43
бірліктің жоқтығынан қас дұшпандарының алдауарбауына көнген
діктен Түркі тайпасының берекесі қашып, әлсіреп, батыс, шығыс
болып екіге бөлінген. Ұлы Түркі қағанатының құлауына себепші
болған алауыздықты ұрпақтарға сабақ болсын деп Күлтегін бабамыз
тасқа қашап жазып кеткен.
Түркі халқының бағына туған Құтлық (Елтеріс) қаған
қытайлармен жүргізген қиянкескі соғыс нәтижесінде 682 жылы
моңғол жерінде өз мемлекетін қайтадан қалпына келтірді. Елтерістен
кейінгі Қапаған қаған мен оның мұрагерлері Білге қаған мен Күлтегін,
даңқты қолбасшы Тоныкөктер тұсында шығыс Түркі қағанаты қайта
дәуірледі. Қорыта айтқанда, бұл да біздің ұлтымыздың қуатты
мемлекет құра білуіміздің жарқын дәлелі.
Біз бүгінгі таңда қазақтың мемлекеттігінің кемел шағы Алтын
Орда дәуірі екенімен мақтануға тиіспіз. Еуропаны тітіркенткен,
Ресейді қолына қаратқан Алтын Орданың территориясы қайда,
халқы кім еді,
ханы кім еді, тілі қай тіл еді?
Алтын Орданың территориясы қазақтың атабабасынан қалған
байтағы Дешті Қыпшақ даласы, халқы бүгінгі біздер, ханы қазақ
текті меркіт, тілі күллі түркітектес халықтардың тіліне негіз болған
қазақ тілі екенін тарихтан хабары бар әр адам біледі.
***
Қазақ хандығы тарихы түркітектес халықтардан енші алып,
отау көтерген шақтан басталатын біздің бергі төл тарихымыз.
Мемлекеттігіміздің арғы тарихы біз білетін, айтқысы келмесе де
басқалар да білетін сақ, ғұн бабаларымыз құрған көшпенділер
империясы болса, қазақ хандығы ең бергі, ең жас болып есептелінетін
Қазақ мемлекетінің айқын куәсі. Жас дейтініміз сақтан, ғұннан, одан
да әріден басталатын мемлекеттілік дәстүріміздің біз білетін 2500
жылды құрайтын тарлан тарихпен салыстырғанда, Қазақ хандығы
құрылғаннан бергі 550 жыл – қоғам тарихында қасқағым уақыт. Біз
мұны салыстырмалы түрде айтып отырмыз. Иә, осы қысқа мерзім
ішінде сонау Шыңғыс заманынан қазақ сипатымен аты аталған қазақ
халқы басынан не өткермеді.
Сол қилы заманның, қилы тарихтың басында бүгін
халқымыздың мақтанышы ретінде мерейтойын өткізгелі отырған
Қазақ хандығының көшбасшылары, ұлы бабаларымыз Көк Орда
билеушісі Орыс ханның ұрпақтары, халқы хан көтерген Керей
мен Жәнібек сұлтандар тұр. Керей, Жәнібек бабаларымыз да қазақ
хандығын опоңай, бірақ күнде құра салған жоқ. Қиынқыстау
кезеңдерден өтті. Жауларымен айқасып, жаға жыртысты. Өздерінің
қолтығына тығылған қазақ ұлысын құраушы тайпалардың жоғын
жоқтады, жерін даулады.
Олар халыққа қысым көрсетіп, ала қойды бөле қырқып, Өзбек
хан әулетімен тең көрмей, шетқақпай еткен Әбілқайыр ханға
бағынудан бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты
қоныста дербес хандықтың туын көтерді. Қалың қазақ тайпаларын
бастап Батыс Жетісуға қоныс аударған Керей мен Жәнібек Моғолстан
ханы Есенбұғадан қоныс сұрады. Есенбұға жауынгер қазақтарды
Әбілқайырға пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Керей мен
Жәнібек осы жерде Қазақ хандығын құрды. Еркіндік аңсаған елін
азаттық ұранымен жігерлендірген батыр бабаларымыз Керей мен
Жәнібек жаңа ұлыстың дербестігін жариялап, жаңғырған қазақ
этносының атауын алған тарихта тұңғыш Қазақ хандығын құрды.
Әртүрлі ұлыстарда бытырап жүрген қазақ рулары енді қазақ деген
ұлттық атауға ие болып, жеке халық, дербес мемлекет ретінде тарих
сахнасына шықты. Қазақ хандығының халқы бір миллионға жетті. Ол
заманда мұндай халқы бар мемлекет саусақпен санарлықтай ғана еді.
***
Қазақ хандығының 550 жылдық тарихындағы ондаған
хандардың ішінде біліксіз, әлсіз, алауыздары да болғаны тарихи
шындық. Олардың кейбірінің тұсында халық азды, тозды, жаудың
талауына түсті, табасына қалды. Азуын айға білеген небір білікті
хандар да болды. Олардың естен кетпес атқарған істері тәмсіл
болып, тіпті, аңыз болып бүгінгі ұрпаққа жетті. «Қасымханның қасқа
жолы», «Есімханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы»,
«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басына шабасың ба»
сияқты бүгінгі ұрпақтың аузында жүрген қанатты тәмсіл сөздер
осының айғағы. Олардың кейбіріне қысқаша тоқталсақ, Керей
мен Жәнібек хандардың ұлт, мемлекет мүддесі жолындағы ұлы
мақсаттарын ұрпақтарының ішінде Қасым хан, Хақназар хан,
Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хан сияқты білікті хандар әр ғасырда
лайықты жалғастыра алды, хандықты жауларынан қорғап, іргесін
кеңейтіп, халқын бақытқа, байлыққа кенелте білді.
Әсіресе, Қасым хан заманы қазақ хандығының алтын дәуірі
ретінде тарихта қалды. Өйткені, Жәнібекұлы Қасым ханның (1511
1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық
жағдайы нығая түсті. Ол хандық құрған XVI –XVII ғасыр аралығында
хандық шекарасы едәуір ұлғая түсті. Басқаша айтсақ, қазақ
халқының қазіргі мекен тұрағы Қасым хан билік құрған жылдары
қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым
ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты.
Оңтүстікшығыста оған Жетісудың көп бөлігі Шу, Талас, Қаратал,
Іле өлкелері қарады. Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және
елшілік байланыс нығайды. Ресеймен, Иранмен дипломатиялық
қарымқатынас орнады. Батыс Еуропа да Қазақ хандығын осы
кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдетғұрып
ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Өз тұсында «жерді
біріктіру» үдерісін жедел жүзеге асырып, нағыз кемелді мемлекеттік
үрдісті жүзеге асырды. Қасым хан туралы сол дәуірде өмір сүрген
ұлы ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулатидің өзі «Қасым хан Дешті
Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан
соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке қол жеткізе алған
жоқ», деп жазады. Жалпы, тарихшылар Қасым ханның дәрежесін
«Алтын Орда» дәуіріндегі хандардан да жоғары қояды. Ол туралы
деректер қазір Ираннан да табылып жатыр.
***
Қасым ханнан кейін ұлы Хақназар билікке келді. Тағы да
Мұхаммед Хайдар Дулатиге жүгінсек: «Хақназар хандық мәртебеге
көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес,
Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын,
Бұхараны, Хиуаны, Ташкентті және басқа көптеген қалаларды өз
билігіне қаратты және олардан алымсалық жинатты», деп жазады.
Өз дәуірінде берілген осы бағадан артық баға жоқ болар.Түркістан,
Сауран деген қалаларға да көз салған Хақназар хан болатын.
Одан кейін Тәуекел хан билікке келді. Оның билігі де күшейіп,
қанатын кеңге жайды. Жәдік ханның немересі Жәнібек ханның
шөбересі Тәуекелдің (15821598 жж.) тұсында ойраттардың бір бөлігі
Тәуекел ханның қол астында болды. Тіпті орыс патшасына жолдаған
хатында өзін «Қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атап,
орыстарға сес көрсетті. Сөйтіп, Ресей мемлекетімен дипломатиялық
қарымқатынастарды жолға қойды. 1594 жылы Тәуекел хан
Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ
хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Оның бұндағы
мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті
жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру. Және 1588 жылы
орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның
баласы Оразмұхаммед пен қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали
Жалайырларды тұтқыннан босату болды. Орыс мемлекеті Қазақ
хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс
мемлекетімен дипломатиялық қарымқатынасты үзген жоқ. 1595
жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына
келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары
жанданды.
***
Қазақ хандығының мемлекеттігін күшейткен мықты хандар
ішінде Есім ханның да лайықты орны бар екенін айта кеткен
жөн. Есім хан ГератХорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы
Иманқұл шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегін түгелдей
қазақтардың иелігіне алды. Есім ханның билігі тұсында (15981645
ж.ж.) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған
әдетғұрып нормаларын қалыптастырды. Бұл қазақтың хандарының
мемлекет құра білгенін дәлелдейтін конституциялық құжат болғаны
белгілі. Тіпті, кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып,
қазақ халқының мәденирухани және салтдәстүр қалыптарының
төл тумалығын бекемдеуге ықпал етті. Есім ханның тұсында
қоныстұраққа, малмүлікке, адамдар арасындағы қарымқатынасқа
қатысты туындайтын даушардың шешімдері де сараланды. Жалпы,
көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да – тақ үсті мен
ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей
бойлы ер Есім» деп атап кетуінің өзі құрметтің белгісі еді.
Ал Қазақ хандығы дәуіріндегі ең бір қиынқыстау, қайғы
қасіретті заман жоңғар шапқыншылығы күшейген кез екенін
ескерсек, Абылай ханның ерлігін, бітімгерлік дипломаттығын,
ұйымдастыру қабілетін өзіміз ғана емес, өзгелер де мойындағанын,
аса көрнекті мемлекет қайраткері екенін айта кеткеніміз жөн.
Абылай хан тұсында біз жоңғарларды күйрете жеңіп, қазақ даласын
түгелдей азат еттік. Абылаймен Ресей патшасы да санасты. Тіпті,
Қытайдың өзіне сес көрсеттік. 1757 жылы Мамырсуда қытайлармен
келісімшарт жасалды. Қалмақтарды өз жерімізден қуып қана қоймай,
Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде қалған торғауыттарды
талқандады. Бұған қазақтың қол бастаған әйгілі батырларының
күшін жұмылдыра білді (арғын – Атығай – Күлеке батыр – 2000
керей – Мерген батыр – 2000, найман – Көкжал Барақ батыр – 2000,
Қаракерей Қабанбай батыр — 2000 сарбазбен қатысқан.
***
Қазақтың хандық мемлекеті жойылып, бодандық қамытын
мойнымызға ілген дәуірде халқымыздың басынан небір зобалаң
нәубеттер өтіп, қырғынға ұшырасақ та ұлттық рух жігеріміздің,
қайсарлығымыздың арқасында тағдырымыз құрдымға кеткен
жоқ. Қарумен, білектің күшімен жеңіске жететін заман озғанда
Алаш арыстары өздерінің зиялылығын білім мен білігі арқылы
көрсетті. Сол рух, сол білімбілік ұрпақтарға жалғасты. Қап түбінде
жатпайтын асыл кездіктей ұлқыздардың санасына сіңді. Кеңес
Одағы құрамындағы 15 республика, жүздеген ұлтұлыстардың
ортасынан қазақтардың рухы бірінші болып оянғанына 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісі дәлел.
Ал тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде жеткен жетістік
– Ұлт перзенті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған
азаматтарымыздың сындарлы саясатының, кемел ойларының
дұрыстығының куәсі, көз алдымыздағы ширек ғасырда дамыған 50
елдің қатарына қосылуымыз соның дәлелі деп білемін.
Біз ешқашан өшпеген, жойылып кетпеген, болашақта да
жойылмайтын Мәңгілік Елміз. Әманда, жеріміз әлсіремесін,
халқымыз қағансырамасын!