы,  Табын,  Тама,  Бағаналы,  ІІІекті,  Алшын,  Керей,  Жап- 
пас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б.  Кенесары жетекшілік жасаған азаттык 
күресіне ру басылары мен  билер және басқа да ауқатты топ өкілдері 
қатысты.  Олар,  мысалы,  Ш.  Едігенов,  Шорман  Күшіков,  Мұса 
Шорманов  жэне  т.б.  Кенесарыға  белсенді  қолдау  көрсеткендердің 
бірі  оның  эпкесі  Бопай.  Ол  өзінің  күйеуі  Семеке  мен  оның  туы- 
стары  сұлтан  Сортек  пен  Досан  Әбілкайыровтарды  Кенесарыға 
косылуға  үгіттейді.  Олар  көнбеген  соң  күйеуін  тастап,  баласымен 
көтерілісшілерге  қосылып,  Кенесарының бір отрядын басқарады.
Кенесары  бастаған  азаттық  күрестің  мақсаты  Абылай  хан 
тұсындағы  қазақ  хандығының  аумақтық  тұтастығын  калпына 
келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген  қазақ жерлерінің тэуелсіздігін 
сақтап калу болды. Кенесары  Ресей отаршылдығына қарсы  азаттық 
соғысты  бастамас  бұрын  бірнеше  дипломатиялык  кадамдар  жа- 
сады.  1837  жылдың  көктемінде  патша  үкіметіне  жаңа  бекіністер 
жүйесін  салудан  бас  тартып,  салынған  бекіністерді  бұзуды,  орыс 
эскерлерінің  қазақ даласына  ішкерілей  енуін  тоқтатуды  талап  етіп 
бірнеше  хат  жолдаған  болатын.  Сол  хаттарының  бірінде;  «Ата- 
бабаларымыз  мұра  еткен  Есіл,  Нұра,  Ақтау,  Ортау,  Қарқаралы,
155

Қазылық,  Жарқайың,  Обаған,  Тобыл,  Құсмұрын,  Орал,  Торғайға 
дейінгі  жерлер  қазіргі  патша  тұсында  бізден  тартып  алынып,  ол 
жерлерде  беқіністер  салынып,  сонысымен  тұрғындарды  өте  қиын 
жағдайға  ұшыратуда.  Бұл  теқ  біздің  болашағымыз  үшін  ғана  емес, 
сонымен  бірге  бүгінгі  өмір  сүруімізге  де  қауіпті»,—  деп  қөрсетеді. 
Бірақ,  Кенесарының  бүл  хаттары  патша  эқімшілігі  тарапынан  жау- 
апсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары  1837 жылдың қүзіне қарай 
ашық  қүресқе  шығады.  Қараша  айында  Петропавлдан  оңтүстіққе 
қарай  бара  жатқан  қеруенді  қорғаушы  Ақтау  беқінісінің  қазақ  от- 
рядына шабуыл жасайды.
1838 
жылы  Кенесары  эсқері  Ақтау  мен  Ақмола  арасындағы 
шептерге  шабуыл  жасап,  онда  орналасқан  Симоновтың  отрядын 
талқандап,  10  пистолет,  9  мылтық,  13  қылыш,  7  найза,  495  мың 
оқ,  т.б.,  қару-жарақ,  оқ-дэріні  қолға  түсірді.  1838  жылдың  күзінде 
Кенесары  сарбаздары  патша  үкіметінің  жазалаушы  эскерлерімен 
бірнеше дүркін қарулы қактығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша 
кескілескен  шайқас  мықты  бекіністердің  бірі  саналатын  Ақмола 
бекінісі  үшін  болды.  Оны  аға  сүлтан  полковник  Қоңырқүлжа 
Қүдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы 
қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының эскері бекіністі өртеп, 
жаудың біраз эскерлерін түтқындап, қару-жарақтарын олжалады.
1838 
жылдың  аяғына  қарай  Кенесары  Орынбор  эскери  губерна- 
торлығына  қарасты  Ырғыз  бен  Торғай  жаққа  көшеді.  Ол  кездегі 
Орынбордың  генерал-губернаторы  граф  В.А.Перовский  алғашқы 
кезеңде  көтерілісшілермен  арақатынасты  бейбіт  жолмен  шешу- 
ге  тырысқан  еді.  Арадағы  келіссездер  барысында  В.А.Перовский 
Кенесарыға  квмектесетін  болады.  Ж ылдың  аяғында  Кенесары  мен 
В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім 
бойынша Кенесары  бастаған  көтерілісшілер  шекара шебіне  шабуыл 
жасамауға  уэде  береді.  Бүл  тыныш тық 
\М 2
  жылға  дейін  созыл- 
ды.  Бірақ,  уақытша  тыныш тық  орнаған  түста  Батыс  Сібір  генерал- 
губернаторлығының  эскери  отрядтарымен  қарулы  қақтығыстар 
тоқталған  жоқ болатын.
1841 
жылдың  қыркүйек  айында  қазақтың  үш  жүзінің  атынан 
жиналған  ықпалды  билер  мен  сүлтандар  Кенесары  Қасымүлын 
ата  салт  бойынша  ақ  киізге  салып  көтеріп,  бүкілқазақ  халқына 
билігі  жүретін  хан  етіп  сайлады.  Осылайша,  Қазақ  хандығы  қайта 
қүрылып,  қазақ  мемлекеттілігі  кайтадан  қалпына  келтірілді.  Ре- 
сей  империясының  билігі  орныққан  Ертіс,  Есіл,  Орал  шептерінің 
бойындағы  аудандардан  басқа  Қазақстанның  барлық  жерлеріне
156

Кенесары  ханның  билігі  жүрді.  Мемлекеттік  құрылыс  қайта 
ұйымдастырылды.  Хан  Кеңесі  құрылып,  оған  батырлар,  билер, 
сұлтандар,  сондай-ақ,  жеке  ерлік  керсеткендер,  дипломатиялық 
қабілеттері  бар  ақылды  саясаткерлер мен сенімді  жақтастары  кірді. 
Дипломатиялық  қызмет  ұйымдастырылды.  Хан  жарлықтары  мен 
Хан  Кеңесінің  шешімдерін  таратып,  түсіндіріп  жэне  орындалуын 
талап  етіп  отыратын  арнайы  басқарма  қүрылды.  Салық  жүйесіне 
өзгерістер  енгізілді.  Әскери  мэселеде,  Хан  кеңесінің  мүшелері  мен 
атақты  батырлар  басқаратын  қатаң  эскери  тэртіптегі  мыңдықтар 
жэне  жүздіктерге  белінген,  далалық  согыс  жагдайына  ыңғайлы 
жасақтар үйымдастырылды.
Кенесары  Орынбор  губернаторымен  уақытша  келісімге  келген- 
нен  кейін,  1841— 1842  жылдары  Қоқан  хандығының  қол  астындағы 
қазақ  жерлерін  азат  ету  үшін  күрес  жүргізеді.  Бүл  күрестің 
нэтижесінде  Созақ,  Сауран,  Ақмешіт,  Жаңақорған  қалалары 
қоқандықтардан  азат  етіліп,  Түркістан  қаласы  қоршауға  алына- 
ды.  Осыдан  кейін  Қоқан  хандығы  Кенесарымен  келіссез  жүргізуге 
мәжбүр  болды.  Қоқандықтарды  талқандауда  Сырдария  бойындағы 
Жанқожа Нүрмүхамедүлы бастаған қазақтардың Кенесарыға колдау 
керсетіп,  шайқастарға белсенді  қатысуы үлкен рел атқарды.
1842  жылы  Орынбор  генерал-губернаторы  В.А.Перовский  Пе- 
тербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал- 
губернатор болып Обручев тағайындалады.  Обручевтің Перовский- 
ге  қарағанда  Кенесарымен  арадағы  мэселені  шешуде  кезқарасы 
басқаша  болды.  Ондай  жағдайды  пайдаланған  Сібір  губернаторы 
Горчаков  осы  жылы  Кенесарының  ауылын  шабуға  Сотниковтың 
басқаруымен  отряд жібереді.  Нэтижесінде,  Орынбор  экімшілігімен 
жасалған  бітім  Горчаковтың тарапынан  бүзылды.  Ал,  1843  жылдың 
27  маусымында  патша  Николай  1  Кенесары  Қасымүлы  бастаған 
күресті  басу  үшін  қазақ  даласына  ірі  келемдегі  эскери  жорық 
үйымдастыру  туралы  бүйрық  шыгарды.  Сонымен  қатар,  Кенесары 
ханның басын  кесіп  экелген  адамға 3000 сом  сыйлық тағайындады.
1843  жылдың  кектемінде  патша  экімшілігі  қазақ  даласына  үш 
отрядты  бірдей  жіберуді  үйғарды.  Ол  отрядтарға  Ор  бекінісінен, 
¥лытаудан  және  Тобыл  езені  бойынан  бір  уақытта  аттанып,  Ке- 
несары  ханның  жасақтарын  жан-жақтан  қоршауга  алып,  шешуші 
соққы  беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған  қоса, Батыс 
Сібір  генерал-губернаторлығынан  старшина Лебедевтің  жэне  қазақ 
сүлтандары  А.  Жантерин  мен  Б.  Айшуақовтың  басшылығымен 
қүрамында  қазақтардан  2000-дай  адамы  бар  қосымша  отрядтар
157

жасақталды.  Кенесары  ханның  эскеріне  қарсы  соғыс  операция- 
сын  басқару  генерал-майор  Жемчужниковке  жүктеледі.  Ол  кезде 
Кенесарының  20 мыңдай эскері бар еді. Кенесары хан патшаның жа- 
залаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке- 
жеке соққы беруді ойластырды.  Ол  өз жасақтарының бір белігін Ба- 
тыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай 
шегіне  шайқас  жүргізіп,  жазалаушы  отрядты  басқа  жаққа  қарай 
бұрып  экетеді.  Ал,  кейіннен  Кенесарыға  қарсы  шайқаста  керсеткен 
дэрменсіздігі  үшін  Лебедев  Орынборға  шақыртылып,  қызметінен 
босатылып,  сотқа  тартылады.  Кенесары  болса,  бұл  кезде  езінің 
негізгі  күшімен  Константиновск  бекінісіне  шабуыл  жасап,  1844 
жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің бойында 
Ахмет Ж антериннің отрядын қоршауға алып талқандайды.
Осы  1844 жылы Ыстықкел теңірегіңдегі қырғыздар атынан Бұғы 
руы  манаптарының  бірі  Боранбай  Бекмүратов  Ресейдің  билігін 
мойындауға дайын  екендігін  патша  I  Николайға  хабарлайды.  Бірақ 
манаптың  бұл  ұсынысын  Ресеймен  арадағы  жердің  қашықтығын 
сылтауратқан 
патша 
жауапсыз 
қалдырады. 
Кейбір 
қырғыз 
билеушілерінің  Ресей  билігін  мойындауға  ыңғай  танытуы  Кенеса- 
ры  ханды  ызаландырған  болатын.  Ал,  Кенесарының  қырғыздармен 
қақтығысының  қарсаңында  қырғыз  манаптары  Орман,  Жантай, 
Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап Ресей екіметінің 
құрамына  қабылдауды  сүрайды  жэне  қазақ ханы  Кенесарыға қарсы 
күресте  қолдау  керсетуді  етінеді.  Бұл  жағдай  Кенесарыны  одан  эрі 
ерегістіре түседі.
1846  жылдың  басында  Кенесары  хан  эскерлерімен  Балқаш 
келінің  маңына  қоныс  аударады.  Патша  үкіметі  қазақ даласындағы 
Кенесары бастаған кетерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор 
Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады.  1846 жылы 
Кенесары  хан  қоқандықтардан  Әулиеата  (Тараз),  Мерке  қалаларын 
қайтарады.  Осы  жылы  Кенесарыға  қолдау  керсетуші  ¥ л ы   жүздің 
Саурык  батыры  қырғыздардың 
батыры  Жаманкораны  елтіреді. 
Оған  жауап  ретінде  қырғыздар  Саурық  батырдың  ауылын  шау- 
ып,  Саурық  батырды  жігіттерімен  қоса  елтіріп,  мал-мүлкін  тонап 
кетеді.  Бұдан  кейін  қазақ-қырғыз  арақатынастары  шиеленісе  түсті. 
Патша  үкіметі  болса  қазақ-қырғыз  тартысына  аш ық  кіріспей,  Ала- 
тау  елкесін  ез  билігіне  бағындыруды  жеңілдету  үшін  туысқан  екі 
халықты  бір-біріне  айдап  салып,  екі  жақты  да  элсіретіп  барып,  осы 
еңірге  ез  эскерін  кіргізудің  қолайлы  жолдарын  қарастырды.  Осын- 
дай  шиеленіскен  жағдайлардың  барысында  1847  жылы  Кенесары
158

хан  10  мың  сарбазымен  қырғыз  жеріне  басып  кіріп,  оларды  Қокан 
езгісіне  карсы казақтармен  бірігіп  күресуге шакырады.
Кенесары  ханның соңғы  шайқасы  қырғыздардың  Кекілік-Сеңгір 
деген  жерінде  болады.  Қырғыз  манаптары  мен  Вишневскийдің 
отряды  жэне  Қоқан  хандығының  эскерлері  «Алмалы  сай» 
шатқалында  Кенесарының  сарбаздарын  үш  жақтан  қоршауға  ала- 
ды.  Таулы  аймақ  хан  Кененің  сарбаздарына  басымдық  көрсетуге 
мүмкіндік бермеді.  Сонымен қатар, Рүстем  сүлтан мен  Сыпатай ба- 
тыр  бастаған  жасақтардың  үрыс  алаңынан  кенеттен  шегініп,  кетіп 
калуы  да  жағдайды  қиындатқан  болатын.  Өздерінен  бірнеше  есе 
қүші  көп  жаумен  болған  қаһармандық  шайқаста  Кенесары  хан  32 
қазақ сүлтанымен  бірге  түткынға түседі.  Наурызбай  батыр  қаза та- 
бады.  Қырғыздардың  қолына  түткынға түсіп  қалған  Кенесары  хан 
патша  чиновниктерінің  алдауына  түсіп,  сыйлыктар  алған  қырғыз 
манаптарының  тарапынан  өлтірілді.  Кенесары  ханның  қасіретті 
өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі 
де  жеңіліске  үшырады.  Кенесары  бастаған  азаттык  күресті  кейін
оның баласы Сыздық сүлтан жалғастырды.
Кене  ханның  отаршылдыққа  қарсы  күресінде  Ағыбай,  Ақғаш, 
Басығара,  Жанайдар,  Жэуке,  Иман,  Байсейіт,  Сүраншы,  Жоламан 
және  т.б.  батырлар  қолдау  көрсетіп,  аянбай  шайқас  жүргізді.  Кене- 
сары  Қасымүлы  бастаған  үлт-азаттық  соғыстың  жеңілуінің  негізгі 
себептері  мыналар:  қазақ  халқының  бір  тудың  астына  біріге  алма- 
уы,  кейбір  ру  басыларының  өз  бетінше  билік  жүргізуге  үмтылуы 
жэне  де  патшалық  Ресейді  жақтауы,  Кенесарының  Ресей,  Қоқан, 
Бүхар  хандықтарымен  күресте  күштің  тең  болмауы.  Сонымен 
қатар, ол өзін жақтамаған  кейбір  қазақ жэне қырғыз ауылдарын  ша- 
буы  кері  әсерін  тигізді,  өйткені  ол  халықтың  наразылығын  туды- 
рып,  көтерілісті  элсірете  түсті.  Дегенмен  де,  Кенесары  Қасымүлы 
бастаған  үлт-азаттық  күрес  казақ  халкының  тарихында  мэңгілік 
өшпес  із  калдырған,  Қазақ  мемлекеттілігін  қайта  жаңғыртуға
тырысқан, тарихи  маңызы зор күрес  болды.
5.  Патшалык Ресейдің Оцтүстік  Қазакстанды  жаулап 
алуы
XIX 
ғасырдың  20-жылдары  Ресей  Орта  жүз  бен  Кіші  жүзде 
хандық билікті жойып,  Ресейлік баскару жүйесін  еигізгенімен, Үлы 
жүз  мэселесіне  элі  де  көңіл  бөле  алмаған  болатын.  Жалпы,  XIX  ь
159

30-жыл-дарына  дейін  Ресей  империясының  “үлкен  саясатынан” 
Орта  Азия  мэселесі  де  тыс  қалды.  Ресей  ол  тұста  негізінен  Түркия 
мен  оның иеліктеріне  көп  көңіл  бөлді.
Ағылшын-орыс  бақталастығында  бұл  үрдістердің  белсенділігі 
арта  түсті.  Ресейдің  Таяу  Ш ығыстағы  жетістіктері  Англия 
қарсылығының  күшеюіне  экелді.  1841  жылы  Лондон  конвен- 
циясы  Ресейдің  Таяу  Шығыс  мэселесіндегі 
ірі  дипломатиялык 
жеңілісі  болды.  Орта  Азия  мен  Қазақстан  біртіндеп  ағылшын- 
орыс  бақталастығының  негізгі  аймақтарының  біріне  айналды. 
Қазақстанның  стратегиялық  аймақ ретінде  Орта  Азия  хандықтары 
мен  Ресей  жэне  Қытай  аралығында  орналасуын  патша  экімшілігі 
жақсы түсінді. Қазақстандағы оз ұстанымын нығайту үшін түрлі ша- 
ралар  қарастыра бастады.  Ресей Сыртқы  Істер  министрлігінің Азия 
департаментінің ұсынысымен XIX ғ.  30-жылдары Қоқан хандығына
Н.Г.Потанин,  Бүхар  эмірлігіне  П.И.Демезон  мен  И.В.Виткевич, 
Е.П.Ковалевский,  Хиуаға  Г.И.Данилевский  бастаған  дипломатия- 
лық  миссиялар  жіберді.  Бүл  сапарлардың  барысында  Ресей  Хиуа 
жэне  Бүхарамен  орыс-азия  сауда  мэселелері  бойынша  бірқатар 
келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы 
мен  Хиуа  хандығының  Сырдария  бойындағы  қазақтарға  қатысты 
саясаты  туралы  бірқатар  мэліметтер  алып  қайтты.  30-жылдардың 
аяғы  мен  40-жылдардың  басында  патша  үкіметі  хиуалықтардың
шекаралық 
аимақтардағы 
күш 
көрсету 
жэне 
тонаушылық 
эрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс түтқындарын 
босату,  Хиуаның  орыс-қазақ  қатынастарына  араласуын  бейтарап- 
тандыру  үшін  Хиуаға  эскери  экспедиция  үйымдастыру  туралы  де- 
кларациясын  жариялады.  Ресейдің  мүндай  ресми  мэлімдеме  жасау- 
ына Англияның Орта Ш ығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің 
күшеюі  себеп  болды.
1839 
жылы  қараша  айының  ортасында  Орынбор  губернаторы 
В.А.Перовский  12  зеңбірек,  4  мың  жаяу  эскер  жэне  10  мың  түйеге 
артқан  жүгімен  Хиуаға  қарсы  жорығын  бастады.  Қатты  суық 
пен  боранның  салдарынан  Перовский  2  мың  түйесінен  айыры- 
лып,  үлкен  шығынмен  Ембі  бекінісіне  дейін  ғана  жете  алды.  1840 
жылы  1  ақпанда  тағы  да  5  мың түйе  азық-түлікпен  басқа да  қүрал- 
жабдықтарын  жоғалтып  Ақбүлаққа  жетті.  Ақпан  айының  ортасын- 
да  Орынборға  кері  қайтты.  Бірақ,  жағдайдың  бүлай  шиеленісуіне 
қарамастан  Хиуа жорықтың қайталануынан  қауіптеніп  Ресейге  124 
орыс түтқынын қайтарды жэне Петербургке елшілік жіберді.
Орыс  билігін  мойындамаған  қазақтарды  бағындыруға  жэне 
Орта  Азия  хандықтарының  шекарасына  орыс  эскерін  жақындату
160

мақсатында 
Ресей 
Сырдарияның 
төменгі 
ағысының 
бойы- 
на  эскери  бекіністер  сала  бастады.  1847  жылы  Райым  бекінісі, 
1848  жылы  Қазалы  форты  салынды.  Жаңа  бекіністердің  салы- 
нуы  орыс  эскерлеріне  біртіндеп  Сырдарияны  бойлап  жоғары 
жылжуға  жэне  коқандықтардың  ірі  бекіністерінің  бірі  Ақмешітке 
жақындауға  мүмкіндік  берді.  1848— 1849  жылдары  А.И.Бутаков- 
тың  басшылығымен  келген  экспедиция  Арал  теңізін  зерттеп, 
теңіздің  картасын  жасады.  Арал  теңізінде  кеме  айлағы  ашылды. 
Оның  болашақта  Орталық  Азия  жэне  Хорезммен  сауда  қарым- 
қатынасында, эскери  мэселелерде маңызы зор болды.
12 
күндік  қоршаудан  кейін  1853  жылы  28  маусымда  орыс 
эскерлері  Ақмешітті  басып  алды.  Осыдан  кейін  Сырдарияның 
төменгі 
ағысында 
Сырдария 
шебі 
құрылды. 
Оған 
Райым 
бекіңісінен  Ақмешітке  дейінгі  аудандар  кірді  жэне  1864  жылы 
Түркістанды  алғанға  дейін  сақталып  тұрды.  Ресей 
Қоқан  жэне 
Хиуа  хандықтарына  саяси  қысым  көрсетуге  мүмкіндік  алды.  XIX 
ғасырдың  50-жылдары  Орталық  Азия  мен  Оңтүстік  Казакстанның 
Ресейдің  сыртқы  саясатындағы  маңызы  арта түсті.  1854— 1856  жж. 
Қырым  соғысында  Ресей  жеңілуіне  байланысты  батыстағы  рыно-
гынан  аиырылып,  енді  оған  шығыстан  жаңа  рынок  іздестіру  қажет 
болды.  1858  жылы  Орталық Азия  аймағындағы  Хиуа мен  Бұхараға 
Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес 
ретінде  Ч.Ч.Ханыков  бастаған  экспедиция  жіберді.  Бүл  аймақтан 
алынған  материалдардың  негізінде  патша  үкіметі  Оңтүстік 
Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы эскери қимылдарын 
үлғайтпаса,  ол  аймақта  Англияның  мүддесінің  арта  түсетіндігіне 
толық  көзі  жетті.  Өйткені,  Англияның  бүл  аймаққа  қатысты  кең 
көлемде  жаулап  алу  жоспары  бар  екені  дэлелденген  болатын.  1860 
жылы  Қоқанға  хандықтың  билеушісі  Маллабектің  сеніміне  кіріп, 
Үндістандағы  Англия  басшыларымен  байланыс  орнатуға ағылшын 
барлаушысы  Абзал-Мажит  жіберіледі.  Біраз  уақыттан  кейін  Қоқан 
хандығының  басты  тірек  пункттеріне  қару-жарақтар  жеткізіліп, 
эскери  нүсқаушылар  мен  қару  жасайтын  мамандар  жіберіле  ба- 
стады.  Қоқан  өкіметі  өздерінің  эскери  қамалдары  мен  форттарын, 
эскери шептерін  күшейтуге кіріседі.
Англия  мен  Қоқанның  бүл  эрекеттері  Ресей  үкіметі  жағынан 
қарсы  шаралар  колдануды  талап  етті.  Ресей  бүл  аймаққа  Орынбор 
мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады.
XIX  ғасырдың  60-жылдары  Қазақстан  аумағында  Ресейдің  эскери 
бекіністері  мен  қамалдары,  форпостары  мен  шептерінің  саны  арта
161

түсті.  Актау,  Ұлытау,  Қапал,  Сергиополь,  Верный,  Қастек  жэне т.б. 
Ресейдің  Қазакстандағы  эскери  тірек  пункттері  болды.  1856  жылы 
кұрамына  213  мың  адамнан  тұратын  ¥ л ы   жүз  казақтары  жэне  60 
мың  кырғыз  кіретін  Алатау  округі  кұрылды.  Ресей  эскерлерінің 
оңтүстіктен  де,  солтүстіктен  де  сэтті  жылжуына  коқандыктардың 
саясатына  риза  болмаған  Әулиеата  мен  Шымкент  төңірегіндегі 
Үлы  жүз  қазақтарының  1857— 58  жылдарда  көтерілістер  жасап,  Ре- 
сей  жағына өтуі де  қолғабысын  тигізді.  Патша үкіметінің  ықпалды 
ру  басыларына  қатысты  алдау-арбау,  шен-шекпен  беру,  жоғары 
қызметтерге  тағайындау  сияқты  жүргізген  саясаты  да  біршама 
маңызды  рел  атқарды.  Мұндай  саясат тек  қазақтарға  қатысты  ғана 
емес,  Орталық  Азия  аймағындағы  басқа  да  халықтарға  қатысты 
жүргізілді.
1860  жылы  орыс  эскерлерінің  қоқандықтарға  қарсы  белсенді 
эскери  қимылдары  басталды.  26  тамызда  Тоқмақ,  4  қыркүйекте 
Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда ¥зы нағаш  теңірегінде болған 
шайқаста  қоқандықтар  жеңіліс  тапты.  Орыс  пен  қоқан  эскерінің 
екіжақты  қыспағы  мен  тэлкегіне  түскен  қазақтардың  жағдайы  ете 
ауыр  болды.  Жергілікті  халыққа  қатысты  екі  жақ та  қатігездігімен 
ерекшеленді.  Күш  көрсету,  тэлкек жасау  мен  қатыгездік туралы  екі 
жақтың да  эскери  басшылары:  “ауылдары өртеніп,  малдары тартып 
алынды,  оларға  берген  сабақты  ерекше  сезілетіндей  жасадық”  деп 
жазды.  1861— 63  жылдары  Ресей  үкіметінде  Оңтүстік  Қазақстан 
мен  Орта  Азия  хандықтарын  мақсатты  түрде  жэне  тез  арада  иеле- 
ну  жөнінде  пікір-таластар  жүрді.  Одан  кейін  Сырдария  мен  Сібір 
шебінің  аралыгына  4  экспедиция  жіберілді.  Олар  бүл  аудандарда 
қокандықтардың  күшті  қарсылығын  кездестірмеді.  Ж ұмғол  мен 
Құртқа  бекіністері  шайқассыз  берілді,  Созақ  пен  Шолаққорғанда 
қоқан  билігіне  қарсы  кетерілістер  бұрқ  ете  қалды.  1863  жылы 
Ресейдің  Соғыс  министрі  Д.А.Милютин  ерекше  комитетке  Орта 
Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-эрекеттері туралы баян- 
дамаж асап, оны мақұлдатып алды.  1864 жылдың басында  бір-біріне 
карсы тұрған екі жақ та эскери қимылдарға дайындала бастады.  1864 
жылдың мамыр айында Оңтүстік  Қазақстандағы  орыс  эскерлерінің 
дайындығы  негізінен  аяқталды  да  полковник  Н.А.Веревкин 
бастаған  отряд  Түркістанға  қарай  қозғалды.  Веревкиннің  отря- 
дында  1593  солдат,  44  офиңер,  18  зеңбірек  жэне  150  ерікті  қазақ 
болды.  Верныйдан  бір  мезгілде  құрамында  2571  солдат,  68  офи- 
цер,  22  зеңбірек,  жэне  құрамында  сұлтан  поручик  Ш.Уэлиханов 
басқарған  1400  ерікті  қазақтар  бар  полковник  М.ГЧерняевтың  от-
162

ряды  да  қозғалды.  4  шілдеде  Черняевтың  отряды  Меркі,  6  шілдеде 
Әулиеата  бекінісін  шайкассыз  алды.  Полковник  Веревкиннін  от- 
ряды  Түркістан  каласына  барар  жолда  кокан  эскерлерінін  шабуы- 
лына  ұшырады  да  бекіністі  коршауға  мэжбүр  болды.  9  маусымда 
Түркістан  орыстардың  колына  өтті.  Әулиеата  мен  Түркістанды  тез 
арада  алуда  эскери  операцияларға  басшылық  жасағандары  үшін 
Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарылатылып, генерал- 
майор  атақтарын  алды.  Жорықтарға  қатысқан  солдаттар  “жоғары 
құрмет”  жэне  түрлі  ордендермен  марапатталды.  Жетістіктеріне 
көңілдері  көтерілген  орыс  армиясы  алдын  ала  дайындықсыз  1864 
жылдың  22— 23  шілдесінде  Шымкентті  алуға  тырысты.  Бірақ  бүл 
уақытта  қоқандықтар  Шымкентке  едэуір  эскери  күштерін  тартып 
үлгерін, орыс эскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын 
орналаскан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері
коқандыктарға қолдау көрсетті.
Қокан  хандығында  саяси  күштердің  қарсылығы  күшейіп,  хан 
мен  оның  тәнірегіндегілердің  озбырлығына наразылықтар  кебейе 
түсті.  Қоқан  мен  Бұхара  арасындағы  қайшылықтар  шиеленісті. 
Мұндай  қолайлы  жағдайды  орыс  эскерлері де  өз мүдделеріне  пай- 
далана  білді.  Черняевтің  алты  жарым  рота  жаяу  әскер  мен  бір  жа- 
рым  жүздік казактардан  тұратын  отряды  жэне Лерхенің  терт рота 
жаяу  эскер,  бір  казак  жүздігі  мен  мың  жарым  қазақтан  тұратын 
отряды  Шымкент  түбінде 
бірігіп  қалаға  шабуыл  жасап,  1864 
жылдың  күзінде  оны  басып  алды.  Түркістан  мен  Шымкентті  жау- 
лап  алғаннан  кейін  Орынбор мен Сібір шептері  жалғастырылды.
1865 жылы маусымда  бір апта қарсылықтан  кейін  орыс әскерлері
Ташкентті  басып  алды.  1866  жылдың жазында  патша  11  Александр 
Ташкентті  Ресейдің  құрамына  қосу  туралы  жарлық  шығарды.  Бір 
жылдан  кейін  1867  жылы  кұрамына  қайта  құрылған  Жетісу  жэне 
Сырдария  облыстары  кіретін,  орталығы  Ташкент  қаласы  болған 
Түркістан  генерал-губернаторлығы  құрылғандығы  туралы  заң  жа-
рияланды.
Ресейдін жалпы Онтүстік Қазақстанды эскери жаулауы Акмешіт, 
Түркістан,  Әулиеата,  Шымкент,  Ташкент  т.б.  бекіністердің  қор- 
ғаушыларына деген  ерекше  қатыгездікпен  жүзеге  асырылды.  Орыс 
эскерлері  мұсылмандардын  қасиетті  жерлерін  (Қожа  Ахмет  Яс- 
сауи,  т.б.)  қорлап,  оларды  қиратты.  Ақмеиіітті  25  күн  қатарынан 
атқылап талқандады, Түркістандағы  Қожа Ахмет Яссауи  кссснесіне 
зеңбіректің  12  снаряды  атылып,  оиың  11-і  кесененің  қабырғаларыи 
ойып  кетті.  Шымкент  қаласын  корғап, 
қаза  тапқандардың  са-
16.^

ны  3170-ке  дейін  жетті, 
Сайрам  қаласы  жермен-жексен  етіліп 
талқандалды.  Шоқан  Уэлиханов  өзінің  діндестері  мен  руластары- 
на  орыс эскерлерінің  керсеткен тағылық эрекеттеріне  байланысты 
одан  эрі  жорықка  қатысудан  бас  тартуға  мэжбүр  болды.  Оңтүстік 
Қазақстан  мен  Орта  Азия  тұрғындары  қарсылық  көрсеткендері 
үшін  қатыгездікпен,  аяусыз  басып-жанышталды.  Ресей  болса,  бүл 
эрекеттерін  үкіметтің,  “әзіне  бағынышты  территориядағы  елдерді 
көшпенділер  шапқыншылығынан  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық 
сипаты” деп мэлімдеді.
Осылайша,  XIX  ғасырдың  60  жылдары  Оңтүстік  Қазақстанды 
жаулап  алғаннан  кейін  Қазақстанның  бүкіл  аумағы  ұзақ  уақытқа 
Ресейдің  отарына  айналды.  1867— 68  жылдары  Түркістан  жэне 
Далалық  өлкені  басқару  туралы  “Уақытша  Ереженің”  қабылда- 
нуымен  Орта Азия жэне  Қазақстан —  Ресей  империясының  отары 
ретінде  заңдастырылды.

9-тақырып
XIX  ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІЖАРТЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтыц басцару жүйесінің 
ендірілуі және  оган  қазақтардың қарсылыгы 
Қазақстанга орыс шаруаларының,  ұйгырлар мен 
дүнгендердің қоныс аударуы
XVIII 
гасырдың  екінші жартысы мен XIX гасырдагы 
Қазақстан мәдениеті

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет