ТҮркия республикасының атазаңЫ 1, 2 Қабылданды


F. Соғыс жариялау және Қарулы Күштерді қолдануға рұқсат беру



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата12.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

F. Соғыс жариялау және Қарулы Күштерді қолдануға рұқсат беру 

92-  БАП.  Халықаралық  құқықтық  тұрғыдан  соғыс  жағдайын  жариялау 

өкілеттігі  заңды  деп  есептелген  жағдайларды  қоспағанда,  Түркия  бір  тарапы 

болып  табылатын  халықаралық  келісімдерге  немесе  халықаралық  этикет 

ережелеріне  сәйкестігі  талап  етілетін  жағдайларда  Түркия  Қарулы  Күштерін 

шетелдерге  жіберуге  және  шетелдік  қарулы  күштердің  Түркияға  орналасуына 

рұқсат беру Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне тиесілі. 

Егер  ел  каникул  кезінде  немесе  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісы  жұмысы 

үзіліске шыққан кезде тұтқиылдан қарулы агрессияға тап болып, сөйтіп, Қарулы 

Күштерді  пайдалану  туралы  мәселені  тез  арада  шешу  қажет  болған  жағдайда, 

Республика  Президенті  Түркия  Қарулы  Күштерін  пайдалану  туралы  шешім 

қабылдай алады. 

ІІІ. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің қызметіне қатысты ережелер 

A. Каникулдан шақырып алу және тарату 

93-  БАП.  (Өзгеріс:  23/7/1995-4121/11)  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  өз 

құқықтары бойынша әр жылдың қазан айының бірінші күнінде жиналады. 

Заңнамалық жыл бойында Мәжіліс ең көп дегенде үш рет каникулда бола 

алады.  Каникул  немесе  отырыстар  арасындағы  үзіліс  кезінде  оны  Республика 

Президенті өзінің жеке бастамашылығымен немесе Министрлер кеңесінің талап 

етуімен жинап ала алады.  

Мәжіліс  Төрағасы  де  не  өз  бастамашылығымен,  не  оның  мүшелерінің 

бестен бірінің жазбаша сұрауы бойынша шақыра алады. 

Егер  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  каникул  кезінде  немесе  отырыстар 

арасындағы  үзіліс  кезінде  шақырылса,  онда  ол  отырысты  кейінге  қалдыра 

алмайды  немесе  шақырылым  қажеттілігін  тудырған  мәселені  бірінші  кезекте 

қарастырғанға дейін каникулды жалғастыра алмайды. 



B. Мәжіліс Президиумы 

94-  БАП.  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  Президиумы  Мәжіліс 

мүшелерінің  арасынан  сайланған  спикерден,  спикердің  орынбасарынан,  мүше-

хатшылардан және мүше-әкімшілерден тұрады. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Президиумының құрамы Мәжілістегі әрбір 

саяси  партиялар  тобына  қатысушылардың  өкілдіктерін  пропорционал 

қамтамасыз  етуге  тиіс.  Саяси  партиялар  топтары  спикер  лауазымына 

кандидаттар ұсынуға тиісті емес. 

(Өзгеріс: 12/9/2010-5982/10) Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Президиумына 

сайлау  бір  заң  шығару  мерзімі  барысында  екі  рет  өткізіледі.  Бірінші 

айналымдағы сайланғандардың өкілеттік мерзімі - екі жыл, ал екінші айналымда 

сайланғандардың өкілеттігі - сол заң шығару мерзімінің аяғына дейін. 

(Өзгеріс:  3/10/2001-4709/30)  Спикер  лауазымына  кандидат  Түркия  Ұлы 

Ұлттық  Мәжілісі  мүшелерінің  арасынан  ұсынылады  және  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісі  шақырылған  сәттен  бастап  бес  күн  ішінде  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісі  Президиумына  мәлімделуі  тиіс.  Спикерді  сайлау  құпия  дауыс  беру 

арқылы  жүргізіледі.  Алғашқы  екі  турда  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі 

мүшелерінің  жалпы  санының  үштен  екі  даусы,  ал  үшінші  турда  Түркия  Ұлы 

Ұлттық Мәжілісі мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігінің дауысы талап 

етіледі.  Егер  үшінші  турда  басым  көпшілік  дауыс  алынбаса,  онда  төртінші  тур 

үшінші  турда  неғұрлым  көбірек  дауыс  алған  екі  кандидат  арасында  өткізіледі: 



төртінші  турда  ең  көп  дауыс  алған  депутат  спикер  болып  сайланады.  Спикерді 

сайлау  кандидаттыққа  ұсыну  үшін  белгіленген  мерзім  аяқталғаннан  кейін  бес 

күн ішінде аяқталады. 

Спикер орынбасарларының, мүше-хатшылардың және мүше-әкімшілердің 

саны, оларды сайлау үшін қажетті көпшілік, турлар саны және  олардың тәртібі 

Регламентпен көзделеді. 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  Төрағасы  мен  спикердің  орынбасары 

өздері  мүшелері  болып  табылатын  Мәжілістің  немесе  одан  тыс  саяси 

партиялардың  немесе  партиялық  топтардың  қызметіне;  олардың  міндеттерін 

атқарған  жағдайлардан  басқа  жағдайларды  қоспағанда  пікірталастарға  қатыса 

алмайды;  сессияны  басқарған  спикер  немесе  оның  орынбасары  дауыс  беруге 

қатыспайды. 



C. Регламент, саяси партиялық топтар және қауіпсіздік қызметі 

95-  БАП.  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  өз  қызметін  өздері  қабылдаған 

Регламенке сәйкес жүзеге асырады. 

Регламент  ережесі  Мәжілістің  бүкіл  қызметіне  әрбір  саяси  партиялық 

топтың  мүшелері  санына  пропорционал  қатысуына  кепілдік  беретіндей  етіп 

құрылуы тиіс, партиялық фракциялар егер олардың құрамында кемінде жиырма 

мүше болған жағдайда ғана құрыла алады. 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  барлық  әкімшілік  қызметтері  мен 

қауіпсіздік  қызметін  барлық  ғимараттарда,  құрылыстарда,  жапсарлас  салынған 

құрылыстар  мен  бүкіл  аумақта  Мәжіліс  Төрағасынің  аппараты  ұйымдастыфып, 

бақылауға  алуға  тиіс.  Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қажетті  күштер 

мен басқа да осыған ұқсас  қызметтерді Мәжіліс Төрағасынің аппаратына тиісті 

биліктер ұсынады. 



D. Сессия өткізу және шешім қабылдау үшін талап етілетін кворум 

96-  БАП.  (Өзгеріс:  21/10/2007-5673/3)  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі 

кворум болған кезде және Мәжіліс мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен 

бірі  қалған  барлық  мәселелерді  шешкен  жағдайда  жиналуға  тиіс,  егер  заңмен 

өзгеше  көзделмесе,  отарысқа  қатысушылардың  басым  көпшілігінің  даусымен 

шешім  қабылдауға  тиіс;  алайда  шешім  қабылдау  үшін  қажетті  көпшілік  қалай 

болғанда  да  Мәжіліс  мүшелерінің  жалпы  санының  төрттен  бірінен  және 

қосымша бір дауыстан кем болмауға тиіс. 

Министрлер  кеңесінің  мүшелері  министрді  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісінің өздері  қатыса  алмайтын сессияларында  өз аттарынан  дауыс  беруге 

уәкілетті  ете  алады.  Алайда  министр  өз  дауысын  қосқанда  екі  дауыстан  артық 

дауыс бере алмайды. 

E. Пікірсайыстың ашықтығы және оны жариялылығы 

97-  БАП.  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  пленарлық  отырысында 

өткізілетін  пікірсайыстар  ашық  болып  табылады  және  хаттамалар  журналына 

өзгеріссіз жарияланады. 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  Регламентке  сәйкес  жабық  отыфыстар 

өткізе  алады;  мұндай  пікірсайыстардың  жариялануы  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісінің шешіміне байланысты. 



Егер  Мәжіліс  Призидиумының  ұсынысы  бойынша  Мәжіліс  өзге  шешім 

қабылдамаса,  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  ашық  ггікірсайыстары  барлық 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еркін беріле алады. 

IV. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ақпарат алу және оған бақылау 

жасау тәсілдері 

А. Жалпы ережелер 

98- БАП. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі сұрақтар қою, парламенттік сауал, 

жалпы  пікірталастар,  интерпелляциялар  және  парламенттік  тергеулер  арқылы 

бақылау қызметін жүзеге асырады. 

Сұрау  -  бұл  премьер-министрге  немесе  министрге  бағытталған, 

Министрлер  кеңесі  атынан  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  жауап  беруді  қажет 

ететін ақпараттарды талап ету. 

Парламенттік  сауал  салу  -  белгілі  бір  сұраққа  ақпарат  алу  мақсатында 

өткізілген зерттеу. 

Жалпы  пікірталас  -  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  пленарлық 

отырыстарында  қоғам  мен  мемлекеттің  іс-қимылына  қатысты  белгілі  бір 

сұрақты қарастыру. 

Сұраныс  нысаны,  олардың  мазмұны  және  мәселелерге,  парламенттік 

сауалдар  мен  жалпы  пікірталасқа  қатысты  ұсыныстарды  қолдану  аясы,  сондай-

ақ жауап беру тәртібі, оларды талқылау және қарастыру Регламентпен реттеледі. 



B. Интерпелляция 

99-БАП.  Интерпелляция  жөніндегі  ұсыныс  не  саяси  партиялар  тобының 

атынан  немесе  кемінде  жиырма  депутаттың  қолы  қойылып  қарауға  ұсынылуы 

мүмкін. 

Интерпелляция  туралы  қарауға  берілетін  ұсыныс  депутаттарға  қағазға 

басылып таратылады; күн тәртібіне интерпелляция туралы ұсыныс енгізу өтініш 

жасалғаннан  кейін  он  күн  ішінде  талқылануы  тиіс.  Бұл  пікірсайыстарда 

интерпелляция  авторларының  біреуіне  ғана  -  әрбір  саяси  партиялар  тобының 

өкіліне, Премьер-министрге немесе Министрлер кеңесінің атынан бір министрге 

ғана сөз беріледі. 

Интерпелляция  туралы  ұсынысты  күн  тәртібіне  енгізу  шешімімен  қатар, 

оны  талқылау  күні  белгіленеді,  алайда  пікірсайыстар  оны  күн  тәртібіне  қою 

туралы  шешімді  енгізген  соң,  екі  күн  өтпей  өткізілмеуге  және  жеті  күннен 

аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс. 

Талқылау  барысында  депутаттардың  немесе  партиялық  топтардың 

қарауына  ұсынылған  интерпелляция  туралы  ұсынысты,  сенімсіздік  білдіру 

туралы  ұсынысты  немесе  сенімсіздік  білдіру  туралы  салынған  сұрауды 

себептерін  көрсете  отырып,  Министрлер  кеңесі  толық  бір  күн  өткеннен  кейін 

ғана дауыс беруге қояды. 

Министрлер кеңесін немесе министрді қызметінен алу үшін дауыс берген 

кезде  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  мүшелерінің  жалпы  санының  басым 

көпшілігінің  қатысуы  талап  етіледі,  онда  тек  жақтап  берген  дауыстар  ғана 

есептеледі. 

Интерпелляцияға  қатысты  басқа  ережелер,  олар  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісінің жұмыс тәртібімен және жоғарыда аталған принциптермен келісілген 

жағдайда Регламентпен белгіленеді. 


C. Парламенттік тергеулер 

100-БАП.  (Өзгеріс:  3/10/2001-4709/31)  Премьер-министрге  немесе  басқа 

министрлерге  қатысты  парламенттік  тергеулер  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі 

мүшелерінің  жалпы  санының  кемінде  оннан  бірінің  ұсынысы  бойынша 

қозғалады.  Мәжіліс  бұл  мәселе  жөніндегі  шешімді  бір  ай  ішінде  қарастырып, 

жасырын дауыспен қабылдауы тиіс. 

Тергеу  жүргізу  туралы  шешім  қабылданған  жағдайда  оны  комиссияға 

парламенттегі  партиялардың  өкілдігіне  пропорционалды  ұсынылған  оның 

мүшелерінің  үш  есе  санына  сүйене  отырып,  әр  партиядан  жеребе  бойынша 

іріктелген  15  адамнан  тұратын  комиссия  өткізуі  тиіс.  Комиссия  тергеу 

нәтижелеріне  қатысты  хабарламаны  Мәжіліске  екі  ай  ішінде  ұсынуға  міндетті. 

Егер  тергеу  белгіленген  мерзім  ішінде  аяқталмаса,  комиссияға  қосымша  және 

соңғы рет тағы екі ай мерзім беріледі. (Косымша ұсыныс: 3/10/2001-4709/31 бап) 

Осы кезең ішінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне міндетті түрде баянат ұсыну 

қажет. 


(Өзгеріс:  3/10/2001-4709/31)  Баянат  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісіне 

ұсынылғаннан  кейін  он  күн  ішінде  таратылады.  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі 

баяндаманы  он  күн  ішінде  талқылауы  қажет  және  қажет  деп  тапқан  жағдайда 

тиісті  тұлға  туралы  мәселені  Жоғарғы  сотқа  беру  туралы  шешім  қабылдай 

алады. Мұндай шешім Мәжіліс мүшелерінің жалпы санының тек басым көпшілік 

даусымен жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. 

Мәжілісте  саяси  партиялық  топтар  парламенттік  тергеулерге  қатысты 

талқылаулар өткізеді және шешімдер қабылдайды. 

 

2- ТАРАУ 

Атқарушы билік 

1. Президент 

A. Қажетті жағдайлар және бейтараптылық 

101- БАП. (Өзгеріс: 21/10/2007-5678/4) 

Республика Президенті Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 40 жасқа толған, 

жоғары  білімі  бар  мүшелерінің  немесе  осы  талаптарға  және  депутаттарға 

қойылатын  талаптарға  сай  келетін  Түркия  азаматтарының  арасынан  жалпы 

халықтық дауыс беру арқылы сайланады. 

Президент  бес  жыл  мерзімге  сайланады.  Әр  адам  президенттікке  тек  екі 

рет сайлана алады. 

Республика  Президенті  лауазымына  кандидаттық  үшін  Түркия  Ұлы 

Ұлттық  Мәжілісі  мүшелері  арасынан  немесе  Мәжіліс  сыртынан  болса  жиырма 

шақты  депутаттың  қолы  қойылған  жазбаша  ұсыныс  қажет.  Алайда  Ұлттық 

Мәжілістің  соңғы  сайлауында  жинақтап  алғанда  он  пайыз  дауыс  алған  саяси 

партиялар ортақ кандидатын ұсына алады. 

Республика Президенті болып сайланған адам егер ол партия мүшелігінде 

болса, партиямен қарым-қатынасын тоқтатуға тиіс, сондай-ақ оның Түркия Ұлы 

Ұлттық Мәжілісінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі де тоқтатылуы тиіс. 

B. Сайлау  

102- БАП. (Өзгеріс: 21/10/2007-5678/5) 


Республика  Президенті  өкілеттілігінің  аяқталатын  күніне  алпыс  күн 

қалғанда сайланады. Ал лауазымынан босатылған жағдайда босатылған күнінен 

бастап алпыс күн ішінде сайланады. 

Жалпыға бірдей сайлауда көпшілік дауысқа ие болған кандидат Президент 

болады.  Егер  бірінші  турда  жеткілікті  дауыс  жинай  алмаса,  алдағы  бірінші 

жексенбіні өткізіп, одан кейінгі жексенбіде екінші тур өткізіледі. Бірінші турда 

көп  дауыс  алған  екі  кандидат  екінші  турға  қатысады.  Көбірек  жарамды  дауыс 

алған адам Президент болады. 

Екінші  турға  шыққан  екінші  кандидат  қайтыс  болған  немесе  сайлану 

құқығын жоғалтқан жағдайда оның орнын бірінші турда дауыс санын есептеген 

кезде одан кейінгі орындағы кандидат иеленеді. Егер екінші турда бір кандидат 

қалса,  онда  сайлау  референдум  ретінде  өтеді.  Көбірек  жарамды  дауыс  алған 

кандидат Президент болады.  

Республика  Президентінің  өкілеттік  мерзімі  қайта  сайланған  Республика 

Президенті осы лауазымға тағайындалғанша жалғасады. 

Президентті сайлау принциптері мен рәсімдері заңмен реттеледі. 



C. Ант 

103-  БАП.  Республика  Президенті  қызметіне  кірісер  кезде  Түркия  Ұлы 

Ұлттық Мәжілісінің алдында ант қабылдауға міндетті: 

«Республика Президенті ретінде мен Ұлы Түрік Ұлты мен тарих алдында 

арыммен және абыройыммен мемлекеттің өмір сүруі мен тәуелсіздігін, елім мен 

халқымның  бөлінбейтін  бүтіндігін,  ұлтымның  шүбәсіз  егемендігін  қорғауға, 

Атазаңдға,  құқық  нормаларын  сақтауға,  демократияның,  Ататүрік  төңкерісінің, 

зайырлы  республиканың  жақтаушысы  болуға,  ұлттық  ынтымақтастық  пен  әділ 

сот  рухында  ұлттардың  бейбіт  өмір  сүру  және  жетістіктерге  жету  жағдайында 

адам  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарын  пайдалануға  әркімнің  мүмкіндігі 

бар мұраттардан бас тартпауға, Түркия Республикасының даңқы мен абыройын 

сақтап,  ұлықтау  үшін  және  өзім  қабылдаған  қызметтерді  теріс  пайдаланбай 

атқару үшін ант етемін.» 



D. Міндеттер мен өкілеттіктер 

104-  БАП.  Республика  Президенті  -  мемлекет  басшысы.  Осы  тұрғыда  ол 

Түркия  Республикасының  атынан  өкілдік  етеді  және  Түркия  ұлтының  бірлігін 

көрсетеді;  Атазаңның  орындалуын,  сондай-ақ  мемлекеттік  органдардың  жүйелі 

және үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Атазаңның тиісті бөлімдерінде көзделген жағдайларға сәйкес Республика 

Президенті  атқаруға  тиіс  міндеттер  мен  жүзеге  асыруы  тиіс  өкілеттіктер 

мынадай: 

а) заң шығару қызметі саласында: 

егер  қажет  деп  тапса,  заңнамалық  жылдың  бірінші  күнінде  Түркия  Ұлы 

Ұлттық Мәжілісінің ашылуына арнап сөз сөйлеуге

қажет болған жағдайда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін шақыру, 

заңдарды жариялау; 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісіне  заңдарды  қайта  қарау  үшін  қайтарып 

беру; 


егер  қажет  деп  тапса,  Атазаңға  түзетулер  енгізу  туралы  заңнаманы 

референдумға шығару; 



Атазаңдық  сотқа  заң  күші  бар  заңдардың,  қаулылардың  ережелеріне, 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Регламентіне олардың Атазаңның нысаны мен 

мазмұны бойынша сәйкес келмейтіндігі негізінде немесе мазмұны жағынан сай 

келмейді деген негізде шағым беру; 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінін жаңа сайлауын тағайындау: 

в) атқарушы қызметтер саласында: 

премьер-министрді  тағайындау  және  оны  оның  орнынан  түсуін 

тағайындау, 

Премьер-министрдің  ұсынысы  бойынша  министрлерді  тағайындау  және 

қызметінен босату; 

Министрлер кеңесінің үстінен бақылауды жүзеге асыру немесе шақыруға 

қажет  деп  тапқан  жағдайда  әрқашан  Министрлер  кеңесін  оның  өкілдігімен 

шақырту:  

шет  мемлекеттердегі  Түркия  мемлекетінің  өкілдерін  аккредитациялау 

және Түркия Республикасында шетел өкілдерін қабылдау; 

халықаралық келісімдерді ратификациялау және жария ету

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  атынан  Түркия  Қарулы  Күштері  Бас 

қолбасшысының міндеттерін таныстыру; 

Бас штаб басшысын тағайындау

Ұлттық қауіпсіздік Кеңесін шақыру; 

Ұлттық қауіпсіздік Кеңесіне бақылау жүргізуді жүзеге асыру; 

Министрлер кеңесінің қабылдаған шешіміне сәйкес оның  төрағалығымен 

әскери  және  төтенше  жағдайларды  жариялау,  сондай-ақ  Президент 

төрағалығымен  Министрлер  кеңесінің  шешіміне  сәйкес  заң  күші  бар 

қаулыларды жария ету; 

қаулыларға қол қою; 

кейбір  тұлғаларға  созылмалы  науқасына,  іс-әрекетке  қабілетсіздігіне 

немесе кәрілігіне байланысты үкімді толықтай немесе ішінара болдырмау

Мемлекеттік бақылау кеңесінің мүшелері мен төрағасын тағайындау; 

Мемлекеттік 

бақылау 

кеңесіне 

сұрауларды, 

зерттеулерді 

және 

инспекцияларды жүзеге асыруды тапсыру; 



Жоғары білім беру кеңесі мүшелерін тағайындау, 

Үниверситет ректорларын тағайындау; 

с) сот билігі саласында: 

Атазаңдық сот мүшелерін, Мемлекеттік кеңес мүшелерінің төрттен бірін, 

Бас  прокурор  мен  Жоғары  аппеляциялық  соттағы  Бас  прокурордың  өкілін, 

әскери  аппеляциялық  соттың  мүшелерін,  Жоғары  әскери  аппеляциялық  соттың 

мүшелерін мен Жоғарғы Кеңес судьялары мен прокурорларын тағайындау. 

Республика  Президенті  сондай-ақ  сайлау  мен  тағайындауға  байланысты 

басқа  да  өкілеттіліктерді  жүзеге  асырады,  сөйтіп,  Атазаң  мен  заңдарға  сәйкес 

оған жүктелген өзге де міндеттерді орындайды. 



E. Президенттің есептілігі және жауапты болмауы 

105-  БАП.  Республика  Президенті  Премьер-министрдің  немесе  тиісті 

министрдің  қолынсыз  шешім  қабылдауға  құқығы  бар  қаулыдан  басқа  барлық 

президенттік қаулыларға Атазаң ережелері мен басқа заңдарға сәйкес Премьер-


министр  қол  қояды  және  бұл  қаулыларға  Премьер-министрмен  тиісті 

министрлер жауапты болып табылады. 

Республика  Президентінің  жеке  бастамасы  бойынша  қол  қойылған 

шешімдер мен жарлықтар Атазаңдық сотты қосқанда, ешқандай заң сатыларына 

шағымдануға жатпайды. 

Республика Президенті мемлекетке опасыздығы үшін Түркия Ұлы Ұлттық 

Мәжілісі мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен бірінің ұсынысы бойынша 

жауапқа  тартылады;  егер  оған  Мәжіліс  мүшелерінің  жалпы  санының  кемінде 

төрттен үші дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. 

F. Республика Президенті лауазымын ауыстыру. 

106-  БАП.  Республика  Президентінің  денсаулығына,  шетелге  саяхатқа 

шығуына  немесе  басқа  да  осыған  ұқсас  жағдайларға  байланысты  Түркия  Ұлы 

Ұлттық  Мәжілісінің  Төрағасы  Республика  Президентінің  міндеттерін  атқарады 

және оның өкілеттіктерін Республика Президенті өз міндеттерін атқаруға қайтып 

келгенге  дейін  жүзеге  асырады,  сондай-ақ  орнынан  түскен  жағдайда  немесе 

басқа да себептермен жаңа Республика Президенті сайлағанға дейін Республика 

Президентінің міндеттерін уақытша атқарады. 

G. Республика Президентінің Бас Хатшылығы 

107-  БАП.  Бас  Хатшылықты  құру,  ұйымдастыру  және  оның  жұмыс  істеу 

принциптері, 

сондай-ақ 

Республика 

Президенті 

Бас 


Хатшылығының 

қызметкерін тағайындау Президент қаулыларымен реттеледі. 



H. Мемлекеттік бақылау кеңесі 

108-  БАП.  Республика  Президентінің  жанынан  құрылатын  Мемлекеттік 

бақылау  кеңесі  заңдардың  жүйелі  әрі  тиімді  жұмыс  істеуін  басқару  мен 

заңдардың  сақталуын  орындау  және  оған  жәрдемдесу  мақсатында  Республика 

Президентінің  шешімі  бойынша  барлық  сұрауларды,  зерттеулерді  және  барлық 

қоғамдық  органдар  мен  ұйымдардың  инспекцияларын,  барлық  заңды 

тұлғаларды,  қоғамдық  кәсіби  ұйымдарды,  барлық  деңгейлердегі  жалға  алушы 

қауымдастықтар  мен  кәсіподақтарды,  сондай-  ақ  қайырымдылық  қорлары  мен 

мекемелердегі  капиталдың  жартысынан  көбіне  ие  қоғамдық  органдар  мен 

ұйымдарды өткізуге өкілетті. 

Қарулы Күштер мен сот органдары Мемлекеттік бақылау кеңесінің заңдық 

хүкімінен тыс. 

Мемлекеттік  бақылау  Кеңесінің  мүшелері  мен  төрағасын  олардың 

мүшелері  арасынан  Республика  Президенті  заңда  мазмұндалған  талаптарға 

сәйкес тағайындайды.  

Мемлекеттік бақылау кеңесінің жұмыс істеуі, оның мүшелерінің өкілеттік 

мерзімі,  сондай-ақ  оның  мәртебесіне  қатысты  басқа  да  мәселелер  заңмен 

реттеледі. 

II. Министрлер кеңесі 

A. Құрылым 

109-  БАП.  Министрлер  кеңесі  Премьер-министрден  және  министрлерден 

тұрады. 


Премьер-министрді  Түркия  Ұлттық  Ұлы  Мәжілісі  мүшелерінің  арасынан 

Республика Президенті тағайындайды. 



Министрлерді  Түркия  Ұлттық  Ұлы  Мәжілісі  мүшелерінің  арасынан 

немесе  депутаттарға  қойылатын  белгілі  бір  тиісті  талаптарға  сай  келетін, 

тұлғалар  арасынан  Премьер-министр  ұсынады  және  Республика  Президенті 

тағайындайды;  қажет  болған  жағдайда,  олар  Премьер-министрдің  ұсынысы 

бойынша Республика Президенті босатылуы мүмкін. 

B. Қызметке кірісу және сенім білдіру 

110-  БАП.  Министрлер  кеңесі  мүшелерінің  толық  тізімі  Түркия  Ұлы 

Ұлттық  Мәжілісіне  ұсынылады.  Егер  Түркия  Ұлттық  Ұлы  Мәжілісі  каникулда 

болса, ол шақырылады. 

Министрлер  кеңесінің  үкіметтік  бағдарламасын  Түркия  Ұлттық  Ұлы 

Мәжілісі  алдында  Министрлер  кеңесі  құрылған  сәттен  бастап  бір  апта  ішінде 

Премьер-министр немесе министрлердің бірі есепке алады, содан кейін үкіметке 

сенім  білдіру  туралы  дауысқа  салу  өткізіледі.  Сенім  білдіру  туралы 

пікірсайыстар  бағдарламаны  есепке  алған  соң  толық  екі  күн  өткеннен  кейін 

басталады,  ал  дауыс  беру  пікірсайыс  өткен  соң  толық  бір  күн  өткеннен  кейін 

өткізіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет