Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
әдемі  әрі  ыстық  көрінді.  «Алла  арманыма  жеткізсе,  бұл  қара  борша    үйді  әлі  алты  қанат  ақ  ордаға 
айналдырамын» деп өзіне өзі күбірледі.   
 
                                        4 
 
 
Көзді ашып-жұмғанша жаз өтіп, күз келді. Жылдағы әдеті бойынша Қанағат байдың ауылы да 
өз  күзеулігіне  келді.  Ауыл-ауыл  түгел  күзем  жүнінен  киіз  басып  әбігерге  түскен.  Бекбай  да  жарты 
күн  жылқы  қайырып,  жарты  күн  бала  оқытатын  дағдысынан  өзгерген  жоқ  болатын.  Күзгі 

қарбаластық  әр  кімнің  мойнын  босатпағандықтан  Қанағаттың  талабы  бойынша  оқытуды  біраз  күн 
тоқтатып қойған. 
 
Күн ыси  бере өзен бойына келген Бекбай , суға түскен осы ауылдың  екі шолақ айғыр үйір 
жылқысын түс ауғанша көгалға қайырмақтап аз жусатқан соң, күн  бесінге аунай бере тиянақты бір 
жаққа қарай шығарып ауылға қайтты. 
 
Бекбай Қанағаттың үйінің артындағы нар теректің түбіне келіп, көлеңкеге атын байлап, ерін 
алып қойған соң , асықпай үйге кірді. Қанағаттың үш ұлының бірде біреуі жоқ. Кемпір-шал шәй ішіп 
отыр екен 
 
 _ Бекбай, шәйға кел,_ деп Қанағат бәйбішесіне қарай жылжып оң жағын нұсқады. Күн бесін 
ауғанша сусын ішпей Бекбай да шөлдеңкіреп қалған еді. Сырт киімдерін шешіп, қолын жуған соң, 
Қанағаттың қатарына келіп отырды. 
 
_  Күн  жарықтық  бүгін  ысып  алды  ғой  ,  шөлдеген  шығарсың?_  деп  Қанағаттың  кемпірі 
Бекбайға шәй құйды. 
 
Бекбайдың  шәй  ішіп  шөлі  қаныңқыраған  бір  мезетте,  Қанағат  қолындағы  шынысын 
дастарқанға қойып :  
 
_ Бекбай, саған азырақ айтатын сөз бар,_ Қанағат бүкіл денесімен Бекбайға бұрылып қадала 
қарады,_  шынымды  айтсам,  сен  менің  балам  сияқты  болып  кеттің,  сенің  арқаңда  ұлдарым  түгел 
сауатын  ашты.  Мұнда  жүргеніңе  де  биыл  алты  жылдан  асып  жеті  жылға  айналып  барады  екен. 
Келгенде кіп-кішкене бала едің , міне енді соқталдай азамат болдың . Біздің қазақ «бас екеу болмай , 
мал  екеу  болмайды»  дейді.  Жас  емессің.  Мына  Мәрия  апайдың  анау  немересі  Жайна  да  бойжетіп 
қалды. Мәрия жетім-жесір болғанымен білері бар адам. Сені сол Жайнамен бас құратып, Мәрияның 
қолына кіргізіп қойсақ деген ойымыз бар. 
 
Бекбай мына сөзді естіген соң, Қанағаттың жүзіне тігіліп қарай алмай, қолындағы шынының 
ішіне қарап отырып  қалды.  
 
Бекбай  Қанағат  бай  мұндай  шешім  айтады деп  ойламаған  еді.  Не  дерін  білмей  едәуір  уақыт 
үнсіз отырды. Тыныштықты Қанағаттың әйелі бұзды :  
 
_  Бекей,  сен  бізге  өз  баламыз  сияқты  болып  кеттің.  Сондықтан  да  көңіліміздегі  ойымызды 
айтып отырмыз. Ал, сенің де не білген ойың бар, оны біз білмейміз ғой.   
 
Бекбай басын көтеріп, тартыныңқы кескінмен Қанағат пен әйеліне кезек-кезек қарады. Мына 
екі кария шын айтып отыр ма, әлде өтірік айтып отыр ма деген күдік те жоқ емес еді. Бекбай ішінен : 
«Бұл  ауылда  Жайна  екеуіміздің  бас  құрауымызды  қолдамайтын  адам  жоқ  екен  ғой»  деп  ойлады. 
Қанағатқа түзу қарағанға тартынып, Қанағаттың әйеліне қарап сөйледі : 
 
_ Оны айналып келгенде сіздер білесіздер ғой,_ Бекбай аз іркіліп сөзін қайта жалғады,_ менің 
әкем де, шешем де, туыс-туғаным да өздеріңіз, басқа ешкімім жоқ, бұдан кейін де сіздерге сүйеніп 
жан бағармын деп ойлаймын . 
 
Бекбайдың  мына  сөзі  Қанағат  байға  майдай  жағып  кетті.  Құла  жылқының  түп  құйрығының 
қылы сияқты сап-сары қияқ мұртын сұқ саусағымен ширатып отырып сөйледі: 
 
_  Қолымда  ештеңе  жоқ  деп  жасыма,  сенің  анау  оқу-білімің  мыңғырған  малдан  артық. 
Қолыңдағы малыңды жұт пен жау бір-ақ күнде әкетеді. Ал бойыңдағы біліміңді ешкім тартып әкете 
алмайды.  Бұл  дүниеден  өзіңмен  бірге  кетеді.  Кім-кімнің  де  ұрпағына  білім  керек.  Қайда  барсаң  да 
бала оқытып жан бағасың.  
  
 
Бекбай Қанағат байдың жүзіне таң қала қарады. Ол мына сауатсыз байдың ауынан мынадай 
ақылия  сөз  шығады  деп  ойламаған  еді.  Бекбайдың  көзіне  енді  Қанағат  білімі  терең  ,  аңғарлы  адам 
сияқты болып көрінді 

 
Шәй шынысын қолына алған Қанағат бай, Бекбайдың жүзіне күлімсірей қарады. 

 
_  Е,  онда  сен  де  теріс  болмадың  .  Шешімін  бізге  тастағаның  білгендігің  ғой.  Апаймен  өзім 
кеңесіп , басыңды қыстауға қонған соң құрап қояйын , _ деді. 
 
Бекбайдың  қуанғаны  сондай,  көңілі  лепіріп,  не  сөйлерін  білмей,  қайта-қайта  шынысын 
ұстағыштай берді. 
 
Осыдан  соң  Бекбай  бұрынғыдай    Мәрия  кемпірдің  үйіне  Жайнаға  сабақ  түсіндіргелі  қайта-
қайта  бармайтын  болып  қалды.  Қанағаттың  үйінің  жұмысымен  онда  барып  қалса  болғаны  , 
әлденелерді сылтауратып  тез қайтуға асығатын болды. « 
Біреулер жалғыз қызы бар үйге Бекбай 
неге  қайта-қайта  барып  жүр»  деп  айтама  дейтін  бір  алаңдаушылық  көңіліне  кіріп  алған  еді. 
Жайнаның  үйіне  барып  көп  аялдамай    қайта  шыққан  соң,  сол  үйге  қайта  барғысы  келіп,  солай 
қарағыштап  қалатын.  «Барған  соң  асықпай  Жайнамен  тілдесіп  неге  біраз  отырмадым»  деп  өзін  өзі 
кіналап кейійтін. 
 
 
 



    
 
 
Қанағат  байдың  ауылы  Ертіс  бойындағы  қыстаулығына  биыл  жылдағыдан  ертерек  көшіп  
келді.  Бекбай  тау  етегіндегі  отарда  қалған  бойдақ  малдың  ішінде  айға  таяу  жүріп,  елдің  соңынан 
жайырақ кейін келді. Қазанның соңына таяса да әлі қар жаумаған болатын . 
 
Бекбай  ауылға  таяғанда  байқады.  Қанағаттың  үйінің  белдеуінде  ерттеулі  екі  ат  тұр  екен. 
Бекбай екі аттың қатарына атын байлап, сәлем беріп үйге кірді. 
 
_ Ассалаумағалайкұм! 
 
_ Уағалайкұм уассалам!  
  
Төрде отырған кекселеу екі адам қатар сәлем алды. «Бұл кім» дегендей төрдегі екеу сұраулы 
көзбен Қанағатқа қарады. 
 
_ Бұл менің екінші ұлым, аты Бекбай, отардағы малдан келді ғой,_ деді Қанағат.  
 
Бекбай  қолын  жуып  дастарқанға  келіп  отырды.  Төрдегі  екеудің  Қанағатқа  жақын  отырғаны 
қап-қара  қияқ  мұрты  бар  таңқы  мұрын  жылтыр  қара  кісі  екен.  Екі  көзінің  қарашығы  жүгіріп 
тоқтамайтын адам сиякты сезілді Бекбайға. Ал сол жағындағысы селдір сап-сары сақалы бар, үкідей 
үрпиген ақ сары адам екен. Тілініп кеткен астыңғы ернін қайта-қайта жалап қояды. Бекбай алыстан 
шаршап келгендіктен, қонақтардың түр-тұлғасына әдеттегідей ғана көз салған соң қонақтардың атын 
бекіту міндеті заңды түрде Бекбайға тиді. Ат қойғалы орнынан қозғалған Бекбайға : 
 
_  Әй,  азамат,_  деді  жылтыр  қара  көздерін  ойнақтатып,_  біздің  аттарымыз  жер  көксеп  кетіп 
қалар. Жер шөп екен ғой , мықтап арқандай сал. 
 
_ Мақұл,_ деп Бекбай қонақтардың атын арқандап қайта ауылға оралды. Мәрия кемпірдің үйі 
жаққа  қарап  еді,  іргесінен  жылтылдаған  оттың  жарығы  көрінді.  Жайнаны  көргісі  келді.  Солай 
бұрылып бірнеше қадам жүріп тоқтап қалды. «Барғанда неге келдім деймін» деді өзіне өзі күбірлеп. 
Кенет есіне күзде қолтығын жаматуға берген елтірі күрмесі түсті, қуанып кетті. Лып етіп Жайнаның 
үйіне кіріп келді. 
 
_  Амансыздар  ма,_  деп  әуелі  Мәрия  кемпірге  амандасты.  Жайна  төрдің  алдында  көрпе тігіп 
отыр екен. Күліп шешесіне қарай сырғыды.  Бекбайдың көзіне талдың сарғыш  жарығының солғын 
жарығында Жайнаның екі беті қып-қызыл болып нұрланып кеткен сияқты көрінді . 
 
_ Бекей балам , отардағыларға көп айналдың ғой , _ деді  Мәрия кемпір мосыға шәугім асып 
жатып. 
 
_  Қакең  бай  малға  қар  түскенше  көз-құлақ  болсаң  деген  соң,  асықпаған  едім.  Екі  күннің 
алдында шақыртып жіберіпті.  

 
_  Сені  шақырткан  менмін,_    Мәрия  оттағы  шалаларды  қағыстыра  отырып  сөйледі,_  бәрін 
Қанағат маған айтқан , бір үйде екі-ақ жан үркердей болып отырмыз. Сенің де мұнда келгеніңе жеті 
жылға таяды. Жайна сенен сауатын ашты. Сені Жайнадан артық көрмесем кем көрмеймін... 
 
Бекбай Жайнаға көз қырын салып еді, ол кесте тіккен бізін саусағының арасына қыстырып сұқ 
саусағымен бұлдың тігісін шұқылап , басын көтере алмай отырып қалыпты. Өңі бағанағыдан да қып-
қызыл болып нұрланып кетіпті. 
 
_ «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» дейді бұрынғылар,_ Мәрия кемпір сөзін қайта жалғады,_ екеуің екі 
жалғызсың, сендерге бір құдайдан басқа сүйеніш жоқ. Біріңе бірің сүйенесің. Қалың елді шақырып 
салтанатпен той жасауға біздің жайымызды өзің білесің. Жалғыздық саған да батып жүрген шығар , 
күн суымай тұрғанда осы екі-үш үй бас қосып тілеулеріңді тілесек деп едім.  
 
Мәрия сөйлеген сайын Бекбай алғашында ыңғайсызданып жерге қарай берген еді, сәлдан соң 
сөзге  бойы  үйірлесті.  Жайнаға  көзінің қырын  тастап  еді,  ол  өзіне ұрлана  қарап  отыр  екен.  Көздері 
түйілісіп  қалды.  Жайна  жымың  етіп  наздана  күліп,  мосыдан  шәугім  түсіргелі  жатқан  шешесіне 
қарады.  
 
Мәрия кемпір шәугімді от басына қойған соң сөзін қайта жалғады: 
 
_ Қарағым Бекей, біз бүгін кедей болып отырғанымыз болмаса, көп-көрім дәулетті шаңырақ 
болатынбыз.Қорада  малымыз  болмағанымен  Жайнаның  атасының  азын-аулақ  жинаған    бірдеңесі 
бар. Тірі жанбыз ғой, тіршілік қыламыз. 
 
Мәрия сөйлеген сайын Бекбай оның сөз нарқынан өзінен кеңес алғалы отырғанын білді. 
 
Жайна  орнынан  лып  етіп  тұрып,  Бекбайдың  алдына  дастарқан  жайып  шәй  құйды.  Мәрия 
кемпір де Бекбайды өте қатты ұнататын . Анда-санда Жайнаға сабақ үйреткелі келгенде, Мәрия жібін 
иіре отырып : 
 
_ Жайнаш-ау, Бекейге өз қолыңнан айран құйып берсеңші,_ дейтін.  
 
Шешесінің  сөзін  Бекбайға  бейімдеп  сөйлегенін  Жайна  біле  қойып  ,  күліп  орнынан  тұрып, 
Бекбайға айран құйып әкелетін. 
 
_ Біздің үйдің айраны мұғалімнің ішіне жаға ма, жақпай ма,_ деп Жайна мысқылдай сөйлеп, 
Бекбайға көзінің қиығымен сынай қарап жымиып күліп тұратын. 
 
Бүгін  міне  екі  жастың  арман-тілегінің  беті  ашылды.  Мәрияның  көп  сөзінің  тобықтай  түйіні 
анық  болды.  Десе  де  кәрияның  көмейі  Бекбайдан  бірер  ауыз  лебіз  білгісі  бар  екенін  аңғартып 
тұрғанын Бекбай да білді. Қолындағы шынысын дастарқанға қайта қойып, толғанып аз отырған соң : 
 
_  Қанағат  бай  екеуіңіздің                      сөздеріңізден  шықпаймын.  Әкем  де  ,  шешем  де  сіздер 
болдыңыздар,_  деді  Бекбай.  Қуанғаннан  ба,  жоқ,  Мәрия  кемпірден  тартынғаннан  ба,  Бекбайдың 
дауысы діріл араласып, жылаған адамның дауысы сияқты күңгірлеп шықты. 
 
_  Балам  Бекей,  көңіліңе  не  алсаң  соны  мына  Жайнаға  айт.  Мен  өз  шешең  сияқтымын. 
Тартынбай  маған  да  айт.  Шамамыздың  келгенінше  дайындық  көріп  жатырмыз.  Алла  амандық 
айласа, келер сәрсенбіге тілеу жасасақ дескеміз. Оны Қанағат өзіңе айтады ғой,_ деді Мәрия шешей.  
 
Шәйдан соң қайтқалы Бекбай орнынан қозғалып: 
 
_ Шешей, мен қайтайын,_ деді. 
 
_ Жайна, Бекбайды есік ашып шығарып қой, балам,_ деді Мәрия.  
 
Жайна лып етіп Бекбайдан бұрын шығып есік ашты.  Жайна мен Бекбай айсыз қараңғы түнде 
бір-біріне қарап үнсіз аз тұрды. Бекбай Жайнаның қолынан ұстады. Жайнаның саусақтары ып-ыстық 
екен.  Бекбай  Жайнаны  үнсіз  жетелеп  үйден  сәл  алыстады  да  құшақтап  бетінен  сүйді.  Жайнаның 
қолы да Бекбайдың мойнына оралды. Екеуі бір-біріне сөйлеген жоқ. Бірақ жүрек сөздерін айтпай-ақ 
білісті. 
 
_ Қайтайық , ұят болады,_ деді Жайна сыбырлап. 

 
Бекбай Жайнаның ернінен сүйді. Бұрын Жайна Бекбайды сүйгісі келсе де ұялып, аймалаудан 
ары  аспайтын.  Ол  Бекбайдың  құлағының  түбіндегі  түймедей  түймешті  сипап,  бетінен  мейірлене 
сүйді.  Қыз  ерні  бетіне тигенде  Бекбайдың  бойы  балқып,  көңілі  ерекше  лепіріп  керемет  бір  мейірлі 
ләззатты құшаққа кіріп бара жатқандай сезінді. 
 
_ Жайнаш , өзіңді қатты сағындым,_ деді Бекбай. 
       _ Өзің келмей зарықтырып жібердің ғой,_ деді Жайна.  
 
Бекбай Жайнаштың жаурынынан сипап , бетін оның бетіне тигізді. Сәби баланың беті сияқты 
Жайнаның  жұп-жұмсақ  ұлпа  бетіне  бетін  тигізген  қалпы  едәуір  тұрды.  Екеуі  де  бірін  бірі  күзгі 
кездеспеген  екі  айда  қатты  сағынған  болатын  .  Жайна  Бекбайдың  құлағының  түбіндегі  кішкене 
түймешті қолымен сипап : 
 
_ Ерке лақтардың тамағындағы түймеші сияқты сүйкімді екен,_ деді сыбырлай күліп.   
 
_ Сол түймештен бір сүйіп қойсаңшы,_ деп Бекбай Жайнашты құшағына қарай тартты.  
 
Жайнаш Бекбайдың құлағының астынан тамағына дейін мейірлене сүйді. 
 
_ Жайна!_ деп шақырған әжесі Мәрияның дауысы екеуін елең еткізді. 
 
_ Апам ғой,_ деді Жайна сәл дірілдеп,_ ертең тағы кел. 
 
_ Мақұл, енді күнде келіп тұрамын ғой,_ деді Бекбай.     
 
Бекбай  Жайнаны  құшағына  қапсыра  қысып,  оның  үлбіреген  жұқа  ернінен  тағы  сүйді.  Екеуі 
сезімдерін баса алмай тағы біраз тұрды.  
 
_  Апам  тосып  қалады  ғой,  қайтайық,_  деп  Жайна  Бекбайдың  мойнындағы  білегін  босатып, 
артына шегінді.  
 
_ Бара ғой,_ деп Бекбай Жайнаның иығынан сипап тұрып қалды, ол қараңғы түнде қалбаңдап 
өзінен алыстап бара жатқан Жайнаның соңынан, ол үйіне кіріп кеткенше қадалып қозғалмай қарап 
тұрды. 
 
Бекбай Қанағаттың үйіне қарай бір басып , екі басып жүріп келеді. Оған мынау  қап-қараңғы 
мақпал түннің өзі ерекше нұрланып , құлпырып кеткен сияқты сезілді. Әлгіндегі өз бетінен сүйген 
Жайнаның ұлпа ернінің қимылы әлі бетінде тұрған секілді. Осы шақ ол өзін ерекше бақытты сезінді. 
«Шіркін! Аз күнде той жасасақ тіпті де бақытты боламыз. Мәрия шешей жүрегі жарылардай қатты 
қуанады  ғой  ,  шіркін,  Берікбол  ағам  мен  Гүлсім  жеңгем    тірі  болса  қандай  қуанышқа  бөленер  еді. 
Мына  Мәрия  апама  Берікбол  ағам  өзі  құдалық  сөйлесер  еді  ғой»  деп  ойлады.  Бекбайдың  көзіне 
мөлтілдеп ыстық жас іркілді. Ол ата-анасын , бірінен бірі өткен пысық үш ағасын қатты сағынған еді. 
Аяңдап Қанағат байдың үйінің есік алдына келді . 
 
_ Қонақтардың қолына су құйыңдар,_ деген Қанағаттың кемпірінің дауысы анық естілді. 
 
Бекбай тошала үйге лып етіп кіріп, босағадағы құман мен елегенді алып қонақтарға су құйды.  
 
Қанағат  бай  да,  оның  әйелі  де  Бекбайды  қайда  бардың  деп  қузаған  жоқ.  Екеуі  де  Мәрия 
кемпірдің үйінде болатынын іштей мөлшерлеп біліп отыр. 
 
Қонақтар да кеңірдекке келгенде осал емес екен , шоқайып келген бір табақ етті көзді ашып-
жұмғанша  еңсеріп  жіберді.  Ет  желініп  соңынан  айран  құйылды.  Екі  үлкен  шыны  айранды  тастап 
жіберіп, шынының бетін қолымен жауып аз отырған жылтыр қара Қанағат байға бұрылып : 
 
_ Дәл осы жерде Сарсүмбе қалашығы атты кісіге қаншалық жол?_ деп сұрай қалды. 
 
_ Ат жақсы, жүрімді болса, осы арадан таңертең ерте шыққан алам кіші бесінге ілінбей барып 
қояды,_ деді Қанағат бай.  
 
_  Оны  сұрап  отырғанымыз,_  деді  жылтыр  қара  екі  көзін  ойнақшытып,_  Қабаға  кетіп  бара 
жатқанымызды  бағана  ұқтыңыз.  Көршіміз  жол-жөнекей  бере  салыңдар  деп  Сарсүмбеде  тұратын 
Қасен  деген  туысына  хат  берген  еді  ,  бара  кетсек  кемінде  екі  күн  уақыт  кетеді  екен.  Ренжімесеңіз 
мына балаңыз апарып бере салса , болмаса өзіңіз Сарсүмбе жаққа барсаңыз бере салсаңыз . 

 
_ Ой,_ деді Қанағат орнынан көтеріліп, бүкіл денесімен жылтыр қара қонаққа қарады,_ мына 
балам ертең Сарсүмбеге барады, осы бала ала барса болды ғой,_ деді. 
 
Қанағат  Бекбайды  Сарсүмбедегі  ұйғыр  тамыры  Қасымға  жібергелі  әдейі  малдан  шақырып 
келген.  Өйткені  Қасымнан  алатын  бұл,  шәй  сияқты  алымсағы  бар  болатын.  Соларын  алдырып, 
Бекбай той жасай қалса аздап көмек қолын созбақ еді. 
 
_  Байеке,  рақымет  сізге,_  деп  жылтыр  қара  да,  бағанадан  үнсіз  отырған  жалақ  сары  да 
қауқалақ қақты.  
 
Бұл күні Қанағат байдың үйі сәл жайырақ жатты. Көпке дейін Бекбайдың ұйқысы келмеді. Бір 
жағы  Сарсүмбеге  баратын  болғанына  қуанса  ,  енді  бір  жағынан  қайта-қайта  Жайнаның  әлгіндегі  
«зарықтырып  әрең  келдің  ғой»  деген  дауысы  құлағына  қайта-қайта  естілгендей  болып  елеңдеді  де 
жатты.  Біраздан  кейін  көңілі  азлап  қобалжығандай  болды.  Бұл  қобалжуды  бүгінгі  қуанышына 
жорыды.  Көзін  жұмса  болғаны  көз  алдына  Жайнаның  кескіні  күлімсіреп  келіп  тұра  қалады. 
Осылайша Бекбай дөңбекшіп жатып әрең көз ілді.  
 
                     АБАҚТЫДАН ШЫҒУ 
 
                                       1 
 
       _ Алла! Алла!                                  
 
Бекбай түсінен шошып оянды. Басын көтеріп айналасына алақтай қарады. Таң әбден ағарып 
атыпты. Үлкен балшық пештің алдында Қанағаттың кемпірі өзіне таң қала қарап қалыпты. Ол : 
 
_ Бекей, ұйқысырап дауысың қатты шығып кетті ғой, балам, бастырылып қалдың ба?_ деді.  
 
Жүрегі дүпілдеп қатты соғып кеткен екен, бойын қара тер басып кетіпті. Кең тыныс алып, ес-
ақылын бойына жинап едәуір уақыт отырды. Әлгінде көрген үрейлі түсін қайта көз алдына келтірді : 
Қанағат  бай  екеуі  тастан  қиып  жасаған  қабырға  жолда  келе  жатыр  екен.Үстіңгі  жағы  құзғын  ұшпа 
жартас,  ал  астыңғы  жағы  шыңырау  құз  екен.  Біреулер  соңдарынан  қуып  келетін  сияқты.  Кенет 
Бекбайдың  астындағы  аты  сүрініп  жығылып  кетіп,  Бекбай  құздан  құлап  бара  жатып  бір  ағашты 
қармап шыңырауға салақтап қалды. Ол жан дәрмен жартасқа тырмысып өрмеледі. Аяғы жартастың 
бұжыр жерлеріне бірде тірелсе, бірде тірелелмей  қатты қиналды. Осылайша қиналып жатып оянған 
еді.  Көңілі  тағы  қобалжи  қалды.  Орнынан  тез  тұрып  сыртқа  шықты.  Бұл  шақта  қонақтар  да 
орындарынан тұрып  беті-қолдарын жуа бастаған болатын.  
 
 
 
Бекбай да, жолаушылар да таңертеңгі шәйларын асығыс тез ішті. Бекбай басқалардан бұрын 
шығып атын ерттеп қойып қайта үйге кірді. 
 
_ Әй, бауыр, аяқ-қолың жеңіл, елгезек, жақсы азамат екенсің, мына хатты саған берейік, әлгі 
Қасен дегенге жеткізіп бере сал,_ деді жылпылдақ жылтыр қара бүктелген қағазды ұсынып.  
 
Бекбай көзі ойнақшыған мынау жылтыр қара жігітті оншалықты жақтыртпаса да, сездірмеуге 
тырысты. 
 
_  Сіздер  үшін  ат  терлеткелі  тұрғаным  жоқ  қой,  бір  жапырақ  қағаздың  қанша  ауырлығы  бар 
дейсіз, қалтама сала салайын , адам табылмаса лажым жоқ, табылса қалайда апарып беремін, алаңсыз 
болыңыздар,_  деп  Бекбай  бұрыштап  бүктелген,  сырты  кір-кір  болып  қара  қоңырланып  кеткен 
болымсыз  хатты  алып,  төс  қалтасына    алып  салып  алды.  Жайналардың  үйіне  барып,  тапсырары 
барма сұрамақшы болып, оқталды да Қанағат пен әйелінен ыңғайсызданып тоқтап қалды. 
 
_ Әйтеу жазатын қағаз болса көп әкеліңіз,_ деді Бейсенбай. 
 
Аттанғалы екі жолаушы киімдерін киіп, бірінен соң бірі есік алдына шықты.  

 
_  Бауырым,  әлгі  екі  хатты  ұмытып  қалма,  өте  маңызды,_  деп  жылтыр  қара  тағы  бір  рет 
қайталап тапсырды. Сонан соң лып етіп аттарына қонды да, батыс жақты бетке алып аттана жөнелді.  
 
Жолаушылар  аттанған  соң,  олардың  хатын  алған  Бекбай  ауылдағылардың  тапсырғандарын 
кішкене  дәптеріне  тізімдеп  алып,  Сарсүмбеге  қарай  тартып  кетті.  Күн  екінтіге  айналғанда 
қалашықтың шетіне әрең ілінді. Шөлдеп, қарны да ашып кеткен еді.  «Әуелі жолаушылардың хатын 
беріп  ,  онан  соң  Қасымдыкіне  барайын  »  деп  ойлады.  Қасымды  Бекбай  әбден  таниды.  Үйінің 
мөлшерін де жақсы білетін. Қойнынан жолаушылардың хатын алып сыртындағы жазуды оқып еді, 
құран жазуымен, яғни арабтың көне алфаитімен жазылған екен. Жақсы оқи алмады. Әйтеуір « Қасен 
мырзаға » деген сөзді әрең таныды.  «Мұны іздеп тапқанша күн батып кетер, әуелі сол Қанекеңнің 
тамырына барайын» деп Қасымдыкіне келді. Қасым өзен жақтан ат жетелеп  жаяу келе жатыр екен. 
Бекбай атынан түсіп, қақпа алдында анадайдан келе жатқан Қасымды тосып тұрды. 
 
_ Ассалаумағалайкұм!  
 
_ Уағалайкұм уассалам! 
 
Қасым Бекбайды көрген жерден таныды. Сәлем алып:  
 
_Қанекемнің ұғылы келіп қапсыз ғой, үйге кіріңіз,_  деп Бекбайды бастап аулаға кірді. Бекбай 
осыдан  екі  жыл  бұрын  Қанағат  байға  ілесіп  осында  бір  келген  болатын.  Аула  сол  беті  тұр  екен. 
Үйінен  сөйлей  шыққан  Қасымның  әйелін  де  Бекбай  жазбай  таныды.  Бұл  семияда  екі  жылдың 
алдында аздап ұйғырлардың белгісі бар еді , енді бүкілдей қазаққа айналып кеткен сияқты көрінді. 
Тамақтан соң Бекбай қалтасынан әлгі хатты алып шықты : 
 
_ Осында руы молқы Қасен деген бар ма?_ деді.  
 
_ Бар,_ деді Қасым.  
 
_ Біреу хат берген еді.  
 
_  Бүгін  дем  алыңыз,  інім,  ұзақ  жол  жүріп  келдіңіз.  Ертең  мен  көрсетіп  жіберейін.  Үйі  бізге 
жақын көрініп тұр,_ деді Қасым. 
Уағда боынша, Қасым таңертең Қасеннің үйін көрсетіп, Бекбайды солай жіберді. Бекбай атын тастап 
жаяу  келген.  Сыртқы  есікте  жуан  ақ  төс  қара  ит  байлаулы  тұр  екен.  Бекбайды  көріп  қып-қызыл 
көздері  қанталап, ырылдап орнынан түрегелді. Бекбай иттен онша қорқып кетпейтін. Мынау  арлан 
қасқыр сияқты дәу төбет Бекбайды дардай шайлықтырды. 
 
_ Шық,_ деп дарбазадан шашы дудыраған жалпақ бет бүкірейген қара әйел шығып, Бекбайды 
үйге бастады. Ауланың іші қорыс-қопа болып былығып жатыр екен. Бекбайдың үйге кіргісі келмеді. 
 
_  Шеше,_  мынау  хатты  осы  үйдегі  Қасен  деген  кісіге  біреу  берген  еді,  мен  асығып  жүрмін, 
бере салыңыз,_ деп хатты алып әлгі әйелдің қолына ұстатты да қайта Қасымдыкіне тартты.  
 
Бекбай  Қасымдыкіне  келгенде  күн  батып  кеткен  еді.  Оның  үстіне  күн  бұлттап  суи  бастаған 
болатын. Аула ішінде шөп- шалаң бір нәрселерін жиыстырып жүрген Қасым Бекбайды көріп солай 
бұрылды. 
 
_ Хатын бердің бе?_ деді. 
 
_ Өзі жоқ екен, әйеліне бере салдым да қайттым,_ деді Бекбай.  
 
_ Күн райы бұзылып келе жатқан соң, атыңды далаға қоймадым. Азырақ шөп салып бұрышқа 
байлай салдым.  
 
_ Оныңызға рақымет,_ деді Бекбай қуанып. 
 
_ Елдің хатын әкелмесең болады екен,_ деп Қасым Бекбайдың құлағына сыбырлады,_ үкімет 
қалаймақан жүрген адамдарды ұстап, қалашық тым үрейлі болып кетті.  
 
_ Біреудің туысына берген хаты шығар,_ деді Бекбай күліп.   
 
Қасымның  мына  сөзінен  соң,  Бекбай  айтарға  болмаса  қорқып  қалды.  Осыдан  соң  Қасым  да 
Бекбаймен  шешіліп  әңгімелескен  жоқ.  Оның  үстіне  ат  соғып  шаршап  келген  Бекбай  ерте  ұйқыға 
кетті . 

 
Бекбай қатты ұйықтап қалған екен. Түсінен шошып оянды. Басын көтеріп айналасына қарады. 
Төңірегі  жым-жырт.  Ағарып  таң  атып  келеді  екен.  Өзінің  Қасымның  үйінде  жатқанын  әрең  есіне 
түсірді.  Жүрегі  атша  тулап  қара  терге  малшынып  кетіпті.  Үстіндегі  көрпені  белуарына  дейін 
қайырып  ашып  тастап  едәуір  отырды.  Көрпені  ұстап  еді,  шылқа  су  болып  кетіпті.  Ішкі  жұқа 
шапанын киіп тысқа шықты. Кеңіген соц ат қораға кіріп еді , бір бұрышта аты тұр екен. Жүрегінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет