81
қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа
елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20
мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебе сі туралы»
ҚРның Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз
Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып
өтті. Елбасының бастамасымен біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде
еліміздің дәл ортасында, Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды
тұрғыздық. Бүгінде Астана қазақстандықтардың мақтанышына
айналды. Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік
ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында
елордамыз ЮНЕСКОның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.
Көреген мемлекет басшысы ретінде Н.Ә.Назарбаев әлемде болып
жатқан жағдайды саралай отырып, еліміздің мүмкіндіктерін
таразылай отырып алдағы 1517 жыл Қазақстанның ауқымды
серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болатындығын болжамдап, оны
еліміз үшін тиімді пайдалану қажеттігін және оның жолдарын
нақтылап берді. Инновация, ғылыми қамтымды экономика,
агроөнеркәсіптік кешен, энергетика мен көлік, инфрақұрылымды
дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау саласын, әлеуметтік сала
қызметінің сапасын арттыру сынды нақты тапсырмалар жүктелді.
Соның ішінде Президентіміз ел болашағының негізін қалаған уақыт
сынынан өткен басты құндылықтарды атап өтті: бұл – Қазақстанның
тәуелсіздігі және Астанасы, қоғамымыздағы ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам және жоғары руханият,
индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық
өсім, жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарихтың, мәдениет пен тілдің
ортақтығы, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік
мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы
құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жетіп, елімізді
нығайтып, ұлы жетістіктерімізді еселегендігімізді Елбасы ерекше
атап өтті. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы
метр тұрғын үй салынды. Астана құрылысына көптеген құрылыс
компаниялары қатысты. Жергілікті фирмалармен қатар жаңа
елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары
тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау
барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада ерекше еуропалық
стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас
жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.
Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның
мүмкіндіктері толық көрініс тапқан қала. Кең байтақ қазақ
даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас
әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар
мен XXI ғасырдың қала салу өнерінің инновациялық әдістері
қолданылуда. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс пен
Шығыстың мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған
сәулеткерлік стиль тән. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері мұнда
өздерінің үздік жобаларын іске асырды. «Бәйтерек», «Бейбітшілік
және келісім» сарайы, «Хан Шатыры» кешені жаңа елорданың
басты символына, оның өзіндік брендіне айналды. Елбасы Астана
қаласының он жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде: «Он
жылдың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге
танытты деп айта аламыз. Астананың көркіне не бір өркениетті
елдерден келген шетелдіктер таңғалуда. Астана – ең алдымен
азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы
шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың,
абыройбеделіміздің, берекебірлігіміздің жарқын көрінісі», – деген
болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі
қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея
мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің
символына және жаhандық табысына айналды. Болашақта «EXPO
2017» халықаралық көрмесінде Қазақстанның атын Астана қаласы
жоғары асқақтатынына сенеміз.
ернат сүлейменов,
«БАЗИС-А»
корпорациясының
маманы, сәулетші
Қала да адам секілді...
Мен сәулетші ретінде бірнеше
мәселені ерекше атап өткім келеді.
Біріншіден, Астанада бой көтеріп
жатқан ғимараттар көз сүйсіндіреді.
Екіншіден,
бас
қаламыз,
жас
қаламыз – Астанада жастар көп.
Яғни келешекте интеллектуалдық
орта сонда қалыптасады деген
тұжырым жасауға болады. Үшіншіден, Елорда, Ақорда,
Елбасы, Астана деген атаулардың өзі жұртшылықты
қазақылыққа
шақырып,
салтдәстүрді,
әдетғұрыпты
берік ұстануға үгіттейді. Бұл қуантарлық жағдаят!..
Бас қаламызда әртүрлі сәулет құрылыстары жүріп жатыр. Оны
салып жатқан компаниялар да көп. Яғни бәсекелестік әркез
сапаға алып келеді. Астана Сәулет және құрылыс басқармасы
Астананы елу, қажет десеңіз отыз әлем
астаналарымен иық тірестіре алатындай алдына
үлкен, кешенді жоспар қойып отыр. Біз Дубай,
АбуДаби, Маздар секілді БАӘ елдеріндегі
қалаларды көріп, көзімізді жұмып, аузымызды
ашумен боламыз. Әрине, әдемі, мықты. Бірақ
ол біздің ел емес қой. Біз араб емес қазақ
екенімізді ұмытпайықшы. Қалаға ұлттық нақыш
әлі де жетіспейтінін ерекше ескерткім келеді...
«EXPO2017» өткеннен кейін қала одан сайын
көркейе түседі деп ойлаймын. Өйткені, зәулім
құрылыстар мен адам таңғалдыратын нысандар
салынады. «Абу Даби Plaza»ның құрылысы
жүрып жатыр. Әзірше бас қаладағы ең биік нүкте
сол болмақ. Астанаға келетін қонақтарда сан
жоқ. Қазақстанның түкпіртүкпірінен ат терлетіп
келеді. Әрине, бұл бізді қуантпай қоймайды.
Мен өзім тамырды ауылдан тартқан қазақтың
баласы болғандықтан қаладан қазақы иіс,
қазақы болмыс көргім келеді. Оюөрнек,
түркілік сарын, Шығыс сәулетінің нышандары
Астанамызға өзгеше өң беріп, өңге қалалардан
ерекшеле түседі деген ойдамын. Қалада адам
секілді ұлттық негізінен алыстаса батыстана
немесе орыстана бастайды. Менің арманым
«Қазақ» деген үлкен ғимарат салынса. Онда тек
ұлттық музыка, ұлттық мұражай, ұлттық көрме,
бәрі тек қана қазақтың қазақтығын паш ететін
дүниелер болса. Ол нысан бас қаламыздың қақ
ортасында бой көтерсе ғажап болар еді. Келе жатқан Астана
күнімен құттықтай отыра, барлық азаматтар мен азаматшаларға
денсаулық, берекебірлік, отбасыларына амандық тілеймін!..
Әзірлеген Әлібек БАЙБОЛ
82
Биыл Астана қаласының елорда болғанына он жеті жыл
толып отыр. Бұл – тәуелсіз еліміз үшін аса маңызды оқиға. Және
осындай сәтте Астананың өткен жағдайы еріксіз еске түседі.
Мен қазіргі Астана қаласын тұңғыш рет өткен ғасырдың
жетпісінші жылдарының басында, ежелгі Ақмола деген
атынан айырылып, Целиноград болып тұрған кезінде көрдім.
Университетті жаңа ғана бітіріп, «Білім және еңбек» дейтін
жастар мен мектеп оқушыларына арналған журналда қызмет
істейтінмін. Ол кезде жаз ортасы ауа оқырмандармен кездесіп,
басылымдарды насихаттайтын науқан басталып, газетжурнал
қызметкерлері Қазақстанның түкпіртүкпіріне жаппай аттанатын.
Осындай сапардың бірінде Целиноград қаласына жолым түсті.
Мен түске дейін облыстық партия комитетінен бастап, керекті
жерлердің бәріне кіріп шықтым.
Түстен кейін қонақүйден шығып, қаланы аралап көргім келді.
Қала әдемі екен. Көшелері таптаза. Үйлері де әсем. Адамдары
да жақсы киінген, жүздері жарқын, тұрмыстарының тәуір екені
бірден аңғарылады. Бірақ қанша қарасам да араларынан қазақ
көрінбейді. Біренсаран жүзі жылы ұшырағандарға жақындап
келіп қазақша сөйлесем, бетіме бажырая қарап, орысша жауап
береді. Мен таза қазақтар тұратын ауылда туып өскен едім,
университетте қазақша оқып, қазір де қазақы ортада жұмыс
істеп жүргенмін – сондықтан да мына жағдай маған біртүрлі
ерсі көрінді. Мына қалада біздің журналды керек ететін оқырман
табыла қоймас деген күдік пайда болды. Ұзамай ол күдігім
де расқа айналды. Облыстық комсомол комитеті қасыма бір
қызметкерін қосып, Целиноградқа жақын жердегі бір ауылға
жіберді. Жолсерігімнің айтуынша, бұл кілең қазақтар тұратын
ауыл, мәдениеті де, экономикасы да дамыған – бәрі керемет.
Келген бетте байқасам, шынында да солай сияқты: ауылдың
кеңсесі, мектебі, клубы, бәрі бар. Әрліберлі жүрген кісілер де
АСТАНА – АРМАН ҚАЛА
түгелдей қазақ, сөздері де қазақша сияқты. Жолсерігім кездесуге
дейін аяқ жазып отыра тұрайық деп бір кісінің үйіне алып барды.
Біздің келетінімізді алдынала хабарлап қойса керек, ақсақал
үйде, дастархан жайып күтіп отыр екен. Ол кісі бір көргендеақ
жақсы әсер қалдырды. Әңгімеге жүйрік, тек осы өңірдің ғана
емес, бүкіл қазақтың тарихын жетік біледі.
Өзімнің қазақша шығатын журналда жұмыс істейтінімді,
сол журналды осы ауылдағы кісілер, әсіресе жастар мен мектеп
оқушылары жаздырып алып, оқып тұрса деген шаруамен
жүргенімді айттым.
Журналдың қазақша болса онда біздің балалар оқи алмайды
ғой, деді ақсақал.
Неге оқи алмайды? – деген сауали ауызымнан еріксіз шығып
кетті.
Сол, оқи алмайды, деді шал түк болмағандай бейжай
қалыппен. – Біз қазақ мектебін баяғыда жауып тастағанбыз.
Балаларымыздың бәрі орысша оқиды.
Көңілімді мұң биледі. Мындай халыққа арнап қазақша газет
шығарамыз деп аянбай шапқылап жүрген құрдас досым Алдан
Смайылов пен оның әріптестерінің есіл еңбегіне жаным ашыды,
енді көп ұзамай қазақша оқитын оқырмандары таусылып,
редакциялары жабылып, бәрі де жұмыссыз қаладыау деген ой
келді.
***
Міне, осыдан кейін менің бұл қалаға арада жиырма жылдан
астам уақыт өткенде қайта жолым түсті. Бұл кезде Кеңес Одағы
тараған, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған, Целиноград
қаласы да өзінің Ақмола дейтін байырғы тарих атын қайтып
алған. Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен ел астанасы
осы Ақмолаға қоныс аударатын болып шешім қабылданған.