Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
жөн еді, қарға-құзғынға жем болады ғой» деді күбірлеп. Түннен бері суға шөлі қанып бойына едәуір 
қуат біткен еді, «ең болмағанда құммен болса да бетін жасырып, басына белгі қойып келейін» деген 
бекімге іштей келді. Аяғын бірден санап басып, екі баланың қасына келді: 
-  Екеуің  суларыңды  ішіп,  қалталарыңдағы  қамыстың  ұлпасын  жеп,  әнеу  дөңге  шығып  отырыңдар, 
егер біреудің бараны кезіксе, шапандарыңды бұлғап айғайлаңдар. Анау жұрттағы оттың орнына көң 
салып бықсытып қойыңдар. Түтін ұзақ жерге көрінеді. Жоқ қараған адам болса түтінге тартып келіп 
қалуы мүмкін. 
- Мұхамет жүр,- деп Мұстапа орнынан түрегелді,  - әуелі шақпақ шағып от тамызып, түтін салайық. 
Бекей ағам атама барсын. 
Бекбай екі торсыққа толтырып су құйып алып, келген іздерімен құмға қарай жөнелді. Бүгін де күн 
шәйдай ашық. Аспанда тоқымдай бұлт жоқ. «Бүгін күн кешегіден де ыстық болады-ау» деп ойлады 
Бекбай.  Сөйтті  де  белегірге  шығып,  ескі  жұртта  тоңқайып-тоңқайып  от  тамыза  алмай  әбігерленіп 
жатқан екі балаға қарады. «Әй, сәбилер-ай, аталарын әлі тірі деп жүр ғой, мүмкін, көңілдері ол кісіні 
өлімге  қимайтын  да  шығар.  Баруын  барамын,  марқұм  шалдың  бетін  жасырып  қайтармын,  қайтып 
келгенде екеуі арсалаңдап алдымнан шығар. Сонда аталарының өлімін қайтып айтамын.» Бекбайдың 
ойы  осы  араға  келгенде,  Қапидың  бетін  жасыруға  барғаннан,  қайта  келгенде  екі  балаға  кездесуі 

қатты  қиын  сияқты  сезілді.  «Мүмкін,  мен  қайта  оралғанша  екі  баланың  қасына  бірер  жүргінші  де 
келіп қалар» деді күбірлеп. 
Бекбай жүріп келеді, ойлап келеді. Ол алғашында Мұхамет пен Мұстапа туралы ойлап еді, енді ол 
Жайна  туралы  ойлады.  «Шіркін!  Жайна  мені  сағынып,  сарғайып  жүр  ғой,  мен  аяқ  астынан  жетіп 
барғанда,  қуаныштан  жарыла  жаздайтын  шығар,  өзін  ұстай  алмай  мойныма  асыла  кетер.  Мүмкін, 
шешесінен,  көршілерінен  тартынып  дауысын  қатты  шығарып  солқылдап  жыларма  екен,  әлде...» 
Бекбай  ойлап  келеді.  Оның  көз  алдына  Жайнаның  мөлдіреген  сұлу  жанары  елестеді.  Мойнын  сәл 
қисайтып,  бұрынғы  әдеті  бойынша  қиыла  қарап  тұрған  сияқты.  Кенет  құлағына  Жайнаның 
сылдырлаған  әсем  дауысы  естілгендей  болды.  «Бекей,  сен  неге  атсыз-аяқсыз  жоғалып  кеттің»  деп 
ренжи  қарап  бұртиып  тұрған  сияқты.  «Мен  кінәлімін,  мен  ақымақпын,  айналайын,  Жайна,  сені 
зарықтырдым.  Қаңырығыңды  түтетіп  ел  шетіне  қаңғырттым.  Бәрін  азаматтық  арыммен,  жігіттік 
намысыммен  мойныма  арқалауға  қақылымын.  Мүмкін,  менің  осылай  бір  өліп,  бір  тіріліп  қаңғып 
жүруім сенің кереметің шығар...» 
Бекбай жүріп келеді, міңгірлеп сөйлеп келеді. Екі шәй қайнатымға жетпей-ақ Қапи шалдың басына 
орнатып  жауып  кеткен  ескі  шапан  жалбырап  көрінді.  «Кеше  бір  күн  тірі  болған  шығар.  Әй,  бүгін 
марқұмның жаны сірі болса да ол дүниеге кетті ғой, дегенмен кәрі адам болғанда жаны сірі-ақ адам 
екен» деп күбірледі. 
Қапидың  қасына  Бекбай  өте  тез  жетіп  келді.  Бетін  құм  жауып  қалыпты.  Ойланып  аз  тұрды.  Әуелі 
төңіректен  жыралау  жер  көрінеме  деп  айналасына  көз  тастады.  Аяңдап  биіктеу  екі  құм  төбенің 
қасына келді. Ортасында тереңдеу жыра бар екен. Жүгіріп барды да Қапидың сүйегін алдына балаша 
көтеріп жыраға әкелді. Бетін қыбылаға қаратып, кимімен жатқызып, асықпай құммен көмді. Қапиды 
көміп болысымен Бекбайдың буыны құрып кетті. Дереу торсығындағы судан жұтты. Торсықтағы су 
таңертеңгідей емес жылып кеткен екен. Сонда да едәуір мейірі қанып, бойына қуат біткендей болды. 
«Елге жетсем, адам әкеліп қайта жерлермін» деп ойлады. Сөйтті де екі-үш үлкен қу сексеуілді белгі 
үшін бірін-біріне жіппен шандып, Қапи шал көмілген құмға шаншып қойды. 
Қапидың ептеп бетін жасырған соң, Бекбай артына тез қайтты. Құмның ортасынан өткенде екі аяғы 
ауырлап, денесі салғырттай бастағанын сезді. Тік тұрған беті өркеш торсықтағы судан тағы бірнеше  
ұрттады.  Бүкіл  денесінен  тер  су  болып  ақты.  Бар  қайратын  бойына  жинап  тағы  алға  тартты.  Құм 
жиегіне  ілінгенде  жүрегі  айнып,  басы  айналғандай  болды.  «Апыр-ай,  әлгі  екі  балаға  жете  алмай 
қаламын ба?» деген қорқынышты ой сап ете қалды.  «Жоқ, мен өлмеуім керек. Жайнаға жетіп, оны 
бақытқа  бөлемей  босаңсымаймын!»  деп  күңгірлей  сөйледі.  Лезде  әлгі  басының  айналғаны  тоқтап, 
аздап  екі  көзі  қарауытты.  Бағанағыдай  емес,  Бекбайдың  бір  аттағаны  өзіне  бір  үлкен  дөңбектен 
аттағандай едәуір ауыр сезілді.  
Бекбай  өзінің  дәл  қәзір  отыра  кетсе  қайтадан  тұра  алмайтынын  жақсы  біледі.  Сондықтан  сүйегіне 
қарысып,  отырмай  баяу  жылжып  келеді.  Күн  түс  ауа  тіпті  де  от  болып  қызып  алды.  Күн  ысыған 
сайын, Бекбайдың тынысын қапырық ыстық буып, буынын әлсірете түсті.  
Бекбай жылжып отырып күн бесін ауа бергенде көне қораның еңіс жағындағы белге әрең шықты. Екі 
баланы  қойып,  олардың  көлеңкесі  де  жоқ.  Сенделектеп,  бықсып  жатқан  оттың  қасына  келді.  Олар 
қоржынын да тастамай алып кетіпті. Қораның шетінен із шалды. Жаңа ғана келген түйенің ізін көріп 
Бекбай қуанып кетті. Оларды біреу құтқарған екен. «Қалайда, мұнда мені құтқаруға да адам келеді 
ғой» деп ойлады. Сөйтті де қораның батыс жағындағы аласа қабақтың үстіне шығып оңтүстік жақтан 
көрінген  қарлы  тауға  қарап  орнығып  отырды.  Енді  жүруге  мүлде  дәрмені  қалмаған  еді. 
Құтқарушының келуін тосты.   
   
 

 Бекбай дөңде ұзақ отырды. Күн батысқа аунап екінті уағы жақындады. Түйенің ізін көргенде мұнда 
біреу келген ғой деп қатты қуанған еді, енді сәл қобалжи бастады. «Өз аяғынан қаңғып келген түйеге 

екі бала мінгесіп кетіп қалды ма» деген жаман ой көңіліне орала бастады. Қалтасына қолын салып 
еді,  кешегі  қамыстың  сүйрік  уызынан  бір  уыс  бар  екен.  Бірден  аузына  салып  нілін  сора  бастады. 
Анау бұлдыраған тауға қарай-қарай екі көзі талып, жақын маңдағы сексеуіл сияқты бұталардың өзі 
біресе  мал  сияқты  көрінсе,  енді  бірде  өзіне  қарай  келе  жатқан  басқа  бір  құбыжық  хайуан  сияқты 
болып көрінді. Бекбай осылайша зарығып отырып ақыры күнді батырды. Бағана бықсып жатқан отқа 
жуан  сексеуіл  томарын  салып  қойған  еді,  орнынан  баяу  тұрып  от  басына  келді.  Екі-үш  сексеуіл 
шаласын  қолына  алып  дөңге  шықты.  Төңіректен  сексеуілдерді  жинап  от  жағуға  кірісті.  «Мені 
іздегендер  болса,  осы  отқа  тартып  осында  келер»  деп  ойлады.  Бекбай  қанша  әлсіресе  де  қорқа 
қоймады. Біреу келіп құтқарып алатын сияқты болды да тұрды. Ақшам жарығы сөне, отты маздатып 
жағып тастап, өзі от қасына отырды. Қанша отырғаны белгісіз, Бекбай шаршап қалғып кетті ме, жоқ, 
әлсіреп  есін  білмей  қалды  ма,  әйтеуір,  әлде  кімдердің  саңғырлаған  даусымен  көзін  ашты.  Оттың 
жалыны өшіп, қызыл шоқ болып қалған екен. Оң жамбасымен жантайып қалыпты. Басын көтерейін 
деп оң шынтағын тіремек болып еді, кеудесін көтере алмады. «Менің де хаым нашарлап кеткен екен» 
деп ойлады. Сол шақ құлағына екі адамның сөйлескен дауысы анық естілді. 
 
- Қораға жеттік пе? 
- Жеттік, әнеу қызарған от қой деймін. 
    - Ой, от екен, солай барайық. 
 -  Бекбай  өзін  адамдардың  іздеп  келгенін  білді.  Бар  қайратын  бойына  жиып,  тағы  бір  рет  басын 
көтермек болып еді, көтере алмады. Адамдардың дабырлап жақындағанын да білді.  
- Мұнда екен,- деп айғайлады біреуі. 
Бір адам келіп басын сүйеп көтерді. 
-  Тез келіңдер. Әлсіреп кетіпті,-  деді дауысы гүрілдеген біреу. Бекбай қаншалық қадалып қараса да 
басын сүйеп отырған адамның өңін көре алмады.  
-  Бағана  осы  отты  көргенде,  тура  тартып  келсек  жөн  екен.  Сен  арбашылардың  оты  дедің  емес  пе,- 
деді шіңкілдеген біреу.   
- Мен бұлар да от бар деп ойлағамын жоқ қой, өзі сөйлей алатын ба? Бойында жаны болса, мынаны 
сал,- деп тік түрегеліп тұрған адам Бекбайдың басын сүйеп отырғанға бір нәрсе бергендей болды. 
-  Жоқ,  алдымен  мынаны  ішкізейін,-  деп  Бекбайдың  басын  сүйеген  адам  ыдысқа  қараңғыда  бір 
нәрснеі сылдырлатып құйып, оның аузына әкелді. Бекбай әрең ұрттады. Тамсанып, езген құрт екенін 
білді. Осылайша, екі ұрттағанда Бекбайдың көзі шырадай жанды.  
- Аз дем алайыншы,- деп Бекбай қасындағы кесек денелі адамға сүйеніп аз отырды.  
- Енді бір ұрттап жібер,- деп шыныны Бекбайдың аузына қайта төседі. Бекбай тағы екі ұрттады. 
Осылайша,  мынау  екі  адам  қайта-қайта  бір  ұрттамнан  сұйқылдау  езген  құрттың  суын  ұрттатып, 
қайта-қайта дем алдырып отырып, Бекбайды өздігінен орнынан тұра алатын күйге келтірді. 
- Су ішерің бар екен,- деп гүрілдеген жуан дауысты адам,- түн қатып келмесек, ертеңге дейін үзіліп 
кеткендей екенсің, әйтеуір бір ажалдан қалдың. 
 
Бекбай «бір ажалдан қалдың» деген сөзді қанша рет естігені ғой есінде жоқ. Әйтеуір талай рет 
ажалдан  қалғаны  өзіне  мәлім.  Десе  де,  мынау  адамның  дауысы  талай  жылдың  алдындағы  ағасы 
Берікбол  арқасына  көтеріп  мектептен  шығып  келе  жатқанда,  есік  бағатын  арық  қара  шалдың 
дауысына ерекше ұқсайтын сияқты сезілді. Сопда ол «бір ажалдан қалдың» деп бетіне сығырая қарап 
еді. 
 
 Бекбайды  құтқаруға  келген  екі  адам  қызыл  шоқ  болып  жатқан  отқа  тағы  да  сексеуіл  әкеліп 
салып, отты қайта маздатып жақты. 
 
  -  Мә,  мына  малтаны  малтап  отыр,  енді  артық  тамақ  ішсең  болмайды,  -  деп  шіңкілдеп 
сөйлейтін адам бармақтай малта құртты Бекбайдың қолына ұстатты.  
 
 - Екі бала сіздердің ауылға барды ма? - деді Бекбай. 

 
  - Екі бала ештеңе ететін емес. Олар түйе іздеген біреуге ілесіп, ауылға тым жәй барды. Егер 
біздің ауылдың адамдарының бірінің қолына түссе лезде барушы еді,- деді гүрілдек. 
 
  - Біздің ауыл жап-жақын, қәзір жетіп барамыз,- деді шіңкілдеп сөйлейтін адам.  
 
  - Өзің көлікке мініп жүре аласың ба? - деді гүрікдек. 
   - Міне аламын, - деп Бекбай орнынан тұрды. 
   - Жарайды, онда аттанайық,- деп екі жолаушы, - құммен отты көміп өшірді де, түйелерді шөгерді. 
Артық бір түйе жетектеп келген екен. Оған Бекбай мінді. 
    -  Бекбайлар  келгенде  ауыл  әлі  жатпаған  екен.  Төрт  үйлі  шағын  ауылдың  ортасындағы  үлкен  ақ 
үйге  келіп  түсті.  Бекбайдың  түйеге  мініп  ауылға  жеткенше  ойлағаны  да,  ал,  ауылға  келген  соң, 
түйеден  түсіп  үйге  кіргенше  ойлағаны  да  кішкентай  Мұстапа  атасын  сұраса  не  деп  жауап  беретіні 
болды. Расында Мұхамет пен Мұстапа Бекбайды төрт көздерімен тосып отыр екен. Бекбай есіктен 
кірісімен Мұстапа Мұхаметтің тосқанына қарамай жүгіріп келіп құшақтады?  
 
 - Атам өліп қалған екен ғой! - деді жылап. 
   - Болды, Мұстапа, атаңның арманы жоқ. Сендер елге жеттіңдер,- деп Бекбай Мұстапаның басынан 
сипады.  Гүрілдеген  қара  осы  үйдің  иесі  секілді.  Бекбайды  жетелеп  төрге  шығарды.  Оң  жақта 
жиналып бес-алты адам отыр екен. Бәрінің көзі тегіс Бекбайға қадалып қалыпты. 
 
  -  Болды,  түгел  үйлеріңе  барыңдар.  Мына  кісілер  шаршап  келді,  дем  алсын!-  деді  гүрілдек 
қара.  Мұндағы  үлкенді-кішілі  ауыл  адамдары  бір-бірден  саулап  үйлеріне  кетті  де,  іріктеліп  Бекбай 
мен Мұхамет, Мұстапа ғана қалды. 
   -  Аштық жандарыңызға өтіп кетіпті,  тамақты бірер күн аздап ішпесеңіздер аш өзектеріңізге түсіп 
кетеді.  Аш  өзегіне  түскен  адам  әуелі  өліп  кетеді,-  гүрілдек  қара  ақыл  айта  сөйледі,-  енді  іздеген 
туыстарыңыз да табылады. Бүгінше қара шәй мен қара нан жеп дем алыңдар.  
 
 Үй  иесінің  осылай  орналастыруы  бойынша,  Бекбай  екі  шыны  қара  шәй  ішіп,  бір  жапырақ 
ғана нан жеп ғана дем алды. 
   -  Бекбай  қатты  ұйықтаған  екен.  Маңырап  шулаған  қозы-лақтың  дауысымен  оянып  кетті.  Оң 
жақтағы  тобылғыдан  жасаған  үйшіктен  кішкене  қара  баланың  басы  қылтиды.  Түнде  Бекбай  оң 
жақтағы  үйшікті  көрмеген  еді,  үйшіктің  көлеміне  қарап,  «едәуір  ауқатты  семия  екен  ғой»  деп 
ойлады. Жалпақ бет сары әйел сырттан қолтығына қызыл қасқа қозыны қысып келіп үйшікке тастай 
салып, балаға:   
    - Әнеу қоңыр қозыны әкел! - деді. 
 
 - Мынаны ма? - деп қара бала бір қоңыр қозыны үйшіктен шешесіне алып берді. Осылайша, 
жалпақ бет сары әйел  мен ұзын бойлы қара қыз кезек-кезек үйшікке бір қозыны әкеліп тастап, бір 
қозыны әкетеді. Қолдарында кішкене ағаш шелектері жүр. 
   -  Бекбайдың  көз  алдына  бір  кездегі  Қадыш  деген  әйелдің  қойын  баққандағы,  осындай  мал 
төлдеткен  шақтары  келді.  Онда  үйшіктегі  жүзден  артық  қозыны  Бекбай  өзі  таңертең-кеш  жалғыз 
алып  салатын.  Ал,  осы  жүзден  артық  саулықты  таңертең-кеш  сары  ала  етек  болып  Қадыштың  өзі 
сауатын,  онымен  қоса  ол  сол  жүзден  аса  саулықтың  қозысын  бірден  танитын.  Күнде  қой  жайып 
жүрмесе де, анда-санда кешкі қой келгенде, қойға көз салған ол Бекбайға: 
 
 -  Бекбай  балам,  бүгін  қойың  жақсы  тоймапты  ғой,  жүні  бұзыла  қалыпты.  Қой  жайған 
жағыңда шөп қалмаған сияқты,- дейтін. 
 
 Ал, кейде өрістен келген малына қызыға қарап: 
   -  Бекбай  балам,  аз  күннен бері  малың  тойып  тұр  ғой,  мал  реті  өте  жақсы,-  дейтін.  Бекбайдың көз 
алдына төртпақ семіз қара әйел Қадыштың лыпылдап тез-тез жүріп жұмыс істегендегі епшіл қимылы 
елестеді. «Іскер, сұңғыла әйел екен ғой» деп ойлады. Бекбай басын көтерген беті үй иелері қойларын 
сауып  болғанға  дейін  қозғалмай  отырды.  Қозы-лақтың  шулаған  дауысы  әсер  қылмаса  керек. 
Мұхамет  пен  Мұстапа  әлі  пырдай  болып  ұйықтап  жатыр.  Әзірге  қозғалар  түрі  жоқ.  Аштық  пен 

жаяушылық меңдетіп, талай күн түзу ұйықтай алған жоқ қой. Бекбай осыны ойлап оларды оятпады. 
Аштық  сынды  ажалдың  шеңгелі  бұлардың  басына  төнгеніне  тұп-тура  бір  жеті  болды  ғой,  басына 
ажал  төніп  тұрғанда  кімнің  ұйқысы  келеді  дейсіз.  Бірақ  Бекбай  сан  рет  ажал  қармағынан 
құтылғандыкі ме, жоқ, өзінің бойында ешнәрсені елемейтін сондай бір жақсы қасиет бар ма, әйтеуір 
түнгі  ұйқыны  жақсы  ұйықтайтын.  «Менің  неше  күндер  нәр  татпай  аш  жүре  алғаным  осы  жақсы 
ұйықтағанымның  арқасы  шығар»  деді  өзіне  өзі  күбірлеп.  Үй  иесі  сары  әйел  мен  қара  қыз 
шелектеріндегі сүтті қазанға құйып қолдарын жуғанда, Бекбай орнынан тұрып тысқа шықты. Түнде 
аз да болса шәй ішіп жатқандыкі болса керек, ұйқысы әбден қанып, бойы едәуір сергіп кеткен екен. 
Ауылдан алыстап өріп бара жатқан қой табынына қарап аз тұрды. Шығыстан маужырап көтерілген 
күн, мынау бетегелі  жусанды сары даланың  таңын ерекше тамылжытып жіберіпті.  Ақырын аяңдап 
қораның  арт  жағындағы  болымсыз  шилі  дөңкілге  шықты.  Бекбай  енді  байқады.  Мынау  төлдеулік 
құмның үстіндегі Боғда тауына қарай тіреп жатқан, шығысы мен батысына көз жеткісіз ұланқайыр 
дала құс қанаты талатын ақ дала екен. «Па, мынау төрт түлік малға табыла бермейтін тынысты жер 
екен ғой» деп ойлады. Дөңкілде тұрып тынысының ерекше кеңіп, бойының жадырап кеткенін сезді. 
Үй  иесі  семіз  қара  шығыс  жақтан  екі  атты  жетелеп  үйінің  қасына  келді.  Бекбай  аяңдап  қораны 
айналып, есік алдына келіп тоқтады. Үй иесі аттардың бірін байлап, бірін тұсап қойған соң, әлгінде 
Бекбай шыққан дөңкілге шығып, айналасына көз салды. Мұхамет пен Мұстапаның әлі  оянбағанын 
түрулі  тұрған  есіктен  байқады.  Олардың  тынышын  алғысы  келмеді.  Дөңкілдегі  үй  иесінің  қасына 
келді.  
 
  -  Мына  біз  отырған  жер  ой  болады,-  деп  үй  иесі  Бекбайға  бұрылды,-  мына  кер  жазықты 
«Ақдала» дейді. Шығысы Баркөлге тіреледі. Қазір мұнда үш зәңгі ел мал төлдетіп отыр. 
    - Сонда бұл жақта да қазақ көп болды ғой,- деді Бекбай. 
 
  - Анау шығысы Аратүрік пен Баркөлден батысы ана Үшбукенге талай ел лықсып жатыр ғой, 
 - деді. 
 
  - Бекбай Алтай жерінде жүргенде «Баркөл» дегенді ара-тұра естіген. Ал, Аратүрік, Үшбукен 
дегенді мүлде естімеген. «Қалайда жер аттары ғой, қазақ қоныстанған жер үлкен екен ғой. Дүниеде 
қазақтан көп халық жоқ-ау» деп ойлады. Сөйтті де керіліп жатқан сары жазықтың жан-жағына тағы 
көз салды. Солтүстік жақтан мұнартып Бәйтік тауының сұлбасы көрінеді. Бағанадан байқамапты, бұл 
мидай жазықтың ортасындағы болымсыз төбешіктің шығыс жағындағы ойда отырған ауыл екен. Бұл 
маңның  да  жусаны  мен  бетегесі  енді  ғана  тепшіп  көгеріп  қалыпты.  Оңтүстік  жақта  шығыстан 
батысқа  қарай  көлбей  көсіліп  Боғда  тауы  ұзыннан-ұзақ  созылып  жатыр.  Әппақ  қар  қымтаған 
қарағайлы  ұлы  тау  бүгін  күндегіден  де  анық  болып,  сай-саласына  дейін  өте  айқын  көрінін  тұр. 
«Талай күннен бері жете алмай зарыққан Боғда тауымыз осы болды ғой» деп ойлады. Ол үй иесіне 
ілесіп қора шетіндегі енді ғана бүршіктей бастаған бұйра жусанды гұртілдете басып өзі қонған үлкен 
ақ үйге келді. Мұхамет пен Мұстапа да оянып бастарын көтерген екен. 
   Қонақтар  беті-қолдарын  жуып  төрге  отырған  соң,  үй  иесі  қоңқы  тұмсық  семіз  қара  кісі  орнынан 
алдына қарай сәл сырғып алды да, өзін таныстырды: 
 
 - Бұл менің ауылым,- деді ол Бекбайға бұрылып,- атым Майсары, көп жылдан мекеніміз осы 
Боғда,  кеше  тау  жақтан  келіп  түйе  қарап  жүрген  мына  екі  баланы  тауып  әкеліпті.  Түнімен  барып 
өзіңді әкелдік. Жөндеріңді тамақтан соң бір-ақ ұғысайық. Әзірше шәй ішіңдер. Тамақты көп бермеді 
деп ренжімеңдер. Бір-екі күн осындай аз-аздан ішесіңдер. 
   Бекбай да, Мұхамет пен Мұстапа да таңертеңгі шәйді ішісімен алты айырықтарынан тер ағып, қара 
сорпа болды. Бірақ үшеуі де тамаққа тоймайтындай обырланып отыр еді, аз қара нан мен сүтті шәй 
ішкен соң, бірдемде тойып отырып қалды. Біреуі бір ғана жапырақ нан жеп, екі шыныдан ғана шәй 
ішті. 

    Дастарқан  жиылған  соң,  Бекбай  маңдайынан  сорғалаған  терді  сүртіп,  сәл  шегініп  арқасын  жүкке 
сүйеп отырды. Шешесінің аяқ жағында шәй құйып отырған ұзын қара қыз қайта-қайта өзіне қадала 
қарағанын Бекбай анық байқады. Сымының екі тізесі жыртылып, шолақ сырмақ шапанының да етегі 
бұта-бүрген  жұлмалап  өрім-өрім  болып  кеткен  екен.  Етігінің  табаны  тесіліп,  өкшесі  ішіне  қарай 
мұжылып қисайып кеткен соң, өкшесінің биік жағын алып тастаған. Ақ жем болып тозған көн етігі 
де  кемпірлер  киетін  мәсіге  ұқсап  қалған  болатын.  Қыз  көзі  қайта-қайта  қадалғанға  өз  киімінен  өзі 
қораштанып  ыңғайсыздана  қалды.  Мұхамет  пен  Мұстапа  беттерін  жуып,  жылтырай  қалыпты. 
Кішкене  балалардың  киімінің  жыртығы  онша  білінетін  емес.  Дәл  осы  шақта  киімнің  жыртығы 
Бекбайға қатты білінді. Өкшесі жоқ етігін малдас құрған болып астына қарай жинап қойып отырды.  
    -  Жә,  жігіт,  енді  сендердің  жөндеріңді  біле  отырайық,  жөндеріңді  білген  соң,  туыстарың 
табылатын шығар? - деп Майсары Бекбайға қарады.  
    - Жол бастаушымыз Қапи деген кісі еді,- деп Бекбай орнынан сәл көтерілді,- бізді құмға жеткізіп, 
сол  жерде  көз  жұмды,  мен  шамамша  бетін  жасырып  белгі  қойдым,  туыстары  табылған  соң  қайта 
жерлейтін  шығар.  Мына  екі  бала  сол  кісінің  інісінің  балалары.  Осы  жақта  бір  інісі  бар  екен,  соны 
іздеп келді. Мына баланың аты Мұхамет, ана кішкененің аты Мұстапа. 
    - Әкеміздің бұл жақтағы інісінің аты Жапар,- деді Мұхамет.  
   - Қай ел?- деді Майсары Мұхаметке сұраулы көзбен.  
   - Шерушіміз,- деді Мұхамет.  
   -  Ой,  әлгі  жоғарғы  жақтағы  өзіміздің  жалпылдақ  Жапар  болмасын,-  деп  қазан  жақта  шыны 
жиыстырып жатқан сары әйел артына қарады,-  Шіңгілде бір аға, бір інім бар деп жүруші еді. 
    - Әйелінің аты Кемелқан еді,- деді Мұхамет.  
    -  Дәл  өзі  екен,  жайлауымыз  қанаттас,  жазда  көрші  отырамыз,-  деп  үй  иесі  әйел  қазан  жақтан 
Майсарының қасына келіп отырды,- Кемелқан жақсы әйел, біреуің дереу шүйіншіге аттаныңдар. Есік 
жақта  отырған  арық  сары  жігіт  лып  етіп  шыға  жөнелді.  Қуанғандарынан  Мұхамет  пен  Мұстапа 
орындарынан тұрып кетті.  
    -  Отырыңдар  балалар,  Жапардыкі  жақын,  өзім  апарамын  ғой,  олар  әуелі  хабар  тапсын, 
асықпаңдар,- деді Майсары. Үйдің маңын дүбірлетіп әлде біреудің :   
    - Шүйінші! Шүйінші!- деп шаба жөнелгені анық білінді.  
    -  Шіркін-ай,  өте  жақсы  болды  ғой,  Жапар  ағамның  үйі  табылмай  ма  деп  қорқып  едім,-  деп 
Мұхамет өзінің күдігін жасырмай айтты. 
   - Мен сенен де қатты қуанып отырмын,- деді Бекбай,-  Қапи аға өзі жеткен болса жақсы еді, ол кісі 
көз  жұмғаннан  кейін  сендерді  қатты  алаңдадым.  Қапеңе  берген  уәдем  бар  еді.  Бәрі  де  іске  асатын 
болды. 
    -  Жә,  жігітім,-  деп  Майсары  Бекбайға  қадала  қарады,-  балалардың  ғой  жөнін  ұқтық,  туысы  да 
табылды. Сонда өзіңді ұмытып қалған жоқсың ба? 
    -  Мен  өзімді  асықпай  таныстырайын  деп  отырмын,-  деп  Бекбай  қуана  күлді,-  менің  Алтайда 
өзімнен басқа туыс-туғаным жоқ. Аға-жеңгем бар еді  екеуі де қайтыс болды. Нағашыларымда жүр 
едім, олар да жұтап қалды. Бұл жаққа құдаласқан қайын жұртым кеткен еді, соларды іздеп келдім. 
Осы жаққа ауып кеткені анық. Табылатын шығар. 
   -  Бұл  өңірде  Алтайдан  ауып  келген  ел  көп,  біз  тек  жақын  қоныстарды  ғана  танимыз  ғой, 
алыстағыларды біле бермейміз. Десе де ел құлағы елу ғой, қайнатаңның аты кім еді?- деп Майсары 
Бекбайдың жүзіне қадала қарады.  
    -  Қалыңдығымның  әке-шешесі  жоқ,  әжесінің  қолындағы  жетім  қыз  еді,  өткен  күзде  Алтай 
партизандары  Өр  Алтайға  елді  көшіргенде,  елмен  еріп  Шіңгілге  кетіпті.  Қыста  Бәйтіктен  әкесінің 
інісі  Жақай  деген  барып  көшіріп  алыпты,-  Бекбай  тамағын  қырынып  жөткірініп  алып  сөйледі,- 
қаңғып  Бәйтікке  келсем,  ондағы  аз  ғана  ауылды  Шонжыдан  барған  Гоминдаң  әскерлері  тырп 

еткізбей  ұстап  отыр  екен.  Солардың  ішіндегі  бірнеше  адамға  жолығып  ұғыссам,  Жақайдың  ауылы 
ақпанның  аяғында  осы  Боғда  жаққа  ауып  кетіпті.  Бәйтікке  жақындағанда  Қапи  шал  мен  мына  екі 
балаға кез болғамын. Осылармен ілесіп, жарым айдан артық жаяу жол жүріп жеткеніміз осы. 
    - Осы жаққа келгені шын болса табылады,- деп Майсары Бекбайдың бетіне қадала қарады,- мына 
екі  баланың  ғой  туысы  табылды.  Мен  төңіректегі  елге  сұрау  салайын,  қайын  жұртыңның  дерегі 
білінгенше осында жата тұр. Шалқып жатқан бай емеспін, десе де, өзімдік айран-шалабым бар. Аш 
болмайсың.  
   - Рақымет сізге!- деді Бекбай. 
   -  Әй,  кемпір,-  деді  Майсары  қонышындағы  ұстарасын  қолына  алып,-  екі  балаға  су  берші, 
шаштарын жібітсін, мен алып жіберейін. Шаштары өте үрпиіп кеткен екен. 
   -  Мұхамет  пен  Мұстапа  шаштарын  жібітті.  Майсарының  ұстарасы  өткір  болғанда  ағып  тұр  екен. 
Лезде екеуінің шашын сыпырып жіберді.  
    - Менің де шашымды түсіріп жіберіңіз,- деп Бекбай шашын жібітті. Бекбайдың шашы енді алынып 
бола бергенде: 
    - Ой, шүйіншіге кеткен бала келеді!- деп біреу айғай салды. Мұхамет пен Мұстапа жүгіріп далаға 
шықты.  Олардың  соңынан  Майсары  мен  Бекбай  да  далаға  шықты,  шүйіншіге  шауып  кеткен  жігіт 
қолында жетегі бар, Майсарының үйінің қасындағы үйге келіп түсті. Жүзінен қуаныш күлкісі еседі: 
 
 - Шүйіншіге бір дөнен берді!- деп дауыстай сөйледі, - мына кісілерді ертіп кеткелі ат ерттеп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет