Негізгі әдебиеттер
1 Тенишев Э.Р. Тюркское языкознание в СССР за шестьдесят лет // Избранные труды. Книга третья. – Уфа
ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 256 с.
2 Гаджиева Н.З. Тюркские языки // Языки мира: Тюркские языки. М., 1996. – 543 с.
3 Тенишев Э.Р. Тюрксие языки // Избранные труды. Книга третья. – Уфа ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 256 с.
4 Садирова К.Қ. Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі. Алматы: «Үш қиян баспасы», –2013 ж. 101б.
Қосымша әдебиеттер
5 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат»,
1997. – 240 б.
6 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.
№ 7 практикалық сабақ тақырыбы. Лепті сөйлем
Сабақ жоспары:
1. Лепті сөйлем анықтамасы
2. Лепті сөйлем туралы қайшы пікірлер
Сабақ мақсаты: лепті сөйлем туралы ғылыми ақпарат беру, лепті сөйлем туралы ғалымдар пікірінде
қарама-қайшылықтарды талдау
Бақылау сұрақтары:
1.
Лепті сөйлемнің анықтамасы?
2.
Лепті сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
3.
Лепті сөйлем туралы ғалымдар арасында қайшы пікір қандай?
4.
«Өзбек тілі» грамматикасында лепті сөйлемнің жасалуы туралы қандай пікір айтылады?
5.
Лепті сөйлем туралы М.З.Закиевтің көзқарасын талдаңыз?
6.
Ғ.Ғ.Сәйетбатталов лепті сөйлемнің жасалу жолын қалай топтастырған?
Глоссарий.
Лепті сөйлем – адамның көңіл күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер. Лепті сөйлемнің
мағынасы жай хабар болуымен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы, күмәні,
жиреніші сияқты ішкі сезімдерді білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағынада айтылу үшін олардың құрамында көбінесе
одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Лепті сөйлемнің эмоциялық мағыналары олардың
құрамындағы одағай, модаль сөздер мен сөйлемдердің лептілік әуенімен байланысты: 1) қорқу, сескену, аяну, өкіну,
таңырқау сияқты көңіл күйді білдіру үшін қолданылатын баяндауыштар құрамында –ау, -ай демеуліктер айтылады.
Мысалы: Құлайды-ау! 2) Баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік-баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында
айтылады: Жасаған-ау, бала бере көр – деді. 3) Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені
көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады. 4) Өткенде істелуге тиіс, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну
ретінде айтылатын да лепті сөйлем болады. 5) Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында лепті
сөйлем жасалады.
Жаттығулар
Блиц тест
78
1. Татар тілінің зерттеушісі В.Н.Хангилдинше татар тіліндегі лепті сөйлемдердің жіктелуі а) хабарлы-лепті сөйлем,
сұраулы-лепті сөйлем, бұйрықты-лепті сөйлем ә) баяндау-лепті, сұраулы-лепті сөйлем, бұйрықты-лепті сөйлем б)
айтылым-лепті, сұраулы-лепті сөйлем, бұйрықты-лепті сөйлем
2. ............. «лепті сөйлем – түрлі эмоцияны білдіретін сөйлем»
а) А.Н.Кононов ә) А.Ибрагимов б) А.Ибрагимов
3. Интонациямен жасалған лепті сөйлемді көрсетіңіз
а) Алгарақ! Алгарақ! Тизрәк! ә) Балалар, ни булса да, агаш башыннан төшәсе булгамыз! б) Мин дә көч, ярдем
бирермин, әйдә, иптәш кузгалайық, Шул агачны бергә-бергә ушбу арбага салыйк!
Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |