Джордж КРОл
–
АҚШ Қазақстандағы елшісі
57
Конституцияны талқылаған кездегі қызу пікірталасқа қатысушылар және кейбір әйгілі американдық-
тар конституцияның ішінде азаматтар құқықтарының декларациясы болмағаны фактісін сынға алды.
Сондықтан жаңа конституцияға бірінші түзету адам құқықтарына кепілдік беретін “Құқықтар тура-
лы билль” деп тұжырымдалды. Конституция алғашқыда құлдық институтын есепке алған, бірақ қантөгіс
азаматтық соғыстан кейін құлдық тоқтатылды да конституцияға тиісті түзетулер енгізілді. Кейінгі жыл-
дары одан да көп түзетулер енгізілді, соның ішінде әйелдердің дауыс беру құқығы. Бұл өзгерістерге жету
оңай тиген жоқ, конституцияны өзгерту және адам құқықтарын сақтау үшін үкіметтік емес ұйымдардың
және көптеген жанкешті адамдардың күш-қуатын, кейде өмірін де салу қажет болды.
Америкалық конституцияда әдемі (көп үміт күттіретін) сөздер көп, бірақ осы сөздердің іс жүзінде іске
асырылуына кепілдік беру - бұл үкіметтің, соттардың, және, тіпті, америкалық азаматтардың да міндеті.
Америкалық конституцияны жүзеге асыру – бұл американың тарихы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, менің елімнің Конституциясындағы сияқты
жақсы сөздер көп, бірақ ең маңыздысы, ол Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын
тұжырымдайды және оларды іске асыру механизмдерін белгілейді. Бұл таяуда тәуелсіздікке ие болған
және өз азаматтарының өркениетті, тұрақты, бейбіт өмірін қамтамасыз етуге тырысатын мемлекет үшін
айтарлықтай жетістік. Қазақстан Конституциясы ережелерін іске асыру Қазақстан Республикасының та-
рихына айналады.
Сондықтан, мен және менің отандастарым мемлекет пен оның азаматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясында жазылған қағидаттарды сақтап, оларды бірізді жүзеге асыруға бар күшін салатыны-
на үміт артамыз. Осы бағытта Құрама Штаттар Қазақстанға көмек көрсетуге әрқашан дайын, ал Құрама
Штаттар конституциясының тарихы – зерттеу үшін үлгі.
58
Б
иыл 40 жылдығын атап өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өз қызметінің
басынан бастап құқықтық реформаларға және конституциялық құрылысқа, қауіпсіздік секторын
реформалауға және оларды жүргізу құралдарын ұсынуға басым назар аударады.
ЕҚЫҰ-ның негізге алынған қағидаты – адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау
қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып табылады, ал жеке тұлғаның қауіпсіздігіне жету арқылы
қоғам мен мемлекеттің қорғалуына жетуге болады. Осы мәнмәтінінде ЕҚЫҰ әскери-саяси, экономикалық-
экологиялық және адами өлшемдері түйісінде тұрған құқықтың үстемдігі және конституциялық
заңдылығы мәселелері қауіпсіздік пен тұрақтылықты, тиісті басқаруды, өзара тиімді сауда-экономикалық
қатынастарды, инвестицияларды кепілдендіруді, сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен
табысты күресуді қамтамасыз ету тұрғысынан қарастырылады.
Әділет жүйесін және тиісті заңнаманы дамыту, асырмай айтқанда, кез келген қатысушы-мемлекеттің
саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуының кепілі болып табылады. Қатысушы мем-
лекеттер плюралистік демократия мен заң үстемдігіне негізделген негізгі еркіндік пен адам құқықтарын
толық құрметтеу және қоғамның дамуы баянды бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің, әділеттілік пен
Наталия ЗАРуДНА
–
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары
офисінің басшысы
ЕҚЫҰ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
БАҚЫЛАУ МЕХАНИЗМДЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ
МӘНМӘТІНІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
59
ынтымақтастықтың тұрақты ахуалын орнату ісіндегі ілгерілеушілікті қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар
болып табылатынын ЕҚЫҰ аясында қабылданған құжаттар растайды. Қатысушы елдер «үкіметтің және
мемлекеттік биліктің конституцияны сақтау және заңға сай әрекет ету міндеті» адам тұлғасына
тән қадір-қасиетін және барлық адамдардың тең және ажыратылмас құқықтарын толық көрсету үшін
айтарлықтай қажетті әділдік элементтеріне жатады деп салтанатты түрде мәлімдеді [1].
ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің Министрлер кеңесі 2008 жылы «ЕҚЫҰ өңірінде құқықтың үстемдігін
одан әрі нығайту туралы» шешім қабылдады, оған сәйкес барлық қатысушы мемлекеттер халықаралық
және ұлттық деңгейлерде және биліктің заң шығарушы, әкімшілік және сот тармақтары қызметінің барлық
аспектілерінде құқықтың үстемдігіне қатысты өз халықаралық-құқықтық міндеттемелерін сақтауға тиіс.
2010 жылғы саммит қорытындысы бойынша қол қойылған Астана декларациясында, Қазақстан
қатысушы елдер қатарында Хельсинки қорытынды актісінде, Париж хартиясында, Еуропалық қауіпсіздік
хартиясында және Ұйымның барлық басқа құжаттарында бекітілген ЕҚЫҰ нормаларына, қағидаттарына
және міндеттемелеріне өзінің толық бейілділігін растады. Ол оларды, соның ішінде құқықтың үстемдігі
және Конституцияға бейілділік мәселелерінде, толық және адал жүзеге асыру үшін өз жауапкершілігін
растады.
ЕҚЫҰ бірнеше рет атап өткендей, тиімді конституциялық бақылау құқықтың үстемдігін қамтамасыз
етуде маңызды рөл атқарады және тек қана әділ конституциялық сот төрелегін немесе қадағалауды
атқарушы органдармен жүзеге асырыла алады. Конституциялық соттар конституциялық ережелердің
үстемдігін және халықаралық-құқықтық міндеттемелерді, соның ішінде адам құқықтары саласында,
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Конституциялық бақылау органдары бірегей дәлелдеу әдістерін пайдаланады және, көп жағдайларда,
түпкілікті және орындау үшін міндетті болып табылатын шешімдерді қабылдайды. Атқарушы биліктің
қандай да бір заңын немесе актісін конституциялық емес деп тани отырып, сот үкіметке немесе органға
жаза қолданбай, тек биліктің саяси тармақтарына қандай әрекеттер немесе шешімдер конституцияға
қайшы келетінін көрсеткені аса маңызды.
ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде конституцияны сақтауды қамтамасыз ету үшін түрлі институционалдық
үлгілер әрекет ететініне қарамастан, олардың конституциялық органдары құқықтың үстемдігін қорғау
ісінде маңызды рөл атқарады және заңнаманың конституцияға сәйкестігінің кепілі болып табылады. Со-
нымен олар заңнамадағы тұрақтылықты, үйлесімділікті және тәртіпті қолдайды және конституциялық
қағидаттарды және құқықтың үстемдігін қорғауға мүмкіндік жасайды [2]. ЕҚЫҰ-ның адами өлшемінің
мәнмәтінінде түсіндірілетін құқықтың үстемдігі қағидаты конституциялық соттардан немесе кеңестерден
ұлттық конституцияларды 1990 жылғы Копенгаген кеңесінің қорытынды құжатында жарияланған «адам
тұлғасының жоғары құндылығы» рухында түсіндіруді талап етеді.
Осыған орай ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы миссиясы сот төрелігінің және құқықты қолданудың, соның
ішінде конституциялық, демократиялық аспектілерін өз қызметінің басым тақырыптарына дәстүрлі түрде
жатқызады. Конституцияның ережелерін іс жүзінде орындау, билік органдарының, ең алдымен, күш және
құқық қорғау құрылымдарының есеп берушілігі, олардың қызметінің ашықтығы және сот төрелігі жүйесі
қызметкерлерінің кәсіпқойлығы азаматтар тарапынан сенімділіктің артуында және, тиісінше, қоғамдағы
қарбаластықты және шиеленіс әлеуетін төмендетуде, қылмыстың алдын алуда және құқықтық тәртіпке
жетуде маңызды факторлар болып табылады. Швейцария 2014 жылы ЕҚЫҰ-дағы өз төрағалығының
ұранын «Әрқайсының игілігі үшін қауіпсіздік қауымдастығын құру» деп текке алмаған [3].
Біздің Астанадағы Офисіміз, осы ұранмен қаруланып, бәрін тегіс қамтитын қауіпсіздік тұжырымда-
масы аясында мақсатты және көпжоспарлы жұмысты жалғастырып отыр. Демократиялық институттар
және адам құқықтары жөніндегі бюромен (ДИАҚБ) және ЕҚЫҰ Хатшылығы ынтымақтасып, біз құқықтық
реформалар үшін қажетті заңнамалық негізді дамыту, құқық қорғау органдарының және сот корпусының
қызметкерлерін кәсіптік даярлау және қайта даярлау, халықпен жұмыс істеудің және тәжірибе алмасудың
60
қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ, ЕҚЫҰ кеңістігінде трансұлттық қауіп-қатерлер мен сын-
қатерлерді еңсеру мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу мәселелеріне шындап көңіл
аударамыз.
Біздің Офис ұлттық заңнаманы ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес әзірлеу, сондай-ақ,
Қазақстан мемлекеттік органдарының әлеуетін нығайту мәселелері бойынша Жоғарғы Сотпен, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен,
Бас Проркуратурамен, басқа құқық қорғау органдарымен және Қазақстанның Парламентімен белсенді
ынтымақтасады.
Біздің әріптестерімізбен өзара тығыз әрекеттесу үлгілерінің бірі соңғы жылдары Қылмыстық,
Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық –атқару кодекстерін реформалау жөніндегі түрлі іс-шараларды
өткізу және бастамаларды іске асыру болды. Біз мемлекеттік органдардың жәрдемдесу туралы өтінімдерін
құптадық және азаматтық қоғамның, ұлттық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен сараптамалық
кездесулерді, түрлі форматтағы қоғамдық талқылауларды және конференцияларды өткізуге, сондай-
ақ, ЕҚЫҰ елдеріндегі қылмыстық-құқықтық саланың даму тәжірибесін зерттеу бойынша сапарларды
ұйымдастыруға мүмкіндік жасадық.
Біздің әріптестеріміз арасында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің орны бөлек.
1999 жылы Қазақстанда ЕҚЫҰ миссиясын ашқан сәттен бастап біз онымен тығыз өзара іс-қимылды және
ақпаратпен алмасуды реттедік. Соңғы жылдары осындай ынтымақтастық, әсіресе қылмыстық әділет
жүйесін реформалау мәнмәтінінде жүйелік сипатқа ие болды. 2012-2014 жж. Конституциялық Кеңес
Бас прокуратурамен, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықпен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп
халықаралық стандарттарды ескере отырып, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық-атқару
кодекстерінің жаңа редакцияларын дайындау мақсатында біздің қолдауымызбен өткізілген көптеген
шараларға белсенді қатысты.
Біздің миссия, соның ішінде Конституциялық кеңестің сұрау салулары бойынша, Қазақстан
заңнамасының жекелеген мәселелері бойынша заң тұрғысындағы сараптаманы жүргізуге көмек көрсетіп
отырды. Осылайша, Конституциялық Кеңес басшысының заң тұрғысынан сараптаманы жүргізу туралы
2012 жылғы жүгінуіне жауап ретінде, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ халықаралық-құқықтық құжаттар негізінде Қазақстан
Конституциясында белгіленген шекті мерзімдерді есептеуге қатысты екі мәселе бойынша тұжырымдаманы
[4] дайындады. Бұл сұрау салу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Конституциялық Кеңеске
Коснтитуцияны ресми түсіндіру туралы жүгінуінен кейін келді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған конференцияны –Тамыз оқуларын жеке
атап өткім келеді, оның халықаралық қатысушылар саны да, сондай-ақ, елдегі және шетелдегі беделі де
жылдан жылға өсіп келеді.
Егемен Қазақстанның негізін қалаушы саяси-құқықтық құжатқа – Конституцияға 2015 жылы 20
жыл толады, бұл тарихи өлшемдер бойынша кез келген елдің негізгі заңы үшін азғантай мерзім. Бірақ
Қазақстан осы 20 жыл ішінде өз конституциялық дамуында көп жетістіктерге жетті. Бүгінгі таңда негізгі
заңның қойылған мақсаттарға жетудегі табысты рөлін сенімді бағалауға болады.
Қазақстан Конституциясы уақыт және іс тәжірибесі сынағынан өтті және айдан анық жетістіктерге
жетті. Сонымен бірге, өмір бір орында тұрмайтындықтан, кез келген заң дамуды талап етеді.
Конституциялық құндылықтарды қорғау, бұл ең жоғары мұраттарды іске асыру жөніндегі күнделікті
жұмыс. Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз сөзінде белгілегендей: «Конституциялық тәртіп пен
конституциялық заңдылық өз бетімен өмір сүре алмайды. Олар да жақтауды және қорғауды қажетсінеді.
Оларды барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер, ұйымдар және азаматтар қамтамасыз ету-
ге міндетті. Ерекше жауаптылық, әрине, арнайы мемлекеттік органдарға - олардың шешімдері елдегі
құқықтың үстемдігі қағидатын және конституциялық заңдылық тәртібін нығайтуға мүмкіндік жасайтын,
конституциялық бақылау органдарына артылады [5].
61
Конституционализм мен конституциялық бақылау механизмдері елдің құқықтық жүйесінің ең
жоғары дәрежесі ретінде, сөзсіз, құқық үстемдігінің негізін қалаушы элементтерді және мемлекеттік
билікті атқару тармағын, сайланған парламент және тәуелсіз сот билігі арасында үлестірудің кепілі бо-
латын тежеме және қарама-қайшылық жүйелерін іске асыру үшін одан әрі дамуы тиіс.
Тағы да бір маңызды мәселені атап өту қажет. Конституция – бұл тікелей әрекет құжаты. Осы
тұрғыдан, ұлттық құқықтық жүйе, мемлекет және қоғам дамуының ұзақмерзімді көрінісін белгілейтін
кез келген басқа құжат сияқты, оның билік органдарымен және сот жүйесімен оны тікелей қолдану үшін
үлкен әлеуеті бар. Конституцияның нормалары мен қағидаттарын негізгі заң ретінде практикалық іске
асыру маңызды және оның ерекше мәртебесін дәлелдейді. Конституциялық қағидаттарды, нормаларды
және кепілдіктерді іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту әлеуеті дәл осында тұр. Жергілікті атқарушы
органдарды және жергілікті соттарды Конституцияны мемлекеттің негізгі заңы ретінде тиісті және дұрыс
пайдалануға ынталандыру қажет. Конституцияны кәдімгі азаматтармен жергілікті жерлерде, елдің
түпкір-түпкірінде түсіну, құрметтеу және сақтау деңгейі мемлекет пен қоғамның құқықтық сипатының
көрсеткіші болып табылады.
Конституциялық құқықтарды құрметтеу – бұл мемлекеттіліктің негізі. Конституция кез келген
уақытта және кез келген жерде, полиция учаскесінен және митингті, шеруді немесе пикетті өткізу орын-
дарынан бастап және ең жоғары тұрған мемлекеттік қызметшілердің кабинеттеріне дейін шартсыз және
тиімді орындауды талап етеді.
Өз тарапынан Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисі бұдан әрі де Қазақстанға демократиялық
құқықтық институттарды дамытуға көмек көрсетуге дайын, бұл елдеріңіздің Негізгі заңындағы
қағидаттарды бірізді және тікелей іске асыруды талап етеді.
ЕҚЫҰ Қазақстанмен және, ең алдымен, Конституциялық Кеңеспен ынтымақтастық үшін салынған,
негізі осы мақаланың басында сөз болған құқықтың үстемдігі туралы қағидаттар мен идеялар, ба-
сты конституциялық бақылау органының жұмысында тікелей жалғасын тауып, біздің ұйымымыздың
барлық 57 қатысушы елдің сараптық және ресурстық әлеуетін тарту арқасында жаңа күш-қуат алаты-
нына сенімімізді күшейтеді. Осы өзара іс-қимыл ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық процесінің барлық
қатысушыларына өзара тиімді пайда әкеліп, жылдан жылға тереңдейтініне үміт артамын.
Біздің әріптестеріміз бен серіктестерімізді, барлық қазақстандықтарды Конституцияның
жиырмажылдығымен шын жүректен құттықтағым келеді. Сіздерге Конституцияның сарқылмас әлеуетін
барлық өмір салаларында толық іске асыруды, даму және тәуелсіздік таңында еліңіздің негізгі заңына
салынған қағидаттар мен идеалдарды іске асырудың стратегиялық мақсаттарына жетуді тілеймін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:
1. ЕҚЫК-тің адами өлшемі жөніндегі конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты 1990 ж., §5.3.
2. Адами өлшемі жөніндегі «Конституцииялық сот төрелігі» семинарының материалдары, Варшава,
2008 ж.
3. 2014 жылы ЕҚЫҰ Швейцария төрағалығының басымдықтары, http://www.osce.org/ru/cio/111182
4. ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасы Конституциясындағы шекті мерзімдерді есептеу жөніндегі
тұжырымдамасы,
http://legislationline.org/ru/search/runSearch/1/type/2/country/21
5. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И.Роговтың Конституциялық соттар мен балама
институттардың азиялық қауымдастығының (КСБИҚ) 2-ші Конгрессіндегі сөзі «Қазақстан Республи-
касы Конституциялық Кеңесінің мемлекеттік билік тармақтарымен конституциялық заңдылықты
қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылы Стамбул қ., 2014 ж. 27 сәуірі– 1 мамыры.
62
Р
еспубликасының 1995 жылғы Конституциясы 1998, 2007, 2011 жылдары енгізілген түзетулермен елдің
рухани және саяси куәлігі болып табылады. Бұл осы орта азиялық елдің Конституциялық құжатында
көрсетілген үлгілі құндылықтар жинағы, ДНК тек халықтың ықыласы мен мәдени сипаттарын ғана емес,
болашағы мен амбициялық мақсаттарын да көрсетеді.
Осы құжат әрдайым және айтарлықтай шамада «болашақ ұрпаққа» сүйенетіні кездейсоқ емес. Қоғамды
бүгінгі ұрпақтың үміттерін қозғай отырып, алыс болашаққа көз тігетін қағидаттар мен құндылықтар негізінде
құру ниеті. Дәл осындай ниет Қазақстан Республикасының Президентін өз халқына Жолдауды дайындауға
бағыттады, бұл Жолдауды болашақ Қазақстанның айбындылығына жетелейтін, және, демек, негізінде жастарға
арналған «жол картасы» деп атауға болады.
Конституцияның негізінде тұрған еркіндік, теңдік және келісім мұраттары бүгінгі таңда елді жаңғыртудың
теңдессіз үрдісі үшін, оның халықаралық аренадағы жетекші рөлі үшін, оның халықаралық қауымдастықтағы
саяси көшбасшылығы үшін қажетті шарт болып табылады.
Бұл тек үлгілі, демократиялық және зайырлы құндылықтарды көрсету мәнмәтінінде ғана емес, мемлекетті
ұйымдастыру тұрғысынан да Конституция арқасында мүмкін болады.
Президенттік басқару нысаны елге жетілдіру үрдісінде және Қазақстан халқының игілігі жолында
қозғаушы күш ретінде «басқарушы демократия» қағидатын пайдалануға мүмкіндік берді.
Президенттік басқару барлық азаматтар үшін танылған негізгі конституциялық құқықтарды іске асыруға
кедергі жасаған жоқ, керісінше, оның кепілі болып табылды, және келешекте Қазақстан Республикасы
Конституциясының 5-бабымен кепілдік берілген идеологиялық және саяси «алуан түрліліктерді» айтарлықтай
іске асырудың кепілі болып табылады.
Конституцияның 17-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деп айтылған, және осы
алғышарттан азаматтардың нақты жеке құқықтары шығады, соның ішінде, Конституцияның 22-бабына сілтеме
жасалатын ар-ождан бостандығы.
Қазақстан Конституциясы әлеуметтік деңгейде де үлгі болып табылады. Компанияларға және жеке
коммерциялық кәсіпорындарға меншік құқығына, мұрагерлікке кепілдік берілді, бұл өз кезегінде азаматтың
«табиғи» бостандықтары мен құқықтарының нәтижесі мен жалғасы деп есептелуі мүмкін.
Отбасы, аналық, балалық шақ, мүгедектік, денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесі мәселелері де шет қалған жоқ.
Биліктің атқару, заң шығару және сот тармақтары арасындағы тепе-теңдік осы қағидаттарға сүйене оты-
рып белгіленетініне сенімдімін.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының еңбек сіңірген Төрағасы ретінде, мен Қазақстанға оның 2010
жылдағы осы Ұйымдағы төрағалығы үшін, Астана қаласында өткізілген қатысушы мемлекеттер мен елдер
басшыларының саммиті үшін, және, әсіресе, адамдарды өлімнен құтқарып, үрейлі күйзелістердің алдын алуға
мүмкіндік берген, Қырғызстандағы дағдарысты еңсеруге араласқаны үшін алғысымды білдіргім келеді.
Барлық халықаралық қауымдастық Қазақстанға дінаралық диалогты дамытудағы үлгілі істері үшін, сөз
бостандығын қамтамасыз еткені үшін және әр азаматтқа өз дінін еркін уағыздау мүмкіндігін бергені үшін алғысын
білдіреді.
Бұл да бүгінгі таңда 20 жылдығын айтарлықтай жетістіктермен қарсы алып отырған Қазақстан
Конституциясының жеңіс нәтижесі болып табылады.
Рикардо МильОРи
–
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының
еңбек сіңірген төрағасы
63
М
ен 10 жыл бойы Конституциялық Соттың судьясы және 7 жыл бойы Конституциялық Соттың
Төрағасы ретіндегі заңнамалық мерзім кезінде, тек қадағалаушы ғана болмай, конституциялық
құндылықтар мен бостандықтарды қорғай отырып, Латвияның құқықтық жүйесін жақсарту үрдісіне
тікелей белсенді қатысу мүмкіндігі берілді. Сол кезде мен бірнеше мемлекеттердегі демократиялық және
құқықтық өзгерістердің куәгері болдым.
Менің пікірім жүз пайыз объективті болмауы мүмкін, бірақ субъективті болғанына қарамастан,
оның негізінде қолданыстағы құқықтық нормалар, мемлекеттің Конституциясы, біздің мемлекетіміздегі
конституциялық бақылау институтының қаулылары мен шешімдері жатыр. Сонымен бірге менің пікіріме
әріптестерім, түрлі елдерде іссапарда болған кезде кездестірген адамдар ықпалын тигізді.
Мемлекеттің тарихы, оның мәдениеті, салт-дәстүрлері, қоғам, білім және басқа да факторлар
мемлекеттегі құқықтың үстемдігінен, демократиялық құндылықтардың сақталуынан, адамның негізгі
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуден көрінеді. Мемлекеттің басты құжаты барлық осы
факторларды, олардың квинтэссенциясын тұтас көрсетеді.
Бұл теоретикалық болжам емес, менің өз тәжірибем Конституция мен конституциялық бақылау инсти-
туты мемлекеттегі демократияның дамуын және құқықтың үстемдігін қамтамасыз етеді деп пайымдауға
мүмкіндік береді (Латвияда – Конституциялық Сот, Қазақстанда – Конституциялық Кеңес). Сонымен
бірге, конституциялық бақылау Конституцияны түсіндіруге де, сондай-ақ Конституцияның мазмұнына да
тікелей әсер ететін демократиялық үрдістердің көрінісі болып табылады.
Халықаралық институттар мен сарапшылар атап өткен Қазақстанның үдемелі дамуына қарамастан,
адамның құқықтарын және құқықтың үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты шешуді талап ететін пробле-
малар орын алып отыр.
2011 ж. И.И. Рогов, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Индонезиядағы
халықаралық симпозиумде сөз сөйлегенде [1], тәуелсіздік алғалы 20 жыл ішінде Қазақстан «демократи-
ясы өрлеген» мемлекетке айналғанын атап өтті [2].
Бұл дамудың ілгерілеуін және бағытын көрсетеді. Сонымен бірге, Қазақстанның осы жылдар бойы
өткен жолын бағалай отырып, Қазақстандағы демократия таяудағы күрделі тарихи оқиғалар жағдайында
пайда болғанын есепке алу қажет. Қазақстан Республикасының Президенті [3] адам құқықтарын және
демократияны құру үрдісі ұзақмерзімді үрдіс екенін атап өтті [4].
Мен Қазақстандағы демократияның дамуына әсер еткен екі факторға, бетбұрысты кезең рөлін
атқарған, демократиялық және құқықтық мемлекетке жылжуда маңызды орын алған екі тарихи оқиғаға
Гунарс КуТРис
–
Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы
демократия үшін Еуропалық комиссиясының
(Венециандық Комиссияның) орнын алмастыратын
мүшесі, Латвия Республикасы Сеймінің Төралқасы
Хатшысының орынбасары,
Латвия Республикасының Конституциялық
Сотының төрағасы (2007 – 2014 жж.)
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ДЕМОКРАТИЯНЫ
ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
64
назар аударғым келеді. Ең алдымен, Қазақстан халқының Конституцияны референдумда қабылдауы [5],
және екінші – оның қызметіне Конституцияның жеке тарауы арналған Конституциялық Кеңес атынан
конституциялық бақылау органын құру.
Конституция көрегендікпен әзірлегендіктен, Конституциялық Кеңеске билік өкілеттіктері берілген
және ол халықтың сеніміне ие, бұл мемлекеттің құқық аясында дамуына алғышарттар жасайды.
Мемлекеттің қызметі, оның Конституцияда белгіленген құқық, басқару және сот төрелігі институттарының
жүйесі көбінесе конституциялық бақылау органдарының шешімдеріне бағынышты. Осы институттардың
беделі Конституцияның беделіне негізделеді. Конституциялық Сот немесе Кеңес өз шешімдерімен Кон-
ституцияны және оның жоғары күшін бекітеді.
Қазақстан халқы 1995 жылы қабылдаған құжат Қазақстандағы байыпты жұмыстың, тарихи
оқиғалардың нәтижесі болды. Президенттің «Қазақстан жолы» кітабы маған Қазақстан Конституциясының
даму тарихына ішкі жағынан қарауға мүмкіндік берді. Сондықтан мен Конституцияны қабылдау қазіргі
Қазақстанның тарихында ең жарқын оқиғалардың бірі болды деп сеніммен айта аламын.
Әр мемлекеттің, ұлттың конституциялық құндылықтары конституциялық тәртіпке тікелей әсер ететін
мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты (Конституциядағы конституциялық шешімдер). Ол бой-
ынша қазақ стилі, қазақтың ділі, даралығы, салт-дәстүрлері және болашағы Конституцияның нормала-
рында көрінісін тапқан бұл себеп жоғарыда аталған кітапта көрсетілген.
Бірақ, Конституцияның өзінің бар болуы емес, адам құқықтарына кепілдік беретін, азаматтардың
міндеттерін қамтитын, билік институттарын, олардың құзыретін белгілейтін, мемлекет пен қоғамның құқықтық
негізін қалыптастыратын Конституция шеңберінде жұмыс істеп жатқан мемлекеттің бар болуы маңызды.
Конституция ақиқаттан және қоғамнан тыс бола алмайды. Конституцияда көрсетілген идеялар келе-
шекте өзгеріс күшіне ие. Бірақ бұл тек Конституция белгілі бір уақыт кезеңімен үйлесімде өмірге бейімді
құжат ретінде түсіндірілген жағдайда ғана ақиқат болады. Сондықтан Конституцияның беделін қолдау
үшін және оның ережелерін іске асыру үшін арнайы институт қажет, мысалы, Латвиядағы Конституциялық
Сот және Қазақстандағы Конституциялық Кеңес. Конституциялық бақылау органдары, тәуелсіз органдар
ретінде конституциялық жүйенің серпінін және Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Конституция өзін-өзі дамытады және өз бетімен жұмыс істейді, сонда өз өкілеттігін іске асыратын
Конституциялық Кеңес – өзін-өзі дамыту құралы. Конституцияны іске асыру үшін оның нормалары
түсінікті болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңеске
Конституциялық нормаларды ресми түсіндіру функциясы берілген. Латвияда Конституциялық Сот
Конституцияның ережелерін өз өкілеттіктері шеңберінде сот істерін тексеру арқылы, түрлі актілердің
Конституция нормаларына және басқа құқықтық актілеріне сәйкестігін бағалау жолымен түсіндіреді.
Конституцияны түсіндіру замана тынысына ашық. Бұл ақиқатпен тікелей байланысты, бірақ қысқа
уақыт аралығында саяси идеялардың ықпалына түспес үшін, абай болу қажет. Конституциялық Соттың
немесе Конституциялық Кеңестің жаңа нормаларды шығаруға құқылы емес екенін ойда ұстау қажет.
Конституцияның нормаларын түсіндірген кезде негізгі ережелердің мәні қоғамның және халықаралық
міндеттемелердің дамуын ескере отырып талдануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі өз қаулыларында Латвияның Конституциялық
Соты сияқты [6], Конституция басқа нормалармен бірге біртұтас түсіндірілуі тиіс деп белгілейді [7]. Бүгінгі
таңда демократиялық мемлекет конституциялық бақылау органысыз жұмыс істей алмайды. Латвияда
және Қазақстанда осы институттар өзін конституциялық құқықтарды қозғайтын маңызды институттар
ретінде көрсетті. Конституциялық құндылықтарды қорғау, заңнамаға әсер ету, қоғамда демократиялық
мәдениетті дамыту және білім беру осы органдардың маңызды функцияларына айналды.
Басқа мемлекеттердеге сияқты, Қазақстанның Конституциялық Кеңесі беделге ие және белгілі
дәрежеде түрлі салаларда құқық нормаларының болуын анықтайды, жаңа құқықтық институттарды
құруға және басқаларды жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Конституциялық Кеңестің Қаулылары құқық
жүйесін жетілдіруде маңызды рөл атқарады.
Конституциялық бақылау институттары олардың өкілеттіктері және мемлекет органдары жүйесіндегі
орыны, миссиясы форматында, олар құқықтық жүйені қалыптастыра бастаған сәттен бастап саяси про-
блемаларды шешуге тартылатын болды. Бірақ өкілеттіктерді іске асыру жолдары мен ауқымын абайлап
таңдау қажет. Сондықтан осындай жұмысқа ғылым және өнер ретінде, бірақ, негізінде, конституциялық
65
бақылау институтының мәртебесіне және оның мемлекеттегі өкілеттігіне байланыссыз сот төрелігінің
әкімшісі ретінде қарайды.
Конституциялық Кеңестің мүшелері оның ережелерін Конституцияны уақытпен шектелмеген тірі
құжат ретінде түсіндіру жолымен іске асырады. Конституцияны түсіндіру конституциялық жүйені тарихи
уақыт кезеңімен үйлесімде дамыту үшін және Конституцияның тұрақтылығы үшін қажет.
Конституцияны ұдайы дамыту – конституциялық міндет, және мен, мемлекеттің конституциясын
түсіндірген кезде және конституциялық нормалардың құқықтық ақиқатқа сәйкестігін бағалаған кез-
де салыстырмалы құқық институттары мен конституциялық сот арасындағы ынтымақтастық маңызды
екеніне сенімдімін. Осылайша, мемлекеттің ұлттық, мәдени, дәстүрлі ерекшеліктерін ескере отырып, Кон-
ституция нормаларындағы халықаралық құндылықтар құрамының аясы кеңдігін бағалауға болады. Бұл
басқа мемлекеттерде табысты шешілген проблемаларды шешуге көмектеседі.
Сонымен бірге, конституциялық бақылау органы тек тәуелсіз, әркімге қолжетімді, қаулылары баршаға,
соның ішінде мемлекеттік органға, міндетті, мәжбүрсіз іске асырылатын, юрисдикциясы бар және қоғамда
беделге ие болған жағдайда ғана өз өкілеттіктерін барынша іске асыра алады.
Өз тәжірибеме сүйене отырып, мен конституциялық органның тиімді жұмыс істеуінің аталған
алғышарттарын объективті бағалау заңнамалық актілерді тексеру, қоғам үшін позитивті қаулыларды
қабылдау жолымен тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ,
конституциялық бақылау институттарын, өкілеттіктерді, рәсімдік мәселелерді және т.б. жетілдіру
қажеттілігіне қатысты өзін-өзі бағалау, сарапшылардың пікірі маңызды.
Мемлекеттің міндеті – Конституцияның нормалары сақталатын және құрметтелетін, сондай-ақ,
тұрақты негізде іске асырылатын, мемлекет пен жеке адам арасындағы қатынастар Конституциямен
белгіленетін және әлеуметтік-экономикалық даму іске асырылатын ақиқатты құру. Осындай даму табиғи
болуы тиіс, өйткені кез келген қабылданатын заңдар Конституцияның нормаларына және ережелеріне
сәйкес болуы тиіс.
Конституцияның жасына қарамастан, ол ұрпақтан-ұрпаққа табыс етіліп келе жатқан қағидаттарды
қамтиды. Біз осы құндылықтардың бастауында тұрған, оларды сақтап, біздің қолымызға ұстатқан аға
ұрпаққа алғысымызды білдіруге тиіспіз, осы құндылықтар негізінде біз демократиялық, құқықтық және
әлеуметтік бағытталған мемлекетті нығайта аламыз. Мүмкін, Конституция арқасында біздің балаларымыз
бен немерелеріміз антиктік мәдениет құнылықтарының және дамыған демократиялық, құқықтық және
әлеуметтік бағытталған мемлекет артықшылықтарының рақатын көре алар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР:
1. Қазақстан Республикасы Кнституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Роговтың 2011 ж. 10-14
шілдедегі «Конституциялық демократиялық мемлекет» атты халықаралық симпозиумдегі сөзі. Джа-
карта, Индонезия, «Конституциялық Кеңестің Қазақстан Республикасында демократиялық мемлекет
қағидаттарын іске асырудағы рөлі».
2. Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтті. Бірізді, мақсатты өзгерістер арқылы
Қазақстан Республикасы өрлеу демократия елі болды. Сонымен бірге, демократия заңдылықсыз
қолжетімсіз болады. Көптеген жылдар бойы Қазақстан осы құндылықтарға жетуде айтарлықтай
табысқа ие болды.
3. Ұлттың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
4. Мәскеу уақыты, 2013 ж. 1 шілде; Интерфакс, 2013 ж. 1 шілде.
5. 1995 ж. Конституцияның кіріспе сөзбасы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан
халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта
лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи
жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Консти-
туцияны қабылдаймыз».
6. Конституциялық соттың № 2000-03-01 ісі.
7. ҚР Конституциялық Кеңестің 2009 ж. 05 қарашадағы №6 нормативті қаулысы
66
Қ
азақстан Республикасының Президенті 2014 ж. қаңтардағы «Қазақстан-2050» Жолдауында жас
мемлекеттің бағытын белгілеп, «Мемлекетіміздің лайықты болашағы ең дамыған елдер арасында»
деп атап өтті.
1991 ж. бүліктен кейін тәуелсіздік алған, Батыстың көп елдеріне беймәлім, ашық теңізге шығар
жолы жоқ Қазақстан амбициялық мақсаттарымен және экономикалық қиыншылықтарды еңсеру және
бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жөніндегі іс-әрекеттерімен қайран қалдырады.
Сақтарды, Скифтерді, Түріктерді, Монғолдарды, Қазақ хандығын, Орыс империясын, Кеңес кезеңін
бастан кешкен Қазақстан Батыс пен Шығысты тарихи біріктіретін көпұлттық және зайырлы мемлекеттің
үлгісі болып табылады. Қазақстан аумағы арқылы Еуропа мен Қытай арасындағы дәліз болып табылатын
Ұлы Жібек жолы өткен (ұзындығы 6000 км астам). ЮНЕСКО-ның 2014 жылы Ұлы Жібек жолына әлемдік
мұра мәртебесін тағайындағаны оның ерекше тарихи маңыздылығын куәландырады.
Өңірлік жұмысты атқарып жүргенде мен Мәскеудегі 1991 ж. тамыздағы бүліктің, бұрынғы кеңес
республикаларының алдынан шыққан қиыншылықтардың, қарулы қақтығыстардың және мемлекетті
батыл реформалаудың куәгері болдым. Олардың арасында Қазақстан ерекше орынға ие. Тарихи мұра,
белгілі бір регресс кезең-кезеңмен реформалауға және ілгерілеуге кедергі болған жоқ. Кез келген сая-
си, әлеуметтік және экономикалық реформаларға, соның ішінде астананы Алматыдан Астанаға көшіруге,
қиыншылықтар ілесе жүреді. Ван ден Берг өзінің «Адамның құбылмалы табиғаты» деген кітабында
(1961 ж.) «адамзат Орта ғасырлардан, Қайта өрлеу дәуірінен бастап қазіргі заманға дейін ұдайы өзгерістерді
бастан кешіп келе жатыр» деп айтқан, бірақ адам баяу өзгереді, сонда ұлттық құрамы қатар жүруі мүмкін.
Қазақстан, осы тенденцияға қайшы, не бары 23 жыл ішінде ерекше жетістіктерге жетті. Жаһандану
дәуірінде Қазақстан екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті және
экономикалық тұрақтылықты нығайту, жаңа технологияларды енгізу үшін бар күшін салуда.
Реформалар кезеңі ішінде Қазақстан Конституцияны (1995 ж.) қабылдады, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті,
түрлі халықаралық ұйымдардың мүшесі болды, Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық
Достарыңызбен бөлісу: |