Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет25/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

93
жүргенi  анау.  Мен  болсам  бiреудiң  бетiне    қарамаған  баласын, 
оқуда  озат,  мiнезi  жiбектей  торыны  құдыққа  жықтым.  Сонда 
осы  сотқарлықтың  төркiнi  атам  Омардан  берi  жалғасып  келе  
жатқан болмасын! Елдiң сол қатiгез әруақтарды қалайдан қалай 
құрметтейтiнiн  түсiне  алмаймын.  Әлде,  ел  әруағы  дегенiң  өзi 
солай бола ма екен?! 
Оқушылар  мектепке  жиналып  болса  да,  сабақ  күндегiдей 
сатырлап басталып кетпедi. 
­  Меңгерушi  қайтып  келiптi,  жиналыс  ашады  екен!  ­  деген 
сыбыс  тарады.  Мектепте  жиналыс  ашылса,  озат,  үздiк  оқитын 
балалар  Қабылбай, Латай, Зарыққан, Сымағұл, Қадым, Сағида, 
Қалтайлармен  қатар  менiң  де  атым  аталады.  Басқалар  үлгi 
өнеге үшiн қажет болса, мен керi жағынан мысалға алынамын. 
Бүгiн де сондай бiр тықыр таяп келе жатыр­ау деп ойладым. Бiз 
отыра  беретiн  күнгей  жақтағы  кең  сыныпта  тағы  да  орындық 
көбейтiлiп, бар оқушы, оқытушы бiр­ақ кiрдi. 
Қара  барқыт  сырт  пенжегiнiң  белiн  жалпақ  былғары 
белдiгiмен  буына  салған  Бақыт  есiктен  кiрген  кезде  дүр  етiп 
орнымыздан тұрдық.
­ Оқушылар, мұғалiм жолдастар! ­ дедi ол алдыға шыққан соң 
болымсыз алқынғандай болып. ­ Аудандық өкiмет мектебiмiзден 
үмiт  күтетiнiн, Шәріпқанның әруағын көтерумiздi, “Өрнектiң” 
демократия мен бостандықтың, бiлiмнiң өрнегi болуды тапсырды. 
Бiздiң халқымызға ғылым, бiлiм кажет, демократия, бостандық 
тiптi  де  қажет!  Үш  аймақ  төнкерiсi  осындай  арман  қумаса 
қыруар  бодау  бермес  едi.  Шәрiпқанның,  Ақыттың,  Мәңкейдiң, 
Зуқа  қажының  қаны  сол  төңкерiс  жолына  шашылды.  Есiмхан, 
Рысханның,  Ақтеке,  Ноғайбайдың,  Мұса  мергеннiң  жаны  да 
сондай  ақ  тiлек  жолында  үзiлген.  Сұлубай  мен  Бүркiтбайдың 
өсиетiн,  арманын  халық  ауыздан  ауызға  таратып  күнi  бүгiнге 
дейiн зарлатып айтып жүр. Әлi талай айтылатын шығар. Қандай 
есiл  боздақтар  еді!..  Елдiң  аяулы  ерлерi  едi  солар;  өз  бастары 
үшiн  байлық,  мәртебе  жасамамас  па  едi.  Жо­о­жоқ!  Халық 
үшiн, қарапайым қауым үшiн азаттық, теңдiк бостандық iздеген 
“Ағажай Алтайдай жер кайда­ай”, “ Былғары тоқым, бұраң бел 
қайрылар  ма  екен  кайран  ел”,  “Кiмге  опа  бередi  мына  жалған, 
мендей болар алданып қапы калған, ой Ғайша­ай, қатерлi түс көрiп 
ем кеше түнi, шеше емшегiн жауларым кесiп алған, ой Ғайша­
ай!” деп күңiренген дауысты зар наланы ұмыта қоятын болдық 
па?!. Сол ардагерлер ат қойып, ұлтымның өрнегi, арманымның 
айшығы болсын деп тiлеген бiздiң мектебiмiз де оқушыларға тән 
жазасын қолданыпты. Зынданға қамап, тоң кірпiш көтертiлiптi. 
Бұл қате! «Өрнек» ­ көне мектеп емес, медресе де емес, халықтың 
мектебi.  Үш  аймақ  төңкерiстiк  үкіметі  құрып  берген  мектеп. 
Оқытушы,  қызметшiнiң  айлығы,  мектеп  қаражаты,  жағатын 
отын, жазатын кағаз, сияға дейiн халық өзi төлейдi. Бiздiң күш­
қуатымызды,  ақыл  зердемiздi,  хат­сауатымызды  халық  берген, 
дүние  еңбекшiлер  көсемi  Маркс,  Лениндердiң  айтқаны  да  сол  
халықшылдық  болатын.  Көктен  түскендей,  жерден  шыққандай 
болмайық жолдастар!.. Халықтың қызметкерi екенiмiздi, халық 
алдында қалтқысыз жауапкер екенiмiздi ғана бiлейiк, халықтан 
ешкiм де биiк тұра алмайды.
Сынып  iшi  сiлтiдей  тынып,  тыңдaп  қалыпты.  Мектеп 
меңгерушiсiнiң  аса  көп  сөзiн  мен  түсiне  алмадым.  “Бiздiң 
мектепте оқушыларға тән жазасы берiлiптi” ­ деген сөзiне әуелi 
күлкiм келдi. Маған кiрпiш көтерткенi болмаса, тәнiмiзге ешкiм 
жолаған жоқ едi ғой. Инaбатты кiсi де өтiрiктi айта бередi екен ау 
деп ойладым...
                               ***
Ертiстiң  қысы  бiрде  ерте,  бiрде  кеш,  әркелкi  түскенiмен, 
көктемi  көкек  айы  бастала  бере­ақ  күрт  басып  келiп  қалатын. 
Малды  ауылдар  Балғабай,  Сарқамыс,  Ақши,  Тұз,  Қарашілік, 
Алағақ  бойындағы көктеулiктерге көшiп, аз ғана ешкi­лақ, қой­
қозы, жылқы, сиыры барлар ғана Сайыр бөктерiне iрге аударатын. 
Ертiс пен Қыран өзенi ағаш басына шығып тасиды. Бұл мезетте 
екi өзеннiң арасында ел қалмайды. Әсiресе, Тесiкбейiт, Сарықұм, 
Машан түбегiнiң жол бойын, қобыларын қуалап тасқын шығады. 
Бұл  маңнан  қас  қарая  өткен  кiсi    шұрқыраған,  бақылдаған, 
гүрпiлдеген  дауысты  естидi.  Мұның  бәрi  балықтың  үнi, 
шортаннан жанын алып қашқан аққайран сазанның дауысы.
Бiздiң  үйдегiлердiң  бұл  кездегi  қарбаластығы  «мұрынға  су 
жетпейтiннiң»  дәл  өзi  болатын.  Ертiстен  бөлiнiп  шыққан  ұсақ 
арда, қобыларға қода,  шөмiш ау салады. Балықтың ең көп, ең 
семiз  кезi  осы.  Зайсаңнан  үлкен­үлкен  балықтардың  өрлеп 
шығатын  мезетi  де  осы.  Азын­аулақ  жылқы,  сиыр,  қой,  ешкi 
болса  қыстау  маңында  төлдеп,  даланың  мұртын  баса  алмай 
иiндеп жатады. Күн көрiсiмiз малда едi деп, оған қарай қоятын 
бiз жоқпыз. Қоданың қасында, шөмiш аудың басында боламыз. 
Батидың  өткегi  деп  аталатын  жер  Кәрi  қыстау  онша  алыс 
емес, су орып кеткен арықсымақ, шымды өзек болатын. Бас­аяғы 
көлкiген қол, қалың қамыс, боз тал, қараған, сексеуiлдiң басы су 
iшiнде майысып тұрады.
Әкем мен Шәпем қара балық, аққайран, сазан дегендi өткек 
басына тау­төбе қылып үйiп тастапты. Бiр шөмiш ау, екi қода мен 
таң атқанша осынша мол балық ұстаған екен. Бұл балықтарды 
артып  апарып  жарып,  тұздап,  үйдiң  iргесiндегi  қамыс  сәкi, 
тал  сөрелерге  жаю  бiздiң  мiндетiмiз,  Қадым  екеумiз  екi  түйені 
қомдап  мiнiп  келгенбiз.  Бүгiнгi  балықтарды  дереу  тұздап  жая 
қоймағанда, ертең сасып қалады. Тұздалғанын әлсiн­әлi аударып­
төңкерiп жел қақтырып тұру керек. Тiк тұрған қамысты арқанмен 
қайыстырып  дегдiген  балықтарды  әлгі  майыстырған  қамысқа, 
тал,  қараған,  жыңғыл,  түзген  басына  терек,  үйеңкi,  бұтағына 
жаямыз.  Қарға,  түлкi,  қарсақ,  мәлін  секiлдi  жылпостарды 
үркiтуге  ауылымыздың  екi  үш­итi  үлгiрмейдi,  ұсақ  балаларды 
далада ойнауға қуалаймыз.
Кәрi апамның сырмағын құмның төбесiне алып барып жайып 
тастаймыз. Ол кiсiнiң өзi де келiп отырады сонда. Сөйтiп мейірiмi 
мол,  ақ  едiл  әжеден  балалар  ұзай  алмай,  айналып  үйiрiледi  де 
жүредi.
Менiң  науқанды  мезетке  түс  тоқтатып  араласқаным  осы. 
Өткек  басынан  кеткiм  келмедi.  Сапырылыса  ұшып­қонып 
жатқан қаз­үйрек қаз­қатар жүзiп жүрген сарбас аққу, көкқұтан, 
қарабай  көл  жағалап  бажылдаған  қызғыш  таңсық  болмаса  да 
балықтың  тiршiлiгiн  бiлгiм  келедi.  Әсiресе,  әкем  осы  кәсiбiне 
қалай  қарайды,  не  сөйлейдi,  соны  аңдып  барлап  көрейiн  деген 
ой келедi. 
­  Мен  осында  қаламын.  Әкеме  жәрдемдесемiн!  ­  дедiм, 
Қадымға екi түйе артып болған соң­ақ.
­ Әй, жалтақой су ауыз, әкеме жәрдемдесiп қарқ қылатын кiсi 
сен бе? Жүр, балық аршисың! ­ дедi Қадым.
­  Өзгелерiң  де  жетiсесiң  ғой,  қарқ  қылмаса  да  осы  жерде 
болсын, тым болмағанда бiзге сусын құйып берiп тұрады, ­ дедi 
Шәпем
Не  себептi  екенiн  бiлмеймiн,  ұрт  мiнездi  Қадым  Шәпемнiң 
лебiзiн жықтыртпайтын. Жымия күлдi де бiр жұдырығын түйіп, 
маған қарап ишаралап қойды. 
Па, шiркін, балық­ай, көздiң құрты ма, әлде көңiлдiң құрты 
ма,  соңына  түскен  кiсiнi  ес­ақылдан  адастырып  жiбередi. 
Сапырылысып  қода,  шөміш  ауға  түскен  балықтарды  әкем  мен 
ағам әлісін­әлi құрғаққа төгiп жүр. Кейбiреуi құйрығын садақтай 
иiп алып көкке атылғанда суға түсiп кете жаздайды, ондайда мен 
тарпа бас саламын.
­  Қой,  балам,  абайсызда  суға  түсiп  кетерсiң,  Алланың 
ырыздығы жетедi гой,­дейді әкем. 
Екеуiнiң  үстi  бiрдей  малмандай  су,  миықтарында  күлкi, 
Ертiстiң  көк  жасыл  аспаны  да  сондай  мейірiммен  қарағандай 
болады  маған.  Осы  кезде  өткелдің  бас  жағындағы  айдыннан 

94
Жеңгем  Бану  нағыз  құралай  көз,  қолаң  шаш,  алма  мойын, 
қиғаш қастың өзi едi. Ақ көңiлімен дараңдап күлетiн күлкiсi, үй 
iшiнiң ұсақ кiрбіңдiгiн ашып, айықтырып жiберетiн. Үстiне шаң 
жуытпайтын серi ағам Қауан Банумен үйленген соң тiптi кiрпияз, 
тiптi сері болып кеттi. Бiр айыбы, аузы тығынды темiр торсыққа 
құйған  айран  иiстi  бiрдеменi,  су  қосып  iшiп  жатқанын  неше 
дүркiн көрiп қалғанмын.
­  Бұл  дәрi,  дәрi  бұл!  Әкеме  айтпа!  Көңiлi  жарым  болады, 
ұқтың ба? ­ дейтiн ол аузын бүрiстре тыжырынып. Мен бастапта 
«иә» деп кете беретiнмiн. Тек арақ iшкенi болмаса, бұл ағамыздың 
мiнезi жiбек, тұлғасы Банудай сұлу едi. Күрiштей аппақ тiстерi, 
үлкен  қара  көздерi,  қиылған    қоңыр  қастары,  қырлы  мұрыны, 
ақша  жүзi,  жақсы  сақталған  сары  май  құршындай  қылтансыз 
иегi  көрген  жанды  сүйiндiретiн.  Бану  екеуi    қатар  келiп  отыра 
қалғанда, үйiмiзге ай мен күн орнағандай, әкем ұзақ  күбiрлеп, 
елеусiз ғана бетiн сипап, немересiнiң үлкенi Манатайды алдына 
тартып, иiскеп жатушы едi. Үй iшiнде әкем отырған кезде әзiл­
қалжың, хиса, ертегi, жыр, айтыс өлеңдерiн айтып көңiл ашудан 
басқаға жол бермейдi. Әсiресе, Банудан кiрбендiк көрiне қалса, 
Қау атама тергеу жүрiледi. Соны бiлетiн аға­жеңгем екеуi кейде 
оңашада  араққа  қатысты  ырың­жырың  шығарғанымен  әкемнiң 
алдына келген соң­ақ шүңетке тасталған тас секiлдi тым­тырыс 
бола қалатын. Ағайын арасындағы кiрбіңдiк те әкемнiң елеусiз 
басталып кететiн билiгiне жүгiнетiн. 
Рақай мен Сәрінжіптің арасында қайыңның үйiлiнен Есмұрат  
жасаған  әдемi  тегене  жайлы  араздық  болады  екен.  Әсілі, 
Сәрінжіп Есекеңе ту сиыр соғым берiп, қайыңның үйiлiн үш жыл 
көлеңкеде кептiрiп, жыл басында Құнияздың қара шаңырағына 
бiр  қойымен  қосып  апарып  тастаған.  Ар  жақ­бер  жағынан  күн 
көрiнетiн  үлкен  қызыл  шұбар  тегене  дайын  болған  соң,  Рақай 
Есмұраттың белдеуiне бiр атын байлайды да, тегененi ұрлап алып 
кетедi. Ернеуiне, бүйiрiне Нұрсапаның алтын күмiс  құймалары 
орнатылған  тегене  жаздай  Рақайдың  үйiнде  талай  елдiң  көзіне 
түсті.
­ Шiркiн, Рақайдың үйiндегi тегене­ай! Қанапияның үйiндегі 
пiспек, ожау­ай! Құсайынның үйiндегi саптаяқтар­ай! – дейді жұрт. 
Бұл  мүлiктердiң  бәрi  әйгiлi  Құнияз  байдың  қара  шаңырағында 
отырған  бүгiнгi  кедей  Есмұраттың  қолынан  шыққан  едi.  Iшi 
күйген Сәрінжіп ұзаққа дейiн наразы болып жүрдi. 
Рақай мен Сәрінжіп бiздiң үйге қатар келiп қалған бiр күнi 
әкем:
­  Екеуiңнен  де  ел  үлкен  дәме  күтедi,  шеберлігімен  жан 
баққан бiр кедейдiң қол өнерiн бiрiң жырлап, бiрiн ұрлап, жанын 
жағасынан  алсаңдар  не    беттерiң  қалады?!.  Берген  малдарың 
исi  керейдiң  қара  шаңырағын  қорлаған  айыптарың  болады. 
Екеуiңнiң араңдағы кiрбіңдiктi iштен жалап жазу орайын өздерің 
тап, ағайын!
Тағы  бiр  ретiнде  Қайболланы  алдына  салып  Әбітай  келдi. 
Әбілмажін қосағы деп аталатын өңiрден Қайболла жүз елу тал уық, 
бiр  қанат  керегелiк  ағаш  кескен  екен,  Әбең  бақырып­шақырып 
оның ағаш артқалы әкелген өгiзi мен атын тартып алыпты. 
­  Менiң  орманымды  ұстарамен  қырғандай  тақырайтып, 
қылаяғы  сабаулық  ағаш  қалдырмайтын  мен  бұған  не  жаздым! 
суды гүрп­гүрп сабалап құлдап келе  жатқан бiр жойқын толқын 
байқалып тұр. 
­ Шортан үйiрi келiп қалды. Ауыңды тарта тұр! ­ дедi әкем 
Шәпеме  Мен  шөмiш  ау  құратын  үш  дiңгектiң  арасына  үңiле 
қалдым,  салқын,  жағымды  иiсі  мұрыныма  келдi,  судың  исi  ме, 
шортанның иісi ме айыра алатын емеспiн. Қарабалық, аққайран, 
сазан  дегендер  бұлт  көшкендей  жөңкiлiп  жатыр.  Солардың 
артынан  алдашыдай  аузын  ашқан  үлкен  бiр  нәрсе  көрiндi. 
Ұзындығы екі­үш метр, тiстерi алмас қылыштай  жарқылдайды, 
жартас ойығындай қиықша көзi, тебiнгiдей айқұлағы  жайынның 
бар тұрпатын тұңғыш рет көз алдыма келтiрдi. Әлгiндегi қалың 
балық  осының  аранынан  қашқан  секiлдi.  Шөмiш  ауға  iлiне 
бергенде­ақ әкем: «әуіп» деп ышқына айқайлап қалды. Сойылын 
қолына  алып  даяр  тұрған  Шәпем  қарақұсынан  қадап  отырып 
бiр салды. Балық  дiрiлдеп­қалшылдап барды да, сұлық жатып 
қалды. 
­ Мынау сенi тiк күйiнше жұта салатындай ғой!­ дедi Шәпем. 
Арқамның шыпылдап терлеп кеткенiн сездiм мен.
 Жайсаңның ақ шұбары, Жайықтың тарлан бауыры, Обтың 
қаракері деп шортан тұқымын табын­табынға бөлетiн әкем: ­ Бiр 
үйiрде елудей болатын жөні бар едi, денiн жiберiп қойыппыз! ­ 
дедi он алты  шортанды азырқанғандай. 
Алғашқы жолдан кейiн Қаден тағы екi рет келiп кеткен, бұл 
жолы бiр түйеге төрт шортанды айқұлағынан айқастыра артып, 
жүре бердi. 
­ Әй, су ауыз, мынаны қақтап жеп, ұсақ балықтардың iшек 
қарнын ақтара отыр. Бүгiн тасып, жөндеп алмасақ сасып кетедi, 
ұқтың ба?! ­ дедi маған. 
Қу  қараған,  сексеуiлдi  маздатып  жағып,  шоқ  даяр  болған 
соң әкеме бiр аққайран, Шәпеме бiр сазан қақтап бердiм. Өзiм 
де  тойып  алдым,  жанымдағы  құмайтта  кер  ауыз,  қаражонды 
шортандар керiскедей­керiскедей болып жатыр. Үйге апарылған 
соң  бұлардың  iшек­қарнын  аршып,  қуырамыз,  майшұрқаттың 
әкесi  сонда  болады  әлi!  Балықтың  iшек­бауырынан  жасалған 
қуырдақ қандай дәмдi, шiркiн!
Маусымның  он  бес  жаңасы  бола  бере,  әкем  балық  аулауды 
шұғыл тоқтатты.
­ Көлiктi байлап, бiр­екi күн iшiн тартқызыңдар. Келесi жылы 
пiшендiк  етiлетiн  жердi  өртеңдер.  Қора  қалтқыларды  тазалап, 
қоймаларыңды  реттеңдер.  Алтайдың  ара  тасқыны  сап  тартты, 
мұз  тасқыны  келгенше  қыраннан  өтiп  алмасақ,  көлкiген  көк 
судың iшiнде қаламыз! – деді.
Бiз  кепкен  балықтарды  тайлап,  көліктердiң  арқан,  шом­
ыңыршығын сайлап, қойманы реттеп шықтық. Менiң бiр көзiм 
өзiме  тапсырылған    мiндетте,  бiр  көзiм  келесi  жыл  үшiн  қоя 
берiлген өртте. Шөже, көжек, бөлтiрiк панасыз қалатын болды­
ау, әкем осы iстi ағат ойлады  деп қиялдаймын.
Барша түйе, жылқы, сиырға балық артылған, бiздiң қоңырқай  
көшiмiз  таңның  шетi  сөгiле  жолға  шығып,  күн  төбеден  ауған 
мезетте  Қыран  өзенiнiң  жағасына  жеттi.  Шөлiркеп  келген 
бойдақ мал ағынға жамырай бас қойып сыр­сыр жұтып жатыр. 
Су көкпеңбек, тұп­тұнық. Жағадағы тал, қайың теректердiң суда 
жүзiп тұрғанына қарағанда оңай­оспақ өткел бермейтiндей. Әкем 
судың  түсiне  қарап  жоғары  төмен  бiраз  жортып,  өткел  шалып 
келгендей болды да: «Осы жерге тоқтаймыз», ­ деді.
Өзгелердің  күткенi  де  осындай  байлау  екен,  түйелердi  
шөгерiп, өгiздердi байлап, әне­міне дегенше екi итарқа, бiр абылай 
косты  қатар  тiгiп  тастадық.  Ешкiм  шаршамаса  да  Қыранның 
жағасындағы    масатыдай  көгалға  бауырларын  төсеп,  салқын 
құмға аунап­қунаулары керек қой. Арқалары босаған көлiк, еркiн 
кеткен  бала  тыраңдап  жырғап  қалды.  Бiз  Жанымқан  төртеумiз 
өзен жиегiндегi қайранға табанымыздың мөрiн басып, асыр салып 
жүрмiз.  Көк  ала  төбет,  сары  қаншық,  ақ  күшiк  тiптi  мәре­сәре. 
Анау бiр құм төбешiктен, мына бiр тұп талдың көлеңкесiне  кезек­
кезек құйындай ұйтқып кiрiп, арсалаңдап ойнап жүр...
Бiз  ойынымыз  қанып,  өзен  бойынан  үйге  қайтып  келсек, 
Бану  бiр  қазан  балық  асып  қойыпты,  сары  мейiздей  кепкен 
балық  майы  кiлегейленiп  даяр  тұрыпты,  қонақ­қопсақ,  кәделi 
кiсiлер келгенде болмаса шортан, метiре, құртқа еттерi қазанға 
салынбайды.  Ондайды  дәмететiн  бiз  емес,  сұры  балықтарға 
сылқия тойып алдық.

95
Сұрап  бер  осыны,    Қанапия,  басынуы  ма,  емес  пе,  бұл?!  ­ 
дейдi  дегбiрсiзденiп.  Қайболланың  мейірiмге,  iзет  құрметке 
толы  көзiнiң  құйрығына  ерте  iлiнген  әжiм  күлiмсiрегендей  ме, 
қынжылғандай ма, әйтеуiр кеңшiлiк дәметедi. 
­ Әй, Әбiтай, жер құдайдiкi, ел де құдайдiкi! Омар қажының 
өрiсi, Ислам қажының қонысы дегеннiң бәрiн өзiмiз солай атап 
елге  сол    атауды  таңғанбыз.  Қайболла  қол  өнерiмен,  үй  ағаш 
жасаумен жан бағып жүрген, қақ­ соғы жоқ адал жiгiт. Әбiлмажін 
қосағынан  ағаш  алғаны  үшiн  аты  мен  өгiзiн  сен  алсаң,  Омар 
қыстауына жолағаны үшiн тонын мен сыпырсам, сөйтіп, жол ақы, 
көз ақы аламын деп шөптiң басына дейiн ақы алып жүрсендер, 
сонда не шыр бiтедi бұған?! Қой, қайда барсаң да сенiкi ағат, ат 
көлiгiн қайтарып бер, нардан безсең де, ардан  безбе!
Мектеп  меңгерушiсiнiң:  “Алдымен  әкеңнен  үйрен”  деген 
сөзiнен  кейiн  мен  әкемнiң  мықынындағы  бақылаушысы  болып 
алған едiм, кейiн үлкенiрек бiр өлшеммен өлшеп көрмекпiн.
Бала үшiн үлкендермен бiрге далада түнеп, түнгi табиғатты 
көруден асатын рахат бар ма? Әйелдер итарқа, қостарда жатты, 
бiз  туырлық,  үзiктердi  көгалға  жайып,  қаз  қатар  болып  далаға 
жаттық.  Ай  сүттей  жарық,  аспан  теңге  моншағын  тағынып 
шыға келген перизатқа ұқсайды. Маңайымыздағы терек, үйеңкi, 
қайың­тал  жас  бүрін  толқытып  үстiмiзге  оқтын­оқтын  күлгiн 
сағым көлеңке толқытып қояды. Сиыр мен түйенiң күтiр­күтiр 
күйіс  қайырғаны,  өзен  суының  назданғыш  қылықпен  сыңқ 
еткен  сыңғыры,  жас  айғырдың  оқыранғаны  естiледi.  Шүрегей, 
қарақасқалдақ,  көкала  үйрек  су  сабалап  бақылдап  мәз  мәйрам 
болуда. 
­ Ертек, ертек! 
­ Хиса, 
хиса!  ­  деп  даурыққан  iнiлерiмнiң  көңiлiн 
үлкендер елемеген соң мен Абай Құнанбайұлының  «Ескендiр» 
атты дастанын айта бастағанмын. Алғашында қорғалап едiм. 
­ Мына жаман су ауыз қайтедi, ей, ­ деп Шәпем мән берген 
соң  ендi  Ашаудың  сарынымен  «Құралай  сұлуды»  да  бастап 
кеттiм.  Дастанның  бастапқы  бiр  бөлiгiн  қайырып  тынғанымда, 
әкем:
­ Япыр­ау, мынау деген кер толғау хиса болды ғой. Үлiңгiр 
жағасында осындай бiр iс болғаны аңыз етiлушi едi, Иса Байзақ 
деп  отырғандарың  Марқакөлден  шыққан  ғұлама  қазақтың  бiрi 
болды ғой, ­ дедi. Даңғыл, дана атаның байымдауы үшiн бе, әлде 
хисаның  құдiретi  ме,  iнiлерiм  менi  иектеп,  жабысып  тыңдап 
қалыпты.  Құралайды  жолбарыс  талаған  жерiне  жеткенде,  әкем 
“ой,  дүние­ай”  деп  ышқына  күрсiнiп  қалды  да,  Жанымхан 
сыңсып жылап жiбердi. 
­ Мен тыңдамаймын, мен қорқамын! ­ деп қомып­қомып етiп 
итарқа жаққа қашып барады Тілеубай.
­  Жә,  ендi  болды,  ұйықтаймыз  ­  дедi  Шәпем.  Бәрiмiз 
тыныштала қалдық. 
Көктемнiң  жайлы  жұпар  ауасы  аңқылдап,  жанымызды 
рахатқа  бөлейдi.  Жылқы  күзетiнде  жүрген  Ашау  мен  Қау  атам 
тамылжыта  ән  шырқайды.  Жас  құлын  шiңгiрлеп,  ересектерi 
оқыранады.  Жәннаттай  түнгi  табиғат  Ашаудың  назды,  сазды 
дауысын  тiк  көтертiп,  шырқау  биiкке  қалқытып  бара  жатқан 
секiлдi.  Ұйықтамайын,  тыңдап  алайын  десем  де,  балқып, 
ұйықтап  кетіппін.  Түсiмде  ғажап  табиғаттың  ортасында  өлең 
жазып жатыр екенмiн: 
Жаннаты ғой теңiз құс пен балықтың,
Балдыр орса, демейдi олар талықтым.
О, табиғат, мен өзiңе түскенде,
Жан шақырып, жылай тыныс алыппын...
Өлеңнің осы жеріне келгенде оянып кеттiм. Апалам­төпелем 
қағаз­қарындашымды  тауып    алдым  да,  ай  астында  жаза 
бастадым. Кейiнгi отыз неше жылдық өмiрiмде ұдайы өңделседе 
бұл  өлеңнiң  алғашқы  нұсқасы,  ой  сiлемi  сол  күнi  ай  астында 
туған­ды...
                         ***       
...  Қыраннан  өтiп  қондық.  Ши  ұсталып,  туырлық,  үзiк 
жабылғанына  қарағанда  бiрнеше  күн  отырып  қалатынымызды 
сездiк.  Жылқы,  сиыр,  түйе  Қыран  жағасының  алшындаған 
көгiн орып, кәнi болып жатыр. Әуелi, тайынша­торпағы оқыра 
шақырмақ  болып  жүр.  Түйелерi  анда­санда  көздерi  жасаурап 
Сайырдың  сонау  сыртына,  орта  жайлауға  қарап  қойғандары 
болмаса,  Қыраннан  безетiн  сыңай  бiлдiрмейдi.  Ақ  iнген  биыл 
боталауға тиiстi, шешемнiң көбiрек 
қарай беретiнi соның көзi. Көктемде  
табақтап бидай, астаулап арпа берiп 
жатқанын да көргем. 
­  Түйе  он  екi  ай  көтередi, 
жарықтық  биыл  он  екi  есе  күтiм 
керек  етедi  ғой,  аз  да  болса  күйiс 
қайырсыншы!  ­  дейтiн.  Шешем 
iнгеннiң  өзiне  ғана  емес,  iшiндегi 
ботасына да жаны ашып жатқандай 
сезiлетiн. Қазiр  ақ iнгеннiң iшi өсiп 
қалды. Баладай­баладай қос өркеші 
болымсыз  семгенi    болмаса,  әлi 
жығылған жоқ.
   
Бiздiң 
ауылымыз 
Қыранның  күн  шығысына  бекер 
қонбаған  екен.  Күн  көтерiлгеннен 
кейiн­ақ  әкем  бiрнеше  адаммен 
бiздi  малға  қарауға  бөлiп  тастады 
да  өзен  бойына  кеттi.  Олардың 
неге  кеткенiн,  бiзден  қалай 
жасырынатынын  мен  бастабында 
бiлмеген едiм.
­  Әй,  анау  сиырды  берi  қайыр! 
Әй,  түйеге  де  көз  қырыңды  сал! 
–  деп  ендiгi  қожайыным  Қадым 
бола  кеттi.  Жан  ұшырта  сиыр  қайырып,  екi  түйеге  де  көз 
қырымды салып үйге тағы да қайтып келемiн. Себебi,  Қау атам 
мен  Бану  бүгiн  Алтай  қаласына  аттанбақшы.  Мұғалімдіктен  
бұғалтырлыққа  ауысқаны  үшiн  аудандық  өкiметтiң  оң  жағына 
барып  түсуi  керек  екен.  Қадым  жолаушылар  мiнетiн  ат  ұстап 
әкелу  үшiн  жылқыға  бара  жатқан  сияқты.  Банудың  жылап­
сықтауы көбейген.
­  Қойсаңшы,  қарағым,  жоқ  сұмдықты  шығармай,  айдауға 
емес, өкiмет қызметiне бара жатырсындар. Араласып тұрмаймыз 
ба, келесi жылы  Қадым, Ғалым оқи қалса, сол жерден үй ұстап 
бересiң, әуелi, ­ деп шешем далаға шығып кеттi. Қау атам өзiнiң 
керек­жарағын қоржынға салып, темiр торсықты бiр бұрышына 
сүңгiттi. Маған көзiнiң қырымен қарап, әдемi ерiндерiн шүйiрiп 
қояды.  Көрпе­жастықты  буып­түймекшi  болған  кезде  ғана, 
жылап отырған Бану орнынан тұрды: 
­ Тұра тұршы өзiң, асықпай. Алдымен салт барып отыратын 
үй,  керек­жарағынды  толықта!  Жайы  келсе  арба,  шана  алып, 
ел жайлаудан Тараланға оралған мезетте бiздi алып кет. Күздiк, 

96
қыстық күн көрiс керек емес пе саған? Сондай қам қарекетіңдi 
де ойла! Алдыңда бала­шағаңды тастап кете беретiн үлкен үйiң 
дайын тұрғаны жоқ! 
Банудың бұл ақылы дұрыс едi. Қау атам да ойланып қалды. 
­ Өз қимастығыңды менiң қам­қарекетiме тiркей бер, менiң 
жайымды  ойлағыш  болсаң,  жүр  ендеше  ­  деп  назданғанымен, 
кiшкене Манатайдың, екi жастағы Қазияның көзiне қарап­қарап 
қояды. Шешемнiң етегiне оралып, қам­қайғысыз жүрген ол екеуi 
үлкен үйден айырылғалы отырғандарын бiлмейтiн де едi. 
­  Сөйтiңiз,  Қау  ата,    күзде  Таралаңнан  алып  кетiңiз!­  дедiм 
мен.
­  Мiне,  сары  төрем  де  өтiндi  ғой!  ­  деп  Бану  жаспен 
жарқыраған  екi  жанарын  маған  төңкердi.  Сөйткенше  анадай 
жерде ұсақ отын терiп жүрген шешемнiң әлде кiмге шылауышын 
бұлғап  айғайлап  шақырған  дауысы  естiлдi.  Немене  дейдi  екен 
дегендей, мен далаға жүгiрiп шықтым.
Қыранның жалпақ өткел тұсына қарай бiр салт атты арық атын 
сөлкектетіп өтіп бара жатыр екен. Басында тымақ па, күлапара 
ма,  жабасалма  ма  ­  бiрдемесi  бар.  Шыжи  бастаған  ыстықтан 
ерiп, кішірейіп бара жатқан мұз жаңқасы реуiштi, соқталы емес. 
Жолаушы  шешемнiң  айғайынан  соң  түйтиген  көлiгiнiң  басын 
бұрып, бiздiң үйге қарай тартты. Мiнгенi арық торы байтал екен, 
жерге әлсiн­әлi басын қойып, көзі тершiп  тұрғанына қарағанда 
алыстан, аш келе жатқан сияқты.  
­  Амансыз  ба?  Үлкен  кiсi,  бұл  кiмнiң  үйi?­  деп  сұрады 
қақпыштай қара жiгiт шешеме жақындай бере. 
­ Батидың,­ деді шешем. Бірақ бұл сөздi жолаушы түсiнбедi. 
Сосын: ­ Әй, Ғалым, сен атаңның атын айтшы ­ дедi маған. 
­  Омар  қажының!  ­  дедiм  мен.  Жолаушы  “қажылығына 
болайын” дегендей бiздiң  басын буған  екi қоңыр үйiмiзге қарап, 
салқын ғана жымиып қойды. 
­Е­е, Бати дегенiңiз Омар қажының Қанапиясы болды ғой! ­ 
дедi  ол маған емес, шешеме қарап. ­ Хан ағаңның өзi үйде ме?
­ Жоқ, Қыраннан метiре аулауға кеткен. 
  ­  А,  құдай­ай,  жолым  болады  екен!  ­  дедi  қақпыш  қара 
дегбірсізденіп.
 ­ Жә,үйге кiр, қарағым, пенде тұрағынан жүз қадам шыққан 
соң мүсәпiр деген ғой, арып, шаршап келе жатыр­ау деп шақырған 
едiм. Жұмысың болса бойыңды жиып алған соң айтарсың.
Шешемнiң  «метіре  аулауға  кеткен»  деген  сөзiн  естiгеннен 
кейiн­ақ  мен  зыта  жөнелдiм,  үлкен  бiр  қызықтан  қалғанымды 
сезген сайын құстай ұштым. Қыранның бұл тұсын Көпен дейтiн 
бай  туысымыз  қыстайтын.  Өткен  күзде,  соғым  алу  үшiн  әкеме 
iлесiп бiр келгенiм бар. Семiз, сары бәйбiше әкеме сәлем етiп, 
менiң  бетімнен  сүйiп,  шешемнiң,  кәрi  апамның    денсаулығын 
сұрап жатқан кезде, дөңгелек қара сақалды, өңдi қара торы кiсi 
әкеме сәлем берiп, сырмақтың үстiне өз қолымен көрпе тастап 
бәйек болған. Соғымыңыз деп бес жүз қойдың iшiнен арқасын 
басып  отырып  төрт  дөнен  қой  матап  берген.  Бұл  сый­құрмет 
туыстық жақындығы ғана емес, қажы атамның  қыстаулық өрiсiн 
майлап алғаны сияқты еді. Кәрмен, Сүлей секiлдi туыстары да 
кезек­кезек қыстап, әкеме жең ұшынан бiрдемелер берiп жүретiн.
Мен  Көпен  байдың  қыстауының  тұсынан  өзенге  таядым, 
қайдан  алып  шыққаны  белгiсiз,  әкем  ағаларыммен  бiрге 
қаңғалақтай  екi  қайыққа  мiнiп,  судың  iшiне  түсiп  алған  екен. 
Ескектерiн еспейдi, сөздерi де салмақты, байыпты. 
Қыран  өзені  таудан  түскен  жерiнде  қарағайды  тамырымен 
қопарып,  тас  домалатып,  жар  соғып  ағатын  тентек  өзен 
болғанымен,    жиырма­отыз  шақырым  өткен  соң    жуаситын. 
Әсіресе,  Балғабай    жазығына  түскеннен  кейiн  кiлкiп  ағып, 
Ертiске  таяған  мынау  сағада  тiптi  мамырлайтын,  аққаны  мен 
ақпағаны белгiсiз, қара көк тұңғиық болып қана жататын. 
­  Бәрi  де  бір  қалыпқа  түсіпті,  үйiрдiң  ең  соңынан  бастап 
шаншымасақ бәрiнен  айырыламыз. Өйткені, метіре ай құлағынан, 
қарнынан,  тамағынан  iлiнсiн,  бастапқыда  бiр    бұлқынғаны 
болмаса,  бүлк  етпейдi.  Әбден  жағаға  жақындап,  судан  ажырай  
бастаған  кезде  ғана  бұлқан­талқан  болады.  Ал  мынадай  кезде 
ағынның басында жатқанына сере шаншысаң, өз нәсiлiнiң қанын 
көргенiнен кейiн­ақ толайым бiрақ қозғалады да, ойда­түсте жоқ 
кесек толқын тудырады. Мұндайда аңғал балықшының қайығы 
аударылып тереңге батып кетуi мүмкiн,­дейді әкем.
­ Құдай өз әкемдi сақтасын! ­ деп күбiрледiм, әлгi сөздi естiп 
тұрған мен. Су терең, әрi бiр тал құмы көрiнетiндей тұнық едi. Мен 
ағаштарды жағалап, өзен бойымен жоғары қарай жүрiп, тереңге 
үңiлумен  болдым.  Метiрелер  қолдың  саласындай,  бiрiнен­бiрi 
әдемi  болып  көз  сұғын  өзіне  тартып  барады.  Құлаштан  астам 
тұрқымен қызыл қоңыр өңi, болымсыз бұлықсып қоятын қимылы 
ес­ақылымды алып, суға түсiп кетуге шақ қалғанымды  сезiндiм, 
жиыны жиырма отыздай екен. 
Әкемнiң метiрені Ертiстен ауламай, Қыраннан аулағанының 
сырын    сезгендей  боламын.  Тасқын  кезiнде  Ертiстiң  ұлы  суы 
болымсыз  лайланып,  жағаны  кернеп  шырмап  ағады.  Оның 
үстiне  басқа  балық  көп,  әуелi  мынау  метiренiң  үйiрi  өзiнен 
үлкен жыртқыш балықтардан қашып, осы салаға шығып алған 
шығар. Оның үстiне Қыран тұнық, метiре үшiн қажеттi азық мол 
табылады.
Әкемнiң  баулуында  жастай  шебер  еңбекшi  болып  жетiлген 
екi ағам алма­кезек шаншып, он бес метiре ұстады. Айтуларына 
қарағанда, сегiз­тоғызы сезiп қалып қашып кетiптi. 
­ Сен қашан келдiң, су жағасына бардың ба? ­ дедi әкем маған 
тіке қарап.
«Бармадым»  деп  жылмия  тануға  бiр  оқталдым  да,  әкемнiң 
өтiрiк айтқан  кiсiнi қатал жазғыратынын еске алып: 
­  Бардым,  бiрақ  абайлап,  ағаш  арасын  жабыттап  жүрiп, 
жиырма­ отыздай метiренiң жатқанын ғана көрдiм, ­ дедiм. 
­ Оқасы жоқ. Аңдаусызда тайып суға түсiп кетпепсің әйтеуiр, 
бар, түйе шомдап әкеле қойыңдар, бұл төңiрекке балалар келушi 
болмасын!    Кiшкене  немелер  метiре  ұстап  алмақ  болған  кезде 
шортан олардың өздерiн ұстап алады. Ұқтың ба?! ­  деді әкем.
­ Ұқтым!
Мен  ауылға  қарай  жалаңаяқ  тарыттым.  Көктем  бола  бере 
шақайды тастап, жалаңаяқ жортқан табаным түйенiң табанындай 
болмаса да, сiрiленiп алған, шөп, шөңкi, шөгiр кiрмейтiн, оның 
үстiне  күйiм  тәуiр.  “Сары  төренiң  екi  бетiнен  қаны  тамып 
тұратын болыпты, Қайдардың әлгi бiр қара көздi  қызы ғашық 
болып қалды­ау осыған”,­ деп Бану менi мазақ қылатын. 
Үйге демде жеттiм де, екi түйе мен екі өгiздi шом­ыңыршақпен 
ерттеп алдым. Сөйтіп ілезде екi өгiз, екi түйе, үш атпен он бес 
метiре бiр жолда ауылға әкелiнедi.
Қақпыш қара қонақ әлi аттанбаған екен. Сусыны қанған соң 
асқа, түстiкке қарап қалыпты. Бiздiң ауылдың түстiгi түгел балық 
етi  болады,  жайлау  сары  жұрт  болғанға  дейiн  таусылмайтын.  
Байлардың керегесiнiң басы қаңсып тұрған кезде де, бiздiң үлкен 
шәугiм сүрі исiн аңқытып, бүлiк­бүлiк қайнап жатады. Таңсық, 
жеңсiк  деп  қымызға    басытқы  iздеп  қанқылдайтындарды  да 
шешем құр жiбермейдi. 
­  Елге  бергеннен  несiбе  азая  ма,  қусырылып,  қуырылған 
отбасының  да  бiрi  екеу  болғанын  көргенiм  жоқ.  Екеу  болса 
Өкең  қажының  бес  мың  қой,  мың  көкала  жылқысы  қайда?  – 
дейтiн әкем, шешемнiң берегендiгiн қостағандай. Бiз қарсы тұра 
алмағанымызбен, iштей қынжылып қалатынбыз, табан ет, маңдай 
терiн кiм көрiнгенге шашып жатқан өзге пенделердi көргенiмiз 
жоқ қой. Бiздiң Омар қажы емес екенiмiздi бiлмей ме әкем! Бес 
мың  қой,  мың  көк  ала  жылқы  біткен  Ғалымның,  Қадымның 
бұтында  ыштаны  бар  ма  екен  әуелi,  бiрақ,  осы  сөздi  айтып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет