Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32

41
үйді негізге алған 50­ге тарта картинасы бар деседі. Ә.Қастеев 
атындағы  Өнер  музейінде  оның  бәрімен  таныса  алмасақ  та, 
есесіне Шоқан Уәлихановқа арнал ған қайталанбас картиналарды 
тұп нұсқадан көрудің сәті түсті. Қос құлыны – Динара мен Жәми­
ланың бүлдіршін күнінен бастап бойжеткенге айналғанға дейінгі 
кескіндемелері де сурет кердің шеберлігімен қоса өсіп отырғанын 
аңғару қиын емес.
Айтқандай,  70­80­жылдары  Амангелді  Шәкеновтің  шығар­
машылығында  ұлттық  бояулар  көріне  бастайды  да,  біртіндеп 
ол  басты  тақырыпқа  айналып  кетеді.  Балалық  шақтан  есінде 
қалғандары  мен  көрген­білгендерінің  бәрі  суретші  кенептернің 
бетіне түседі. Қазақ халқының өмірі мен тұрмысын баяндайтын 
картиналары  адам  мен  табиғаттың  жарасымды  бірлігін  бере 
білетін нағыз ақынның жыры дерсің.
Не  десек  те,  Амангелді  Шәке нов  Омбы  өнеріне  тамаша 
ұлттық колорит әкеліп, оның жаңа тақырыптармен және қанық 
бояулы  түстермен  байыта  түскен  суретші.  Шебердің  көптеген 
картиналарына тән адалдық, ой тереңдігі, сурет сұлулығын оның 
былайғы бос уақытында салып, өмірге әкелген портреттерінен де 
табасыз.
Алматыдағы  көрмеде  сурет шінің  әр  жылдары  салған 
60­тан  астам  жұмысы  қойылды.  Кейбір  картиналар  өзінің 
жерлесі, бүгінде алматылық бизнесмен әрі меценат, суретшінің 
картиналарын  қадірлеп,  сақтай  білетін  Мұрат  Сәрсенбаевтан 
алыныпты.  Амангелді  Шәкеновтің  туындылары  Ресейдің, 
Омбының, Краснодар өлкесінің, Венгрияның көрме қорларында 
және  АҚШ,  Англия,  Финляндия,  Германия  елдерінің 
мұражайларындағы коллекцияларда бар екен.
Айнаш ЕСАЛИ
Омбыдағы қазақ 
суретшісі
Бұрын да бізге осы бір талант иесінің көрмесін тамашалаудың сәті 
түскен-ді. Осымен Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер 
музейіне екінші рет қойылып отырған Ресей Федерациясының еңбек 
сіңірген мәдениет қызметкері, РФ Суретшілер одағының мүшесі, Омбы 
университетіндегі академиялық кескіндеме және сурет кафедрасының 
профессоры Амангелді Әбдірахманұлы Шәкеновтің кескіндемелік 
жұмыстары тылсым сырларымен көрерменді баурап алды. 
Батыс  пен  Шығыстың  мәде ние тінен  қатар  сусындаған  қан­
дасымыздың «Отаным менің» атты көрмесінен шетсіз де шексіз 
даланы,  бұрынғы  Омбы  қазақтарының  өмірін,  қайыңдар  мен 
жылқыларды,  көне  деревнялар  мен  православ  шіркеулерін, 
мұсылман  мешіттерін,  орыстар  мен  қазақтардың  келбеттерін 
кезегімен көре отырып, дәуірлі бір кезеңге саяхат шегесіз.
–  Қазақтар  Қазақстанда  ғана  тұрмайды.  Тағдыр  тәлкегімен 
әлемнің төрт бұрышына тараған қандастарымыздың басым бөлігі 
Ресейде  қоныстанған.  Көрші  мемлекетте  қазір  600­800  мың 
шамадағы бауырларымыз өмір сүріп жатса, Амангелді Шәкенов 
солардың ішіндегі жарқын талант, – деді көрменің ашылуында 
Дүниежүзі қазақтары қауым дастығы атынан сөз алған жазушы­
драматург Сұлтанәлі Балғабаев.
Амангелді  Шәкеновтің  өмір  жолы  да  қызық.  1943  жылы 
Омбы облысы Шарбақкөл ауданының Шұқыт ауылында дүниеге 
келгенде  жас  сәбиге  Оразбай  деп  азан  шақырып  ныспылағаны 
сол  екен,  сол  жылы  көкесі  қан  майдан нан  оралады.  Аман 
келген ағала ры на қуанған ағайындар туылға ны на көп болмаған 
нәрестеге қайтадан Амангелді деп ат қояды.
Алты  жасында  атқа  отыр ған  балғынның  алғашқы  кес­
кіндемелері  Омбы  қазақ тарының  айтысы,  ат 
бәйгелеріне құрылса, сәби санасының түкпі рінде 
соғыстан  кейінгі  ауыр  жылдарда  ерлермен  тең 
мехнат шеккен нәзік денелі анасының сабырлы 
бейнесі сақталып қана қоймай, кенепке көшкені 
кездейсоқтық  емес.  Колхоз  төрағасының  әйелі 
болса  да,  сол  кезеңде  қол  қусырып  отыратын 
адам  бар  ма?!  Өгізбен  егістікке  тұқым  тасып, 
кез келген ша руаны дөңгелеткен, қолдарын күс 
басқан  қажырлы  қазақ  әйелі  сыр ты  нәзік,  ішкі 
рухы  күшті  кел беті  мәңгілік  қартаймай  қала 
бермек.
Мәскеудегі Суриков институтына дайындығы 
аздықтан қабылданбай қайтып келген Амангелді 
Шәкенов  1962  жылы  Омбыдағы  А.М.Горький 
атын дағы 
педагогикалық 
инсти тут тың 
көркемсурет­графика  факультетіне  оқуға  түсті. 
Оны  бітірген  соң  жас  маман  бейнелеу  өнері 
кафедрасына  жұмысқа  шақырылды.  15  жыл 
бойы  осы  факультеттің  деканы  болып  қызмет 
атқарды. Жұмысын істей жүріп, түрлі деңгейдегі 
көрмелерге  жиі  қатысумен  болды.  Жеке  өзі 
50­ден  астам  көрме  өткізді.  Ол  туындыларын  Қазақстанда  да 
бірнеше мәрте әкеп көрсетті.
Өнер  тақырыбына  қалам  сілтейтін  журналистер  оның 
полотноларында «сиқыр» бар деп толғаса да Амангелді Шәкенов 
өз туындыларында ешқандай құпия жоқтығын, пейзаждарында 
тек қана бояу мен аздаған поэ зия бар екендігін айтумен келеді. 
Мәселен,  тақырыбы  бір­бірін  қайталайтын  «Қайың»  деп 
аталатын  бірнеше  суреттері  бар.  Сол  сияқты  «Кәрі  ағаштар» 
картиналары да қайталанып отырылды. Көне Омбының көзіндей 
Куйбышев пен Лермонтов көшелерінің қиылысындағы ескі ағаш 

42
***
Қазақ  халқының  біртұтас  тарихын  Кеңес  Одағы  ұлы 
державалық,  шовинистік,  отаршылдық  саясат  жетегінде  мүлдем 
басқа  арнаға  бұрып  жіберді.  Ақты  қара  етіп,  ұлыны  улы  кейіпте 
көрсетіп, ұрпақтарды мәңгүрт етудің небір қитұрқы жолдарын ойлап 
тапты. Қазақ деген ұлтты көшерін жел, қонарын сай білген жабайы 
тірлік иесі, мешеу халық ретінде бағалады. Алтын Орда дәуірінен 
басталатын мемлекеттігіміздің тарихын мүлде жауып қойды. Енді, 
міне, Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста сол тарихымызды түгендеу 
жолында келеміз.
Бұл  ұлы  іске  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзі  мұрындық 
болып отырғанына қуанамыз. Бұған дәлел Мемлекет басшысының 
осыдан  он  жыл  бұрын  қолға  алып,  өз  нәтижесін  еселеп  берген 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасының  заңды  жалғасы  іспетті  өткен 
жылғы  Ұлытаудағы  сұхбаты,  «Мәңгілік  Ел»  идеясы,  биылғы 
халыққа жолдаған Жолдауы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен Қазақ 
хандығының 550 жылдығын атап өту жөніндегі бастамасы. 
Қазақ  хандығы  құрылғанға  дейін  «қазақ»  деген  атау,  ұғым 
болмаған,  олардың  қолынан  мал  бағудан  өзге  ештеңе  келмейтін 
жабайы халық деп сәуегейсігендер болған. Ал шындыққа жүгінсек, 
қазақ  деген  халықтың  кемінде  үш­төрт  мың  жылдық  тарихы 
барын  дәлелдейтін  деректер  аз  емес.  Басқасын  былай  қойғанда, 
Жаратушымыз  басқа  ұлттарды  алдымен,  соңынан  ғана  біздерді 
жаратыпты дегенге кімдер сенеді. Мүмкін, біз үшін үш мың жылды 
да  қиғысы  келмей,  ал  өз  тарихтарын  бес  мың  жылдан  асырғысы 
келетіндерге Шыңғыс ханнан бұрын­ақ Моңғолиядағы Битөбе деген 
жерде керей мемлекеті, Қарақорымда найман тайпасы құрылғанын, 
бұлар  қазақ  деген  халықтың  белді  рулары  болғанын  кім  жоққа 
шығара  алады.  Ат  төбеліндей  моңғолдардан  шыққан  Шыңғыс 
ханның 600 мың әскерінің 400 мыңы қазіргі Қазақ елінің бір бөлігі 
керей, меркіт, жалайыр, қоңыраттар болғанын қайда қоямыз. Мұның 
бәрін  Шыңғыс  ханның  ұрпақтары,  қазіргі  Моңғолия  мемлекетінің 
ғалымдары  өздері  анықтап  келеді.  Себебі,  моңғолдың  тарихын, 
шежіресін  жазуды  алғаш  керейдің  атақты  білгірі  Шыңсайға 
Шыңғысхан  өзі  тапсырған.  Шыңсай  бұл  тапсырманы  керей 
мемлекетінің  батысындағы  Қазақ  тауындағы  елді  мекенде  жатып 
жазатынына уағда береді. Шыңғыс хан бұл сөзді құп көріп, Қытай 
балгері,  сопы  Чан  Чуньді  шақырады.  Ол  алдымен  Қазақ  тауына 
келіп, одан Шыңсайды көмекші етіп, шежірені жазуға кіріседі. Ал 
«қазақ» деген атауға келер болсақ, Моңғолияның Завхан аймағында 
Хасагт Хайрхан «Қазақ тау»(моңғолдар күні бүгін қазақты «хасаг» 
деп атайды) тауының атауы Шыңғыс хан дәуірінен бері белгілі. Ұлы 
қаған заманында арба үстіне тігілетін ханның ақ ордасын «хасаг гэр» 
«қазақ үйі» деп атаған. «Хасаг гэр» – моңғол тілінде қазақ үй дегенді 
білдірсе,  «хасаг  тэрэг»  моңғол  тілінде  қазақ  арба  деген  ұғымды 
береді. 
Тарихшыларымыз  қазақ  халқының  арғы  тарихын  ата­бабадан 
қалған біздің қазіргі киелі байтағымыз Қазақстан территориясында 
б.ж.с  бұрынғы  VII­I  ғасыр  аралығында  мекен  етіп,  өмір  сүрген 
тайпалардың  болмысымен  сабақтастыра  зерттеп  келеді.  Әсіресе, 
сақтар мен ғұндардың дәуіріне байланысты тарихи­археологиялық 
деректер негізге алынуда. Бұл, әрине, заңды, кей тұста шартты дүние 
екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Өйткені, одан арғы тарихқа 
нақты  көзіміз  жетпесе  де  сақ,  ғұн  дәуірінен  бергі  кезеңде  қазіргі 
Қазақ елі аумағын мекен еткен халықтар түп қотарыла басқа жаққа 
көшіп кетпегені, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан­ғайыр кеңістікті 
мекен еткен байырғы жұрт, дәлірек айтсақ, қазақтар мен басқа да 
түркі текті халықтар – осы сақтар мен ғұндардың ұрпақтары екені 
әлдеқашан анықталған, әлем тарихшылары мойындаған ақиқат.
 Ал одан арғы тарихқа ой жіберсек, адам баласы алғаш пайда 
болған заманнан бері Орталық Азияны, Тұран даласын мекендеген 
халықтардың  болғанын  археологиялық  қазбалар  дәлелдеп  отыр. 
Ендеше,  біздің  халқымызда  сол  дәуірдегі  адамдардың  бүгінге 
жалғасқан ұрпағы екенін кім жоққа шығара алады. Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлы  біздің  ата­бабаларымыздың  Нұқ  пайғамбардың  кемесі 
тоқтаған  Қазығұрт  тауын  мекен  еткендегі  заманнан  бері  наурыз 
мерекесін тойлап келгенін жазып кеткен. 
Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің 
профессоры  Тұрсынхан  Зәкенұлының  тұжырымына  жүгінсек, 
«Қазақ  хандығы  мен  Қазақ  мемлекеттілігі  –  екеуі  екі  басқа  ұғым. 
Қазақ хандығы қазақ мемлекеттілігінің аясына кіреді немесе оның 
белгілі  бір  кезеңі  деп  түсінген  жөн.  Іс  жүзінде  қазақ  жеріндегі 
мемлекеттілік дәстүр тым ерте кезден бастау алады. Археологиялық 
деректер  қазақ  жерінде  бұдан  бір  миллион  жыл  бұрын  адамзат 
мекендегенін  дәлелдесе,  осындағы  мемлекеттілік  дәстүр  тек 
2500  жылды  құрайды.  Ал  қазақ  жеріндегі  алғашқы  мемлекеттер 
туралы деректер біздің заманымыздан бұрынғы VI­V ғасырлардан 
басталады. Мемлекеттілікке байланысты ең алғашқы дерек ретінде 
сақтардың  үш  бөлігі,  …туралы  мәлімет  берген  Парсы  патшасы 
Дарийдің жазбаларын атауға болады», дейді. 
***
Бұл ретте қазақ жерінде көне заманда өмір сүрген, бүгінгі біздің 
ата­тегіміз ретінде мойындалған тайпалардың бірі сақтардың ұлан­
байтақ территориясы болғанын, оны айналасындағы жау елдерден 
өмір  бойы  қорғап  келгені,  бір  басшылыққа,  патшасына,  көсеміне 
бағынғанының  өзі  –  мемлекеттіктің  айқын  нышаны.  Міне,  қазақ 
жеріндегі  мемлекеттіктің  ең  бергісі  осы  сақ  және  ғұн  заманында 
құрылғанына,  қалыптасқанына  ешкім  де  қарсы  уәж  айта  алмаса 
керек. 
Ал  сақтармен  қатар  солтүстік  Қытай,  Моңғолияда,  Байкал 
өңіріне,  Қазақстан  аумағына  дейінгі  аралықта  қоныстанып,  өмір 
сүрген  ғұндарды  да  қазіргі  қазақ  халқының  тегінен  алыстата 
алмаймыз.  Атақты  ғалым  Лев  Гумилев  саналы  ғұмырын  сарп  ете 
отырып, ғұндардың – ежелгі дәуірдегі ірі тайпалар одағының бірі, 
түркі  халықтарының  арғы  тегі  екенін  дәлелдеп  шықты.  Ғұндар 
өздерінің  біртұтас  мемлекетін  біздің  заманымыздан  бұрынғы  ІІІ 
ғасырдың соңына қарай құрды. 
Тарихшылар көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар 
дәуірінде  қалыптасты  дейді.  Құрылтайларында  ғұндар  өздерінің 
әдет­ғұрпына  негізделген  заң  ережелерін  жасаған.  Онда  жер­су 
мәселесіне  ерекше  мән  берілген.  Ғұндар  мемлекетінде,  Қытай 
деректеріне  қарағанда,  тұрақты  әскердің  саны  300  мың  болған. 
Күні  кешеге  дейін  отаршылдар  көшпелі  халықтарды  сауатсыздар 
ретінде көрсетіп келсе, ғалымдар ғұндардың сол заманда ресми іс 
қағаздарын жүргізіп, оған мөр басу үлгісі қалыптасқанын айтады. 
Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына 
дейін өмір сүргені белгілі. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты 
олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырған. Б. з. IV ғасырдан бастап 
ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басқан. 
Содан  былайғы  200  жылдың  ішінде  олар  Еуропаның  жартысын 
жаулап алып, өз билігін орнатқан.
***
Енді  әйгілі  түрік  қағанатына  тоқталайық.  Отаршылдық  саясат 
біздің  мыңдаған  жылдық  мемлекеттігімізді,  мәдениетімізді  бәрін 
мойындамаса  да  өзінің  бүкіл  тарихын,  мәдениетін  тасқа  қашап 
жазып кеткен V­VIII ғасыр аралығында (546­744 жылдар шамасы) 
Орталық Азияға үстемдік құрған біздің бергі бабаларымыз, яғни Көк 
түріктерді жоққа шығара алған жоқ. Тіпті, қазақтар, біздер осы түркі 
тектес халықтардың қоламтасын сақтап, қарт Алтайдың баурайында 
сан ғасыр бойы табан аудармай мекен еткен ұрпағы екенімізді еріксіз 
мойындайды.  Біз  де  ержүрек  батырлар  елі,  Көк  түріктің  ұрпағы 
екенімізді орынды мақтан тұтамыз. 
Түркі қағанаты да 552 жылдары Жужан мемлекетін тас­талқан 
етіп жеңіп, түркі халқына бостандық алып берген Бумын қаған мен 
оның мұрагерлері түркі қағанатының шекарасын жыл өткен сайын 
кеңіте  түскен.  Шығысында  Қытайдың  Сары  өзеннен,  батысында 
Әмударияға дейінгі, солтүстігінде Саян тауынан Кавказ, Қара теңіз 
аралығын иелік еткен қуатты мемлекет болған. Алайда, ынтымақ­
Ұлы дала
Ежелгі жұрт
Үзбен ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, 
Моңғолия Жазушылар 
одағының мүшесі
және

43
бірліктің жоқтығынан қас дұшпандарының алдау­арбауына көнген­
діктен  Түркі  тайпасының  берекесі  қашып,  әлсіреп,  батыс,  шығыс 
болып  екіге  бөлінген.  Ұлы  Түркі  қағанатының  құлауына  себепші 
болған алауыздықты ұрпақтарға сабақ болсын деп Күлтегін бабамыз 
тасқа қашап жазып кеткен. 
Түркі  халқының  бағына  туған  Құтлық  (Елтеріс)  қаған 
қытайлармен  жүргізген  қиян­кескі  соғыс  нәтижесінде  682  жылы 
моңғол жерінде өз мемлекетін қайтадан қалпына келтірді. Елтерістен 
кейінгі Қапаған қаған мен оның мұрагерлері Білге қаған мен Күлтегін, 
даңқты қолбасшы Тоныкөктер тұсында шығыс Түркі қағанаты қайта 
дәуірледі.  Қорыта  айтқанда,  бұл  да  біздің  ұлтымыздың  қуатты 
мемлекет құра білуіміздің жарқын дәлелі.
Біз бүгінгі таңда қазақтың мемлекеттігінің кемел шағы Алтын 
Орда  дәуірі  екенімен  мақтануға  тиіспіз.  Еуропаны  тітіркенткен, 
Ресейді  қолына  қаратқан  Алтын  Орданың  территориясы  қайда, 
халқы кім еді, ханы кім еді, тілі қай тіл еді? 
Алтын Орданың территориясы қазақтың ата­бабасынан қалған 
байтағы  Дешті  Қыпшақ  даласы,  халқы  бүгінгі  біздер,  ханы  қазақ 
текті меркіт, тілі күллі түркітектес халықтардың тіліне негіз болған 
қазақ тілі екенін тарихтан хабары бар әр адам біледі. 
***
Қазақ  хандығы  тарихы  түркі­тектес  халықтардан  енші  алып, 
отау  көтерген  шақтан  басталатын  біздің  бергі  төл  тарихымыз. 
Мемлекеттігіміздің  арғы  тарихы  біз  білетін,  айтқысы  келмесе  де 
басқалар  да  білетін  сақ,  ғұн  бабаларымыз  құрған  көшпенділер 
империясы болса, қазақ хандығы ең бергі, ең жас болып есептелінетін 
Қазақ мемлекетінің айқын куәсі. Жас дейтініміз сақтан, ғұннан, одан 
да  әріден  басталатын  мемлекеттілік  дәстүріміздің  біз  білетін  2500 
жылды құрайтын тарлан тарихпен салыстырғанда, Қазақ хандығы 
құрылғаннан бергі 550 жыл – қоғам тарихында қас­қағым уақыт. Біз 
мұны салыстырмалы түрде айтып отырмыз. Иә, осы қысқа мерзім 
ішінде сонау Шыңғыс заманынан қазақ сипатымен аты аталған қазақ 
халқы басынан не өткермеді. 
Сол  қилы  заманның,  қилы  тарихтың  басында  бүгін 
халқымыздың  мақтанышы  ретінде  мерейтойын  өткізгелі  отырған 
Қазақ  хандығының  көшбасшылары,  ұлы  бабаларымыз  Көк  Орда 
билеушісі  Орыс  ханның  ұрпақтары,  халқы  хан  көтерген  Керей 
мен Жәнібек сұлтандар тұр. Керей, Жәнібек бабаларымыз да қазақ 
хандығын  оп­оңай,  бір­ақ  күнде  құра  салған  жоқ.  Қиын­қыстау 
кезеңдерден өтті. Жауларымен айқасып, жаға жыртысты. Өздерінің 
қолтығына  тығылған  қазақ  ұлысын  құраушы  тайпалардың  жоғын 
жоқтады, жерін даулады. 
Олар халыққа қысым көрсетіп, ала қойды бөле қырқып, Өзбек 
хан  әулетімен  тең  көрмей,  шетқақпай  еткен  Әбілқайыр  ханға 
бағынудан  бас  тартып,  Шу  өзенінің  бойындағы  Қозыбасы  атты 
қоныста дербес хандықтың туын көтерді. Қалың қазақ тайпаларын 
бастап Батыс Жетісуға қоныс аударған Керей мен Жәнібек Моғолстан 
ханы  Есенбұғадан  қоныс  сұрады.  Есенбұға  жауынгер  қазақтарды 
Әбілқайырға пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Керей мен 
Жәнібек осы жерде Қазақ хандығын құрды. Еркіндік аңсаған елін 
азаттық  ұранымен  жігерлендірген  батыр  бабаларымыз  Керей  мен 
Жәнібек  жаңа  ұлыстың  дербестігін  жариялап,  жаңғырған  қазақ 
этносының атауын алған тарихта тұңғыш Қазақ хандығын құрды. 
Әртүрлі ұлыстарда бытырап жүрген қазақ рулары енді қазақ деген 
ұлттық атауға ие болып, жеке халық, дербес мемлекет ретінде тарих 
сахнасына шықты. Қазақ хандығының халқы бір миллионға жетті. Ол 
заманда мұндай халқы бар мемлекет саусақпен санарлықтай ғана еді. 
***
Қазақ  хандығының  550  жылдық  тарихындағы  ондаған 
хандардың  ішінде  біліксіз,  әлсіз,  алауыздары  да  болғаны  тарихи 
шындық. Олардың кейбірінің тұсында халық азды, тозды, жаудың 
талауына  түсті,  табасына  қалды.  Азуын  айға  білеген  небір  білікті 
хандар  да  болды.  Олардың  естен  кетпес  атқарған  істері  тәмсіл 
болып, тіпті, аңыз болып бүгінгі ұрпаққа жетті. «Қасымханның қасқа 
жолы»,  «Есімханның  ескі  жолы»,  «Әз  Тәукенің  жеті  жарғысы», 
«Абылайдың  асында  шаппағанда,  атаңның  басына  шабасың  ба» 
сияқты  бүгінгі  ұрпақтың  аузында  жүрген  қанатты  тәмсіл  сөздер 
осының  айғағы.  Олардың  кейбіріне  қысқаша  тоқталсақ,  Керей 
мен  Жәнібек  хандардың  ұлт,  мемлекет  мүддесі  жолындағы  ұлы 
мақсаттарын  ұрпақтарының  ішінде  Қасым  хан,  Хақназар  хан, 
Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хан сияқты білікті хандар әр ғасырда 
лайықты  жалғастыра  алды,  хандықты  жауларынан  қорғап,  іргесін 
кеңейтіп, халқын бақытқа, байлыққа кенелте білді. 
Әсіресе,  Қасым  хан  заманы  қазақ  хандығының  алтын  дәуірі 
ретінде тарихта қалды. Өйткені, Жәнібекұлы Қасым ханның (1511­
1523  жж.)  тұсында  қазақ  хандығының  саяси  және  экономикалық 
жағдайы нығая түсті. Ол хандық құрған XVI –XVII ғасыр аралығында 
хандық  шекарасы  едәуір  ұлғая  түсті.  Басқаша  айтсақ,  қазақ 
халқының қазіргі мекен тұрағы Қасым хан билік құрған жылдары 
қалыптасты.  Бірсыпыра  қалалар  қосылды,  солтүстікте  Қасым 
ханның  қол  астындағы  қазақтардың  жайлауы  Ұлытаудан  асты. 
Оңтүстік­шығыста оған Жетісудың көп бөлігі Шу, Талас, Қаратал, 
Іле  өлкелері  қарады.  Орта  Азия,  Еділ  бойы,  Сібірмен  сауда  және 
елшілік  байланыс  нығайды.  Ресеймен,  Иранмен  дипломатиялық 
қарым­қатынас  орнады.  Батыс  Еуропа  да  Қазақ  хандығын  осы 
кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет­ғұрып 
ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Өз тұсында «жерді 
біріктіру» үдерісін жедел жүзеге асырып, нағыз кемелді мемлекеттік 
үрдісті жүзеге асырды. Қасым хан туралы сол дәуірде өмір сүрген 
ұлы  ғұлама  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  өзі  «Қасым  хан  Дешті 
Қыпшақты  түгелдей  өз  билігіне  алғаны  соншалық,  Жошы  ханнан 
соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке қол жеткізе алған 
жоқ»,  деп  жазады.  Жалпы,  тарихшылар  Қасым  ханның  дәрежесін 
«Алтын Орда» дәуіріндегі хандардан да жоғары қояды. Ол туралы 
деректер қазір Ираннан да табылып жатыр. 
***
Қасым  ханнан  кейін  ұлы  Хақназар  билікке  келді.  Тағы  да 
Мұхаммед Хайдар Дулатиге жүгінсек: «Хақназар хандық мәртебеге 
көтерілген  соң  күшейгені  соншалық,  тек  ноғайларды  ғана  емес, 
Башқұрт  елін,  Қазан,  Сібір  және  Астрахан  патшалықтарын, 
Бұхараны,  Хиуаны,  Ташкентті  және  басқа  көптеген  қалаларды  өз 
билігіне қаратты және олардан алым­салық жинатты», деп жазады. 
Өз дәуірінде берілген осы бағадан артық баға жоқ болар.Түркістан, 
Сауран деген қалаларға да көз салған Хақназар хан болатын. 
Одан кейін Тәуекел хан билікке келді. Оның билігі де күшейіп, 
қанатын  кеңге  жайды.  Жәдік  ханның  немересі  Жәнібек  ханның 
шөбересі Тәуекелдің (1582­1598 жж.) тұсында ойраттардың бір бөлігі 
Тәуекел ханның қол астында болды. Тіпті орыс патшасына жолдаған 
хатында  өзін  «Қазақтар  мен  қалмақтардың  патшасы»  деп  атап, 
орыстарға сес көрсетті. Сөйтіп, Ресей мемлекетімен дипломатиялық 
қарым­қатынастарды  жолға  қойды.  1594  жылы  Тәуекел  хан 
Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ 
хандығының  тұңғыш  ресми  елшілігін  жібереді.  Оның  бұндағы 
мақсаты  Ресей  мемлекетінің  көмегімен  Абдоллаға  қарсы  күресті 
жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру. Және 1588 жылы 
орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның 
баласы Оразмұхаммед пен қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали 
Жалайырларды  тұтқыннан  босату  болды.  Орыс  мемлекеті  Қазақ 
хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс 
мемлекетімен  дипломатиялық  қарым­қатынасты  үзген  жоқ.  1595 
жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына 
келді.  Нәтижесінде  екі  мемлекет  арасында  сауда  байланыстары 
жанданды. 
***
Қазақ  хандығының  мемлекеттігін  күшейткен  мықты  хандар 
ішінде  Есім  ханның  да  лайықты  орны  бар  екенін  айта  кеткен 
жөн.  Есім  хан  Герат­Хорасанның  билеушісі  Дінмұхаммед  баласы 
Иманқұл  шартқа  отырып,  Ташкент  пен  оның  төңірегін  түгелдей 
қазақтардың иелігіне алды. Есім ханның билігі тұсында (1598­1645 
ж.ж.)  халық  жадында  «Есім  салған  ескі  жол»  деген  атпен  қалған 
әдет­ғұрып нормаларын қалыптастырды. Бұл қазақтың хандарының 
мемлекет құра білгенін дәлелдейтін конституциялық құжат болғаны 
белгілі. Тіпті, кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, 
қазақ  халқының  мәдени­рухани  және  салт­дәстүр  қалыптарының 
төл  тумалығын  бекемдеуге  ықпал  етті.  Есім  ханның  тұсында 
қоныс­тұраққа, мал­мүлікке, адамдар арасындағы қарым­қатынасқа 
қатысты туындайтын дау­шардың шешімдері де сараланды. Жалпы, 
көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да – тақ үсті мен 
ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей 
бойлы ер Есім» деп атап кетуінің өзі құрметтің белгісі еді. 
Ал  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  ең  бір  қиын­қыстау,  қайғы­
қасіретті  заман  жоңғар  шапқыншылығы  күшейген  кез  екенін 
ескерсек,  Абылай  ханның  ерлігін,  бітімгерлік  дипломаттығын, 
ұйымдастыру қабілетін өзіміз ғана емес, өзгелер де мойындағанын, 
аса  көрнекті  мемлекет  қайраткері  екенін  айта  кеткеніміз  жөн. 
Абылай хан тұсында біз жоңғарларды күйрете жеңіп, қазақ даласын 
түгелдей  азат  еттік.  Абылаймен  Ресей  патшасы  да  санасты.  Тіпті, 
Қытайдың өзіне сес көрсеттік. 1757 жылы Мамырсуда қытайлармен 
келісімшарт жасалды. Қалмақтарды өз жерімізден қуып қана қоймай, 
Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде қалған торғауыттарды 
талқандады.  Бұған  қазақтың  қол  бастаған  әйгілі  батырларының 
күшін  жұмылдыра  білді  (арғын  –  Атығай  –  Күлеке  батыр  –  2000 
керей – Мерген батыр – 2000, найман – Көкжал Барақ батыр – 2000, 
Қаракерей Қабанбай батыр — 2000 сарбазбен қатысқан. 
***
Қазақтың  хандық  мемлекеті  жойылып,  бодандық  қамытын 
мойнымызға  ілген  дәуірде  халқымыздың  басынан  небір  зобалаң 
нәубеттер  өтіп,  қырғынға  ұшырасақ  та  ұлттық  рух  жігеріміздің, 
қайсарлығымыздың  арқасында  тағдырымыз  құрдымға  кеткен 
жоқ.  Қарумен,  білектің  күшімен  жеңіске  жететін  заман  озғанда 
Алаш  арыстары  өздерінің  зиялылығын  білім  мен  білігі  арқылы 
көрсетті. Сол рух, сол білім­білік ұрпақтарға жалғасты. Қап түбінде 
жатпайтын  асыл  кездіктей  ұл­қыздардың  санасына  сіңді.  Кеңес 
Одағы  құрамындағы  15  республика,  жүздеген  ұлт­ұлыстардың 
ортасынан қазақтардың рухы бірінші болып оянғанына 1986 жылғы 
Желтоқсан көтерілісі дәлел. 
Ал тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде жеткен жетістік 
–  Ұлт  перзенті  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  бастаған 
азаматтарымыздың  сындарлы  саясатының,  кемел  ойларының 
дұрыстығының куәсі, көз алдымыздағы ширек ғасырда дамыған 50 
елдің қатарына қосылуымыз соның дәлелі деп білемін. 
Біз  ешқашан  өшпеген,  жойылып  кетпеген,  болашақта  да 
жойылмайтын  Мәңгілік  Елміз.  Әманда,  жеріміз  әлсіремесін, 
халқымыз қағансырамасын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет