и.и. Рогов
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің Төрағасы
10
К
онституциялық реформалар саласында түрлі мемлекеттермен ынтымақтасу – Венециандық
Комиссияның басты бағыттарының бірі. Соңғы 23 жыл ішінде еуропалық мемлекеттердің көбі
конституциялық реформалар және Конституцияның мәтінін жазу бойынша консультациялар
алды. Тарихи, экономикалық немесе мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, конституциялық
реформалардың кейбір бәріне ортақ белгілері бар.
Сірә, қабылдау сәтіне Конституция парламент пен қоғамның түрлі топтары арасындағы консенсуске
негізделуі тиіс. Көптеген елдерде бұл бұрынғы интситуциалдық нысаннан ортақ ниет пен келісімділікті
талап ететін жаңа нысанға ауысуды білдіреді.
Конституциялардың көбі биліктің тармақтарға бөлінуіне, оларды құрметтеу бейбітшілік пен
тұрақтылыққа мүмкіндік жасайтын негізгі құқықтарды, принциптерді, конституциялық құндылықтарды
қорғаудың кепілі болады.
Конституция бөлмей, біріктіруге тиіс, сондықтан Конституцияның елдегі жаңа өзгерістерге және сын-
қатерлерге орай әрекет ететін құралдары болуы тиіс.
Әр елдің өз тарихы, мәдениеті және Конституцияны қабылдау тәжірибесі бар. Дегенмен, түрлі
мемлекеттердің табысты тәжірибесімен алмасу - маңызды қажеттілік.
Еуропада Венециандық Комиссия, Еуропаның бүгінгі бейнесін құруға мүмкіндік беріп, ерекшеліктер
мен жалпы сипаттарын ескере отырып, идеяларды, жетістіктерді және құныдылықтарды туындататын бу-
фер рөлін атқарады.
Нағыз демократия, құқықтарды қорғау, заңдылық, – өз бетімен елдің ішінде де, сондай-ақ, басқа
елдермен де бейбітшілікті және тұрақтылықты сақтауға қажетті құндылықтар.
Қазақстан 2012 жылы Венециандық Комиссияның мүшесі болып, 10 жыл бұрын онымен ынтымақтастықты
бастаған. Венециандық Комиссияға қосылып Қазақстан Венециандық Комиссияның көмегімен демократи-
яны, адамның құқықтары мен заңдылықты жылжытуға өз дайындығын білдірді. Венециандық Комиссия мен
I. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Джанни БуКиККиО
–
Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы
демократия үшін Еуропалық комиссиясының
(Венециандық Комиссияның) Президенті
11
Қазақстанның ынтымақтастығы басқа мемлекеттерге жақсы үлгі болып табылады. 2012 жылы Қазақстан
Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп арнайы бағдарлама қабылданды. Сондай-
ақ, сот төрелігі, халықаралық шарттарды имплентациялау және адам құқықтарын қорғау саласындағы
бірсыпыра өте маңызды проблемалар бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстанның өкілдері Комиссиямен
ұйымдастырылған бірнеше көп тарапты кездесулерге белсенді қатысты.
Комиссия Қазақстанмен бұдан былайғы ынтымақтастыққа да мүдделі. Мен құқық төрелігі, қылмыстық
іс жүргізу саласындағы құқықтық реформаларды халықарарлық стандарттарға сәйкес келтіру үшін
Комиссияның тәжірибесі Қазақстанға пайдалы болатынына сенімдімін. Бұның үстіне, жүргізілетін ре-
формалар қазақстандық тараптың қатысуымен дайындалған Іс-шаралар жоспары негізінде, Еуропалық
Кеңестің қолдауын табуы мүмкін.
Комиссияның оның мүшелерімен негізгі ынтымақтастығы нысандарының бірі пікірлерді дайындау
және олармен алмасу болып табылады. Осындай ынтымақтастық нысаны Қазақстанмен Комиссия мүшесі
қатарына қабылдаудан бұрын ұйымдастырылған болатын.
2007 жылы Венециандық Комиссия Омбудсмен институтына қатысты өз қорытындысын дайында-
ды, бұл Комиссияға Конституциялық Кеңес пен Омбудсмен арасындағы қатынастарды қалыптастыруға
тікелей қатысуға мүмкіндік берді.
Венециандық Комиссияның 2011 жылдағы пікірі сот жүйесіне қатысты конституциялық нормаларды
бағалаған кезде есепке алынғаны маған ұнайды. Тәуелсіз сот төрелігінсіз бір де бір демократия табысқа
жете алмайды.
Заңнамалық, атқарушылық және сот биліктері адамның құқықтарын қорғау саласындағы реформа-
ларды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін маңызды. Осы тұрғыда сот
төрелігі азаматтармен Конституцияны және заңдарды сақтауын қамтамасыз етуден басқа, азаматтардың
құқықтарын қорғаудың кепілі болады.
Сот төрелігінің жаңартылған нысаны конституциялық принциптерге негізделуі тиіс. Біз реформалар
әлі жалғастырылып жатқанын білеміз және Қазақстан біздің әріптестік қатынастарымызға сене алады.
Конституциялық сот төрелігінің демократиялық құндылықтарды қамтамасыз етудегі рөлі іргелі.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Комиссиямен өз ынтымақтастығын тұрақты негізде бастаған бірінші
институт болды.
Қандай да бір басқа заңды құжаттарға қарағанда, Конституция оларды жүзеге асыруға Конституциялық
Кеңес қатысатын қоғам құндылықтарын негізге алады және Конституцияны қорғауды қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, әр судья, әр полиция қызметкері, әр мемлекеттік қызметші құндылықтарды қамтамасыз ету-
ге қатысуы тиіс.
Конституциялық Кеңес халықаралық деңгейде тәжірибе мен пікір алмасуға белсенді қатысады және
мен Кеңестің Конституциялық сот төрелігі жөніндегі әлемдік конференцияның мүшесі болу жайындағы
шешімін мақұлдағым келеді.
Қазақстан оның негізі көпшілік мақұлдаған стандарттар мен еуропалық демократия тәжірибесі болған
демократиялық қоғамды құруға бағытталған бірнеше реформаларды бастады. Идеялармен алмасу сөз бен
саяси көзқарастардың шектелмеген бостандығын білдіреді, бұл демократияны құру үшін аса маңызды.
Демократияны құру үрдісі азапты және көпшілік пен оппозицияның консенсусын, саяси даналығын талап
етеді. Сонымен бірге, пікірлер плюрализмі Қазақстанның конституциялық дамуында маңызды рөл атқарады,
экономикалық өсу серпінін қамтамасыз етеді және ішкі тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік жасайды.
Мен Конституцияда бекітілген адам құқықтарын қорғау құралдарын жетілдіру мақсатында
Қазақстандағы заңнамалық, атқарушылық және сот билігін реформалау одан әрі жалғасатынына
сенімдімін. Осы реформалар қоғамдағы тұрақтылықты және келісімді сақтау үшін маңызды.
Мен Қазақстанның құқықтық реформалар саласындағы белсенді ынтымақтастығын қолдаймын. Реформа-
ларды жалғастыру және ортақ іске қатысу үшін Венециандық Комиссия Қазақстанның қарамағында қалады.
12
М
ен және менің әріптестерім біздің көптеген зерттеулерімізде қазіргі конституционализмнің
гносеологиялық және аксиологиялық негіздерін анықтауға және ол бойынша
конституциона-
лизм ұғымын конституциялық құқықтың негізгі принциптерінің бірі ретінде емес, тұтас
қазіргі құқықтың іргелі принципі ретінде қабылдау қажет болатын тұжырымдаманы ұсынуға
тырыстық [1]. Қоғамдық келісіммен орнатылған демократиялық және құқықтық тәртіптің іргелі
ережелерінің бар болуы, олардың объективті және тіршілік ақиқаты ретінде қоғам өмірінде, әр
индивидумның азаматтық тәртібінде, мемлекеттік билік уәкілеттігін жүзеге асыру барысында бар
болуы қазіргі конституционализм болып табылатынын белгілеуге болады.
Құқықтың негізгі санаттар жүйесінің өзі, әлеуметтік-мәдени эволюциямен қатар, жаңа бейнеге
және сипатқа ие болады. Осы жүйеде
«конституционализм» ұғымы қоғамның әлеуметтік тәртібінің
жалпықұқықтық принципі ретінде түбегейлі мағынанға ие болады. Бұл ұғым қоғамдық қатынастарды
конституционалдаумен
және конституциялық мәдениеттің жаңа сапалы түрлерімен ажырағысыз
байланысты.
«Конституционализм» – бұл негізгі конституциялық құндылықтар мен принциптердің нақты
қоғам өмірінде жүйелік, қоғаммен жете түсінілген, саналы бар болуы, барлық құқықтық жүйе
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНҒАН
КОНСТИТУЦИАЛИЗМНІҢ АКСЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Гагик АРуТЮНЯН
–
Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін
Еуропалық комиссиясы (Венециандық Комиссия)
бюросының мүшесі, Армения Республикасының
Конституциялық Сотының төрағасы,
Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау
органдары конференциясының төрағасы,
заң ғылымдарының докторы, профессор
13
осыған негізделеді. Осы қағидаттың нормативті сипаттамалары барлық құқық пен қоғамдық қатынастар
жүйесінде құқықтар мен бостандықтарды саналы іске асыру үшін қажетті және жеткілікті құқықтық
кепілдіктердің бар болуын болжайды. Құқықтық мемлекетте кез келген құқық нормасы адам мен
мемлекеттің конституциялық өзара келісілген құқықтық тәртіп жүйесінің элементі ретінде байқалуы тиіс.
Конституционализм ұғымын конституциялық құқықтың негізгі принциптерінің бірі ретінде
емес, тұтас құқықтың іргелі принципі ретінде қабылдау қажет. Бұл, ең алдымен, оған қоғам талпы-
нуы тиіс өркениетті өзін-өзі реттеу идеалы.
Құқықтық мемлекетте құқықтың адамдардың қоғамдық өміріндегі қажетті бостандық, теңдік және
әділдік нысандары ретінде, олардың серпінді әлеуметтік ортада қатар өмір сүру негізі ретінде болуы
адам өмірінде жаңа рөлді атқарады. Әрине, құқықтық мемлекеттің мәні құқықтың ұстемдігін тануда және
билікті құқықпен шектеу арқылы бостандықтың кепілі болуда. Әлеуметтік қоғам саналы және қоғамдық
келісім мен осы принцип және одан шығатын бағалық-жүйелік критерийлер негізінде өмір сүруге және
ойын іске асыруға ниет білдірген жағдайда, осы теориялық ұғым нақты мазмұнына ие болады.
Олардың
жиынтығы әр нақты қоғамның конституциялық құрылымының негізі болып табылады. Құқықтық
мемлекетте құқықтың мән ретіндегі және оқиға ретіндегі ұғымы тиісті конституционализм деңгейімен
сипатталады. Заң мен құқықтың диалектикасы да, Конституция мен конституционализмнің арақатынасы
да осыған байланысты.
Конституционализм қоғамның белгілі даму деңгейіндегі құқықтың іргелі принципі ретінде
құқықтық реттеудің жүйе құрушы және әмбебап сипатына ие болады, құқықтың ұстемдігіне
кепіл болудың және қамтамасыз етудің құқықтық мазмұнын және адам құқықтарының тікелей
әрекетін білдіреді және нақтылайды, құқықтық субъектілер тәртібі заңдылығының критерийі
ретінде шығады, құқық шығару және құқықты қолдану қызметінің негізгі басы, осы қоғамның тари-
хи дамуының нәтижесі болып табылады.
Конституционализм, құқықтық тақырыптың бейнесі ретінде, тиісті әлеуметтік-мәдени
құндылықтар жүйесі негізінде әлеуметтік бостандықтарды және қоғамдық келісімді танудың
белгілі бір эволюциясына жеткен әлеуметтік жүйелерге тән. Конституционализмді кез кел-
ген өзгерту - бұл қоғамның негізі болатын конституциялық құндылықтарды және принциптерді
бұрмалау, қоғамдық тұрмыстың әлеуметтік- мәдени құндылықтары жүйесіне қатысты жалпыға бірдей
келісімнен ауытқу.
Әсіресе қоғамдық тарнсформациялау жағдайында конституционализмнің түрін өзгерту
тұрақсызданудың және әлеуметтік катаклизмдердің басты факторлары болып шығады. Оларды еңсеру
мақсатты және үздіксіз конституциялық диагностика негізіндегі пәрменді және жүйелік конституциялық
мониторингінің бар болуын талап етеді.
2010 жылғы тамыз айында Астана қаласында сөз сөйлеген кезде, мен Қазақстанда трансформацияланған
конституционализмді бекітудің оңтайлы және эволюциалық жолдары сәтті табылғаны туралы баса айт-
тым, бұл басқа өтпелі елдер үшін де үлгі тұтарлық және аса пайдалы болады.
Сонда да, кейінгі жылдары да біз Ата Заңға барлық елдің айтулы көзқарасының куәгері болдық. Мен
сонда қадірменді Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Конференциядағы және Конституция
құрметіне арналған салтанатты шеру күніндегі сөздері - бүгінгі сын-қатерлердің мәнін түбегейлі қорыту
және жүйелік тарнсформация проблемаларына дұрыс көзқарас ретінде транзитология оқулықтарына
енгізуге лайық екенін атап өткенмін.
2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Казахстанская правда» газетінде Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің
20 жылдығымен құттықтап, мен тәуелсіздік кеңестен кейінгі республикаларды ұлттық жандандыру
үшін айтарлықтай мүмкіндіктерді ашқаны туралы баса айттым. Дегенмен, осы мүмкіндіктерді өте
сауатты және епті пайдалану қажет. Халық даналығы
бостандық – өз тағдырына билік ете білудің
құдіретті сынағы деп айтады.
14
Кеңес Одағы күйрегеннен кейін біздің барлық елдерімізге өз философиясын, қоғамдық
трансформацияның функционалды және институционалды негіздерін орнатуға өз көзқарастарын
таңдауға тура келді. Ал бұл нақты құндылық-жүйелік вакуумы жағдайындағы тарихи аса күрделі про-
цесс. Бүкіл әлем бүгін, біздің ойымызша, түбегейлі аксиологиялық сипаты бар жүйелік дағдарыстың бо-
лып көрмеген сын-қатерлері алдында тұрғаны туралы асырмай айтуға болады.
Осындай жағдайда Қазақстан да жан-жақты тиянақты, ойластыр
тұрақты-тиімді эволюциялық даму
жолын таңдап, өз таңдауын жасады. Бұл Қазақстандағы трансформациялық конституционализмнің негізгі
ерекшелігі. Бұл елді масқатты, тұрақты және серпінді дамытудың мықты жүйе құрушы экзогенді және
эндогенді алғышарттарын жасауға бағытталған ел Президентінің аса маңызды Жолдаулары негізіндегі
халықтың саналы таңдауы.
Қазақстан
конституциялық романтизм мен идеализмнен құтыла алғаны және Конституция мен
тұтас құқықтық жүйе арасындағы, тарихи және бүгінгі ақиқат арасындағы қақтығысты еңсере
отырып, қоғамдық қатынастарды бірізді конституционалдау жолын таңдағаны даусыз тарихи факт бо-
лып табылады.
Біздің елдеріміздегі трансформациялық конституционализмнің қалыптасу процестерін салыстырма-
лы талдау, олардың барлық талқандаушы салдарларымен қоғамдық катаклизмдерді және әр текті түсті
революцияларды болдырмау үшін, ең алдымен, конституционализмді қоғамда бекітуге ақиқат көзқарас
қажет екенін дәлелді көрсетеді.
Өмір құқықтық мемлекетті құру қағидатына,
қазақ халқы құндылықтарының әлеуметтік мәдени
жүйесін ескере отырып, Конституцияның және құқықтың үстемдігін қамтамасыз етуіне негізделген
қазақ конституционализмі қоғамда қалыптасқан тарихи ақиқаттарға толық сәйкес келетінін және ел
дамуының мықты негізі болатынын дәлелді көрсетті.
Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ішінде
әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы құрылғанын дәлелдейтін тарихи факт. Сонымен бірге, ел
Президентімен ұсынылған Жалпыға Бірдей Еңбек Қоғамына жетудің жаңа тұжырымдамасы ары қарай
дамудың кең мүмкіндіктерін ашудан басқа, бүгінгі замандағы әлеуметтік катаклизмдерді еңсерудің іргелі
көзқарасына айналды.
Осы тұжырымдама бойынша әлеуметтік жаңғыртудың мақсаты мен мәні – қоғамды жаңа
индустриалды-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындауда, Қазақстанды үдемелі
экономикалық дамыту мен қоғамдық игілікті кеңінен қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы теңгерімді
табуда, құқық және әділдік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуде. Бұл, біздің
пікірімізше, елде қазіргі заманғы контситуционализмді орнатудың терең мағыналы және дұрыс
жолы.
1977 жылы мен Белград университетінде ғылыми сынақтан өттім. Сол кезде Қытай мен ЮСФР ара-
сында жеткілікті өзара достық қатынастары орнатылған болатын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚХР-да
орын тапқан процестерді, Дэн Сяопиннің елді жүйелік реформалау жөніндегі жаңа идеяларын зерттей
бастадым. Бүгін жасалған қадамдарды, көзқарастар жүйелілігін, қоғамдық өзгерістердің бағдарламалық
–нысаналы бағытын ұғыну тереңдігін ескере отырып, осы үрдістер мен Қазақстандағы өзгерістерді
қисынды қатарластыра салыстыруға болады.
Қазақстан, бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдері сияқты, «қоғамдық жер сілкінісінен»
кейін қиын жағдайға ұшырады. Хаос пен құлдырауды болдырмау, азаматтық бейбітшілікті сақтау
және елді серпінді дамытудың іргетасын қалау үшін, құндылықты-жүйелік белгісіздіктен келе-
шекке көзделген дұрыс, баламасы жоқ шығу жолын табу үшін зор даналық, көрегендік, ерлік пен
батылдық қажет болған.
Өкінішке орай, кейбір кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде мұның сәті түскен жоқ. Бүгінгі
ақиқат қоғамдық дамудың әлеуметтік бағдарларын бірыңғай бағалық-жүйелік түсіну болмағандығы;
тұжырымдаманы таңдаудағы белгісіздік; жоспарларды жүзеге асырудағы елеулі қателер және
15
олқылықтар; жеке және қоғамдық мүдделерді шеттету; сенім дағдарысының тереңдеуі; саясат пен
қабылданатын шешімдердің конституционалдығы арасындағы антагонизм және басқалар қоғамдық
трансформациялау жағдайында үстем болып қала бергенін дәлелдейді. Осының барлығы, сондай-ақ, же-
келеген елдердегі тоқталмай отырған қантөгіс, біздің елдерде жиырмажылдық тәуелсіз конституциялық
дамудан кейін қалыптасқан ақиқатты қайта түсінуді талап етеді.
Комммунизмнен кейінгі елдердегі жүйелік трансформациялау механизмдерін зерттеу, Қазақстанның
сапалы ерекшелігі, ең алдымен, онда іргелі, стратегиялық жоспарлау қағидаттарына негізделген ел
Президенті Жолдаулары негізінде мақсатты, тұрақты және серпінді дамудың мықты жүйе құрушы
алғышарттары құрылғанында болғанын көрсетеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын,
2050 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарын, елдің әлемнің 30 бәсекеге қабілетті және ең дамыған
елдері қатарына кіру стратегиясын, ұлттық «Болашақ» бағдарламасын және басқаларды атап өтуге
болады. Осы стратегиялық құжаттар халыққа
анық перспективаны және ашықтықты бере отырып,
өзін-өзі іске асырудың және тәуелсіз мемлекеттілікті қалыптастырудың тарихи маңызды үрдісіне қатысу
мүмкіндігін берді. Ал бұның тұтас қоғамды да, сондай-ақ, әр тұлғаның әлеуметтік тәртібін де жүйелік-
бағалық өзгерту үшін ерекше мағынасы бар.
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ – бұл адамды және
нағыз азаматтық жұмыста, оқуда, күнделікті тұрмыста өзін-өзі көрсету үшін түбегейлі ынталандырудың,
сондай-ақ мемлекеттік стартегиялық бағдарламаларды табысты іске асырудың кепілі болып табылады.
Қазақстанның балаларға, жастарға, оқуға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, әлеуметтік проблемаларды
шешуге, бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық экономиканы құруға деген көзқарасы, жаһанды
ықпалдастыру процестері саласындағы ынта-жігері және маңызды бастамалары бірегей жасампаздық
және шығармашылық шарықтау ахуалын қалыптастырды.
Көп жылдар бойы мен «Конституциялық мәдениет: тарихи сабақтар және уақыттың сын-қатерлері»
монографиясымен шұғылдандым. Конституционализмнің әлемдік тәжірибесін зерттедім. Және
Қазақстандағы конституциялық дамудың оң серпінділігі, Ата Заң жайында қалыптасқан жалпыұлттық
көзқарас елдің болашақ табыстарының негізгі кепілдіктерінің бірі болатынына сенімдімін. Қазақстан
осы тынышсыз және үрейлі әлемде трансформациялық қиыншылықтарды еңсерудің лайықты жолын та-
уып, тұрақты және өркениетті мемлекеттілікті қалыптастырудың берік негізін құрғанын ұрпақтар мақтан
тұтатын болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР:
Арутюнян Г.Г. Конституционализм: сабақтар, сын-қатерлер, кепілдіктер. – Киев: «Логос», 2011; Ару-
тюнян Г.Г. Конституциялық мәдениеттің тарихи эволюциясы мәнмәтініндегі конституционализмнің
акциологиялық түп негізі. «Философия права Пятикнижия» жинағында (А.А. Гусейновтің және Е.Б.
Рашковскийдің ред.). – М., 2012. – С. 70-82; Арутюнян Г. Конституционализм құқықтық мемлекеттегі
құқықтың іргелі қағидаты ретінде // «Конституциялық сот төрелігі» халықаралық хабаршысы.
2012, 1(55). – С. 5-16; New Millennium Constitutionalism: Paradigms of Reality and Challenges. Published on
the Initiative and with a Foreword of Dr. G.G. HARUTYUNYAN. Yerevan, 2013.
16
Ә
лемдегі күннен күнге үдей түскен тұрақсыздық жағдайында және осындай өте күрделі өңірде
Қазақстан демократияға эволюциялық жолмен жүріп келе жатқан тұрақты ел болып табылады.
1995 жылғы Конституция осы ілгері дамудың негізі. Бұл елді саяси реформаларға және жаңғыртуға
әкелудің критерийі, және ол әлі де дұрыс жолды көрсетуде.
Конституцияны жалпыхалықтық референдумда қабылдаған уақыттан бері жиырма жыл өтті, және
құқықтың үстемдігін орнату мен саяси эволюция жолымен жылжуда ілгері дамуға қол жеткені тура-
лы айтуға болады. Анық және әділ құқық үстемдігінің үдемелі экономикалық, саяси және әлеуметтік
даму үшін іргелі мағынасы бар. Демек, «Қазақстан 2050» Стратегиясын ойдағыдай іске асыру
үшін құқықтық тәртіпті жетілдірудің маңызы зор болады. Оның, сондай-ақ, Қазақстан жаһандық
және өңірлік саяси сахнада сенімді әріптес болып табылатынынан басқа, оның бизнесті, маңызды
кездесулерді жүргізу үшін, өмір үшін қызықты және тартымды ел болып табылатынын көрсету үшін
тіршілікке қажетті маңызы да бар.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАЗАҚСТАН
АМБИЦИЯСЫНЫҢ ӨЗЕГІ
Тони БлЭР
–
Ұлыбританияның Премьер-Министрі
(1997-2007 жж.)
17
Реформаларды жүргізу жөніндегі заңнамалық бастама құқығын белгілейтін және құқықтық
жетілдіру мүмкіндіктеріне шоғырланатын құқықтық саясаттың тұжырымдамалық жобасы арқылы
елеулі прогресске қол жетті. Үлгі ретінде мемлекеттің сатып алу саласында әділдікті және ашықтықты
орнату мақсатында өзгерістерді енгізу жөніндегі ұсыныстарын келтіруге болады. Келесі қадам
институттардың, бизнестің, азаматтарға білім беру саласының құқықтары мен міндеттерін бекітуді
жалғастыру болып табылуы тиіс. Жетілдіру ашық және тәуелсіз және болжамды сот процестері үшін
жол ашатын конституциялық заңды, бизнес үшін әділ құқықтық негізді орнататын қазіргі заманғы
коммерциялық кодексті, дауларды шешудің балама механизмдерін, ашық және тиімді іс жүргізу нор-
маларын нығайтуды және т.б қамтуы тиіс.
Барлық істерде ашықтықтың маңызы зор. Бұл тиімді институционалдық мемлекеттік басқаруды
бекітуге негізгі қадам. Сот шешімдерін анық орындау, төрелік құқықтары және әкімшілік іс жүргізу
кодексін енгізу бойынша прогреске қол жеткізілді. Жетілдіруге жататын салаларды айқындау және тиісті
заңнаманы қабылдау маңызды қадам болып табылады, алайда, осы шараларды енгізу азаматтар және
бизнес-кәсіпорындар үшін шынында өте маңызды. Нақты өзгерістер үшін, шаралар тиімді іске асырылуы
тиіс. Қазақстан тиісті заңнаманы шығару үшін ғана емес, сол заңнаманы шынында және тұтас барлық ел
ішінде іске асыру үшін қадам басты. Сонымен бірге, заңдарды бірыңғай енгізу кез келген елде, әсіресе,
Қазақстан сияқты үлкен және алуан түрлі елде күрделі міндет болып табылады. Мен Қазақстанды, заңдарды
күнделікті шындыққа айналдыру жеңіл тимейтініне және күш салуды талап ететініне қарамастан, өз
мақсаттарына бет алуға, сондай-ақ, Конституцияның рухына және әрпіне сәйкес, өзінің барлық азамат-
тары және бизнестің салалары үшін құқықтың үстемдігін нақты орнатудағы өз іждағатын жалғастыруға
және жеделдетуге шақырамын.
1995 жылғы Конституциямен шабыттанған саяси өзгерістердің эволюциясы сайланған парламенттің
рөлін нығайтуды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларда және саяси, экономикалық және қаржылық
орталықсыздандыру бағытында жасалатын қадамдарда байқалуы мүмкін. Өңірлік қарбаластық болған
жерлерде, проблемалардың тек симптомдарына ғана емес, негізгі себептеріне де назар аударылып, олар
шешіледі. Сонымен бірге, Конституция бүкіл Қазақстанды, және барлық қазақстандықтарды қамтитын
бірліктің абсолютті нышаны болып табылады.
Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде жеткен прогресті тойлауда, бірақ ел осы жетістіктермен тоқтап
қалмауы тиіс. Қазақстан халқының игілігі үшін осы өзгерістерді жалғастыру қажет. Бұл ерлік пен
батылдықты талап етеді. Зор мүмкіндіктер мен мұнан былайғы істер әрқашан бола береді.
Қазақстан осы тұрақты саяси және экономикалық даму жолын қабылдауда айтарлықтай табысқа
жете алады. Елдің Конституциясы реформалау және жетілдіру үшін басшылық ретінде шын ықыласты
қызмет етуге, сондай-ақ, онда Қазақстан және оның азаматтары өз өсімін және дамуын жалғастыра ала-
тын әділ және болжамды құқықтық жүйесін қамтамасыз етуге тиіс.
18
Ж
ан басына шаққандағы ІЖӨ тұрғысынан Қазақстан келешекте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
қатарындағы ең бай ел болады. Бұл беталыс Қазақстанның оның тәуелсіздігінен бастап
экономикалық өсімге жету және әлемге ашылу үшін жұмсаған ерекше күш-жігерін көрсетеді.
Шынында, тәуелсіздікті алған жылдары Қазақстанның келешегі соншалықты үміттендіретіндей болып
көрінген жоқ. Кеңес Одағы күйрегеннен кейін мемлекетке жаңа мекемелерді және жаңа экономикалық
және әлеуметтік құрылымдарды нөлден бастап құруға тура келді.
Екі онжылдық аралығында ел, 2000 ж. мен 2013 ж. аралығындағы 8% жақын жылсайынғы орта көрсеткішімен
ІЖӨ-нің жоғары өсім қарқынына және Адами әлеуетін дамыту индексін 2000 ж. 0.663-ден 2012 ж. 0.754-ге дейін
өсіруге әкелген терең экономикалық өзгерістерді жүргізді. Бұл әрекеттер негізінде табиғи ресурстарды ашуға
және алуға құрылған. Әйтсе де, Қазақстан оларды өз экономикалық құрылымдарын жетілдіру арқылы нақты
өсімге айналдыруға тырысты. Реформалар бойынша осы белсенді қызметті 1999 жылы Бүкіләлемдік Банкті та-
ныды, ол Қазақстанды бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі ең күшті реформаторлардың бірі ретінде сипаттады.
Осы реформалар арқылы Қазақстан орта Азияда бірегей іскерлік және инвестициялық ортаны құрды. Бұл
жұмыс Бүкіләлемдік Банкте 2006 жылдан бастап «Бизнесті жүргізу үшін» санатында 30 астам орынды алумен
іске асырылды және Қазақстанға ірі халықаралық компанияларды тартуға мүмкіндік туғызды. Соңғылар ка-
питалды табиғи ресурстарды алу салаларына айтарлықтай дәрежеде салды, олар Қазақстанның өз экономика-
сын жан-жақты дамыту ықыласын мақұлдап, басқа секторларға да өз мүддесін көрсетеді. Келесі міндет – елді
білімге негізделген экономикаға айналдыру – «Қазақстан -2050» Стратегиясының негізінде жатқан мақсат.
Бұл табысты экономикалық жетілдіру Қазақстанның экономикалық өсімінің қозғалтқыштарының бірі
болды. Бірақ, бұл ұзақмерзімді экономикалық дамудың екі негіздерінің бірі ғана. Тарих көрсеткендей,
экономикалық өсім тек тиісті жетілдірумен сүйемелденсе және мақұлданса ғана тұрақты болады. Қазақстан
үшін бұл жігерлі азаматтық қоғамға сүйенетін және тұтастай заң әрпі бойынша жұмыс істейтін, жеке
құқықтарды қолдайтын тым инклюзивті, демократиялық басқару құрылымына жету мақсатында оның саяси
мекемелерін өзгертуді тұспалдайды. Бұл дамыған елдердің көбімен жақындаған Шығыс және Оңтүстік-Шығыс
Азияның ең өркенді экономикалық жүйелері - Оңтүстік Корея, Тайвань және, келешекте, Индонезия - ерген
жол қазіргі уақытта кейбір Сингапур сияқты басқа елдердің күн тәртібінде тұр. Бұл жолмен Орта Азия елдері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕНІМДІ
КЕЛЕШЕГІНІҢ ЕКІ НЕГІЗІ
Достарыңызбен бөлісу: |