72
Арғыбергі тарихқа қарап отырсаң, қазақ көрген құқай аз
емес. Үстем күштер қолдағандай болып қорлаған, жақсылық
жасаймын деп жалтақ еткен. Іштегі зымиян запырандарын
билік басындағылар кейде: «Түркістан мен дала облыстары
Тула немесе Тамбов облыстары емес. Ағылшындар немесе
француздар өздерінің отарларына қалай қараса, біз де оларға
(яғни, қазақтарға) солай қарауымыз керек» (Керенский), деп
бадырайтып айтып қалып отырған. Ондай қорлауға қара халық
бүкшеңдеп тіл қатпағанымен, ұлт зиялылары басын бәйгеге тігіп,
тойтарыс берген. Соған бір дәлел келтірелік. Төбесінен төніп
тұрған азап бұғауына қарамай, Алаш қайраткері, қарасөздің қас
шебері Жүсіпбек Аймауытұлы: «Ұлты үшін құрмет қылмай,
бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр.
Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар,
олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. …Естеріңізде
болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің
қазақ болуы қиын, баласына осы бас тан ұлт рухын сіңіріп,
қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. …Қазаққа аюдай
ақырған шенеунік табылуы оңай, ерінбейжалықпай, бақырмай,
шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер
табылуы қиын. …Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері
бола алмайды», деп қасқайып тұрып айтқаны нағыз батылдық та
батырлық емес пе?!
Ел болып еңсе тіктесек, кеткен есені қайтарсақ, қаулап келе
жатқан жас өскінді құлдық санада қалдыра бермей ұлттық салтта
тәрбиелесек деген қазақ арыстарының арманы өткен ғасырдың
соңына қарай орындалды. Одан бері де ширек ғасырға таяу уақыт
өте шыққан екен. Бір тәубе дейтініміз, кешегі күннің сұрқия
саясатынан жаны да, қаны да таза толқынтолқын ұрпақ өсіп
келеді. Алды ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласу үстінде.
Қыранның қанаты, тұлпардың тұяғы тозатын байтағымыздың
иесі де, киесі де – қазақ! Сол қазақ осы байтағын сақтау жолында
талай апатты белшеден кешіп, қоғадай жапырылып, тұңғиық құз
түбіне жартысынан артығы құласа да, қалғаны жандалбасамен
алға ұмтылып: «Айналайын, ұлтым, ұлысым! Мұқалмайтын
құрышым, торықтырмас тынысым» (Ж.Бөдеш), деп үміт отын
өшірген жоқ. Қазір соның шапағатын көріп, жеріміздің алтын
тұғырлы иесіне айналып, бұрынғы ұлылардан қалған өнегелі
тірлікті жаңғырту үстіндеміз. Барды місе тұтып қана қоймай,
кетігімізді бүтіндеп, кемімізді түгендеу ниетінде–бәрін де
назардан тыс қалдырмай келеміз.
Соның бір әдемі көрінісі–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
тікелей қолдауымен: бір замандары қарақұстай бүрген жат
биліктің қысымы мен қырғынынан бас сауғалап әлемнің
қырықтан аса еліне тарыдай шашылған бауырларымызды
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындаақ: «Уа, аруақ, ақсарбас!»
деп атақонысына шақырып, суысып кеткен құшақтарға жылу
бергенімізге де ширек ғасырдай уақыт болды. Сол табысу мен
танысудың тағы бір үлгісін Президенттің шетелдегі қандастарды
қолдау жөніндегі Жарлығын, Үкіметтің қаулысын орындау
мақсатында осыдан 12 жыл бұрын, сол тұстағы Білім және
ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевтің жанашырлығымен,
сол ведомствоға қарайтын «Дарын» республикалық ғылыми
практикалық орталығының сол кездегі директоры Тілдаш
Битуованың ұйымдастыруымен алыс, жақын шетелдердегі
бауырлардың ұлқызын бабаларының құт мекеніне тарту
мақсатында «Қазақстан – атажұртым, қасиетім–ана тілім» атты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың халықаралық
олимпиадасын өткізу үрдісі қолға алынған болатын. Оның
алғашқы тұсаукесері елордада өтті. Одан кейін Отанымыздың 9
облысында, киелі Түркістан қаласында жалғасын тапты. Содан
бері бабаларының кіндік қаны тамған, табанының ізі қалған
қазақтың қасиетті топырағына әлемнің әр түкпірінен мыңнан
аса ұл мен қыз келіп мейірімге бөленіп, шапағатқа кенелді. Олар
алғашында аз еді, кейін көбейді. Еуропадағы қандастардың,
Ирандағы бауырлардың ұрпақтары да ат ізін сала бастады.
Жүзден аса талапкер еліміздің жоғары оқу орындарына түсіп,
жақсы бітіріп Отанына еңбек етіп жүр. Шаңырақ көтеріп ұлт
демографиясына үлес қосқандар да баршылық. Тараз қаласында
өткен олимпиадада айбынды Шерағаң, Шерхан Мұртаза: «Бұл
ұлтым дегендерге үйренетін сабақты іс екен. Ботасын ортаға
оралтып, атасына ал енді келмей көріңіз деп қарап тұрған қадірлі
жұмысты әкімқаралар қолдауы керек. Мынау ұшықиыры
жоқ, анау Еуропаның біраз елі сыйып кететін далаға кешегі
бабалардың ұрпағын толтырып қоймасақ, аз халыққа осынша
жер берген Құдай неткен әділетсіз, деп қызғанып күндейтіндер,
күңкілдейтіндер шықпай қоймайды. Иманды істен үйреніп,
оны іске асыратын сіздерсіздер!?» деп сол уақыттағы Жамбыл
облысының әкімі Бөрібай Жексембинге салмақ сала сөйлегені
әлі құлақ түбінде шыңылдап тұр.
Биылғы ұлт тілі мен әдебиетіне арналған олимпиада
Мемлекет басшысы «Сыр–ел анасы» деп атаған Қызылорда
қаласында болды. Ираннан, Қытайдан, Түрікменстаннан,
Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Ресей Федерациясының Самара,
ұлтым, ұлысым, тынысым!
73
Омбы облыстарынан, Мәскеу қаласынан ағылып, сағынып келген
олимпиаданың жүрек тебірентер ашылу сәтінде Қызылорда
облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сөз алып, шын ниетпен,
ыстық ықыласпен ақ тілегін толқи тұрып жеткізіп, бар қазақтың
сая лы бәйтерегі саналатын Қазақ елінің, өңірдің арғыбергі
тарихын тарата айтып, жат жерде жүрсе де ана тіліне ден қойған
бүлдіршіндей ұл мен қызға ризалығын білдірді. Қорқыт баба
жатқан киелі даланың даналарын, Сыр сүлейлерін, ғарышқа
қырандарды ұшырып жатқан Байқоңыр кешені жайлы жан
жақты хабардар етіп, үмітін үкілеп келген ботакөз балапандарға
сәттілік тіледі.
Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті, академик,
қазылар алқасының төрағасы Өмірзақ Айтбайұлы: «Ана тілі
сынынан сүрінбей өткен адам–өмір сынынан да сүрінбейді.
Ондайлардың қашанда жүзі жарық, халқына сыйлы. Сендер осы
ұлт қағидасын ту етіп көтерген, мен секілді шашы ақселеу тартқан
қариялардың да немересісіңдер. Мен, 12 жыл бойы атам қазақтың
салтымен алты жасар бала келсе алпыстағы ақсақалы алдынан
шығып сәлем беретін үлгімен құшақ жая қарсы алып жүрмін.
Айналайындар, азат елге ертең осындағы замандастарыңмен
бірге сендер де тірек боласыңдар. Алыста жүрсеңдер де ана
тіліне деген ынтаықыластарың, жүрек соғыстарың кімге де
болса үлгі деп білемін, қарлығаш қанат балапандарым! Тәңірім,
шет қонып, сырт жайлап жүрген сендерге әрдайым ақ жолын
берсе екен!», деді.
«Дарын» орталығының директоры Шолпан Қирабаева
бұл олимпиаданың мақсаты туралы айтқанда, қазақ диас
порасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан
тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін
дамыту, олардың атажұртымен байланысын қалыпты үрдіске
түсіру, тәуелсіз жұртының бүгінгі жетістігімен таныс тырып,
құндылықтарынан хабардар ету екенін тілге тиек етіп, жыл
сайын осы игілікті іске үлкен мән беріп отырған облыс, қала
басшыларына, жеңімпаздарды өздерінің институттары мен
университеттеріне қабылдап, барлық жақсылықты жасап жатқан,
білім мекемелерінің ректорларына ілтипат танытып, Білім және
ғылым министрлігінің марапаттарын табыс етті.
Үш кезеңде өткен білім сайысында қазылар алқасы
үміткерлердің жазбаша жұмыстарын, ауызша, өнер, танымдық
ізденістерін таразы басында теңдей келіп, Білім және ғылым
министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарын және Қызылорда
облысы әкімінің бағалы сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада
ашылуында да, жабылуында да өңір жұрты, облыстық білім
басқармасы барлық мүмкіндікті қарастырды. Қаланың көрікті
жерлерімен таныстырып, Сыр бойына, киелі Қорқыт ата басына
апарды. Сол жерде Ираннан келген балалар баба рухына бас
иіп, құран бағыштап жатты. Олимпиада қорытындысы бойынша
бірінші дәрежелі дипломды Н.Қыдырбаев, Г.Тұрдалиева
(Өзбекстан), Ахмад Тани (Иран) иеленсе, екінші дәрежелі
дипломды Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен келгендердің
еншісіне, үшінші дәрежелі диплом Түрікменстан, Ресей, тағы
басқа елдердің ұлқыздарының еншісіне тиді.
Әр мемлекеттің білім жүйесіне қарай 111213 сыныптарды
бітірген 11 түлектің бәрі де атажұртында қалып, жоғары
білім алсақ деген ниеттерін қиыла айтады. Араларында сол
армандарымызға жете алар ма екенбіз деп көзіне жас алғандар
да кездесті. Әрине, олардың бәрі бірдей қазақ тіліне ағып тұр дей
алмаймыз, бірақ талаптары зор ынталары таудай биік. Мәселен,
қарақұрым парсы жұртының Горган қаласынан келген 6шы
сынып оқушысы Мұхаммед Тани жан дүниеңді тербеп жіберетін
мұңды термелерді айтқанда, сайсүйегің сырқырайды. Қайдан
үйрендіңдер десең: «Біздің атаәжелеріміз, әкешешелеріміз
сендер бақыттысыңдар, қазақтың үлгісін танып, біліп, үйреніп
жүрсіңдер, біз керең қойдың күйін кештік қой дейді», деп
кәдімгідей тілдері бұралып тұрса да сыр бөліседі. Ал Ахмед Тани
Парвиз Иранда бес мыңға таяу қазақтың өмір сүріп жатқанын,
құлақтарына атааналарының Қазақ елі, қазақ жері, тілі, әдет
ғұрпы туралы құйып отыратынын, «тілді ұмытсаңдар жойылып,
жоғалып кетесіңдер», дейтінін айтып, үлкендер домбыраға
қосып әуелететін: «Сағынам қайда жүрсем өз елімді, Өртейді
қазақ әні өзегімді. Қазағым, қайран жұртым, аман болса, Ешкімге
жібермеймін кезегімді. Отаным, елім, жұртым, туған жерім,
Табиғатың, аспаның қандай керім. Бауырлармен қауышып бірге
жүрсем, Дариғаай, тарар едіау қайғышерім! Әр күні Отанымды
сағынамын, Бара алмай жүргеніме тарығамын. Елжұртын ер
азамат ұмытар ма, Қай күні көремін деп зарығады. Сарғайттың,
сағындырдың туған жерім, Алыста жатқан асыл, асқар белім.
Құс болып Астанаға ұшып барып, Ішсем ғой ерке Есілдің суын
тегін. Сексен жыл болған екен мен кеткелі, Бала едім мен ол
кезде жөргектегі. Алыста қалып қойған мен бір пақыр, Қазағым
аман болсын жеркөктегі», деген өлең жолдарын жатқа оқып,
домбырамен Құрманғазы күйін шертті. Оның аты өзгергенмен
ұлттық болмысы, заты өзгермегенін көрген, жарықшақ үнін
тыңдаған жұрттың санасына сәуле түсірмей қоймады. Сол
секілді Моңғолиядан келген Дариға Бақберген: «Несіне сұрадың,
аға кімдікімді, Көріп тұрсыз мен ұлттың бір құлыны…» десе,
Нұрсейіт Қыдырбаев (Өзбекстан): «Атамекен–атамның үйі
менің, Өзіңе жеткен сайын сүйінемін», дейді. Оқушылардың
шығармаларындағы сөздер де тебірентпей қоймайды.
Омбы облысы, Шарбақты ауданының Ортақшыл ауылынан
келген 9шы сынып оқушысы Даяна Абулқашова, бұрын өзі
туған жерде қазақ мектебінің болғанын, қазір ол жабылып
қалғанын, аптасына бір сағат қана бірде қазақ тілі, бірде әдебиет
оқытылатынын, өзге ұлт атымен жоқ 100 пайыз қазақ ауылы
бола тұра үлкендер жағы болмаса, жастар ана тілін ұмыта
бастағанын, сол өңірден шыққан Мұрат Сәрсенбаев пен Балташ
Тұрсынбаев секілді азаматтар ұлт рухын жаңғыртуға септігін
тигізіп жүргенін, биылғы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс
ардагерлеріне арнап еңселі белгі қойғанын, өзінің бар арманы
атажұртына оралу екенін қиылып айтады. Ойлы жас өзге
елдерде осылай тіл мәселесі бітеу жара болып қала берсе, бір
замандары тілден айырылған жас ұрпақ сіңіп «жоғалатынын»,
қазір өздерін үлкендер жағы адастырмай ұстап отырғанын еске
салады. Осы арада ойды ой қозғап, бір оқиға еске түседі. Сол
Омбы өңіріне жолымыз түскен кездері арқалы қазақ кәсіпкерімен
пікірлескеніміз бар еді. «Ана тілі қандай күйде?», дегенімізде
ол: «Қандай күйде болсын, өзіміз өмір сүріп жатқан елге жөнсіз
талап қоя алмаймыз, заңының аясында жүреміз. Атам 100
пайыз қазақ тілін білетін. Әкем 50 пайызды еншілеп жүр. Менің
«қанжығамда» 25 пайыз бар. Ал балам 100 пайыз орыс тілді.
Одан тараған ұрпақтың кім боларын қайдам», деп шарасыз күй
кешкеніне куә болып едік.
Сол секілді Самараның Қазақ деген ауылынан келген 9шы
сынып оқушысы Мейрамгүл Мұхамбетова «ұлтшыл» екен.
Салған жерден: «Қазақ тілін ұмыту–қазақ үшін ұят қой!», деп
74
ауыл атына сай болу үшін үлкенкішісі
жұмылып ұлт руханиятын өлтірмей
жүргендерін, «Еркемай» ансамблінде
өзінің би билейтінін жеткізіп, Самара
қазақтарының ұлқызын оқытатын
бір мектеп ашу арманы екенін, ол
іске асса қазақ тілінен сабақ берсем
деген үмітін алға тартып, Мұқағали
Мақатаевтың «Үш бақытын» мәнеріне
келтіріп оқыды. Жарқылдап, жанып
тұр. Ираннан келген Қазақ Нәдір деген
бала атажұртына ауған аңсарын, көңіл
түкпіріндегі сағынышын тілі күрмеліп
тұрса да ежіктеп жеткізіп, өзінің қазақ
топырағына табаны тигеннен бергі
уақыт ішінде өмірінде бұрынсоңды
болмаған бір күй кешіп, көңілі өскенін,
артта қалған атаанасы болмаса, кеткісі
келмейтінін қиналып тұрып айтқаны
бар. Осы бір арманшыл ұрпақтың
үмітін ақтау жолын болашақта
Отанымыздағы қаны бар азамат,
сырттағы қазаққа қатысты лауазымды мекемелер, тіпті бүкіл
жұрт болып ойластырып жатсақ, қане?!
Оларды бастап келген атааналармен де тіл айқастырғанда,
шетінен атажұртына деген ілтипаттарын ірікпей жеткізді. Өмір
сүріп жатқан мемлекеттерінде қазақ тілін қолдану отбасының
өзінде мүлдем кеміп бара жатқанын, осылай кете берсе кейбір
ұл мен қыздың ана тілінен уақыт өте келе ада қалатынын алға
тартады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары санау лы қазақ тілді
мектептерді оқулықпен қамту жұмысын Қазақ елінің Білім
және ғылым министрлігі, басқа бірдіекілі мекеме атқарғанын,
кейін оның сирексіп тынғанына өкініштерін білдіреді. Егер таяу
жылдар ішінде алыс, жақын шетелдердегі диаспора балаларына
атажұрты сергектік танытып жүйелі мән бере қоймаса,
тұрғылықты жерінде күнкөрістің қамымен жүргендердің ұрпағы
сол жұртқа жұтылып, жаһанданудың «құшағынан» құтыла алмай
қалуы мүмкінау деген күдіктерін де жасырмады. Бұрын бар
білім орындары біртебірте «жоғалып» бара жатқанын да, ол
үшін елінің тірлігін «тірілтіп» жүрген өзге жұрттарға реніштері
жоқ екенін, уақыт соны талап ететінін, «біздің жоқшымыз да,
арқасүйеріміз де Қазақ елі» дегенді айтады. Бұл қай жағынан
келсек те ақиқат сөз. Мұндай ұлттық мәселені: «Ақ болсын,
қызыл болсын, маған бәрібір. Мен Қазақ мүддесін көздейтін
үкіметті ғана жақтаймын», деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай,
кезекті құрылтайдың қарсаңында ғана емес, әр уақытта
шеттегі бауырлардың халқаракетін басты назарда ұстау жағын
ойластырсақ, ұлттық демографиямыз демігуден құтылып,
сырттағы миллиондардың ұлқызы жұтылып кетпес еді.
Түйін сөзде айтарымыз, өзге елде мектеп бітіріп келіп,
Отанымыздың жоғары оқу орындарында білім алып, қазаққа
қызмет етсем деген талапкерлерді қолдап, қамқорлықтарын
көрсетіп жүрген инс титуттар мен университеттердің арасынан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін
(ректоры Серік Пірәлиев), Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ
түрік университетін (президенті Уәлихан Әбдібеков), Қазақтың
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін (ректоры
Динар Нөкетаева), Павлодар педагогикалық институтын (ректоры
Нұрғали Аршабеков), басқа да білім ордаларын ерекше атауға
болады. Биыл да қазылар алқасында жұмыс істеген белгілі ғалым,
профессор Құлбек Ергөбек өзі қызмет ететін Қ.Ясауи атындағы
халықаралық қазақтүрік университеті басшысымен табан
астында тілдесіп, аталмыш білім ордасында оқимын деген жасқа
мүмкіндік бар екенін, сонымен бірге, алдағы жылы осы дәстүрлі
олимпиаданы жалғастыруға ынталы өңір табыла қоймаса киелі
Түркістан қаласында өткізіп беруге әзір тұрғанын жеткізсе,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
профессоры Тұрсынбек Баймолдаев та өзі жұмыс жасайтын іргелі
білім ордасында талапкерлерді оқытудан сырт айналмайтынын
алға тартты. Олардың бұлай деп құлшынуына, әлемдегі алақұла
жағдай ма, әлде дағдарыстың кесірі ме, биыл ұлт балаларының
атажұртына сәл аз келуі себеп болғандай. Талапкерлер арасынан
қазақтың жоғары білімінің қара шаңырағы саналатын әлФараби
атындағы Ұлттық университет пен елордадағы Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға
бола ма екен дегендер де төбе көрсетіп жатты. Бұл
өтініш биыл болмаса да алдағы уақытта орындалып
қалатынына сендірдік. Адамата мен Хауаанадан тараған
адамзат сияқты шеттен келген иненің жасуындай бүгінгі
санаулы жас – ертең мыңнан молайып миллиондар
қатарынан табылатынына иманымыз кәміл. Иә, дәстүрлі
олимпиаданың бір қыры – шеттегі жасқа: «Ұлттың ұлт
болуына бірінші шарт–тіл» (М.Жұмабаев), Сен қазақсың,
ендеше қазақ тілі сенің тілің!» дегенді бойына сіңіру
болса, екінші қыры – ұлттық демографияны өрістету
болып саналады. Осы ниетті ұққан адамдар үндерін де,
үлестерін де қосып келеді.
Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан».
Суреттерде: жеңімпаздарды марапаттау сәті;
олимпиадаға қатысушылар – Ираннан келген Ахмед
және Мұхаммед Тани.
75
Оразақынның екінші бір ақындық ерекшелігі – оның
тырнақалды туындыларынан күні бүгінге дейін жалғасып келе
жатқан жыр жазудағы ежелгі дәстүрге беріктігі. Ол күнделікті
тіршіліктің тірі көріністерінен көңіліне түйген ойларының
өлеңге айналуы. Оның кітаптарында деректі, оқиғалы
өлеңдердің көп кездесетіндігі – осы сөзімізге дәлел. Сондайақ,
ойға жомарт, сөзге сараң ақынның осындай өлеңдерінің қыздың
жиған жүгіндей жинақы, түйінді, әсерлі екендігі. Былайша
қарағанда, әншейін ғана тұрмыстық жағдайға арналса да өзіндік
ойы, өзіндік өнегесі бар ондай өлеңдердің мәні зор, қағидасы
қымбат. Айталық, сан жыл сандалмамен жүріп, сан жыл кісі
есігінде күнелтіп, ақыры Алматыдан үй алған адамның көңіл
күйінен суыртпақтап сыр аңғарғандағы айтатыны: менің өз отау,
қара шаңырағым, қонақ келсе шығаратын төрім бар, ешкімге
жалтақтамай, кіріптар болмай балашағамды өсіріп жатырмын
деген қуаныш жыры. Енді бір жолы кішкене баласын ертіп көшеге
шығып, автобусқа мінген сәтте бейтаныс адамдардың жапа
тармағай еркетайының қылығын қызықтап, біреуі орнын беріп,
біреуі конфетін ұсынып, біреуі сөзге айналдырып бәйек бола
қалғанына кішкене сәбиден бұрын әжесінің көңілдене шалқып,
мәзмейрам күй кешкенін жырлауы жұртшылықтың жүрек
жылуына, жанашырлық пиғылына, кең пейіліне құштарлықтың,
ризалықтың белгісі. Ақын адамдардың асыл
адамгершілігін, мінез мейірімділігін, сезім
мөлдірлігін, сөзіне сенімділігін, уәдесіне беріктігін,
достыққа адалдығын айрықша асқақтата жырлауға
аса ынталы. Осы орайда, «Ана құрбандығы»,
«Сыр ақтару», «Кәрілер үйіндегі шалдың мұңы»
деген өлеңдердегі балапандарын қорғаштап жүріп,
жыланның арбауымен оның аузына өзі түсіп,
құрбандық болған ана торғай туралы тәлімді,
кезінде менменсіп, тәкаппарланып, көз салып, сөз
салған жігіттерге қарамай, жастық шағын өткізіп
алып, көк етікті түгіл, көне етіктіге зар болған, салы
суға кетіп, тал қармаған кісінің кейпіне түскен кәрі
қыздың сырын, ит пен мысықтың достығы туралы,
яғни ана мысық аяқасты өліп қалып, артында қалған
мысықайларын сол үйдің иті бауырына басып,
қамқор болғанын баяндайтын хикаяны, қарт әкесін
кәрілер үйіне тапсырған тасжүрек, мейірімсіз,
ұяттан жұрдай, қазақ баласына жат қылыққа бой
алдырған қатыгез ұлдың арсыздығын алға тартқан
көңіл көгенін ағытқан өлең
Оразақын Асқар 1935 жылы Шығыс Түркістан өлкесінің
Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.
Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа
қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда
оқыған. 1951 жылы Үрімжі қаласында ашылған Ұлттар
институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп,
оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті»
редакциясына қызметке тұрған. Бұл жылдары сол газетке
және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана
бастайды.
1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961
жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология
факультетін бітіріп шығады.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология
институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан
Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау
бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында
бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған.
Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен
еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдерінің иегері.
Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының
Құрметті азаматы.
Оразақын Асқар отыздан астам жыр жинақтарының
авторы.
аңсап, армандап жеткен аяулы атамекенге таба-
ны тигенде жүрегі алып-ұшып, керемет қуанышқа
бөленген балаң ақынның көкірегіне ұялаған жыр
құсы шабыттана шырқай жөнелген. содан бергі арада
алпыс жыл өтіп, бүгінде сексеннің сеңгіріне көтерілген
сол оразақын асқар айтулы қаламгерлер санатында
ғұмыр кешуде. осыған дейін жиырма шақты кітабы
жарыққа шыққан екен. мен соның ішінен таңдаулы
өлеңдері топтастырылған төрт томдығына тоқталып,
пікір білдірмекшімін.
жыр жинақтарын бастан-аяқ түгел оқып
шыққаннан кейінгі көкейге оралған түйін:
оразақынның шығармашылығы – қалыпты қазақтың
Достарыңызбен бөлісу: |