Қазақстандық тренд тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мем лекетке: сырттай көзқарас



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата12.01.2017
өлшемі1,53 Mb.
#1751
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

3. Жасырын шаралар
Өкінішке қарай, қолданылатын жасырын тексеру шараларына тек прокурордың рұқсатымен қол 
жеткізуге болады. Бірақ, жасырын шаралар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде реттелетіні – Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің арқасында мүмкін болды (30 т.). Олар адамдардың 
жеке өміріне айтарлықтай араласуды қамтиды, сондай-ақ олардың алғы шарттарын анық белгілеуді та-
лап етеді. Өз мақсатын орындау үшін, «жасырын шаралар» сезіктіден шынында жасырылуы тиіс, бірақ 
осындай шаралардың мүмкін болатындығы және олардың түрлері азаматтарға мәлім болуы тиіс. Осы 
ұйғарымдарды Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізу қандай батылдықты талап еткенін 25.3.2013 
zakon.kz Интернет-платформасындағы мақала көрсетеді. Авторға сәйкес, осы ережелерді Қылмыстық 
іс жүргізу кодексіне енгізу Қазақстан Республикасының Конституциясына және қылмыстық іс жүргізу 
құқығы туралы ғылым негіздеріне қайшы келеді. Автор жаңа ұйғарымдар «мемлекетіміздің тарихи даму-
ын және құқығын елемейді» деп, өз пікірін білдіреді. Сірә, автор үшін жаңа норма енгізілуімен кеңестік 
арнайы қызметтердің «мінсіз әлемі» қирағаны ғой. 
4. Қылмыстық іс жүргізудегі келісімдер 
Неміс қылмыстық іс жүргізу құқығы сияқты, Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық 
іс жүргізудегі келісімдерді көздейді. Мұнда құқықтық мемлекеттілік талаптарына ерекше назар ауда-
ру қажет, өйткені қылмыстық іс жүргізудегі келісімдер қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысын 
жеңілдетеді, сондықтан, тәжірибе бойынша, айыпталушыны қалай болса да осындай келісімді жасасуға 
мәжбүрлеуге еліктіруі мүмкін. Қазақстанның жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексінде мойындау туралы 
шара нысаны және ынтымақтастық туралы келісім нысаны бар  (13 бөлім).
Осыған сәйкес айыпталушы іс бойынша өндірістің әр сатысында іс жүргізу «мойындау нысанындағы 
келісімін» жасасу туралы өтінім бере алады (615 б.). Келісімге прокурормен, айыпталушымен және 

197
оның қорғаушысымен қол қойылады және ол прокурормен сотқа тапсырылады. Келісімде анықтайтын 
қылмыстық-құқықтық норма және прокурор талап ететін жаза шарасы белгіленеді (616 б.). Сонда неге 
Қазақстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексі айыпталушыға жаза көлемі жайында ешқандай «ұсынысты» 
көздемегені және прокурордың жаза көлемі туралы өтінішіне соттың ешқандай байламы болмағаны 
шетелдік бақылаушыға түсініксіз. Соттың істі қарауы дәлелдемелерді тексерусіз жүргізіледі. Бірақ судья 
сотталушының кінәлілігін тексереді  (626 б. 1абз. № 3). Содан кейін үкім шығарылады. 
 Германияда құқықтану, құқықтық саясат және заңнама ұзақ уақыт бойы қылмыстық іс жүргізудегі 
келісімдерге қарсы болды, өйткені олар онда күмәнді «әділдікті саудаға салуды» көретін. Бірақ заңның 
нормаларынсыз соттар мен сотталушылар арасында жасырын келісімдер дамығаннан кейін, заң шығарушы 
2009 жылы тиісті ұйғарымдарды шығарды. Сонымен бірге, ол «шарт» және «келісім» деген сөздердің 
орнына «уағдаластық» деген сөзді пайдаланады (Қылмыстық іс жүргізу кодексі § 257). Соңғысы сот, 
айыпталушы және прокуратура арасында іске асырылады. Сонда айыпталушыға кінәны мойындау ор-
нына жазаның белгіленген шектері ұсынылады. Қолданылатын қылмыстық-құқықтық норма туралы 
келісімдерге рұқсат етілмейді. Осыған қатысты барлық келіссөздерді отырыс хаттамасына енгізу қажет.  
Шындықты табу міндеттілігі қалады, сондықтан кінәны мойындауды тексеру қажет. Шағымданудан бас 
тартумен келісуге болмайды.
Неміс құқығының алғы шарттары «уағдаластықты» қаншалықты жақтаса, қазақстандық құқық нор-
масында көзделген асыра пайдаланудан кепілдіктер соншалықты жеткілікті ме. Сонымен қатар, жаңа 
Қазақстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексінде «ынтымақтастық туралы келісім» бар. Ол айыпталу-
шыдан немесе сотталушыдан ауыр қылмыстарды ашқан кезде және қылмыскерлерді әшкерлеген кезде 
көмек көрсетуді талап етеді. Осы әрекетті есепке алу тек қана осы қылмыскерлерді соттағаннан кейін 
ғана жүргізіледі  (621 б.). Неміс құқығы ауыр қылмысты жасаған қылмыскерлерді өз достарын «сатуға» 
мәжбүрлеуге қатысты күмәнданады. Сондықтан ол тек жазаны жеңілдетуді және тек ауыр қылмысты 
ашқан кездегі «мәнді үлесі үшін» ғана көздейді (Қылмыстық іс жүргізу кодексі § 46).
III. Қорытынды ескертпелер 
Жоғарыда баяндалғанның ішінде жаңа Қазақстанның Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің арқасында 
қазақ және неміс қылмыстық іс жүргізу құқығының кейбір жақындасу сәттері аталып өтті. Тұтас алғанда, 
жаңа Қазақстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексі қазақ және неміс қылмыстық іс жүргізу ғылымы мен 
практикасы арасындағы бұдан арғы жемісті ынтымақтастық үшін жақсы негіз болып табылады. 

198
«Бүкіл халық сайлаған ел басшысы ретінде, мен елдегі жағдайға жауаптымын. Конституцияның, 
онымен көзделген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде, мен барлық 
билік тармақтарының өзара үйлесімді әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін бар күшімді салып келе жа-
тырмын. Биліктің әр тармағы өзіне сеніп жүктелген іс үшін халық алдында толық жауапты болғанын 
қамтамасыз ететін боламын».  
Н.Ә. Назарбаев
Р
есей Федерациясының да, Қазақстан Республикасының да көптеген мемлекеттанушы–ғалымдарының 
зерттеулері конституциялық жауаптылық мәселелеріне арналған. Бұған қарамастан, ғылыми 
қауымдастықта конституциялық жауаптылық табиғатына, оның субъектілері тобына, жауаптылық 
шаралары ретінде қарастырылуы мүмкін құқықтық әсер ету әдістеріне деген көзқарастарда түбегейлі 
қайшылықтар бар деп айтуға болады. 
  Г.В.Ф.Гегельдің пікірі бойынша, мемлекетті және оның басқаруындағыларды ведомстволардың 
және шенеуніктердің билікті асыра пайдалануынан қорғауды қамтамасыз ету тікелей олардың иерар-
хиясында және жауаптылығында тұрады. Заңды жауаптылық түрлерінен нақ конституциялық-құқықтық 
жауаптылық осы рөльге толық сай келеді [1, 334 б.].
Жоғары билік органдарының жауаптылығы мемлекеттік билік тармақтарының дербес тіршілік етуіне 
негізделген, жария биліктің шоғырландырылуына жол бермейтін ерекше тәртіп ретінде билікті бөлу 
людмила ТХАБисиМОВА 
– 
«Пятигорск мемлекеттік лингвистикалық
университет» федералды мемлекеттік
бюджеттік жоғары кәсіптік білім беру
мекемесінің заң институты директорының
ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң
ғылымдарының  докторы, профессор
(Ресей Федерациясы)
РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

199
қағидатынан шығады. «Биліктің бөлінісі – мемлекеттің өмірін басқаруды ұйымдастырудың конституциялық 
қағидаты, оның мәні екі аспектіден тұрады: а) оның бастауы халық болып табылатын бірыңғай мемлекеттік 
билікті, дербес мемлекеттік билік органдары түрлерін, заң шығарушы, атқарушы және сот төрелігін 
ұсынатын үш тармаққа бөлу, олардың арасында өкілеттіктерді бөлу; б) билік функцияларын мемлекеттік 
органдар жүйелерінің деңгейлері бойынша бөлу: мысалы, Ресей Федерациясы жағдайында, - федералды 
деңгей, Ресей Федерациясы субъектілерінің деңгейі және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейі (мемлекеттік 
санат болып табылмаса да, қоғам мүшелерінің өмірін басқаруға қатысатын» [2, 496 б.]. 
Биліктің бөлінісі олардың оқшаулануы емес, қазіргі мемлекеттік практика жария билік тармақтарының 
өзара тығыз іс-қимылына және ынтымақтастығына негізделеді. Биліктің бөлінісі мемлекеттік билік 
тармақтарының сындарлы жұмыс істеуін, өзара іс-қимылын және өзара кірігуін тұспалдайды [3, 3 б.].
Жоғарғы мемлекеттік органдардың конституциялық-құқықтық жауаптылығының ерекшелігі ол 
билікті бөлу саласында болғанында және ол оның нәтижесі болғанында тұрады. Бұл жауаптылық, бір 
тармақтың басқа тармақтың үстіне шығуына жол бермей, биліктің берілген теңгерімін сақтайтын теже-
мелер және тепе-теңдіктер мәнмәтінінде іске асырылады.
Жоғарғы мемлекеттік органдардың конституциялық жауаптылық шаралары өте сирек қолданыла-
тынын атап өту қажет. 
Қолданыстағы заңнаманы талдап, Ресей Федерациясында да, Қазақстан Республикасында да, 
конституциялық нормаларға салынған айтарлықтай әлеуетіне қарамастан, конституциялық жауаптылықты 
қолдану теориясы мен практикасы кемеліне жетуден алыс деп қорытынды жасауға болады. 
Ресей Федерациясының 1993 жылғы және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 
Конституцияларының ерекшеліктерінің бірі – көпшілік саласында, жоғары мемлекеттік органдар 
қызметінде заңдылықты қамтамасыз ететін, заңды жауаптылығының дербес түрі болып есептелетін 
конституциялық жауаптылық шараларын бекіту болып табылады. Президенттер ел басшылары ретінде 
жауаптылыққа және жазаға тартылатыны құқықтық мемлекеттің ең жақсы айғағы болып табылатын факт. 
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы конституциялық жауаптылық 
шаралары ретінде конституциялық санкция түрлерін көздейді: лауазымынан кетіру; құқықтық қатынас 
субъектісінің өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату; саяси партияның (қоғамдық бірлестіктің) қызметін 
тоқтату; саяси партияны (қоғамдық бірлестікті) тарату; азаматтыққа қабылдау туралы шешімді тоқтату 
және өтінішті қабылдамау; депутатты кері шақырту; сайлау құқығын тоқтата тұру. Сонда аталған ша-
ралар тек олар конституциялық деликтке орай әрекет ету әдісі болған жағдайда ғана конституциялық 
санкциялар болып табылады. Біздің ойымызша, ескерту, нормативті актілерді конституция норма-
ларына сәйкес емес деп тану және қол сұғылмастықтан айыру сияқты құқықтық әсер ету шараларын 
конституциялық санкцияларға жатқызу орынсыз болады, өйткені олар конституциялық жауаптылықты 
іске асыру рәсіміндегі тек қана аралық кезең болып табылады. Бұл жағдайда, тек кейбір конституциялық 
санкциялар түрлерін қарап шығамыз. 
Біздің пікірімізше, конституциялық жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттің жария 
жауаптылығының идеясын көрсететін Президенттің – ел басшысының жауаптылығынан бастау қажет.
 В.А. Малиновский белгілегендей, Президенттің конституциялық мәртебесінің міндетті белгісі 
жауаптылық институты болып табылады. Мемлекет басшысын жауаптылыққа тартудың негіздері, 
механизмі және салдары нақты елдегі билікті бөлу қағидатының, республикалық басқару нысанының 
аса маңызды құрастырушылары болып табылады [4, 417 б.]. 
 Д.Л. Златопольский «президенттің жауаптылығы – оның парламентпен өзара қатынасынан шығатын, 
және,сондықтан, оның барлық мемлекеттік органдар жүйесіндегі орнын да, сондай-ақ, мемлекет 
демократизмінің дәрежесін де белгілейтін оның мәртебесінің аса маңызды құрастырушы бөлігі болып 
табылатынына күмәндануға болмайды [5, 18 б.].
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өз президенттік жауаптылық құрылымында 
импичменттің ағылшын-америкалық үлгісін пайдаланды [6, б. 99], ол парламент қабырғаларында айып-

200
тау да жазалау да қосылатын, түрлі палаталармен іске асырылатын толық парламенттік импичмент рәсімі 
атауына ие болды, бұл билік бөлінісінің көрінісі, бірақ бір орган шеңберінде.
Қарасытырылып отырған мемлекеттер басшыларының конституциялық жауаптылығын талдаған кез-
де, Қазақстан Республикасыының Конституциясына сәйкес(47 б. 2 т.) Республиканың Президенті өзінің 
міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап 
береді және сол үшін Парламентпен қызметінен кетірілуі мүмкін. Ресей Федерациясының Президенті РФ 
Конституциясына сәйкес (93 б. 1 т.), Мемлекеттік Думамен тек мемлекетке қарсы опасыздық қана емес, 
басқа да ауыр қылмыс жасағаны туралы айып тағылу негізінде РФ Федералды жиналысының Федералды 
Кеңесімен қызметінен кетірілуі мүмкін. Ауыр қылмыстың қай түрі тұспалданатынын кім біледі. Сонымен 
бірге, ауыр қылмыстар тізбесі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде анықталады. 
1993 жылғы Конституцияны қабылдаған сәтте Ресейде 1961 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексі 
қолданыста болатын, онда 71 б. ауыр қылмыстар аталған болатын. РФ 1996 жылғы Қылмыстық 
кодексінде қылмыстардың жаңа жіктемесі берілген. РФ Қылмыстық кодексінің 15 б. сәйкес онша ауыр 
емес қылмыстарға, орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді [7]. 
Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша РФ Президенті ерекше ауыр қылмыстар үшін жауап беруге тиіс деп 
ойлаймыз. 
Осы мәселенің мәнін түсіну үшін мемлекетке опасыздық жасау деген түсінікті нақтылау қажет. 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы президенті туралы» Конституциялық заңының 
26 б. сәйкес мемлекетке опасыздық жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс 
уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет 
мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан 
Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек 
көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері және сол үшін оны Парламент Конституцияда белгіленген 
тәртіппен қызметінен кетіруі мүмкін [8]. 
РФ Президентіне қатысты, мұнда мемлекетке опасыздық жасауды Қылмыстық кодекстегі мемлекетке 
опасыздық жасау ұғымымен теңдестіруге болмайды. РФ Қылмыстық кодексінің 275 б. сәйкес мемлекет-
ке опасыздық жасау шет мемлекетке, шетел ұйымына немесе олардың өкілдеріне мемлекеттің сыртқы 
қауіпсіздігіне зиян келтіретін көмек көрсету болып табылады. РФ Президенті – жай азамат емес, кең 
өкілеттіктер берілген мемлекет басшысы. «Президенттің мемлекетке опасыздық жасау» қылмыстың 
құрамындағы істер тобы – қылмыстық заңда арнайы ескертілуі тиіс және РФ Қылмыстық заңының 275 б. 
көрсетілген нысандарға сайылмауы тиіс (тыңшылық, мемлекеттік құпияны жариялау, шет мемлекетке, 
шетел ұйымына немесе олардың өкілдеріне Ресейге қарсы дұшпандық әрекетін жүзеге асыруына көмек 
көрсету). Осы мәнмәтінінде РФ Президентінің мемлекетке опасыздық жасауын субъектілік дербестеуде 
мемлекет басшысының ант беруі мәнді рөл атқарар еді. 
Осылайша, РФ Президенті бес жылдан аса бас бостандықтан айыру түріндегі жаза көзделетін 
қасақана қылмысты және одан да қатаң жаза қолданылатын абайсыздан жасалған қылмысты, соның 
ішінде екі және одан көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыстарды жазасыз жасауға құқылы және 
Президент болып қала береді деген қорытынды сұранып тұр. РФ Қылмыстық кодексімен қылмыстық 
жауапкершілікке тартудың ұзақ мерзімдері көзделген: ауыр қылмыс жасалған кезде 10 жыл, ерекше 
ауыр қылмыс жасалған кезде - 15 жыл (РФ АК 78 б.) [9] . Бірақ бұл жай адамдарға қатысты. Прези-
дент ше, егер оны қызметінен кетіру рәсімі созылып кетсе (үш ай бойы), қылмыстық жауаптылыққа 
тартылмағанынан басқа, оның үстіне, РФ Жоғарғы Соты оның әрекеттерінде мемлекетке опасыздық 
жасау немесе ауыр қылмыстық белгілерін танығанына қарамастан, Ресей Федерациясының басшысы 
болып қала береді 
Мемлекет басшысының ықтимал конституциялық жауаптылығының негіздерін қарау Ресей 
Федерациясының заңнамасымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының заңнамасындағы құқыққа 
қарсы әрекеттер тобы шектелгенін де, сондай-ақ аталған әрекеттерді РФ Конституциясында нақтылау 

201
қажеттілігін де дәлелдейді. Сонымен бірге, тиісті нормаларды заңнамада баяндау оларды кеңейтілген 
немесе шектелген түрде түсіндіру мүмкіндігіне жол бермеуге тиіс. 
Бұдан басқа, мемлекет басшысының конституциялық нормаларды бұзатын, бірақ олардың ішінде 
қылмыстың құрамы жоқ әрекеттері (мысалы, РФ Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасын заңсыз 
тарату, осындай шешім қабылдау үшін барлық шарттар орындалған жағдайда, референдум тағайындаудан 
жалтару және т.б.) маңызды қоғамдық қатер төндіреді деген В.О. Лучиннің пікірімен келіспеуге болмай-
ды [10, 12-19 б.].
Ресей Федерациясында РФ бірінші Президентіне импичмент жариялау талпынысы болды. Бұл 
регламенттік нысаны 1999 жылдың маусым айында іске асырылды, онда РФ Федералды Жиналысының 
Мемлекеттік Думасының Кеңес Хатшылығына импичмент туралы мәселені қоюдың себебі болатын 
құжаттар ұсынылды (Б.Н.Ельцинді ауыр қылмыс жасауына байланысты РФ Президенті қызметінен кетіру 
туралы мәселені қоюдың негіздемесі).
«Өз өкілеттіктерін атқаруды тоқтатқан Ресей Федерациясының Президентіне, оның отбасы мүшелеріне 
кепілдіктер туралы» 2001 ж. 12 ақпандағы № 12-ФЗ Федералды Заңның 3-бабына сәйкес [11], РФ бұрынғы 
Президентінің қол сұғылмауышылық құқығы бар және ол РФ Президенті өкілеттіктерін атқарған кезде 
жасаған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды. РФ Контитуциясының 92 б. 2 т. 
негізінде РФ Президенті, отставкаға кетіп, сонымен өзін соттауға болмайтын етіп, кез келген уақытта өз 
өкілеттіктерін тоқтата алады. Бұл жерде, біздің пікіріміз бойынша, заңнамада анық кемістік бар. 
Біздің ойымызша, кез келген қылмысты жасаған РФ Президенті қызметтен кетіру рәсіміне жатуы тиіс. 
Басқаша айтқанда, РФ Президентін қызметтен кетіру негізі ретінде ең аз дегенде «онымен қылмыстық іс 
жасалғанын» көрсету қажет. 
РФ Конституциясының 93-бабымен көзделген РФ Президентін қызметтен кетіру негіздерінің 
жеткіліксіздігі көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттеледі. 
 О.В. Брежневтің пікірінше, РФ Президентін қызметтен кетіру негізі ретінде «ауыр жағдайға әкеп 
соғатын РФ Конституциясын, федералды заңдарды бұзуды» қарастыру қажет [12].
Зыкова Н.С. РФ Президентінің РФ Конституциясына қайшы келетін әрекеттер жасағаны және шешімдер 
шығарғаны үшін қызметінен кетіру нысанындағы толық конституциялық жауаптылық институтын енгізу 
қажет деп есептейді [13, 30 б.]. 
Ресейдегі билік органының жоғары федералды органдары жауаптылығының констиуциялық схе-
масы барлық ғылыми әлемде әрқашан сынға алынатын. Бірнеше сатыдан тұратын - РФ Федералды 
Жиналысының Мемлекеттік Думасымен айып тағу, РФ Жоғарғы Сотының және Конституциялық Сотының 
сараптамалық қорытынды беруі, Федералды Жиналысының Федерация Кеңесімен қызметінен кетіру ту-
ралы шешімді үш айлық мерзімде қабылдауы – оны қызметінен кетіру рәсімінің рабайсыздығынан РФ 
Президентінің жауаптылығы қолжетімсіз деуге болады. 
Бірақ президент – бұл мемлекеттік егемендікті іске асыратын ел басшысы, оның ұлттық мүдделерді 
қамтамасыз етуге бағытталған қызметі әдептілікті талап етеді. Мемлекет басшысының импичменті 
әрқашан өте сирек қолданылатын ең ақырғы жауаптылық шарасы деп есептеледі. Еуропада, мысалы, тек 
бір ғана президент қызметінен кетірілді, Бұл Литва Республикасының Президенті Роландас Паксас, ол 
2004 жылы Литван Конституциясын үш тармағы бойынша бұзғаны үшін – ресей кәсіпкері Борисовқа лит-
ва азаматтығын бергені үшін, мемлекеттік құпиялылықты сақтауын қамтамасыз етпегені үшін және жеке 
бизнеске заңсыз араласуы үшін Литва Сеймімен қызметінен кетірілді [14, 20 б.].
 Біздің ойымызша, импичмент сияқты осындай конституциялық жауаптылық шарасы, профилактика-
лық шара ретінде қабылданады, ол ел басшыларын тек заңды басшылыққа алуға мәжбүрлейді. 
Ел басшысының жауаптылығы туралы конституциялық нормаларды талдай отырып, Ресей 
Федерациясының заңнамасымен салыстырғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық 
жауаптылық негіздері оған қарағанда санаулы деген қорытындыға келуге болады, өйткені Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік құрылымының нысаны және басқару нысаны саяси биліктің мемлекет бас-

202
шысы қолында барынша шоғырландырылуын тұспалдайды. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 
заңнамалық тәртіпте белгіленген жеке өзі конституциялық құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай 
да бір әрекеттерін оларға қатысты тиісті жауаптылық шараларды қолдана отырып, конституциялық де-
ликт деп тану құқығымен расталады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің және Ресей Федерациясы Президентінің конституциялық 
жауаптылығының негіздерін белгілейтін конституциялық нормалардың анық жеткіліксіздігін ескере 
отырып, кеңейтілген немесе шектелген түсіндіруді жібермеу мақсатында, тиісті түзетулерді енгізу жолы-
мен оларды барынша нақтылау орынды болар еді. 
Қазақстан Республикасының да, Ресей Федерациясының да сот арқылы конституциялық бақылау 
органдарының конституциялық жауаптылықты іске асыру мақсатындағы ерекше рөлін атап өтпеске бол-
майды. Бұл жерде аталған органдардың мына функцияларды орындауы туралы айтуға болады: 
- мемлекет басшысына айып тағу тәртібінің сақталуын тексеру; 
- конституциялық жауаптылықтың жазалау функциясының іске асырылуының шарты ретінде 
мемлекеттік билік органдарының нормативті актілерінің конституцияға сәйкестігін не сәйкессіздігін 
белгілеу; 
- конституциялық құқықтық қатынастар субъектілерінің конституциялық міндеттерін анық белгілеу 
мақсатында конституциялық нормаларды түсіндіру; 
- құқықтық әсер ету шараларын конституциялық жауаптылық шараларына жатқызу негіздерін 
нақтылау. 
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының сот арқылы конституциялық бақылау 
органдарының қызметін қарастырғанда, олар түрлі өкілеттілік көлемімен сипатталатынын белгілеуге 
болады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, оның РФ Конституциялық Сотынан ай-
ырмасы, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде Парламентпен қабылданған заңдарды 
ҚР Президентінің қолы қойылмай тұрып, олардың ҚР Конституциясына сәйкестігін анықтау арқылы 
алдын ала конституциялық бақылауды жүзеге асыруға құқылы болуында. Осыған сүйене отырып, РФ 
Констиуциялық Сотының құқықтық актілерді алдын ала бақылау рәсімін іске асыру құқығын заңды 
түрде бекітуі орынды болар еді. 
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына және құқықтық док-
тринасына тән проблема лауазымды тұлғалар мен конституциялық құқықтық қатынастардың алқалы 
субъектілерінің конституциялық жауаптылығының заңда анық реттелмеуі болып табылады. Осыған орай, 
алқалы органның, осы ретте Парламент, Үкіметтің және басқа да билік органдарының кінәсін, оларға 
аталған органның шешімдерінің орындалуын бақылау заңмен тікелей жүктелген жағдайларда, оның лау-
азымды тұлғаларының кінәсы арқылы белгіленуі қажет.
Заң шығарушы органдардың конституциялық жауаптылық шараларына қатысты, Президенттің 
Үкіметке сенім білдіру мәселелері бойынша Парламентті тарату шектен тыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ 
Парламентті тарату себебі Парламент пен Үкімет арасындағы сенім дағдарысы болып табылады, оны 
шешу үшін Конституция мемлекеттік билік органдарының келісімді жұмысын және өзара іс қимылын 
қамтамасыз етудің конституциялық міндетін мемлекет басшысы ретінде Президентке сеніп тапсырады. 
Президент, Парламентті таратып, сонымен оның ұстанымдарымен келіспейтінін білдіреді, Үкіметпен да-
уда оны кінәлы деп таниды. Бірақ Үкіметтің отставкасы Парламентті таратуға балама болып табылады, 
оны Президент өткізуге құқылы. Бұл дауды ашық қалдыруға болмайды. Парламент тарапынан Үкіметке 
сенімсіздік жағдайында, Парламент үкіметтің заң жобаларын қабылдамайды, ал бұл заң шығармашылық 
және, тіпті мемлекеттік қызметті де тоқтатуы мүмкін. 
Заң шығармашылығы және парламент қызметінің практикасы оның екі жауаптылық түрін белгілеуге 
негіз береді: саяси және құқықтық. Сонда ол депутаттың, палаталардың төрағаларының және тұтас 
Парламенттің құқықтық жауаптылығын таниды [15, 334, 339 б.]. Бұл пікір аталған құқықтық қатынастар 
субъектілерінің заңды жауаптылығына қатысты әділ болады, бірақ оны конституциялық жауаптылық 

203
ұғымына қолдануға болар ма екен. Қазақстан Республикасы Президенті екі рет жүгінген, 2007 және 2011 
жылдары, Парламент Мәжілісін таратуды осылай түсіндіруге болмайды. Бірінші жағдайда ол 2007 жылғы 
21 мамырдағы конституциялық реформаның нәтижелерін тездетіп іске асыру қажеттілігімен байланысты 
болды. Екінші жағдайда – депутаттық корпус құрамын нақты көппартиялыққа сәйкес келтірумен байла-
нысты, 2012 жылғы сайлау қорытындысы бойынша Мәжіліс үш партиялық (бір партиялықтың орнына) 
болып шықты. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына сәйкес Парламент депутаты Қазақстаннан 
тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады. 
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мәжіліс депутатын мандаттан айыру негіздерін де белгілейді: 
- біріншіден, депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе 
шығарылған;
- екіншіден, конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі 
бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Бұдан басқа, Парламент және Парламент Мәжілісі 
депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда 
тоқтатылады. Бірақ аталған негіздердің бірінде де конституциялық құқық бұзушылықтың заңды құрамы 
жоқ, осыған орай, олар конституциялық деликт болып танылмайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет