Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
нелерді  күбірлей  айтып  бет  сипағаны  есіне  оралды.Жүрегінің  сәл  қобалжу  тартып  ,  ары-бері 
жүгіргісі келген сияқты болғанын сезді.Арқасын жартасқа сүйеп , аласұра ызыңдаған көктем желінің 
әлі  толық  бүршік  жая  қоймаған  сояу  бүргендерге  ,  анау  меңіреу  жалпақ  жартастарға  ұрылғандағы 
бірде  ұрандап,  бірде  ысқырған  сүркейлі  дауысын  тыңдап  ,көзін  жұмып  тағы  біраз  тұрды.Ол  көзін 
жұма салумен көз алдына мыңғырып төрт түлік мал айдаған , қызылды-жасылды киініп көш алдында 
кетіп бара жатқан қыз-келіншектер , шұбырған қалың түйелі көш елестей қалды.Осындай салтанатты 
көшті Бекбай бес жасында , ел жайлауға көшкенде кебежеде отырып көруші еді , онда Бекбай кейде 
ыстық  күнгі  көште  кенезесі  кеуіп  шөлдеп  қиналса  ,  кейде  қарлы  боран  бұрқақтап  ,  иек-иектеріне 
тимей сақылдап тоңатыны  есіне оралды.Дәл қазір соның бәрі бір түрлі жағымды , ерек рахат сияқты 
білініп , көңілінен ғажайып бір сағыныш лебі есе қалғанын сезді. «Па, шіркін! Ол недеген бақытты 
заман еді» деп өзіне өзі күбірледі .Ол ұзақ, тәтті ойдың жетегінде тұрып күннің ұясына батып бара 
жатқанын  байқамай  қала  жаздады.Көзін  үлкен  ашып  төңірекке  қарады.Қарады  да  үңгірге  келді. 
Берікбол әлі қорылдап ұйықтап жатыр.Гүлсім басын көтеріп , сыртқы шапанының үзілген түймесін 
қадап отыр екен. 
 
Бекбай  Берікболдың  қасына  келіп  ,  бір  тізерлей  отырып  ,  кішкене  баланы  оятатын  адамша 
сыбырға жақын ақырын дауыспен: 
 
_ Бекей, күн батты, тұрасың ба?_ деді. 

 
Берікбол  жастықтан  басын  тез  жұлып  алды.  Айналасына  алақтай  қараған  соң,  қасында 
томардай болып отырған Бекбайға қарап:  
 
_ Күн батты ма?_ деді.  
 
_ Күн енді ғана батты. Аттар жайылып тұр, маңайда ештеңе көрінбейді,_ деді Бекбай.   
     Тағы да Берікбол екі көне сырлы аяққа су  құйып, Гүлсім мен Бекбайдың қолына топаны молдау 
екі кесек етті ұстатты. Өзі сәл кішірек бір кесек ет алып жей бастады. 
      _  Бүгін  ұзақ  жол  жүреміз,  екі  бірдей  үлкен  өзеннен  ат  салып  өтеміз,_  етті  жеңкіреп  алыңдар,_ 
Берікбол сөйлей отырып, Гүлсімнің қолындағы етті турап берді,_ алда қандай күндер болады , күн 
жүреміз  ,  түн  жүреміз,  арқырап  жатқан  ағыны  қатты  асау  өзендерден  өтеміз,  биік-биік  асқар 
таулардан  асамыз.Кейде  күні-түні  тамақ  іше  алмауымыз  мүмкін.Тамақты  ат  үстінде  шауып  келе 
жатып  жейтін  кездерде  болады.Үйде,  өзіміздің  ауылда    жүрген  жоқсыңдар,  сергек,  қайсар 
болыңдар.Бір нәрсеге жолыққанда сасқалақтап  ес-ақылдарыңнан айрылмаңдар. 
Берікболдың  сөзіне  Бекбай  мен  Гүлсім  үнсіз  бастарын  изеді.Берікбол  қолындағы  етті  лезде  жеп 
болып  ,  тысқа  шыға  жөнелді.Ол  жартастың  түбіндегі  ескілі-жаңалы  шөпке  күн  бойы  жайылып, 
едәуір  тынығып  алған  үш  аттың  қасына  келді.  Аттары  терлерін  онша  құрғата  алмасада,  бүйірлері 
шығып  едәуір  тыңайып  қалған  екен.  Берікбол  аттарды  әкеліп  ерттеген  соң  ,  Гүлсім  мен  Бекбайды 
ертіп шығып атқа мінгізді.Бұлар жүре жөнелгенде күн батып, төңірекке қараңғылық ұялай бастаған 
еді. 
                                               
                                       5 
 
     Берікбол бастап үш атты үңгір аузынан алыстап, кешкі қараңғылыққа сүңги жөнелді. Ең артында 
кетіп  бара  жатқан  Бекбай  артына  қайрылып  үңгір  аузына  көз  салды.  Мынау  жалғыз  күн  баспана 
болған тас үңгір кәдімгі өздерінің үйі сияқты көрініп, арт жақтарында бір тамаша  салынған үйлері 
қалып  бара    жатқандай  сезілді.  Бекбайдың  ұлан  қыста  қарны  тойып,  ұйқысы  әбден  қанған күн  дәл 
осы еді,аузына тамақтың дәмі келіп, мейірлене  тамақ жеген жер де осы үңгір болды. Бір күн болса 
да жанына рахат бағыштаған болымсыз тұрақ Бекбайдың көзіне өте ыстық көрініп кетті. Қараңғыда 
аузы  үңірейіп  қалып  бара  жатқан  үңгірге  қайта-қайта  жалтақтап    қайрылып  қарады.  Бекбай  өзінің 
ұлан  қыста  дәл  бүгінгідей  жадырап,  бүгінгідей  мейірленбегенін  іштей  сезді.  Екінті  ақшамның 
бұлыңғыр қараңғылығында үңгірдің қарайған аузы бара-бара көрінбей қалды. Берікболдың соңында 
Гүлсім кетіп барады.Ол Берікболдың көзіне кеше кештегідей емес, бүгін едәуір ширап қалған сияқты 
сезілді. Атының тізгінін сілкіп, анда-санда тебініп қояды. Мынау түнгі жүріс Бекбайға түндегі келген 
жақтарына қайтып бара жатқандай сезілді. 
       _ Берікбол аға,_ деді ол дауыстап,_ біз келген жағымызға қарай қайтып бара жатқан жоқпыз ба?  
       Берікбол атының басын тоқтатып: 
        _Оның рас, біз келген жолымызбен қайта қайтып, жарым сағаттан соң өзенге еңкейеміз. Бұдан 
кейін сөйлемеңдер, ауылға жақындап келе жатырмыз,_ деді де жүре жөнелді. 
       Үш жүргінші түн қатып едәуір жүрді. Бірде қабырғада келе жатса, енді бірде екі жағы үңірейген 
қыратта келе жатады. Бір кезде атының басын тартып тоқтай қалған Берікбол : 
    _ Өзенге жақын қалды. Мен өткел бар жерді көріп белгі салып келейін,_ деп алдыңғы жаққа қарай 
қараңғылыққа сүңгіп жоқ болып кетті. Берікбол кетіп көп өтпей жақын маңнан үрген иттің дауысы 
естілді. Бекбайдың да, Гүлсімнің де жүрегі дүпілдеп бойларын үрей баса қалды. 
       _  Құдай-ай,  әлгі  көзге  түсіп  қалып  пәле  болмаса  болды  ғой,_  деді  Гүлсім  Бекбайға  сыбырлап. 
Оның үні дірілдеп шыққанын Бекбай білді.Өзінің үрейін оған білдіргісі келмеді : 
        _ Қорықпа ,_ деді Гүлсімге жақындап,_ Берікбол екені рас болса әйтеуір бізді құтқарып шығады. 

        Бекбайдың  мына  сөзі  Гүлсімге  едәуір  алғау  еді.  Жүрегі  дүпілдеп  соғып,  бойы  қалтыраған 
сияқты  болып  бара  жатыр  еді,  енді  сәл  тынысы  кеңіп,  миын  торлаған  қорқынышты  үрей 
жеңілдегендей  болды.  Әлгіндегі  үрген  иттің  даусы  да  бара-бара  басылып  қалды.    Бірақ  Берікбол 
дереу  қайта  айналып  келе  қоймады.  Аттардың  да  белі  талып,  қарнын  айыл  қиса  керек,  бір  орында 
тұра  алмай  тықырши  бастады.  Бекбай  атынан  қарғып  түсіп,  өз  атының  айылын  босатқан  соң, 
Гүлсімнің атының айылын да азыр- ақ босатып қойды. 
  
       _  Берікбол  бір  пәлеге  ұшырамаса  болды  ғой  ,  _  деді  Гүлсім.  Гүлсімнің  үні  жылауға  жақын 
дірілдеп шықты.Айтарға болмаса уақыт созылған сайын Бекбайдың да көкірегін үрей орап , алаңдай 
бастаған  болатын.Сонда  да  ол  Гүлсімді  үрейлендіргісі  келмеді.Өзіндегі  қорқынышты  ішіне  бүгіп 
алды.  Шамасы  келгенше  үнін  қатқылдау  шығарып  ,Гүлсімді  тағы  да  қайраттандыра  түсетін  бір-екі 
ауыз сөз айтқысы келді. 
       _ Неден қорқасың, өзен ондай жақын болмаса керек, жақын болса өзен суының сылдырын болса 
да  естісек  керек  еді,_  деді  Бекбай.Бекбай  сөзінің  аяғын  жимай  Берікболдың  атының  дыбыры 
естілді.Бекбай да аттардың айылын тартып, қайта атына мініп үлгірді. Аяңдап жетіп келген Берікбол 

        _Қорықпаңдар,  қатты  жөтелмеңдер,сөйлемеңдер,  елдің  арасынан  өтеміз.  Тек  маған  ілесіп 
үндемей жүріп отырсаңдар болды,_ деді.  
        Көп өтпей биік қабақсоқтыдан түсіп, ағарып жатқан  машина жолға келгенін Бекбай анық білді. 
Бұлар  осы  машина  жолмен  оңға  бұрылып  аз  жүрген  соң,  бұлт  етіп  машина  жолдан  шығып  солға 
бұрылды  да,  қалың  шидің  арасымен  жөнелді.  Аздан  кейін  Бекбай  өздерінің  қайсы  бағытта  қалай 
жүріп келе жатқандарын мүлде білмей қалды. Бір кезде әлгі ну шиден шығып тастақ тақыр жермен 
жүріп өзен жағасына жетіп келгенін бір-ақ білді. 
       _  Ертіс  өзені  осы,_  деді  Берікбол  атынан  түсіп  жатып,_  қорықпаңдар  ,аттың  басын  қоя  беріп  , 
аттың  жалынан  мықты  ұстап  алыңдар,  естеріңде  болсын,  ерден  ауып  кетсеңдер  де  аттың  жалын 
жібермесеңдер  болғаны  ат  сендерді  қайтсе  де  жағаға  алып  шығады.  Өзеннің  арғы  жағасы  да  дәл 
осындай жайдақ.Бұл ерте заманнан жүкті  түйе мен көш өтіп жүрген өткел екен.Өзеннің осы арасы 
таяз болғандығынан ба, едәуір жалпақ. Екеуің менің өр жағымнан өзенге түсесіңдер, маған қарамай 
түзу тарта берсеңдер болды. 
        _ Мақұл,_ деді Бекбай.  
       Дәл  осы  кезде  арт  жақтарынан  үрген  иттің  дауысы  шығып,  дабырлаған  адамдардың  айғайлап 
сөйлескені естілді.  
        _  Түсіңдер  өзенге,_  деп    Берікбол    атын    ұрып  жіберіп,  Бекбай  мен  Гүлсімнің  аяқ  жағынан  
өзенге түсіп кетті. Гүлсім қорқып аз іркіліп еді, Бекбай  оның атын айдап өзенге түсіріп жіберді де,  
өзі    оның    өр  жағынан  қатарласып  атының  тізгінін  қосып  ұстап  алды.  Өзеннің  арғы  жағасы 
көрінбейді.  Көзге  түртсе  көргісіз  қараңғылық    бұлардың  қалай  келе  жатқанын  да  білгізер  емес. 
Гүлсімнің еңіс жағынан жаындаған Берікбол: 
      _  Аттарыңның  басын  еркіне  қоя  беріңдер,_  деді  асыға  дауыстап,  мүмкін,  бұлардың  дауысы 
естіліп  қалса  керек,  артқы  жақтарындағы  дабыр  көбейіп,  бір  топ  адамның  қабақ  үстінде  қол 
шырақтарын жарқылдатып жүргені анық көрінді. 
       _ Қашқын! Қашты!_ деген орысша жіп-жіңішке шіңкілдек дауыс құлақтарына найзадай қадалды. 
Бекбай  мен  Гүлсімнің  бойында  жан  қалмады.  Бекбайдың  ат  жалынан  ұстаған  екі  қолының  білегі 
дірілдеп, өлім үрейі лезде жүйкесін торлап алды. «Енді құтылмаймыз ғой» деп ойлады ол. Ертістен 
сан рет түнде өтіп әбден үйренген  үш ат қаз-қатар малтап келеді. Гүлсімнің қолы ат жалынан бір рет 
босап  кетіп  ,  жан  дарменде  ат  жалын  зорға  қайта  қармады.Өзеннің  шығыс  оңтүстік  жағасына 

жиылған  адамдардың  дыбыры    да  басылып  қалды.Үшеуі  де  өзеннің  арғы  жағасына  есен-сау 
жақындады. Шығыс солтүстік жағадағы қалың ну терек қап-қара барқыт болып анық көрінді.        
      Өзеннің солтүстік жағасы да жаттық екен. Жағаға шыға бере аттар бірінен соң бірі арт-артынан 
сілкініп алды. 
        _Жүріңдер, қандай жағдайда да дауыс шығармаңдар, менің соңымнан көз жазбай ілесіңдер,_ деп 
Берікбол  тарта  жөнелді.Үш  жүргінші  бұл  күні  таң  атқанша  тау  арасымен    жүріп  ,  таң  ата  шағын 
өзеннен келіп өтті.Өзеннің оңтүстік жағасындағы текшеде тас үйіндісі сияқты бөлек болып жатқан 
қара  қоыр  нәрсенің  қасына  жетіп  келгенде  ,  Берікболдың  аты  үркіп  жалт  берді.  Ала  көлеңке  таң 
жарығында,  шашылып  жатқан  жүк  пен  айқасып  жатқан  қазақтардың  өлігін  Берікбол  анық 
көрді.Осының  алдында  ғана  Қытайға  қашқан  қазақтардың  осында  келіп  орыс  солдаттарының 
қолынан  қырылғанын біле қойды. Мұнда аялдауға болмайтынын сезді. Дереу Бекбай мен Гүлсімді 
ертіп  сайдың  теріскей  қапталындағы  қалың  қарағайға  қарай  қайқая  жөнелді.  Жер  әлі  дегдімепті. 
Қарағайдың етегі батпақ екен. Аттар тайғанақтап жүріп қарағайға әрең ілінді. 
       Бұлар  қарағайға  келіп  кіргенде  ,  таң  да  ағарып  ата  бастаған  еді.Қарағай  арасындағы  ат  жүре 
алатын  соқпақтармен  сайдың  басына  қарай  шығыс  солтүстікке  тік  тартқан  Берікбол  күн  ай 
жайылғанда көлделең жатқан үлкен тас қыратқа келіп тірелді. 
       _ Аттан түсіңдер!_ деді Берікбол,_ бүгін  осында қозғалмай отырып күн батырамыз! 
       Бекбай мен Гүлсім аттарынан түсті. Ес-ақылы шығып  қайтерлерін білмей бір-біріне қарап үнсіз 
тұрып қалды. Екеуі де әлгіндегі айқасып жатқан қалың өліктен шошып кеткен еді. 
       _ Бекбай, сен әнеу қарағайдың арасына аттарды байла , Гүлсім сен балапан қарағайдың  арасына 
кіріп ұйықта,_ деді Берікбол. Бекбай аттарды қарағайдың арасына мықтап байлап, Гүлсімнің қасына 
келді.Бекбайға үрейлене қараған Гүлсім :  
       _ 
Бекей-ау, 
жүрегім 
қобалжып, 
қатты 
қорқып 
 
тұрғанымды 
қарашы,_ 
деді 
жыламсырап.Гүлсімнің өңі үрей басып қуқылдап кеткен еді. 
       _ Қорқатын ештеңе жоқ , Берікбол бізді қайтсе де Қытай жеріне алып өтеді,_ деп  Бекбай  кесете 
сөйледі. 
       _Қарғам-ай, сен енді ғана он үш жасқа шықтың. Кейін күніміз не болады,_ Гүлсім қол орамалын 
алып, көзінің жасын сүртті._Мынау тірі тұзақтан аман-есен кете аламыз ба? 
       _  Атқа  мініңдер,  тез,  атқа  мініңдер!_  Берікболдың  сасқалақтаған  даусы  шықты.  Бекбай  мен 
Гүлсім орындарынан тұрып,аттарына қарай  жүгірді. Берікбол да жүгіріп атының қасына келген еді. 
      _  Қорықпаңдар,  атқа  тез  мініңдер.  Дәл  шекарада  тұр  екенбіз.  Солдаттар  көріп  қалған  секілді 
,ізімізбен қуып келеді,_ деді Берікбол сөйлей жүріп, Гүлсімнің атының шылбырын алып тау қыратқа 
қарай өрмелей жөнелді Бұлар төменгі бір бөлек қарағайдан  шығып , аласа қыраттан асып тағы бір 
қапталдағы  қалың қарағайға кірді. Қары енді ғана кеткен сылбыраң жерде тағалы аттардың ізі мен 
мұндалап  жосылып  қалып  жатыр.Берікбол  аттарды  қанша  төбелегенімен  таң  атқанша  жол  басып 
әбден  болдырған  жануарлар  қарағайдың  үстіңгі  жағындағы  биік  қыратқа  қайқайғанда  бүйірлерін 
соғып  тұрды  да  қалды.  Соның  арасынша  шекара  солдаттарының  белгі  оқ  атып,  айғайлаған 
дауыстары да анық естіле бастады. Берікбол тау қыратынан тік салбырап келіп жүрекшенің шығыс 
жағынан аласа қырат болып сайға қарай созылып жатқан үзік-үзік тас қыратшаға қарай қабырғалай 
ұмтылды.Гүлсімнің  аяғында  мүлде  дәрмен  қалмады.  Қыратшаға  іліне  бере  Берікболға  ілесе  алмай, 
арықтаған лақтай сылқ ете түсті. Мықынае маузерін қолына алған Берікбол: 
        _  Бекбай,  сен  тез  Гүлсімді  көтеріп,  осы  қыраттың  солтүстік  жағымен  тік  қайқайып  таудың 
тіремесінен ас.Мен жаудың бетін қайтарайын,_деді. Бекбай Берікболдың сөзін әбден ұқты. 
       Қаңбақтай әйелді арқасына көтерген ол үлкен жалға қарай, қыратты жағалап қайқайып тырмыса 
жөнелді. Бірнеше рет тайып жығылып қайта тұрды. Мылтық дауысы барған сайын таяды. Бекбайдың 
үрейі ұшқаны сондай, екі қолтығы дірілдеп, буыны босап кетті.Тарсылдаған мылтық дауысымен тең 

тоқтаусыз  зуылдаған  оқ  Бекбай  мен  Гүлсімнің  екі  жағынан  келіп  шым  төмпектерге  шып-шып  тиіп 
жатыр.Соңдарынан ентігіп Берікбол жүгіріп келді.Ол: 
      _ Бекбай, шыдап қайрат қыл , Гүлсімді көтеріп алдағы асудан ассаң, алдыңда жаттық текше бар, 
дереу  текшенің  арғы  шетінен  асып,  өзеннен  өтсек  болды  құтыласың.  Тез  жөнел!_  деді  жанасалап 
келліп. Сөйтті де жаудың алдын тосқалы қожыр тастың арқасына қарай тағы бүкшеңдей жөнелді.  
       Бұл  шақта  солдаттар  үш  топ  болып  қарағайдан  жоғарғы  керге  қайқайған  еді,  Берікбол  оғын 
үнемдеп  анда-санда  ғана  ең  алдыңғы  жағынан  дәлдеп  бір-екеуін  атып,  олардың  қайқайуына  жол 
бермей жанталасып жүрді. Асуға әлі екі арқан бойы жер бар еді, Бекбайдың оң жақ бетіне жылымшы 
нәрсе тигендей болды. 
       _ Бекей, мені жерге түсірші,_ деді Гүлсім.    
       Бекбайдың әлі әбден кетіп, енді ілгерілеуге мүлде дәрмені қалмаған болатын. Биіктеу қойтастың 
түбіне жүрелеп отыра кетіп, Гүлсімлі арқасынан сусытып жерге түсірді.Гүлсімнің оң жақ иығы қып-
қызыл қан екен .Бекбай қорыққанынан жүрелеп отыра қалды.Оқ бастарынан зулап өтіп жатыр.  
      _  Қарғам  Бекбай,  тез  қаш!  Мені  таста!_  дегенде  Гүлсімнің  ауызынан  қанды  көбік  бұрқ  ете 
түсті.Оқ оның оң жақ иығын түйреп өтіп кеткен еді.Бекбай жүрелеп отырған беті Гүлсімнің қолынан 
ұстап жылап жіберді. Мылтық дауысы барған сайын жақындап келеді.  
      Қуғыншыларға  қайта-қайта  оқ  шығарып,  тауға  қарай  өрмелеп  келе  жатқан  Берікбол,  Гүлсімнің 
жараланғанын білген жоқ еді, Бекбайды «діңкесі құрып отырып қалды ғой» деп ойлады. 
      _  Гүлсімге  қарама,  таудан  асып  қаш!_  деп  айғайлады.  Екі  көзі  жәудіреп  тірі  жатқан  жеңгесін 
тастап кетуге Бекбай шыдамады. Арқасына қайта көтермек болып сол қоынан тартып еді, көтергенді 
қойып қозғалта алмады. 
       _Қарғам  Бекбай-ау,  тез  қассаңшы,  мен  бәрібір  адам  болмаймын,  маған  қарамаңдар!_  Гүлсімнің 
даусы  үзіліп-үзіліп  шықты.  Бұл  шақта  Берікбол  солдаттарға  оқ  жаудырып,  оларды  сәл  бөгеген  еді, 
жүгіріп Бекбай мен Гүлсім паналап отырған қойтастың қалқасына келді. Бекбай : 
      _  Кіші  аға-ау,  Гүлсім  тәтем  жараланып  қалды!_  деп  Берікболды  құшақтап  жылады.  Гүлсімнің 
аузынан әлі қанды көбік бұрқырап тұр еді. Берікбол Гүлсімнің басын сүйеп, маңдайынан сипады. 
       _  Берікбол-ау  ,  ренжіткен  болсам  кешір  ,  Бекбай  екеуің  тез  кетіңдер,  маған  қарамаңдар_  деді 
Гүлсім  _ Қош бол, Гүлсім!_ деді Берікбол,_ қиямет машқарда кезігейік. 
      _ Қош, екеуіңде қош болыңдар!_ Гүлсімнің үні үзіліп-үзіліп әрең шықты. Берікбол оны кеудесіне 
балаша  көтеріп,  қойтастың  түбіне  басын  қыбылаға  қаратып  жатқызды.Осы  шақта  бағанадан  тас 
арасына  бұғып  қалған  солдаттар  да  қайта  бас  көтерді.Гүлсімнің  бетін  шапанмен  жауып  ,  Берікбол 
Бектайды  таудың  қыратындағы  асуға  қарай  қожыр-қожыр  тастардың  арасымен  жетелей  қашты.Бұл 
шақта Бекбайдың үрейі әбден ұшып, есі шығып кеткені сондай , жүрерін де, отырарын да, қашарын 
да білмей сенделіп отырып қалған.Тау қыратынан аса бергенде Берікбол құлаған тезектей екпетінен 
түсті.Оның Бекбайдың білегінен ұстаған ұзын саусақтары босап сусып кетті. Берікболдың екі тізесін 
бірдей оқ қырқып кеткен екен, Бекбай Берікболдың басын сүйеп еді , ол көзін ашып басын көтерді. 
Берікболдың қан жоса болған екі аяғын көріп баж етіп жылап жіберді. 
       _Қорықпа!_деді Берікбол жанқалтасынан жіңішке қайысты алып өте тездікпен екіге бөліп бірін 
Бекбайға берді :   
       _  Оң  аяғымды  тіземнің  үстіне  шамаң  жеткенше  қатты  тартып  буып  жібер,_  деді.  Өзі  қалған 
қайыспен сол аяғын тізесінің үстінен мықтап буды. 
       _  Мені  арқаңа  көтер,  жылама,_  Берікбол  жылап  отырған  Бекбайға  қатулана  қарап  алдыңғы 
жақтағы тақтайшаның ар жағындағы қыратты нұсқады,_ ана қыраттан асыр. 
       Алдағы  тақтайша  сәл  еңіс  еді,  кішкене  Бекбай  керістей  ағасын  арқасына  сүйрете  көтеріп, 
алдыңғы жақтағы аласа қыратқа қарай жылжыды. Жан ұшырған Бекбайдың бойына едәуір қуат бітіп, 
жүрісі тездей түсті. Екі көзінен жас сорғалаған Бекбай «енді құрыдық қой, құрыдық» деп ойлады. Ол 

тісін тісіне басып қыраттан асты. Қыраттың асты үлкен терең сайға еңкейіп жатқан жылғаның басы 
екен.     
       _ Тоқта ,_ деді Берікбол,_ мені сол қол жақтағы әнеу аласа иыққа апар да, өзің мына жартастың 
астымен  тез  жүгіріп  анау  төменгі  қарағайдың    ішімен  үлкен  өзенге  қарай  қаш.  Қарағай  таусылған 
жерден  ары  қарай  асып  өзеннен  өт,  шекара  сол  өзен.  Өзеннен  өттің  құтыласың,  ұқтың  ба?  Енді 
жүрейік. 
        Бекбай  сенделектеп  Берікболды  астыңғы  иыққа  әрең  әкелді.  Бекбайдың  арқасынан  тез  сусып 
түскен Берікбол маузеріне бір бақша оқ басып қыратқа қарады : 
        _ Маған қарама, тез жөнел!_ деді ақырып. 
 
Бекбай  Берікболдың  бетіне  тесірейе  арады.Оның  қоңырқай  өңі  ақшыл  тартып  кеткен  еді. 
Бекбай  ағасын  қимады.  Еңкейіп  ағасының  қолын  ұстамақ  болып  қолын  созып  еді,  Берікбол 
Бекбайдың қолын кағып жіберді : 
 
_ Кет! Жаңағы мен айтқан жолмен тез кет! 
Бекбай  екі  аттап  барып,  тағы  қайта  қайрылды.  Ағасы  жанталасып  екі  қалтасынан  бір  нәрсе  іздеп 
жатыр екен. 
_ Аға!_ деп Бекбай қайта қайрылды.  
_  Кет!  Кетпесең  жауға  тірі  қинатқанша  өзім  атып  тастаймын!_  деп  Берікбол  қолындағы  қол 
мылтығын Бекбайға оқтады.   
 Бекбайға  ағасы  Берікболдың  екі  көзінен  қан  шығып  тұрған  сияқты  сезілді.  Сенделіп  Берікбол 
меңзеген  жаққа қарай жүгіре жөнелді. Дәл осы шақ Бекбайдың жүрегі үзіліп түсіп бара жатқандай 
буыны  босап,  денесі  ауырлап  кетті.  Тау  қыратынан  айғайлаған  орыс  солдаттарының  дауысы  анық 
естілді.    Берікболдың  айтуы  бойынша,  Бекбай  биік  жартастың  астымен    жылғаның  оңтүстік 
жағындағы қарағайлы теріскей қапталға қарай жан ұшырта жүгірді.  «Кедейдің қырық қаңтаруы бар» 
дегендей,  оның  аяғын  біресе  тас  қағып  ұзынынан  түсірсе,  бірде  бұта-  тұмар  қағып  қалпақтай 
ұшырады.  Әйтеуір,  көктем  лебімен  көгілжім  тартып  қалған  кұңгей  бетте  екі  тізесі  мен  екі 
алақанының  дал-дұлы  шыққанына  қарамай  жығылып-сүрініп  жүріп  қарағайдың  ішіне  келіп  кірді  . 
Бұл  етектегі  ең  шеткі  қарағай  болғандықтан    сиректеу  екен.  Бекбай  қарағай  арасын  аралап  өзенге 
қарай қапталдай жүгірді .  
      Жотада  мылтық  дауысы  әлі  тынған  жоқ.  Ағасының  солдаттармен  атысып  жатқанын  білді  .  Ол 
қарағайдың  етек жағындағы оң қолға қарай асатын, ботаның мойны сияқты аласа мойнақтан жүгіріп 
асып, сай тағанына ақ өркеш болып жатқан өзенге қарай ұмтылды. Лезде өзен жағасына келді. Өзен 
тасып  жатыр  екен.  Бекбай  өткел  іздеуге  дәт  қыла  алмай,  өзеннің  жайырлау  жеріне  бірақ  секірді  . 
Өзен Бекбайды ағыза жөнелді. Ол шамасынша қарманып арғы жағаға жақындады. Артына қайырлып 
қарап еді,  өзі  асқан аласа мойнақтан екі  ит өзіне қарай еңкейіп ұшыртып келеді  екен . Бекбайдың 
жүрегі  тас  төбесіне  шықты  .  Өзеннің  шығыс  жақ  жағасы  орқаш-  орқаш  түие  тас  екен.  Иттер  өзен 
жағасына  ілінгенше,  Бекбай  үлкен  қара  тастың  қалқасына  өтіп  үлгірді.  Судың  ішінде  тұрып,  екі 
тастың  арасындағы  тар  қоспадан  екі  иттің  жақындағанын  көріп  тұрды.  Дереу  сыртқы  шапанын 
шешіп,  иттер  өзен  қабағына  іліне  бергенде,  тастың  қалқасында  тұрып  ағызып  қоя  берді.  Екі  ит 
арсалаңдап өзенге аққан шапанды соңынан қуып барып терең сарқырамадан қайта қайтты. Солдаттар 
да жағаға көп аяңдамай  иттерін жетелеп кері қайтты. Бекбайды өзенге ағып кетті деп ойласа керек, 
өзен  жағасын  тініткілемеді.  Тау  суы  қатты  суық  еді,  Бекбай  солдаттар  көрінбей  кеткенше  әрең 
шыдап  тұрды  да,  олардың  дыбысы  естілмеген  кезде    су  ішінен  ақырын  сырғып,  шығыс  жағадағы 
құрғаққа шықты. Шөккен түйедей үлкен-үлкен қойтастардың арасымен еңбектеп алдыңғы жағынан 
көрінген тар жылғаға қарай жылжыды. Қорқып кеткендігі болса керек, Бекбайдың еңбектеген сайын 
екі қолының да, екі аяғының да буыны құрып, таяқ тастам жердегі жылғаның ауызы күндік жердей 
сезіліп кетті.  Едәуір  уақытта әрең тар жылғаның ауызына ілінді.Басын көтеріп өзеннің арғы бетіне 

көз  салды.  Солдаттар  көрінбейді.Мылтық  үні  де  тынып  қалыпты.  Орнынан  тұрып  тар  жылғаны 
өрледі.  Қалың  бұта-бүрген  жол  берер  емес.  Жылғаның  күнгей  жағындағы  тақыршаққа  жетіп, 
мақталы  сым-шапанын  шешіп  сыға  бастады.  Киімдерінің  суын  сығып  қайта  киуге  шамасы  әрең 
келді. Өне бойы суықтан қалшылдап, басы зеңи бастады. «Енді тоқтамай жүрмесем үсіп өлемін ғой» 
деп ойлады да, жан дармен жылғаның тіремесіндегі бір топ қарағайға қарап өрмеледі. 
        Берікбол  жығылған  соң,  орыс  солдаттары  Бекбайдың  қалай  кеткенін  алғашында  біле  алмай, 
айналарына  ит  жүгіртті.  Ит  сияқты  тіміскі  біреу  жартастың  астына  қарай  еңкейген  Бекбайдың  ізін 
байқап қалды. Бұл шақта Берікбол әлі жан үзбеген еді. Ол сұлап жатып мылтығындағы ең соңғы екі 
оқтың бір  талын қасында тұрған  солдатқа жауындырды да,  қалған бір  талын шекесіне қадап, бұл 
дүниеге  қош  айтты.  Солдаттар  иттерін  жіберіп,  өздері  Бекбайдың  соңынан  ұмтылды.  Бұл  кезде 
Бекбай  өзенге  секіріп  үлгірген  болатын.  Өзенге  еңкейіп  келе  жатып  өзенге  ағып  бара  жатқан  адам 
барын  олар  да  көрген.  Иттері    сарқырамадан  қайтқан  соң,  олар  да  шекарада  көп  тұруға  батылдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет