Е. Жоғары оқу орындары және оларды басқарушы органдар
1. Жоғары оқу орындары
130-БАП. Мемлекет заңға сәйкес заманауи білім беру жүйесі мен оқыту
қағидаттары негізінде еңбек ресурстарын дайындау мақсатында, ұлт пен елдің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заңды тұлға және ғылыми дербес
мәртебелі түрлі бөлімшелері бар университеттер құрады. Орта білім базасында
оқыту мен тәрбилеу үшін құрылған университеттер әртүрлі дәрежедегі
оқытушыларды, консультанттар ретіндегі ғылыми- зерттеу мамандарын,
баспасөз қызметкерлерін, ел мен халыққа қызмет көрсететін мамандарды
дайындайды.
Заңда көрсетілген тәртіп пен қағидаттарға сәйкес, бірақ алатын табыстары
қудаланбайтын талаппен мемлекет тарапынан қадағалау мен бақылауда болатын
жоғары оқу орындарын қайырымдылық қорлары да құрулары мүмкін.
Ел бойынша университеттерді географиялық тұрғыдан тең дәрежеде бөлу
заңмен қарастырылады.
Университеттер, оқытушылық құрамның мүшелері мен олардың
көмекшілері барлық ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарға еркін қатыса
алады. Алайда бұған мемлекет пен оның тәуелсіздігіне, сонымен бірге ұлт пен
елдің тұтастығына және бірлігіне қарсы бағытталған әрекеттерге емін-еркін
қатысу жатпайды.
Университеттер мен оның бөлімшелері мемлекеттің бақылауы мен
қадағалауында болады және олардың қауіпсіздігін мемлекет қамтамасыз етеді.
Университет ректорларын Республика Президенті, ал декандарды заң
рәсімдері мен ережелеріне сәйкес Жоғары білім беру жөніндегі кеңес
тағайындайды.
Университеттердің әкімшілік және бақылаушы органдарын, сонымен
қатар оқытушыларды қандай да бір себеппен қызметтерінен университеттің
құзырлы органдарынан немесе Жоғары білім беру жөніндегі кеңестен басқа
қандай да бір орган шеттете алмайды.
(Өзгеріс: 29/10/2005-5428/1) Университет құрған бюджет Жоғары білім
беру жөніндегі кеңестің қарауынан және мақұлдауынан кейін Ұлттық білім
министрлігіне таныстырылып, жалпы және қосымша бюджетте қолданылатын
принциптерге сәйкес іске асырылуы әрі бақылануы керек.
Жоғары оқу орындарын және олардың органдарын құру, олардың қызмет
етуі мен таңдалуы, олардың міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері,
университеттерді бақылау құқығын және инспекциялауды жүзеге асыруда
мемлекетке жүктелетін рәсімдер, оқытушылық құрамның міндеттері, олардың
атақтары, тағайындалулары, қызметте өсуі мен отставкаға кетуі, оқытушылық
құрамды оқыту, университеттер мен оқытушылардың қоғамдық және басқа да
ұйымдар арасындағы қарым-қатынасы, оқыту деңгейі мен мерзімі, жоғары оқу
орындарының студенттер қабылдауы, сабаққа қатысуға қойылатын талаптар мен
оқу ақылары, мемлекет тарапынан берілетін көмекке қатысты қағидаттар,
тәртіптік жазалар мен жазалар, қаржы мәселелері, қызметкерлер құрамының
құқықтары, оқытушылық құрамға қойылатын талаптар, университетаралық
талаптарға сәйкес оқытушыларды тағайындау, еркіндік пен кепілдік
талаптарына, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылым мен техника талаптарына сәйкес
оқыту мен білім беруді жүзеге асыру, Жоғары білім беру жөніндегі кеңес пен
университеттерге мемлекеттің бөлетін қаржы ресурстарын пайдалану заңмен
реттеледі.
Қорлар құрған жоғары оқу орындары мемлекеттік жоғары оқу
орындарындағы қаржы және әкімшілік мәселелерден басқа академиялық қызмет,
оқытушылық құрамды жалдау мен олардың қауіпсіздігі үшін Атазаңда
белгіленген ережелерге бағынады.
2. Жоғары білім беруді басқарушы органдар
131- БАП. Жоғары білім беру жөніндегі кеңес жоғары ғылыми
мекемелерде білім беруді, оқытуды, тәрбиелеуді және ғылыми зерттеу бағытын
жоспарлау, ұйымдастыру, оларға басшылық жасау мен бақылау үшін, бұл
мекемелердің заңда белгіленген мақсаттары мен принциптеріне сәйкес қызмет
етіп, дамуы үшін университеттерге бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалануды
қамтамасыз етуді және оқытушылық құрамды дайындауды жоспарлау
мақсатында құрылады.
(Өзгеріс: 7/5/2004-5170/8) Жоғары білім беру жөніндегі кеңес Министрлер
кеңесіне заңда көрсетілген профессорлық-оқытушылық құрамның саны мен
ерекшелігі бойынша сайланған кандидаттар ішінен ректор ретінде өз міндеттерін
табысты атқарған Республика Президенті тағайындаған мүшелерден, сонымен
қатар Республика Президенті тікелей жеке өзі тағайындаған мүшелерден тұрады.
Кеңес қызметін ұйымдастыру, атқару, өкілеттіктері, жауапкершілігі мен
принциптері заңмен реттеледі.
3. Арнаулы ережелермен реттелетін жоғары оқу орындары
132- БАП. Түркия Қарулы Күштері мен қауіпсіздік органдарының жоғары
оқу орындары арнаулы тиісті заң нормаларымен реттеледі.
F. Мемлекеттік теледидар- және радио бағдарламалары мен
ақпараттық агенттіктер
11
133- БАП. (Өзгеріс: 8/7/1993- 3913/1)
Радио және телевдидардық стансалар заңмен реттелетін ережелерге сәйкес
құрылады және ашық басқарылады.
(Қосымша тармақ: 21/6/2005-5370/1) Теле- және радио хабарларын
таратуды реттеп, қадағалауды жүзеге асыру мақсатында тоғыз мүшеден тұратын
теле және радио хабарларын таратудың Жоғары кеңесі құрылды. Мүшелер өз
кандидаттарын екі еселенген құрамда жылжытқан саяси партиялар топтары
мүшелерінің ішінен сайланады. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоғары кеңесі
мүшелерді сайлай отырып, әрбір саяси партияға мүшелердің тиісті санының
түсуін негізге алады. Мүшелерді сайлауды ұйымдастыру, олардың қызмет етуі
мен өкілеттіктерінің мерзімі заңмен реттеледі.
Мемлекет жекелеген радио және телевизия агенттіктерін қоғамдық заңды
тұлға мәртебесін бере отырып құрады, ал қоғамдық заңды тұлғалардан көмек
алатын ақпараттық агенттіктер дербес, олардың радио хабарлары бейтарап
болып табылады.
G. Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамы
134 -БАП. Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамы
Ататүріктің дүниеге көзқарасы, ұстанымдары мен реформалары, түрік
мәдениеті, Түркия тарихы мен түрік тілі жөніндегі ақпараттарды жариялауды
және таратуды жүзеге асырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Премьер-
министр жанынан құрамында Ататүрік Зерттеу орталығы, Түрік тілі қоғамы,
Түркия тарихи қоғамы мен Ататүрік Мәдени орталығы бар, Республика
Президенті бақылап әрі қолдау көрсетіп отыратын Ататүріктің нышандық
қамқорлығындағы қоғамдық заңды тұлға ретінде құрылады.
Ататүрік өз өсиетінде белгілеп беріп кеткен түрік тілі мен Түркия тарихы
қоғамының қаржылық қаражаты сақталады және сәйкесінше бөлінеді.
Мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамының құрылымы, органдары,
жұмыс істеу әдістері мен қызметкерлер құрамының мәселелері, сонымен қатар
олардың бөлімшелеріне қатысты өкілеттіктер заңмен реттеледі.
H. Қоғамдық кәсіби ұйымдар
135- БАП. Қоғамдық кәсіби ұйымдар мен олардың басқарушы органдары;
бұл белгілі бір кәсіп иелерінің қоғамдық мүдделерін қанағаттандыру, олардың
кәсіби қызметтерін жеңілдету, ортақ мүдделерге сәйкес кәсіптің дамуын
қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен кәсіби әдепті қорғау, қоғам мен оның
мүшелері арасында адал әрі сенімді қарым-қатынастарды қамтамасыз ету
мақсатында заңға сәйкес құрылған қоғамдық заңды тұлғалар; олардың
органдарын мүшелері белгіленген заң рәсімдеріне сәйкес және сот
органдарының бақылауымен жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
11
Бул баптын аты «Ф Радио және Телевизия Баскармашылыгы мен Мемлекеттік хабар агенттіктері» деп
аталган кезде 8/7/1993 жылы 3913 нөмірді заңнын 1. бабымен «Ф Радио және Телевизия Агенттіктері мен
мемлекеттік Хабар Агенттіктері» деп өзгертіліп 21/6/2005 жылы 5370 нөмірді занның 1. Бабымен
мәтінге енгізілген.
Мемлекеттік
мекемелерде
немесе
мемлекеттік
экономикалық
кәсіпорындарда тұрақты жұмыс істейтін тұлғалардың қоғамдық кәсіби
ұйымдарға мүше болулары міндетті емес.
(Өзгеріс: 23/7/1995- 4121/13) Бұл кәсіби ұйымдардың белгіленген
жетістікке жетуі үшін қойылған мақсатқа сай келмейтін іс-қимылдарға
қатыспаулары керек.
(Өзгеріс: 23/7/1995- 4121/13) Саяси партиялар бұл кәсіби ұйымдардың
органдарына немесе олардың басқарушы органдарына сайлауда кандидаттарын
ұсынбаулары тиіс.
(Өзгеріс: 23/7/1995- 4121/13) Бұл кәсіби ұйымдардың үстінен мемлекет
тарапынан әкімшілік және қаржылық қадағалауға қатысты ережелер заңмен
белгіленеді.
(Өзгеріс: 23/7/1995- 4121/13) Мақсаттарына сай емес іс-қимылдарға
қатысатын кәсіби ұйымдардың жауапты органдары заңда көрсетілген
органдардың талабы бойынша сот немесе прокурордың шешімімен таратылуы
қажет, ал олардың орнына жаңа органдар сайлануы керек.
(Өзгеріс: 23/7/1995- 4121/13) Алайда кешеуілдеу ұлттық қауіпсіздікке,
қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін жағдайда және заңда белгіленген билік
органдарына қылмыстың жасалғанын немесе жалғасқанын ескерту қажет болған
жағдайларда кәсіподақтардың қызметін тоқтату өкілеттігі жүктелуі мүмкін. Бұл
өкілеттіктерге қатысты шешім 24 сағат ішінде жауапты судьяға мақұлдауға
берілуі тиіс. Егер судья 48 сағат ішінде шешімді хабарламаса, бұл әкімшілік
шешім автоматты түрде жойылады.
I. Дін істері жөніндегі басқарма
136- БАП. Әкімшілік органдарының құрылымына кіретін Дін істері
жөніндегі басқарма саяси істермен және идеялармен байланысты емес, ұлттық
ынтымақ пен тұтастыққа ұмтылатын лаицизм қағидаттарына сәйкес арнаулы
заңда белгіленген өз міндеттерін жүзеге асырады
J. Заңсыз өкім
137- БАП. Егер мемлекеттік қызметтегі тұлға басшысы шығарған өкімді
заңға тәуелді актілердің, нұсқаулықтардың, заңдардың немесе Коституцияның
ережелеріне өзінің жағдайы немесе мәртебесіне қарамастан қайшы деп есептесе,
оны орындамауы керек, ол туралы өкімді шығарған тұлғаға хабарлауы тиіс.
Алайда егер оның басшысы бұл өкімді дұрыс деп тауып, жазбаша түрде
жаңартса, бұл өкім орындалуы керек: бұл жағдайда өкімді орындаушы тұлға
жауапқа тартылмауы тиіс.
Қылмыс деп табылатын өкім ешқандай жағдайда орындалмауы қажет;
мұндай өкімді орындаушы тұлға жауапкершіліктен босатылмайды.
Әскери міндеттерді және қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық қауіпсіздікті
қорғауға қатысты заңмен белгіленген шұғыл жағдайлардағы ерекшеліктер
сақталады.
37 БӨЛІМ
Сот билігі
I. Жалпы ережелер
A. Соттардың тәуелсіздігі
138- БАП. Судья өз міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады, олар
шешімдерін Атазаңға, заң мен құқыққа сәйкес, өз ар-ұжданы мен ішкі сенім-
нанымдарына сай қабылдайды.
Бірде-бір орган, билік, ресми сатылар немесе тұлғалар сот төрелігін
жүзеге асырушы соттарға немесе судьяларға нұсқаулар мен нұсқаулықтар бере
алмайды, оларға өкімхаттар жіберіп немесе ұсынымдар немесе ұсыныстар бере
алмайды.
Сот өндірісінде жатқан істер бойынша сот өкілеттігін жүзеге асыруға
қатысты Заң шығарушы Мәжіліста ешқандай сұрақ қойыла алмайды,
талқылаулар өткізіліп немесе шағымдар айтыла алмайды.
Заң шығарушы және атқарушы органдар, әкімшіліктер сот шешімін
орындаулары керек: бұл органдар мен әкімшіліктер шешімдерді өзгертпей,
оларды кешіктірмей орындаулары қажет.
B. Судьялар мен прокурорларға берілетін кепілдіктер
139- БАП. Судьялар мен прокурорлар Атазаңда белгіленген жасқа
жеткенше зейнетке шығарыла немесе жұмыстан босатыла алмайды; осыған
сәйкес олар судья орнынан қысқартылса да, мәртебелеріне сәйкес шағым
беруден, жәрдемақылар мен басқа да құқықтарынан ажыратылмайды.
Денсаулықтарына байланысты өз міндеттерін орындай алмайтын, сондай-
ақ атқарып отырған лауазымдарына сәйкеспейтіндігі туралы шешім қабылданған
тұлғалардың құқық бұзушы деп айыпталғандарына қатысты заңда көрсетілген
ерекшеліктер сақталады.
C. Судьялар мен прокурорлар
140- БАП. Судьялар мен прокурорлар сот төрелігі органдарында және
әкімшілік соттарда судьялар мен прокурорлардың міндеттерін орындайды. Бұл
міндеттерді кәсіби судьялар мен прокурорлар атқарады.
Судьялар соттардың тәуелсіздік қағидаттарына және судьяға қатысты
кепілдіктерді қамтамсыз етуге сәйкес өз міндеттерін орындаулары керек.
Судьялар
мен
прокурорлардың
біліктіліктері,
тағайындалулары,
құқықтары мен міндеттері, шағымдары мен жәрдемақылары, олардың қызметте
өсуі, міндеттерін атқаруда немесе қызметтеріндегі уақытша немесе тұрақты
өзгерістер, тәртіптік істі қарауға қатысты іс қозғау және кейін тәртіптік жаза
белгілеу, қызметтік міндеттерін орындау немесе атқару барысымен байланысты
қылмыс жасады деп тергеу жүргізу және сотқа тартылғаны туралы шешім
қабылдау, лауазымдарынан шеттетуді талап ететін қылмыс жасады деп және
басқа да құзырсыз жағдайларға қатысты айыптаулар, оларды өндірістік оқыту
мен жеке мәртебелеріне қатысты өзге де мәселелер судьялардың тәуелсіздігі
және кепілдіктерін қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес заңмен реттеледі.
Судьялар мен прокурорлар өз міндеттерін 65 жасқа жеткенше жүзеге
асырулары керек; жасына сай қызметте өсіру мен әскери судьялардың отставкаға
кетуі заңмен белгіленеді.
Судьялар мен прокурорлар заңда көрсетілген ерекшеліктерден басқа
қандай да бір мемлекеттік немесе қоғамдық қызметтерді атқара алмайды.
Судьялар мен прокурорлар өздерінің әкімшілік міндеттерінің аясында
Әділет министрлігіне бағынады.
Сот төрелігі органдарының әкімшілік лауазымдарында жұмыс істейтін
судьялар мен прокурорлар осы ережеге басқа судьялар мен прокурорлар сияқты
бағынады. Олардың шендері мен дәрежелері судьялар мен прокурорларға
қатысты қағидаттарға сәйкес анықталады және олар судьялар мен прокурорларға
берілетін барлық құқықтарды пайдаланады.
D. Сот отырыстарының жариялылығы мен сот шешімдерінің
дәлелділігі
141- БАП. Сот отырыстары көпшілік үшін ашық болып табылады.
Сессияда толық немесе ішінара жабық тыңдау өткізу қоғамдық этика немесе
қоғамдық қауіпсіздік себептері бойынша қажетті деп табылған жағдайда ғана
шешілуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандарға қатысты сот заңда арнаулы ережелер арқылы
белгіленеді.
Барлық сот шешімі жазбаша нысанда негізделеді.
Сот органдары сотта істі қарауды қысқа мерзімде әрі ең аз шығындармен
аяқтауға міндетті.
E. Соттарды ұйымдастыру
142- БАП. Соттарды ұйымдастыру, қызметтері мен заңды құзырлары,
олардың жұмыс істеуі және сотта істі қарау рәсімі заңмен реттеледі.
F. Мемлекеттік қауіпсіздік судьялары
143- БАП. - (Жойылған: 7/5/2004-5170/9)
G. Судьялар мен прокурорларды бақылау
12
144- БАП. (Өзгеріс: 12/9/2010-5982/14) Прокурорлардың әкімшілік
міндеттемелерін орындауына және әділет саласындағы қызметіне жүргізілетін
Әділет министрлігінің бақылауын судьялар мен прокурорлар қатарынан
мамандар, ал тергеу жүргізу мен жауап алуды әділет инспекторлары жүргізеді.
Осыған байланысты оның негіздері мен рәсімдері заңмен реттеледі.
H. Әскери сот жүйесі
145- БАП. (Өзгеріс: 12/9/2010-5982/15)
Әскери сот жүйесін әскери судьялар мен әскери тәртіптік судьялар жүзеге
асырады. Бұл судьялардың әскери қызметкерлерді олардың басқа әскери
қызметкерлерге немесе әскери іс-қимылдар аймақтарына қарсы жасаған әскери
қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін, сондай-ақ әскери қызметпен және
әскери міндеттерімен байланысты құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартуға
өкілеттіктері бар. Мемлекеттік құрылысқа, Атазаңдық тәртіпке және осы жүйе
жұмыстарына қарсы жасалған қылмыстарды Қылмыстық судьялар қарастырады.
Әскери соттарда, әскери іс-қимылдар кезеңінен басқа кезеңде, әскери
қызметкер болып табылмайтындардың істері қаралмайды.
Соғыс уақытында немесе әскери жағдайларда әскери судьялардың заңды
құзырына түскен қылмыстар мен тұлғалар, олардың құрылымдары мен
тағайындалуларының әскери сотқа қажеттіліктері кезінде жалпы заңды
құзырдағы соттардың судьялары мен прокурорлары заңмен ретеледі.
12
Бул баптын аты «G Судьялар мен прокурорларды Бакылау » деп аталган кезде 12/9/2010 жылы 5982
нөмірді заңнын 14. бабымен өзгертіліп мәтінге енгізілген.
Әскери соттарды ұйымдастыру, олардың қызметтері, әскери сотқа
қатысты дербес іс қағаздарын жүргізу, пәрмен беру арқылы құрылған әскери
прокурордың міндетін атқарушы әскери судьялардың өзара қарым-қатынастары
судьялардың тәуелсіздігі, оларға берілетін кепілдіктер мен судьялардың
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету қағидаттарына және әскери қызмет талаптарына
сәйкес заңмен реттеледі.
II. Жоғары сатыдағы соттар
А. Атазаңдық сот
I. Құрылымы
146- БАП. (Өзгеріс: 12/9/2010-5982/16)
Атазаңдық сот он жеті мүшеден тұрады.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Есеп палатасы кеңесіндегі әрбір бос орынға
үш үміткердің ішінен екі мүшені, Адвокаттар қауымдастығынан әрбір екі бос
орынға үш үміткерден бір мүшені жасырын дауыс беру арқылы таңдайды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісте болатын әрбір бос орынға бірінші дауыс беруге
мүшелердің үштен екісі, ал екінші турға мүшелердің жартысынан көбісі қатысуы
керек. Егер екінші турда көпшілік дауыс жиналмаса, бул дауыс берудегі ең көп
дауыс алган екі үміткер үшін үшүншү айналым жасалады; үшүншү айнйлымда
ең көп дауысту алган үміткер сайланган болады.
Республика Президенті әрбір бос орынға төрағалар мен мүшелердің
арасынан Атазаңдық сот мүшелерін - Бас Кеңестер ұсынған үш кандидатты,
Жоғары апелляциялық соттан бір мүшені, Жоғары әскери әкімшілік соттан бір
мүшені, Жоғары білім беру жөніндегі кеңес ұсынған кандидаттар ішінен үш
мүшені – оның екеуі заңгер болуға және бұлар Атазаңдық кеңестің мүшелері әрі
жоғары оқу орындарының заң, экономика және саяси кафедраларында сабақ
бермеуге тиіс; жоғары лауазымды басшылар, адвокаттар, судьялар мен бірінші
дәрежелі прокурорлар және кемінде бес жыл баяндамашы болып жұмыс істеген
Атазаңдық сот баяндамашысы арасынан төрт мүшені таңдайды.
Аппелляциялық соттан, Мемлекеттік кеңестен, Жоғары әскери әкімшілік
соттан, Жоғары Әскери Әкімшілік Соттан, Есеп Палатасынан, Жоғары білім
беру жөніндегі кеңестен кандидаттар ұсынылатын Атазаңдық сот сайлауында
әрбір бос орынға көбірек дауыс алған үш үміткер сайланатын болады.
Адвокаттар қауымдастығынан ұсынылған тәуелсіз адвокаттар арасынан
көрсетілетін үміткерлерден басым дауыс жинаған үш үміткер сайланатын
болады.
13
Атазаңдық сот мүшелігіне сайлану үшін жоғары оқу орындарының қырық
бес жасқа толған оқытушылар құрамы мүшелерінің доцент немесе профессор
дәрежесі бар болуы, адвокаттадың кемінде жиырма жыл адвокат болып жұмыс
істеген болуы, жоғары әкімшілік лауазымды тұлғалардың жоғары білімі және
кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі болуы, бірінші дәрежелі судьялар мен
прокурорлар кандидаттығын қосқанда, кемінде жиырма жыл жұмыс істеуі.
13
Бул бабтын бірінші айтылымындагы «әр бос мүшелік үшін» айтылымынан кейінгі «...бір мүше жалгыз
бір кандидат үшін дауыс береалады...» айтылымы және әкінші айтылымындағы «өткізілетін жаңа
сайлауда» айтылымынан кейінгі «.....де әр бір адуокаттар кауымдастығы төрағасы жалгызак бір үміткер
үшін дауыс береалады және....» айтылымдары Атазаң Сотынын 7/72010 жылы Е: 2010/49, К: 2010/87
нөмірді шешімі мен жойылган. (Р.Г.:1/8/2010,Кайта басылым 27659)
Атазаңдық сот төраға мен төрағаның екі орынбасарын негізгі мүшелердің
ішінен жалпы мүшелер санының басым көпшілігінің жасырын дауыс беруімен
төрт жылға сайлайды. Олардың өкілеттік мерзімдері аяқталғаннан кейін қайта
сайлана алады.
Атазаңдық сот мүшелері өздерінің міндеттерінен басқа өзге де лауазымдар
мен жекелеген қызметтерді атқармаулары керек.
2. Мүшелердін кызмет мерзімі мен мүшелікті тоқтату
14
147- БАП. (Өзгеріс: 12/9/2010-5982/17) Атазаңдық сот мүшелері он екі
жылға сайланады. Атазаңдық сотқа ешкім де екі рет сайлана алмайды.
Атазаңдық сот мүшелері 65 жасқа жеткенде зейнетке шығады. Атазаңдық сот
мүшесін зейнет жасына жетуімен емес, оның өкілеттік мерзімінің аяқталуымен
байланысты басқа лауазымға тағайындау, сондай-ақ басқа да кадр мәселелері
заңмен реттеледі.
Атазаңдық Сот мүшелігі бір мүшенін Судья кызметінен босатылуын
кажет кылган бір кылмыстан кінәләнганда өз өзінен, мүшелікті денсаулык
жөнінен аткаралмайтыны айкындалганда Атазандық Сот мүшелері жалпы
санынын көпшілік даусымен кабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |