Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
 
-  Ата, сіз алаңдамаңыз, Бекбай ағаның тілін аламыз,  -  деп Мұстапа атасы Қапиға жақындап 
келіп отырды. 
 
-  Сіз бізбен ұқсас тамақ ішпесеңіз, біз де тамақ ішпейміз, Бекей ағаның тілін алмаймыз, -  деп 
Мұхамет ренішті кескін байқатты. 
 
-    Ішейін, балам, ішейін,  -    деп Қапи зорлана күліп саптаяғындағы сорпаны ішті,  -   Мұхамет 
мені  жеңді,  адам  болғаны  осы  ғой,  Бекей  ағаң  айтты  ғой,  жолдан  тіске  сыздық  болатын  бірдеңе 
табылар. 
 
 Бүгін Бекбайдың көзіне Қапидың өңі солғын тартып, қоп-қою қара қастары ұйпаланып қалған 
сияқты  көрінді.  Анау  бурыл  тартқан  селдір  сақалы  да  бұрынғысынан  азайып,  сұйықтап  кеткендей 
еді. «Екі баласын аяп, шал байқұс жұбына таяп кеткен екен ғой» деп ойлады бекбай. Шалдың халінің 
күн  сайын  төмендеп  бара  жатқанын  ол  енді  сезді.  Жоны  дөңкиіп,  екі  иығы  салбыраған  жүдең 
тұлғасына жаны ашыды. 
 
 Дегенмен  шақайлық  тері  бүгін  төрт  жүргіншінің  белін  шынында  бір  көтеріп  тастады,  Қапи 
шалдың  күйі  қанша  төмендегенімен,  түнгі  сорпаның  күші  оны  кешегіге  қарағанда  едәуір 
қуаттандырып  жіберген  екен.  Боздаған  өңі  аз  да  болса  қайта  жылтырағандай  көрінді  Бекбайдың 
көзіне. 
 
Жүргіншілер  таңертеңгі  жаққан  оттарын  өшіріп,  жырадағы  судан  ыдыстарына  құйып  алып 
әлгі жалғыз аяқ көш жолына қарай шұбыра жөнелді. Жүрген сайын  бұл өңірдің табиғаты Бекбайға 
қорқынышты сезілді. Көзіне сылдыраған қара тастан басқа ештеңе көрінбейді. Анда-санда су орған 
шағын  ағарлардан  топ-топ  сарбалақ  пен  жыңғыл  ғана  кездеседі,  Беткейдегі  тас  арасынан  көсенің 
сақалындай селдіреген түп-түп ақ теріскен көрінеді. 
 
Бекбай айналасына қайта-қайта қарап қойды.    «Жазатайым осы өңірде көз жүмсақ,  бетіміз 
жасырылғанды  қойып,  сүйегіміз  шіріп  далада  қалады  ғой,  мүмкін,  құрт-құмырысқа  кемірер»  деп 
ойлады.  Өз  ойына  өзінің  ашуы  келді.  «Қайдағы  жаман  ой  есіне  қалай  түсті»  деп  тез-тез  жүріп 
алдында өзінен озыңқы кетіп бара жатқан Қапиға келіп қатарласты. 
 
-    Бекей,  -    деді  Қапи  иығындағы  қоржынын  оңдап,  -  Осы  жүріспен  тоқтамай  жүрсек,  Алла 
жол берсе, енді үш күнде, қара адырдан керішке өтеміз. Сонда судан біраз тарығар ма екеміз. 
 
-    Менің  де  алаңдап  келе  жатқаным  сол,  -    деп  Бекбай  көңіліндегі  күдігін  жасырмай  айтты.
 
   

 
Таңертеңгі салқын ауада, шығыс оңтүстіктен соққан болымсыз желемік жүргіншілердің сәлде 
болса  бойларын  сергітіп,  тыныстарын  едәуір  кеңітіп  тастағандай  болды.  Бұлар  ыдыстарындағы 
суларын үнемдеп ішіп, үш күн дегенде қара адырдың шетіне шықты. Анау оңтүстікке қарай қабат-
қабат  болып,  бірінен  соң  бірінің  төбесі  көрініп,  ұзыннан  ұзақ    бұлдырай  көсіліп  жатқан  керішті 
даланы  көргенде,  Бекбай  жер  шарынан  басқа  бір  планетаға  жетіп  келгендей  сезінді.  Керіштің 
кейбіреуі  кәдімгі  қыстаулардағы  қазақтың  тошала  үйлеріне  ұқсаса,  енді  біреулері  жазықта  жатып 
алып  аспанға  иегін  көтерген  алып  мақұлыққа  ұқсайды  екен.  Тіпті  кейбіреуі  көне  қалашықтың 
қирандысына  да  ұқсап  кетеді.  Анда-санда  жердегі  шұқанақтардың  шетіне,  көктеген  жыңғылдар 

үрпиіп-үрпиіп  көрінеді.  Жаңбыр  мен  жел  мұжыған  керіш  төбелер,  анау  шығыстан  батысқа  қарай 
көсіліп  жатқан  керіш  белге  дейінгі  ат  шаптырым  сары  жазықтың  ортасында,  бейне  теңіздің 
ортасындағы арал сияқты болып, бөлек-бөлек болып қаздиып көзге түседі. 
 
Бекбайдың екі құрты таусылып, енді кішкене жарты тал ғана құрты қалған еді. Бүгін жарты 
тал құртты талшық етсе, ертең тілін тістеп қалары хақ. Қапидың Мұхамет пен Мұстапаға беріп келе 
жатқан  аужалдық  қазысы  да  таусылуға  айналды.  Оны  Бекбай  көріп  келеді.  «Қалайда  Қапидың 
қазысы бұларға тағы үш күнге талшық болады ғой» деп ойлады Бекбай, одан ары ойлағысы келмеді. 
 
Қапи мен Бекбай үнемі Мұхамет пен Мұстапаның соңынан солардың аяғына еріп, солардың 
жүрісімен келе жатқан. Бүгін күн ерекше ысыған еді, Бекбайдың оң иығын торсықтағы су қиып, сол 
жақ  иығындағы  қоржыны  да  ауыр  сияқты  сезіліп,  барған  сайын  буынының  босап  бара  жатқанын 
сезді. Қапиға азырақ дем алып жүрейік демекші еді, Мұхамет пен Мұстапа жазықтың ортасындағы 
шұңқырдың  жағасындағы  аз  ғана  жыңғылдың  көлеңкесіне  барып  шалқаларынан  түсіп  жата-жата 
кетті.  Әйтеуір  күн  түспеді  дегені  болмаса,  көлеңкенің  өзі  де  от  болып  тұр  еді.  Бекбай  иығындағы 
қосақтаған екі  торсықты жерге қойып, үстіне қоржынын қойды. Жыңғылдың көлеңкесіне құлашын 
керіп  шалқасынан  жатты.  Бұдан  бұрын  жол-жөнекей  дәл  осындай  иығындағы  жүгін  жерге  қойып 
жата  қалғанда,  немесе  екі  аяғын  биік  жерге  қойып  отыра  қалғанда,  денесі  едәуір  жеңілдеп,  бойы 
серги қалушы еді, бүгін шалқалап жатқан сайын басын көтергісі келмей, денесі одан ары ауырлап, су 
көтерген иығының ашығаны көпке дейін басылмады. Анда-санда шығыс оңтүстіктен соққан ыстық 
желемік тынысты тіпті де тарылтып жібергендей сезілді. 
 
-  Атау-у, -  деді кішкене Мұстапа шалқасынан жатып,  -  елге қашан жетеміз? 
 
-  Алла жол берсе аз қалды ғой, балам, -  деді Қапи. 
 
-    Азырақ  су  ішейікші,  ата,  -    Мұстапаның  дауысы  діріл  араласып  жылаған  сияқты  мұңлы 
шықты. 
 
Бекбай  басын  көтеріп,  өркеш  торсықтағы  ыстық  өтіп  сасып  кеткен  судан  Мұстапаға  үш 
ұрттам құйып берді. Мұстапаның маңдайынан тер бұрқ ете түсті. 
   -  Шіркін ! Шөліміз қанғанша ішетін бір суға жетсек екен, -  деп Мұхамет басын көтерді.  
 
-  Балам, сен де бірер ұрттап су ішіп ерніңді жібіт, -  деді Қапи.  
 
Бекбай Мұхаметке де үш ұрттам су құйып берді. Мұхамет суын ішкен соң Бекбай : 
 
-    Қайрат  етейік,  балалар,  тұрыңдар,  -  деп  орнынан  тұрып,  торсықтағы  су  мен  қоржынын 
иығына салып жүре жөнелді. 
 
Тағы  екі  баланы  алдарына  салып  қойып,  Қапи  мен  Бекбай  көлденең  жатқан  биік  керіштің 
беліне  қарай  тартып  келеді.  Бұлар  осылайша  төрт  жерге  дем  алып,  күн  екінтіге  ауғанда  керіштің 
беліне  әрең  шықты.  Керіштің  үсті  тағы  тай  шаптырым  жазық  екен.  Мынау  жіп-жіңішке  болып 
ұзыннан ұзақ созылып жатқан ат жолдың батыс жақ жағалауында ошақ сияқты қойылған үш қара тас 
бар екен. Мұхамет үш тастың қасына келіп тоқтады : 
 
-  Ой, тауба, мына жерде асықтай тас жоқ. Ал, мына үш үлкен қара тасты қайдан әкелді екен? -  
деді ол таң қалып. 
 
-  Сен мына тасқа таң қалып жатырсың, бұл өңірде әуелі тасқа айналған орман бар. Алыстан 
қарасаң қураған қарағайдың өзі, ал қолыңмен көтерейін десең қозғалта алмайсың, -  деді Қапи. 
 
Бекбай үндеген жоқ. Ол үндемейін деп тұрғанжоқ. Сөйлеуге шамасы келмей қалған еді. «Не 
де  болса  осы  жалпақ  керіш  белден  асып  кетсек  жөн  еді»  деп  ойлады  Бекбай.  Сөйтті  де  үнсіз  жүре 
жөнелді. 
 
Жүргіншілер  күн  батарға  таяғанда  керіштің  үстіндегі  тай  шаптырым  жазықты  тауысып, 
керіштің  оңтүстік  жағындағы,  шығыстан  батысқа  қарай  көсіліп  жатқан  терең  жалпақ  ағынға  келіп 
түсті.  Ағын  іші  қума-қума  қалың  сексеуіл  екен.  Бекбайдың  халі  азайып,  алдына  басқан  аяғы  кейін 
кетіп, қатты қиналып келе жатыр еді. 

 
-  Ал, балалар, әнеу тақырға барып қонайық, - 
 деп  Қапи  солай  бұрылды.  Қапидың  қасына  жақындағанда,  Бекбайдың  денесі  бір  ысып,  бір  суып  
жүрегі дірілдеп отыра кеткісі келді. Бекбай өзінің бой алдырып әлсіреп қалғанын Қапи мен балаларға 
сездіргісі  келмеді.  Демін  алып  аз  тұрып,  бойын  толық  билеген  соң,  алдына  қарай  жүрді.  Ол  Қапи 
қоржын қойып дем алған тақыршаққа екі дем алып әрең шықты. 
 
Бекбайдың  екі  көзі  ішіне  кіріп,  аштықтан  бұрауы  кеткен  түйе  сияқты  өте  үңірейіп,  кейпі  де 
нашарлап  кеткен  еді.  Қапи  Бекбайдың  нашарлап  қалғанын  сезді.  Жүгіріп  келіп  Бекбайдың 
иығындағы су торсықты алып : 
 
-  Бекей-ау, өңің бір түрлі жаман болып кетті ғой, жатып дем ала тұршы. Аштық та жаныңнан 
өтіп кетті ғой ! - деді. 
 
Қапидың мына сөзі Бекбайға едәуір қуат болды. 
 
-  Ештеңе етпес, осында жақындағанда азырақ басым айналды, енді жақсы болып қалдым ғой, 
-  деп Бекбай тақыршаққа екі аяғын көсіліп отырды.  
 
Мұхамет  пен  Мұстапа  шөмшек  әкелді.  Қапи  тоғаға  су  құйып,  от  жақты.  От  жанып,  су 
қайнаған  соң,    жүргіншілер  азда  болса  көңілденіп  қалды.  Бекбай  қайнаған  су  мен  жарты  құрттың 
жартысынан  ауданын  жеді.  Суға  торсықтық  сасық  исі  шығып,  өте  жағымсыз  болып  кеткен  еді, 
жүргіншілер оған қараған жоқ. Алты айырықтарынан тер ағып ішті. Қапидың қойнындағы қазыдан 
әрең үш елі ғана қалған еді. Күндегі дағдысы бойынша Қапи Мұхамет пен Мұстапаға жұқалап бір-бір 
кесіп беріп, өзі пышақтың жүзіне жұққан нілді тілімен жалап аз отырды. 
 
-  Өзіңіз де азырақ нәр татыңыз, мүлде тіс айқастырмасаңыз болмайды, -  деді Бекбай. 
 
-    Ата,  сіз  андағыдан  азырақ  жемесеңіз,  ертең  біз  осы  жерден  жүрмей  жатып  аламыз,  -  деді 
Мұхамет.  
 
-  Мен де жүрмей жатып аламын, -  деді Мұстапа. 
 
Қапи қолындағы кішкене қазыдан қағаздай жұп-жұқа кесіп аузына салды. 
 
Бекбай аштықпен жолдың азабына қанша төзгенімен, бүгін өзінің едәуір босаңсығанын сезді. 
Отырған  жеріне  қоржынын  жастанын  қисая  кетті.  Ол  таңертең  ерте  түс  көріп  жатып  оянды.  Таң 
әппақ  болып  атыпты. Аспанда  теңгедей  де  бұлт  жоқ  екен.    «Бүгін  тағы  күн  шыжып кететін  болды 
ғой» деп ойлады. Сөйтті де әлгіндегі көрген түсін көз алдына қайта келтірді. Күндіз сияқты. Үлкен 
керіш  төбенің түбінде келе жатыр, қасында ешкім жоқ. Қарны қатты ашқан екен. Бейне асқазанын 
біреу  төмен  қарай  қолымен  тартып  жатқан  сияқты.  Кеудесінің  ішін  бір  нәрсе  мыжғылап  барады, 
жүре алмай бүк түсіп отыра кетті. Дәл осы шақ ағасы Берікболдың : Бекбай, ана қалтаңдағы құрттың 
қалғанын же, сонда жаның қалады !  -  деген айғайы естілді.  Бекбай мына дауыстан басын көтерді. 
Берікболдың өзін қойып көлеңкесі де жоқ. Түс көріп жатыр екен. Бекбай басын көтеріп екі қолымен 
бет-аузын  ысқылап  едәуір  уақыт  отырды.  Бекбайдың  дыбырымен  Қапи  да  басын  көтерді.  Екеуі  де 
түнгі салқында  едәуір ұйықтап, денелері ширап қалыпты. Бекбай орнынан тұрып от жағып, тоғаға су 
құйып отқа қойды. 
«Марқұм Берікбол ағамның аруағы мені қорғап жүр-ау, айтқаны бойынша қалған құрттың кішкене 
шағылдағын таңертеңгі шәйда жейін» деп ойлады. Тостағандағы ыстық сумен Бекбай қалтасындағы 
енекөкірек етіп келе жатқан құрттың ең соңғы сынығын жеді. 
 
Бекбайдың қалтасында енді тіске сыздық еткенді қойып дәмін алатын да ештеңе қалмады. Бір 
тістем құрт болса да қалтасында тағамы бар сияқты болып, көңіліне едәуір алғау болып келе жатыр 
еді. Енді алғау болар ештеңе қалмады. Бекбай тостағанын қоржынына салып орнынан тұрды. «Енді 
тіке  өлімге  бел  буу  керек»  деп  ойлады.  Кеңірдегінен  өткен  ең  соңғы  бір  шағылдақ  құртпен  бірге 
оның өмірге деген үміті де үзілген еді. Мынау шетсіз де шексіз көсіліп жатқан меңіреу шөлде үміт 
етер  ештеңе  де  жоқ  қой.  Екі  торсықты  қосақтап  иығына  көтеріп  еді,  торсықтарда  күндегіден 
жеңілдеп қалған сияқты сезілді. «Ей, Алла, суымыз да азайып қалған екен» деп іштей күбірледі. Бұл 

ойын  Мұхамет  пен  Мұстапаға  сездірмеуге  тырысты.  Әлгіндегі  бір  шайнам  құртқа  едәуір  тамақ 
жегендей бойына қуат біте қалғанын сезді. Осының күшімен аз да болса жолды ұтып алғысы келді. 
Бекбай су мен қоржынын көтеріп жолға түсті.  Ол Мұхамет пен Мұстапаны алға салған жоқ. Үзік-
үзік көш жолының сорабымен «Боғда қайдасың» деп оңтүстікке қарай тартты. Қайта-қайта құлағына 
ағасы  Берікболдың  күркіреген  жуан  дауысы  естілгендей  болады.  Біраздан  соң  тіпті  ап-анық 
құлағының  түбіне  саңқ  ете  түскендей  болды.  «Бекбай,  қалтаңдағы  құрттың  қалғанын  же,  жаның 
қалады».  Кәдімгі  Берікболдың  өз  дауысы.  Бекбайдың  көз  алдына  шекарада  екі  аяғынан  қан  судай 
болып  ағып,  кішкене  текшеге  отырғандағы  Берікболдың  сұп-сұр  сұсты  кескіні  елестеді.  Сондағы 
Берікболдың қолындағы маузерін оқтап :  -  Тез жөнел, жөнелмесең атып тастаймын ! -  деген ашты 
дауысы құлағына естілді. Бекбай ауыр оймен қанша жүргенін білмей қалды. 
  -  Ойпыр-ай, мына қызыл-жасыл қандай жер? -  деп айғайлаған Мұстапаның дауысы Бекбайды ауыр 
ойдан  сергітіп  жіберді.  Басын  көтеріп  алдыңғы  жаққа  көз  тастады.  Шығыстан  батысқа  қарай 
тарамдалған,  қума-қума  сексеуілі  бар  керіш  кенереге  келген  екен.  «Алла  жолмызды  оңғарып,  осы 
кенерден  өткен  соң,  тіске  сыздық  етерлік  бірдеңе  жолқтырар  ма  екен,  түсіме  Берікбол  ағам  бекер 
кірген  жоқ  қой»  деп  ойлады.  Расында  басына  ең  қиын  күн  туып,  өлім  хаупі  аузын  арандай  аша 
қалғанда,  Бекбайдың  түсіне  Берікбол  кіре  қалса,  немесе  көз  алдына  елестесе  болғаны  Бекбайға  аз 
ғана болса да бір жақсылық бола қалатын. Мұны алғашында Бекбай аңғармаған еді. Кейін бірнеше 
рет  қайталаған  соң,  ресіми  ырымдайтын  болып  алды.  Бүгін  де  азығы  тақа  таусылғанымен,  түсіне 
Берікбол  кірген  соң,  дәтке  қуат  болсада  тағы  рыздығын  жолдан  тілейтін  бір  үміт  оны  жігерін 
мұқалтпай  жетелеп  келеді.  Жүргіншілер  мынау  қызылды,  сары  болып  келетін  ала-құла  бөктермен 
тоқтаусыз түске дейін жүрді. Кенет Бекбайдың ойына торсықтағы судың азайып кеткені түсе қалды. 
Жүрісін  баяулатып  Қапиды  тосып  алды.  Бүл  шақта  Қапидың  аяқ  алысы  баяулап,  өңі  қап-қара  боп 
түтеп  кеткен  еді.  Ол  Бекбайға  жақындағанда,  әппақ  тістерін  көрсетіп  ыржиып  күлді.  Мұхамет  пен 
Мұстапа оның соңынан келе жатыр  еді. 
 
-    Қапеке,  торсықтағы  су  азайып  қалды,  алда  сулы  мекен  бар  ма?  -    деп  Бекбай  Қапимен 
қатарласа жүрді. 
 
-  Бекей,  кешір,  -    деді  Қапи  тілімен  қып-қызыл  болып  тілінген  астыңғы  ернін  жалап,  -    суға 
баратын  жолдан  сәл  жаңылып  қалған  сияқтымын.  Төбесінде  обасы  бар  биік  шоқы  бар  еді, 
көрінбейді.    Соның  оңтүстік  жағындағы  терең  аңғарда  бір  сор  бастаусымақ  болатын.  Сор 
болғанымен ішуге келуші еді, сенен жасыратын емес, шынымды айтсам, үмітім үзіліп келеді. 
 
Қапидың  мына  сөзі  Бекбайды  селт  еткізді.  Бастарына  ең  соңғы  хауіптің  келгенін  білді. 
Сыздықтатып  ішсе  су  әрең  бір-ақ  күнге  жетеді.  Ең  қарысқанда  ертең  түске  әзер  шыдайды.  «Бұл 
дүниеден көшуімізге бір сөтке уақыт ғана уақыт қалды ма? Жоқ, жоқ !» деп Бекбай ішінен күбірледі. 
«Көзім жұмылғанша тірліктің жолын іздеуім керек. Ата-бабамның арман-тілегі үшін, олардың мені 
күндіз-түні қолдаған асыл аруақтары үшін тірі жасауым керек !»  Бекбай іштей өзіне-өзі жігер беріп, 
өлімді жеңуге тырысты. 
 
-  Қапеке,  -  деп Бекбай Қапиға күлімсірей қарады, -  біздің қазақ «үмітсіздік шайтанның ісі» 
дейді. Үмітіңізді үзбеңіз. 
 
Бекбайдың  сөзі  Қапиға  қуат  бітіргендей  болды.  Мынау  ала-құла  керіш  кенере  түгеп,  бұлар 
жалпақ ағынға келіп түсті. 
 
-  Ау, Бекбай, мына ағардың тереңірек жыраларындағы құмды қазып көрейікші, су шығар  ма 
екен ! -  деді Қапи. 
 
-    Су  шығатын  жердің  маңында  ши,  ақ  тікен  немесе  қамыс  болушы  еді,  мына  ағарда  одан 
ештеңе жоқ қой, -  деді Бекбай. 
 
-  Не болса да әліміз азайғанша жүрейік, -  деді Қапи. Жүргіншілер түске таяғанда қатар-қатар 
үш  ағыннан  өтіп,  шығыстан  батысқа  қарай  алып  айдағар  сияқты  ұзыннан  ұзақ көсіліп  жатқан  сап-

сары құм белге жетті. Бұл жердің сексеуілі күшіктеп, алды бүршіктей бастапты. Қапи белге таяғанда, 
бір түп биік сексеуілдің түбіндегі көлеңкеге отыра кетті. Мұхамет пен Мұстапа әлі едәуір кейін келе 
жатқан.  Ал,  Бекбай  едәуір  алда  еді.  Қапидың  сексеуілдің  түбіне  отырып  қалғанын  көріп,  артына 
қайрылып  аз  тұрды.  Қайтып  артына  жүргісі  келмеді.  Жол  шетіндегі  сексеуілдің  көлеңкесіне  келіп 
отырды. Кенет көзіне сексеуілдің түбіндегі  енді  ғана бүршіктей бастаған ақ теріскеннің басындағы 
құжынап тұрған ұп-ұсақ жұлдызқұрт түсе кетті.  «Ей, Алла, тамақ деген осы ғой, уақытсыз уақытта 
ерте пайда болған жұлдызқұртты маған жаратушым әдейі кезіктірген шығар. Төртінші айдың ортасы 
да болмай теріскеннің бүрлеп, жұлдызқұрттың тірілгенін көргенім осы екен» деп өзіне өзі күбірледі. 
Сөйтті де иығындағы торсық пен қоржынды сексеуілдің көлеңкесіне қойып, теріскеннің басындағы 
жұлдызқұрттарды уыстап аузына салды. Дәмі ерекше татымды екен. Теріскеннің басындағы аз ғана 
жұлдызқұрт  Бекбайдың  екі  асағанынан-ақ  қалмады.  Ол  дереу  екі  көзінің  шырадай  жанып,  бойына 
керемет  бір  қуат  пайда  бола  бастағанын  білді.  Сексеуілдің  түбіндегі  теріскеннің  жұлдызқұртын 
бірден  теріп  жеген  соң,  орнынан  тұрып,  сол  маңдағы  теріскендерден  жұлдызқұрт  іздей  бастады. 
Қырсық болғанда, табыла қойсын ба, Бекбайдың ары-бері бірдеңе іздегенін байқаған Мұхамет : 
    -  Бекбай аға, не іздеп жүрсіз? -  деп дауыстады.            
   Бекбай қоржын, торсықтарын  алып, Қапилардың қасына келді. Бір тал  кішкене жұлдызқұрт  оның 
езуіне жабысып қалған екен. 
 
-  Ой, Бекей аға, езуіңізде құрт жабысып тұр, -  деп Мұстапа қорқып кетті. 
 
-    Бұл  табылмайтын  азық,  -    деп  Бекбай  езуіндегі  жұлдызқұртты  оң  қолымен  сипап  алып 
аузына сала салды. 
 
-  Құдайға тәуба, жұлдызқұрт тіріліп қойып па? -  деді Қапи таң қалып. 
 
-  Пайда бола бастапты. Мен бір теріскеннің басындағыны бір-ақ жеп едім, бойыма едәуір жан 
кіріп тіріліп қалдым, -  деді Бекбай. 
 
-  Енді өлмейді екеміз,  -  деді Қапи қуанып. 
 
- Сіз мына екі баламен сусын ішіп, бір нерселеріңізді жеп дем алыңыздар. Мен осы төңіректі 
айналып, бар болса жұлдызқұрт теріп келейін  , -  деп орнынан тұрды Бекбай. 
 
-    Бекбай-ау,  күн  мұнда  шыжып  тұрғанмен  артында  бұлт  бар  секілді.  Тым  ұзамашы,  -    деді 
Қапи шал. 
 
Бекбай  селдір-селдір  ақ  теріскенді  бірден  тінтіп  жұлдызқұрт  іздеді. Мұндағы  анда-санда  бір 
түп болып кезігетін теріскеннің көбі әлі бүршіктемеген екен. Бекбай аласа белегірден асып кішкене 
қобыға  түсті.  Қобының  төменгі  жағына  төрт-бес  түп  теріскен  бар  екен.  Жүгіріп  сонда  келді. 
Ортасындағы үлкен теріскеннің басында енді-енді ғана пайда бола бастаған ұсақ жұлдызқұрттар бар 
екен. Бекбай қуанып кетті. Жалп етіп отыра кетіп жұлдызқұртты бірден теріп аузына салды. Бекбай 
жеген  сайын  бұл  дүниеде  жұлдызқұрттан  тәтті  нәрсе  жоқ  сияқты  сезілді.  Ол  жұлдызқұртпен  қоса 
теріскеннің  әлі  жапыраққа  айналмаған  жасыл  бүршіктерін  де  сыпырып  жей  бастады.  Бұл  да  жеген 
сайын  Бекбайдың  аузына  бал  сияқты  татыды.  Жұлдызқұртты  сыпырып  жеп  болып  орнынан 
тұрғанда, өзінің бір уақ тойып тамақ жегендей, ерекше рахаттанғанын сезді. «Иә, Алла, өзің жар бола 
гөр, өлмейтін шаққа ілінгендей болдық-ау» деді Бекбай өзіне өзі күбірлеп. Сол төңіректі тағы біраз 
айналып еді, ештеңе табылмады. Қайта айналып жолдастарының қасына келді. Оларда әлгі аз қалған 
қазының жұрнағынан тағы біраздан жеп, бір-бір ұрттам су ішіп қаужансып қалған екен. 
 
-  Қапеке, жұлдызқұрт көп-көрім азық екен, әуелі менің шөлім де қана қалғандай болды. Енді 
жылжып отырайық, бір адым болса да ілгері басқанымыз оң, -  деп Бекбай екі торсық пен қоржынын 
иығына салып жолға қарай жүрді. 
 
Қапи  мен  балалары  да  едәуір  дем  алып  ширап  қалған  еді,  тағы  сол  үзік-үзік  көне  сорап 
жолмен  жолдарына  түсті.  Түс  ауа  бастағанымен  күн  әлі  шыжып  тұр  еді.  Алдағы  белегірге  шығып, 

артына қайрылған Бекбай өз көзіне сенбей қалды. Он күннің алдында арттарында қалған Бәйтік тауы 
дәл арт жақтарында тұрғандай жап-жақын көрінді.  
 
-  Қапеке-ау, әлі Бәйтік тауының түбінде жүр екенбіз ғой, -  деді Бекбай таң қалып. 
 
-  Ой, Бекей-ау, анау құмға барғанша Бәйтік осылай артымызда жап-жақын болып тұрады. Біз 
аз жол жүргеміз жоқ,  -  деді Қапи. 

    Бекбайдың  аяғы  жолда  болғанымен,  екі  көзі  жолдың  екі  жағындағы  шыларжын,  теріскен  сияқты 
енді-енді ғана бүршіктеп келе жатқан өсімдіктерде еді. Жұлдызқұрт кезіксе болды сыпырып аузына 
салмақ. Бекбай бұрын көктемде бұта-бүрген бүрлеген кезде ақ теріскеннің басына әлемі сап-сарала 
түгі  бар  жұлдызқұрттардың  құжынап  тұратынын  талай  көрген.  Тіпті  кейбіреуін  ұстап  алақанына 
жүргізіп ойнағаны да бар. Оның керемет азық боларын мүлде ойламаған еді. «Мұны да бір Алла өзі 
мені  тағы  аз  күндік  жарық  дүниенің  несібесінен  айырмау  үшін  кезіктірді  ғой»  деп 
ойлады.Қырсыққанда,  күн  екінтіге  ауғанға  дейін  жол  бойынан  бекбайға  жұлдызқұрт  кезікпеді.  Бір 
тәуірі,  түсте  тауып  жеген  екі  уыстай  жұлдызқұрт  бойына  ерекше  қуат  бітіргенін  анық  білді.  Көп 
күннен  бері  бір  қанбай  келе  жатқан  шөлі  де  қанып,  денесі  жеңілдеп,  аяғы  тездеп  кетті.  Кенет 
алдарындағы жырадан бір ақ түлкі лып етіп шыға келіп, белден аса жөнелді.  
 
-  Апыр-ай, мына сұмның жолыққаны-ай,  -  деп Қапи кейіп жол үстіне сылқ етіп отыра кетті.  
 
-  Жамандыққа жорымаңыз, кейбір кезде түлкі жақсылыққа жолықтырады, -  деп Бекбай оның 
көңілін жұбатып, қолынан тартып орнынан тұрғызды, 
-  мүмкін, анау түлкі шыққан жырада жемтік бір нәрсе бар шығар, әуелі су бар ма екен.  
 
Бекбайдың  сөзі  қайтадан  Қапиға  қайрат  бітіргендей  болды.  Орнынан  тұрып  түлкі  қашып 
шыққан  жыраға  қарай  жүрді.  Жүріп  келе  жатып  Бекбайдың  бетіне  жаңа  көргендей  қайта-қайта 
жалтақтап қарады. 
 
-    Алдыңнан  түлкі  шықса  саған  жақсылық  болушы  ма  еді?  -    деді  Қапи  таң  қалыңқы 
кескінмен.  
 
-    Әрине,  -    деді  Бекбай,  -    әр  кімнің  өзінің  бір  ұстаған  жолы  бар  ғой,  біреу  жамандыққа 
ырымдаса,  енді  біреу  оны  жақсылыққа  ырымдайды.  Сондықтан  мұндай  нәрселерді  ең  жақсысы 
ырымдамаған жақсы. 
 
-    Иә,  Алла,  сенің  айтқаныңнан  болса  екен.  Онда  маңдайымызға  шор-шор  алтын  ғой,  -    деді 
Қапи. 
 
Түлкі  қаша  жөнелген жыраға  ең  алдымен  Мұхамет  жүгіріп  барды. Ол  жырадан  түйенің  бір-
бірінен ажырамаған табаны мен жіліншігін оң қолына ұстап жырадан шықты. 
 
- Бері әкелші, -  деді Қапи Мұхаметке, -  табан жағы бүтін бе екен, бүтін болса құдай берді. 
 
Мұхамет қолындағы түйенің қураған жалғыз табаны мен жіліншігін әкеліп Қапидың алдына 
тастай салды. Қапи қолына алып қуанып кетті. 
 
-  Май табаны бар екен, отыны көп жерге барып түсейік,  - деп түйенің сирағын жіліншігінен 
ұстап жүре жөнелді. 
 
Бұлар күн батарға таяғанда, топ-топ сексеуілі бар жайдақ ағынға келіп түсті.  
 
Екі бала сексеуілді жинастырып от жағудың қамына кірісті. Бекбай мойнындағы екі торсықта 
қалған  азғана  суды  жерге  қойып,  ағардың  оңтүстік  қабағындағы  қораның  орнындай  кішкене 
қойнаушадағы  бірнеше  түп  теріскенді  көріп,  солай  жөнелді.  Есі-дерті  жұлдызқұрт,  ортадағы  үлкен 
теріскенге жұлдызқұрт түскен екен. Бекбай қуанып кетті. 
 
Теріскеннің түбіне асықпай отырып алып, бірден теріп аузына сала берді. Жұлдызқұрттар әлі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет