И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

314. КІДІГӘЙ 

(5­нұсқа)

Дүниеде бір сұлу қыз сыланады

Артынан еріп пенде қуанады. 


214

215


ӨЛЕҢДЕР

Болғанда адам—түлкі, дүние—бүркіт, 

Әркімді түзу жолдан шығарады. 

Қайырмасы:

Ахау, ахау кідігәй,

Қызығы дүркін дүние-ай. 

Дүние кім біледі бекеріңді, 

Пендеге не қызықты шекеріңді. 

Секілді түбі терең бір дария, 

Жалғанда адам білмес екеніңді. 

Қайырмасы:

Ахау, ахау кідігәй,

Қызығы дүркін дүние-ай. 

315. КІДІК-АЙ

(6­нұсқа)

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . кідік айтам-ай,

Таусылған наурыз айда бидәйім-ай, бидәйім-ай.

Қайырмасы:

Кідік-ай, кідік-ай

Қызық-ай, қызық-ай.

Сыр берген бидәл алмай кідік-ай алып,

Жаратқан есер қылып құдайым-ай, құдайым.

Кідік-ай, кідік-ай,

Әмірқан шірік-ай,

Әбілмәжін жырық-ай.

Халалали лай, лай,

Халалали лай, лай-ай.



216

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



316. ҚАЗАҚТЫҢ ӘНІ

. . . бозша торғай Мекке барған,

Адамға он екі иман дәптер салған.

Уағада тіршілікте ойна да күл,

Өлмесе ата-бабаң, қайда қалған.

Ішінде әптиектің кәми әнсақ,

Көзіңнен айналайын қиылған қас.

Алыстан ат терлетіп келгенімде,

Шайқаған жұмыртқадай.

317. ҚАЗАЛЫДА БІР ҚЫЗ ЖҮР

Қазалыда бір қыз жүр сәулеленген,

Көрген жігіт сәулені әуреленген.

Қайырмасы:

Беу-беу Бақилай,

Аха-хау,

Әдемі қыз, Халима-ай.

Сәуле жанның кигені ноғай бешпент,

Желді күні етегі дөңгеленген.



Қайырмасы:

Беу-беу Бақилай,

Аха-хау,

Тез келсейші, Халима-ай.

Қазалыда бір қыз жүр қасын керіп,

Ән салғанда жүрсейші қасыма еріп.

Сататұғын байлардың аты болсаң,

Алар ем қос жорғаның бәсін беріп.



216

217


ӨЛЕҢДЕР

318. ҚАЗИМА

Қазима, Қарашашпен аулың сыбай,

Ауылыңа келген айдап жағдай солай. 

Көтеріп дәрежеңді бір тастайын, 

Жас көңіл босап тұрса бұрынғыдай. 

Қазима, айналайын, асыл досым, 

Келмейді сенен бөлек көңіл хошым. 

Күнелтіп, сайран етіп жүрер болсам, 

Сырымның жасырайын сенен несін?

319. ҚАЙ ДӨҢГЕ

Қай дөңге, құба дөңге, мына дөңге,

Көзден кетсе, көңілге болады өзге.

Дұшпан жалған айтады дос боп жүріп,

Өзің көзің жетпесе, сірә, сенбе.

Қай беткей, ана беткей, мына беткей,

Ер жігітке мал қайда талап етпей.

Күреңді күпшек санды мінгеннен соң,

Аулыңды кеткен емен жанап өтпей. 

320. ҚАЙҚАЙМА

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,

Кім бар еді-ау, арада саған жеткен.

Дүниеде не маңғаздар туса-дағы,

Теңгермеймін ізіңді басып кеткен.

Қайырмасы: 

Ау-ай, басып кеткен, қайқайма.



218

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Тоқпақ жалды торы айғыр далада тұр,

Шын жібек пен бәт құндыз қалада тұр.

Ауылыңның сыртынан ән шырқасам,

Ақбоз үйге сүйеніп, қара да тұр.



321. ҚАЙРАН ДА, ХАЛҚЫМ, 

ЖЕРІМ-АЙ

Айналайын, қарағым, кекілдім-ай,

Балапаны аққудың секілдім-ай.

 

Ай, қайран да, халқым, жерім-ай,



Қолда барда алтынның қадірі жоқ,

Қолдан шығып кеткесін өкіндім-ай, а-а-у

 

Қайран да, халқым, жерім-ай.



322. ҚАЙЫРМА

Келмейді қара бүркіт қайыруға, 

Қас дұшпан не демейді айыруға. 

Ақиық айдындағы, алыстағы, 

Шық бері кешке жақын жайылуға. 

Қайырмасы: 

Қайли-лим-ай ет, 

Қали-лим-май

А-ри-ра-ра-ау. 

Жылқыда ұстатпайды кер қашаған, 

Сыртынан не демейді білмес адам. 

Жүрсең де біреу ойда, біреу қырда, 

Өмірін екі жастың бір жасаған. 



218

219


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Қайли-лим-ай ет, 

Қали-лим-май

А-ри-ра-ра-ау. 



323. ҚАЛҚА

Бұл әннің кім біледі аты қалқа, 

Қалқаны сағындым ғой айта-айта. 

Қолға алып домбырамды шырқағанда, 

Тырнақтан сау қалған жоқ тарта-тарта. 

Қайырмасы: 

Әй-а, о-ой, Сау қалған жоқ тарта

Әй, а-а-о-ой. 

Қалқаның сағынғанда салған әні, 

Үзіліп, елжіретіп толғағаны. 

Сүйгенін, сүйінгенін есіне алып,

Жай таппас, әнге салса, кімнің жаны. 

Қайырмасы

Әй-а, о-ой, Сау қалған жоқ тарта

Әй, а-а-о-ой. 

324. ҚАЛҚАТАЙ

Қалқатай, құлағың сал мына сөзге-ау, 

Жоқ еді бөтен жұмыс-ай көңілімізде-ай. 

Қат-қабат осы сөзбен болып кетті, 

Аяғын құп білерсіз өзіңіз де. 


220

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Зәм-зәмдай жауабың бар қалған қандай,

Бір батып, бір шығасың күн мен айдай. 

Өзіңді көрген адам жабысады, 

Асылың тартып тұрған айтшы қандай?!



325. ҚАМАЖАЙ

Басында Қамажайдың бір тал үкі, 

Айырылып Қамажайдан болдым күлкі. 

Айырылып Қамажайдан отырғанда, 

Келеді қай жағынан ойын-күлкі! 

Қайырмасы: 

Ахау, хай ли-ләй-ім, ли-лә-ләй-ім! 

Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым. 

Қолында Қамажайдың алтын жүзік, 

Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп?

Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед, 

Апырай, кетті ме екен күдер үзіп! 

Қайырмасы: 

Ахау, хай ли-ләй-ім, ли-лә-ләй-ім! 

Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым. 

Ертістің жағалауын жағалаймын, 

Мұз болса Көк бестіні тағалаймын. 

Үш топтан таңдап алған Қамажайым, 

Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын! 

Қайырмасы: 

Ахау, хай ли-ләй-ім, ли-лә-ләй-ім! 

Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым. 


220

221


ӨЛЕҢДЕР

Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,

Мойнына түлкі-тұмар тағып жүрсе. 

Ішінен бір жорғаны ұстап мініп, 

Үйіне Қамажайдың барып жүрсе! 

Қайырмасы: 

Ахау, хай ли-ләй-ім, ли-лә-ләй-ім! 

Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым. 

326. ҚАМИДАН 

Өлген соң арыстаннан тышқан артық, 

Ақылсыз, ақымақ достан а-ай, дұшпан артық. 

Қолына кей наданның түссе алтын, 

Жасытар бабын таппай, а-ай, мыстан артық. 

Жігітке берер пайда адал кәсіп, 

Жалғанда адал кәсіп а-ау, берер нәсіп. 

Арқаның тауы биік, жері дала, 

Ән салсам, осы әнге сал, а-ай, ей бозбала. 

327. ҚАНАПИЯ 

Ауылым жал қарағай, бір шоқ мия,

Мінемін ақкекілді-ау жылқы-ау жия.

Осы әнге түрлендіріп салады екен-ай,

Баласы Қарабастың-ай Қанапия-уай.

Қайырмасы: 

О-а-уай, ха-лә-лә-лә-ләу,

Ха-лә-лә-лә-лә-лә-ләу.

Ха-лә-лә-лә ли-ли-ли-лә,

Ли-ли-ли-лә-ләу, ха-лә-лә-ли-ле-уай.


222

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



328. ҚАНЖАН-АЙ 

Өлеңді айт дегенде аял болмас,

Жаныңды аяғанмен ажал қоймас.

Бір қиял айтайын деп отыр едім,

Жақсылар күнде мұндай айт деп тұрмас.

Өлеңді білген де айтар, білмес те айтар,

Су ішіп Ақ Жайықтан жылқым қайтар.

Өлеңді біле тұрып айтпай кетсем,

Жақсының мың теңгелік көңлі қайтар.

329. ҚАПИАДА-АЙ 

Қаратау басың биік тақиядай, 

Көш өтсе көкорайды жапырады-ай. 

Білімге әл келгенше таласыңдар, 

Кейінде қалып жүрме қапиада-ай. 

Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен, 

Жас күнде ақыл-қайрат мол-ақ екен. 

Барында гүл-жазыңның ойна да, күл, 

Қызығы бұл жалғанның сол-ақ екен. 

330. ҚАРА БАЛЫҚ

(1­нұсқа)

Бір балық, су ішінде қара балық,

Дауысым шыға алмайды, а-әй, қараңғалып.

Азырақ алдарыңда ән салайын,

Қалмасам былтырғымнан, а-әй, биыл танып.

Дүние қарап тұрсам бір ағын су,

Қарасаң құлақ салып, шын уда-шу.


222

223


ӨЛЕҢДЕР

Тайсалмай қарсы келген қиындықтан,

Шыңдалып ерлікпенен қайғыңды жу.

331. ҚАРА БАЛЫҚ 

(2­нұсқа)

Бір балық, су ішінде, қара балық, 

Келемін дүние танып сабақ алып. 

Азырақ алдыңызда ән салайын, 

Қалмасам былтырғымнан биыл танып. 

Қайырмасы: 

Би әй-әй-әй, әй-әй, и-и-ау! 

А-әй, а-әй, а-әй-а-әй-и

Әй-әй-әй-әй-әй, и-и-ау! 

Дүние байқап тұрсаң бір ағын су, 

Тыңдасаң құлақ салып, шын у да шу. 

Қайыспай қарсы шығып қиындыққа, 

Қажымай қайрат жұмсап қайғыңды жу. 



Қайырмасы: 

Би әй-әй-әй, әй-әй, и-и-ау! 

А-әй, а-әй, а-әй-а-әй-и

Әй-әй-әй-әй-әй, и-и-ау! 



332. ҚАРА ЖОЛ

Басынан қара қия қарға жүрер,

Шиқылдап қара жолмен арба жүрер-ай.

Түскенде сен есіме сенер болсаң,

Кеудеде шықпаған жан зорға жүрер-ай.


224

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Әй, әй-әй-әй!

Әридай-әридай!

Шықпаған жан кеудеде,

Зорға жүрер-ай.

Басынан қара қия құлағаным,

Барды ма құлағыңа жылағаным.

Барғанда құлағыңа жылағаным,

Құлындай қара бауыр сұлағаным.

Қайырмасы: 

Әй, әй-әй-әй!

Әридай-әридай!

Шықпаған жан кеудеде,

Зорға жүрер-ай.

333. ҚАРА ЖОРҒА 

(1­нұсқа)

Жылқымды айдап салдым теріскейге,

Мал, шіркін, бақпай қойсам, өрістей ме? 

Саңлақты жылқы ішінен ұстап мініп,

Ән салсам, осылайша, келіспей ме? 

Астымда атым мінген жорғалаған,

Жоқ кісі, бар кісіге қорғалаған. 

Кеткенде алыс аулың, қимас қалқа,

Көл болар көзден жасым сорғалаған. 

334. ҚАРА ЖОРҒА 

(2­нұсқа)

Ей, қалқа, хат жазамын ынта беріп, 

Дос болар әркім сөзге тұрса берік-ай! 


224

225


ӨЛЕҢДЕР

Жеріңе пәлен деген барар едім, 

Аңдушы алты кісі тұрса келіп-ай! 

Қайырмасы: 

Ой, шіркін, қара жорға тисе қолға, 

Салар ем тайраңдатып тақтық жолға. 

Ей, қалқа, хат жазамын қаламменен, 

Әрқашан адам күні адамменен-ай! 

Батпаққа аяғыңды батырады, 

Қалқатай, жолдас болма жаманменен-ай! 

Қайырмасы: 

Ой, шіркін, қара жорға тисе қолға, 

Салар ем тайраңдатып тақтық жолға. 

335. ҚАРА КӨЛ 

Қара көл есік алды түбің ылай,

Бітеді емен ағаш жарға құлай. 

Елдерден алған таңдап едің, әгу

Қоспады екеумізді дұшпан сөзі-ай.

Насыбай қара бұйра көрмедім-ай, 

Өзімнің еріккенде ермегім-ай. 

Аралап әр шаһарды жүрсем дағы,

Әр үйде сіздей сұлу көрмедім-ай. 

336. ҚАРА ҚАНШЫҚ

(1930 жылдары айтуға тыйым салынған ән)

Қоянды шалмай алар қара қаншық,

Сұңқарға жем тілеген болар талшық.

15-0256


226

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жігітке нелер кетіп, нелер кетпес,

Сыртым су болып жүрмін, баурым балшық.

Дүние өте шығар Құдай барлап,

Кетпейді өтер күнде, сірә, жарлап.

Кешегі қара қаншық бар шағында,

Уайымсыз жүруші едім аңымды аулап.

 

Ой-ай, уоу, ей



 

Аңымды аулап.



337. ҚАРА ҚИЯ

Келемін тау қиялап төмендетіп,

Құйрығын көкшолақтың сүмеңдетіп.

Түскенде сен есіме асыл еркем,

Қоямын атыңды атап өлеңдетіп.

Қайырмасы: 

Халәләй, халәләкүләй,

Ләләләлә, ләләләй!

Лиләләләку, лиләләләку,

Қоямын атыңды атап өлеңдетіп-ай.

Шырқайын әнге салып, жүз құбылып,

Сөйлейін ишаратпен судай тұнып.

Көңілің шыныменен болса менде,

Ешкімге сөйлемеші мойның бұрып.

Қайырмасы: 

Халәләй, халәләкүләй,

Ләләләлә, ләләләй!

Лиләләләку, лиләләләку,

Қоямын атыңды атап өлеңдетіп-ай.


226

227


ӨЛЕҢДЕР

338. ҚАРА ҚҰР 

Салайын қаршығамды қара құрға, 

Түседі жақсы жігіт қалың нұрға. 

Көзіңде жастық, мастық әуестеніп, 

Құрбылар, көрінгенге көңіл бұрма. 

Қайырмасы: 

Ха-ла-ла-ла,

Ла-ла-ла-ла-ла-лай! 

Дүние қудым сені он жасымнан, 

Тартады дүние ауыр қорғасыннан. 

Үстінен су төгілмес майда қоңыр,

Танады қартайған соң жорғасынан. 

Қайырмасы: 

Ха-ла-ла-ла,

Ла-ла-ла-ла-ла-лай! 

Салайын қаршығамды қара құрға, 

Түседі жақсы жігіт қалың нұрға. 

Кезіңде жастық, мастық әуестеніп, 

Құрбылар көрінгенге көңілің бұрма. 

Қайырмасы: 

Ха-ла-ла-ла,

Ла-ла-ла-ла-ла-лай! 

339. ҚАРА НАРША

Деген соң қара нарша, қара нарша, 

Қоймайды қара нарша, таудан арша. 


228

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аршаны әкелуші ем таудан сүйреп, ей, ахау-ай, 

Аршаны үйіп қойып, жұрт тұрғанша-ай. 



Қайырмасы: 

Әкелуші ем аршаны-ау, таудан сүйреп, 

Үйіп қойып аршаны, жұрт тұрғанша-ау.

340. ҚАРА ӨЛЕҢ

Аулымның қонған жері жусан ба екен? 

Белімді тал жібекпен бусам ба екен? 

Кешегі өтіп кеткен жиырма бесті

Соңынан қос атпенен қусам ба екен?!

Айқайлап ән саламын «қыздар-ау!»—деп,

Артыңа қарамайсың «кім бар-ау?»—деп. 

Басыңнан қызыл шарқат ауған күні,

Саныңды бір соғарсың «күндер-ау!»—деп.

341. ҚАРА СИЫР 

Біздің Бипыл жүр ме екен есен-аман, а-хау, 

Бейнетімді ұмытам, сені көрсем. 

Ахау, тәнім, 

Талма, менің жаным. 

Қайырмасы: 

Ей! 


Күл-ли, күл-ли, Күлжан-ай, 

Күнде базар, Құралай, 

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, 

Бес қалампыр, бір қара-ай. 



228

229


ӨЛЕҢДЕР

Жылқы бағып жарың жүр құбыла жонда,

 

 

 



 

 

            а-ахау, 



Жаным, Бипыл, ұмытпа мені десең. 

Ахау, тәнім, 

Талма, менің жаным. 

Қайырмасы: 

Ей! 


Күл-ли, күл-ли, Күлжан-ай, 

Күнде базар, Құралай, 

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, 

Бес қалампыр, бір қара-ай. 

Асау кер ат жүрмейді шалдыққаннан,

Еркін даусым келмейді қарлыққаннан. 

Сүйген жарды көре алмай арманда боп, 

Сағынамын сарғайып, зарыққаннан. 



342. ҚАРАЙ ҚАСЫМ 

Ей, қалқа, сендей болсын жанға серік,

Ішің дос, сыртың суық, дәтің берік, ә, сәулем-ай! 

Ақ иық көктен төніп түйіліп жүр,

Түсірмей не себептен жүрсің көріп, ә, сәулем-ай! 

Қайырмасы: 

Қарай қасым, қарындасым, 

Шығады-ау сені ойласам, 

Көзден жасым, сәулем. 

Ей, қалқа, қуанамын бір сені ойлап, 

Жалғанда қызығыңа бар ма тоймақ. 

Десем де ойламаймын, ойлатасың, 

Ұқсаған ләззат балы—аузың оймақ. 



230

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



343. ҚАРАҒЫМ-АЙ

(1­нұсқа)

Қара тайға жарасқан қара терлік,

Жігітке жараспайды төтен ерлік. 

Жабыққан жамандардың ісі дейді, 

Көңілді өлең айтып көтерелік. 

Қайырмасы: 

Қарағым-ай, қырға шығып,

Жолыңа қарадым-ай. 

Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің, 

Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің?!

Десе десін сыртыңнан дұшпан кісі, 

Білінбей ме досыңа еткен ісің. 

Қайырмасы: 

Қарағым-ай, қырға шығып,

Жолыңа қарадым-ай. 

344. ҚАРАҒЫМ-АЙ

(2­нұсқа)

Айналайын көзіңнің-ау қарасынан, 

Нұр көремін жалт еткен шарасынан. 

Күндіз-түні қасыңнан кетпес едім, 

Мен қорқамын дұшпанның жаласынан.

Қайырмасы:

Ей, қарағым-ай,

Қырға шығып, жолыңа

Қарадым-ай.



230

231


ӨЛЕҢДЕР

Ақсақалы ауылымның ер болады,

Маңдайынан аққаны тер болады.

Қайтсем саған қолымды жеткізем деп,

Қапаланып көңілім шер болады.

Қайырмасы:

Ей, қарағым-ай,

Қырға шығып, жолыңа

Қарадым-ай.



345. ҚАРАКӨЗ

(1­нұсқа)

Қолыма бір қамшым бар алтындаған-ай,

Кей жаман ұстай алмай қалтылдаған-ай. 

Өзіңді бір көрмесем тұра алмаймын-ай,

Көзіңнен айналайын жалтылдаған-ау. 

Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық, 

Алашқа білдірмедім аузымды ашып. 

Жарасқан балшекерге күміс қасық, 

Жүрерміз сүйтіп қашан араласып. 

Мінгенім дәйім менің сары болса, 

Қолымда жетелеген нарым болса. 

Армансыз бұл дүниеден өтер едім, 

Өзіңдей оймақ ауыз жарым болса.

346. ҚАРАКӨЗ

(2­нұсқа)

Құдай-ау құдыретіңе таң қаламын,

Жолында бір ғашықтың зарланамын.


232

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ішімді ғашық оты-ай күйдіреді-ау,

Сыртыма шығаруға арланамын-ай.

Ақ ерке, ақша мойын қалды-ау кейін,

Аллаға арызым жетпес мен не дейін.

Қолымнан жібек баулы ұшты тұйғын,

Берік ұстап, енді қонса, жібермеймін-ай.

Ақ сұңқар жаңа түлеп бізден ұшты,

Қайтейін, жұдалықты тәңірім қосты.

Тәжбір жоқ тағдырына деген ұқсап,

Дүниеде айрылмаған кімнің досты-ау!



Қайырмасы: 

Аппақ етің қояндай,

Шошып сәулем оянды-ай.

Ғашық болған қара көз

Қызығыңа тоя алмай,

Ау, сүмбіл шаш!

Сен-ау айым, беу жұбайым,

Жан сәулем, айта беріп

Не қылайын-ай!

347. ҚАРАКӨЗ

(3­нұсқа)

Кез болдың тәтті ұйқыда биыл маған,

Жел көңіл жігіттікте тыйылмаған.

Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,

Қалмады елде құрбым сыйынбаған.

Қайырмасы: 

Қардан аппақ етің бар,

Қаннан қызыл бетің бар.


232

233


ӨЛЕҢДЕР

Сонадан сәулем келгенше,

Көкіректе дертім бар.

Ал қаракөз,

Қалдым кейін,

Мен не дейін,

Уа шіркін-ай...

Ей, қалқа, мендей адал сертке жетсең,

Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең.

Жанымды өз жолыңнан аямаймын,

Өзің біл ғашығыңды зар еңіретсең.

Қайырмасы: 

Қардан аппақ етің бар,

Қаннан қызыл бетің бар.

Сонадан сәулем келгенше,

Көкіректе дертім бар.

Ал қаракөз,

Қалдым кейін,

Мен не дейін,

Уа шіркін-ай...

348. ҚАРАКӨЗ 

(4­нұсқа)

Қаракөз қайда сенің ыстық шағың

Дүниеде ғашықтықтың дерті қиын. 

Кешегі жиырма бестің базарында, 

Болушы ед қалқам ауылы күнде жиын. 

Қайырмасы: 

Қара көзің сүзілген,

Қыпша белің үзілген. 

Ауыздағы отыз тіс



234

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ақ маржандай тізілген. 

Қаракөз қалды-ау кейін, 

О, шіркін, уайым жеймін! 

Қарағым сен де ақмаңдай, мен де ақмаңдай, 

Арасы екі ауылдың шам жаққандай. 

Кешегі жиырма бестің отты шағы, 

Не керек өтіп барад күн батқандай. 

Қайырмасы: 

Қара көзің сүзілген,

Қыпша белің үзілген. 

Ауыздағы отыс тіс

Ақ маржандай тізілген. 

Қаракөз қалды-ау кейін, 

О, шіркін, уайым жеймін! 

349. ҚАРАКӨЗ

(5­нұсқа)

Қаракөз, ауылың алыс, жерің шалғай, 

Мен жүрмін дидарыңа бір қана алмай. 

Ой толқып, жүрек лебі құйқылжыды-ау, 

Қосылар күн болар ма, ақ дариға-ай. 

Қайырмасы: 

Қаракөз отыр гүл жайнап, 

Қамар белбеу бір байлап. 

Шіркін, еске түскенде,

Кетеді ішім зыр қайнап. 

Ахау, Қаракөз, 

Қалдың кейін, 

Мен не дейін, 



234

235


ӨЛЕҢДЕР

Құшақтап,

Енді көрсем, жібермеймін. 

Қаракөз ұядағы ақ балапан, 

Сағынып Қаракөзді ойға батам. 

Ауылын Қаракөздің көрген болсаң,

Берейін сүйіншіге ат пен шапан. 

Қайырмасы: 

Қаракөз, отыр мөлдіреп,

Екі беті үлбіреп.

Жібек шәлі мойнында,

Төңірегі желбіреп.

Ахау, Қаракөз, 

Қалдың кейін, 

Мен не дейін, 

Құшақтап, 

Енді көрсем, жібермеймін. 



350. ҚАРАКӨЗ 

(6­нұсқа)

Қаракөз сөз айтады жылап тұрып, 

Көл қылып көздің жасын бұлап тұрып. 

Қу кәмшат адыра қалған енді аман бол, 

Жібердім жырақ жерге ылақтырып. 

Қайырмасы: 

Жирен аттың қасқасы, 

Сыдырып алған таспасы. 

Бірге өлейін деуші едім, 

Қу шыбыннан басқасы. 

Айдай сәулем, дәурен, 

Сәулешім-ай, енді аман бол! 


236

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қу кәмшат адыра қалған енді аулақ, 

Келе бер зарлағанда өлең саулап. 

Айтқан сөз, алысқан қол арамызда, 

Кетсеңші тым болмаса көңіл аулап. 



Қайырмасы: 

Жирен аттың қасқасы, 

Сыдырып алған таспасы. 

Бірге өлейін деуші едім, 

Қу шыбыннан басқасы. 

Айдай сәулем, дәурен, 

Сәулешім-ай, енді аман бол. 

351. ҚАРАКӨЗ

(7­нұсқа)

Арасы екі ауылдың балғын көлді-ау,

Балығын балғын көлдің алғым келді.

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

Жеріңде ат шалдырып қалғым келді.

Қайырмасы:

Қаракөз,


Қалдың кейін,

Мен не дейін?

Еске түссе ғашық дерт,

Уәйім жеймін.

Ішінде көп асықтың қызыл кеней,

Қыз бала кетсе тігер жол-жөнекей.

Аулыңа алаукермен келгенімде,

Көйлектің бауын шешші, қойшы-ау демей.



236

237


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Қаракөз,


Қалдың кейін,

Мен не дейін?

Еске түссе ғашық дерт,

Уәйім жеймін.



352. ҚАРАКӨЗ-АУ 

Су тұнық, аспан жарық, жым-жырт дала,

      

 

 



Қаракөз,

Желігіп-ау, бой тербедім әнге сала. 



Қайырмасы: 

Қаңбақтай жел аударған, Қаракөзім, сүйгенім,

Өзіңмен-ау, келді кезім, Қаракөз-ау. 

Бейнесі көз алдыма елестейді, Қаракөз,

Жер алыс-ау, көзге жақын, бар ма шара. 

Қайырмасы: 

Қаңбақтай жел аударған, Қаракөзім, сүйгенім,

Өзіңмен-ау, келді кезім, Қаракөз-ау. 

Басылмас қартайғанша жастық серпін, 

Жасымнан еркеледім емін-еркін. 

Тұрсам күлкім келмейді, жатсам ұйқым,

Ішкен асты сіңірмес сенің дертің. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет